Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Әбиев Ж, Құдиярова А Педагогика. Алматы. Дарын. 2004ж
2.
Атемова.Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары
Алматы. 2002ж
3.
Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. – Алматы, «Рауан», 1991
4.
Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992.
АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МАҢЫЗЫ
Ғылыми жетекшілер
Жандилдина Роза Есентаевна
Саттар Таңшолпан Таңатқанқызы
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Дүйсенова Азиза Адилхановна
Мектепке дейінгі оқыту жіне тәрбиелеу мамандығының 4 курс студенті
Аннотация.
Вооружая ребенка нужными сведениями об окружающем мире, явлениях,
людях и их взаимоотношениях, интеллектуальное воспитание увеличивает его опыт и
формирует у него правильное отношение и отношение к окружающим явлениям, истине,
событиям.
Ключевые слова:
Психическое воспитание, ребенок, среда, явление, люди, отношения,
данные, опыт, явления, истина, событие, отношение.
Abstract.
Arming a child with the necessary information about the world around him,
phenomena, people and their relationships, intellectual education increases his experience and
forms in him the correct attitude and attitude towards surrounding phenomena, truth, and events.
Keywords:
Mental education, child, environment, phenomenon, people, relationships, data,
experience, phenomena, truth, event, attitude.
Ақыл – ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына
ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл
білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді
интеллектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық
қабілеттерді дамытуды қамтиды.
421
Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы-айналадағы адамдар, заттар, табиғат,
қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы
кеңейіп, танымы дамиды. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі-ойын.
Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамуына әр қилы әсер етеді.
Ақыл-ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі- оқыту процесі. Оқытуда
бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Ақыл-ой тәрбиесінің
тағы бір бағалы құралы-еңбек. Еңбек арқылы әр бала түрлі құбылыстармен
олардың пішіндері, көлемдері, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады.
Ақыл-ойды -дамытудың пәрменді құралдарының бірі – оқыту процесі.
Оқыту процесінде бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді.
Оқытудың мазмұны мен оны ұйымдастырудың әсері күшті болады. Оқыту
баланың ойлауға күш сала білу қабілетін, еркін табандылығын, төзімділігін,
қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін, тәртібін тәрбиелейді.
Ақыл - ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы — еңбек.
Еңбек процесінде бала әр түрлі құбылыстармен, заттармен, олардың
формаларымен, көлемімен, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады.
Олар табиғатта еңбек ету арқылы өсімдіктерді күту мен өсірудің арасындағы
байланысты, өсу үшін жарықтың, жылудыңсудың әсерін байқайды,
мәліметтерді игереді. Ал үй жануарларын бақылау арқылы олардьщ өмірімен,
кейбір қасиеттерімен танысады, оларды күтудіүйренеді.
Еңбек баланың өзіне-өзі қызмет ету, дербестік қарым-қатынас жасай білу
дағдысын қалыптастырады. Балалар үлкендердің еңбегімен танысу арқылы оны
бағалап, құрметтеуге үйренеді. Балалардың ақыл-ойын дамытуда күнделікті
тұрмыс әрекеті мен өмір тәжірибесініңүлкен мәні бар.
Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері мыналар: ақыл-ой тәрбиесінің негізгі
әдістерінің бірі —табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және
жүйелі ұйымдастыру. Ол балалардын, зейінін, білуге құштарлығын дамытуға
мүмкіндік тудырады, сезімталдығын байытады, ойы мен сөзін дамытады[1].
Әңгіме әдісі баланың ойы мен сөзін дамыту, білімін нығайту мақсатымен
жүргізіледі. Әңгімелесу мазмұны мен мақсатына, міндетіне байланысты танымдық
және әдептілік болып екіге бөлінеді. Бала дамуы үшін екеуі де тиімді.
Танымдық әңгіменің негізгі міндеті баланың өзін қоршаған орта туралы
білімін дәлелдеу, тексеру, кеңейту, байыту және олардың өздігінен ойлауын дамыту.
Әдетте, әңгіме әдісі қызықтау мен бақылаудан соң, кейде бұлардың алдында
өткізіледі. Қызықтау мен бақылау процесі балалар зейінін қандай құбылыстарға
аудара отырып. қабылдауы қажет екенін аңғарту мақсатымен өткізіледі. Әңгіменің
немкетті сипат алуынан аулақ болған жөн. «Иә» және «жоқ» сияқты жауапты
тілейтін сұрақтар бермеу керек. Балалармен жүргізілетін әңгіменің сезімдік сипат
алуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету керек.
Көркем сөзбен әңгімелеу — ақыл-ой тәрбиесінің сезімдік әдістеріңің бірі.
Ол өнердің ерекше түрі ретіндебалаға кушті әсер етеді. Оның күші — балаға
көркем сөз құдіреті арқылы әсер ету, сол уақиғаға өзінің жағымды қатысын
байқату арқылы ықпал ету. Көркемн сөзбен әңгімелеуді қабылдау үстінде бала
санасында ойлау, өмірмен салыстыру, материалды талдау жинақтау әрекеті
өтеді. Әңгімелеу ойыншық, суреттер бойынша көрнекі құрал көрсетумен
422
жалғастырылады. Олай болса, тиімді әдістерге көрнекілік те, қызықтау
дажатады.
Бұл
әдістердің
бәрі
бір-бірімен
логикалық
байланыста
қолданылғанда ғана тиімді нәтижесін береді.
Бала айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар
мен дағдылар, білімдер игереді, К. Д. Ушинский айтқандай «ақыл-ой дегеннің
өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі» екенін ескерсек, баланың өз
тәжірибесі қаншалықты бай, сан-алуан дегенмен, ақыл-ойы дамуының қайнар
көзі
бола
алмайды.
Соңдықтан
балаға
ересек
адам
тарапынан
ұйымдастырылып, түсіңдірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы
меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін
анықтауға кедергі жасап, жалған түсініктердің тууына негіз болады.
Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың
өзара қарым-қатынасы жайлы дұрыс мәліметтермен қаруландыру арқылы
тәжірибесін ұлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға
оның дұрыс қарым-қатынасы мен көзқарасынқалыптастырады. Олай болса,
мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс
танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің
алғашқы негізін қалайды. Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оның
дамуы тек менгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау
процесінің құрылымымен сипатталады.
Даму-баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі, психикасының, ой-
санасыньщ өсуі. Ақыл-ойдың дамуы баланың өзін қоршаған дүние туралы
алғашқы мәліметтерді игеруінің нәтижесінде іске асады.
Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз — баланың жасына байланысты оқыту
ментәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан оның ақыл-ой әрекетінде
болатын сандық және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Ақыл-ойды
дамытудың шарты — балалардьщ сан қилы іс-әрекетінің тиімді
ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым-қатынасы,
тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі, берілетін білім сапасы. Міне,
осылардың бәрі баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік тудырады.
Сонымен ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз балаға мақсат көздей ықпал етіп,
оның айналадағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз
ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
Айналадағы тіршілік құбылыстары жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру
Балаларды ана тілінде үйрету оларды пікір алысудың, дүние-танудың
күшті құралымен қаруландырады сөзді анық, қысқа, тұжырымды айтуға, ойын,
талап-тілегін сөз арқылы жеткізуге, көрген-білгенін әңгімелеп беруге
дағдыландырады. Бұл жұмыс әр жастағы топтарда «Балабақшада оқыту және
тәрбиелеу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі.
Бөбектер мен сәбилер тобында тәрбиеші балаларды балабақшаның
төңірегімен, бөлмелерімен, ондағы мүліктермен, бақшада жұмыс істейтін
адамдардың еңбегімен таныстырады. Даяшының, аспазшының, күтушінің, қора
сыпырушының еқбектерін бағалау қажеттігін түсіндіреді. Жыл мезгілдерін
ажырата білуге, үй жануарлары мен құстарды бақылап, жем беруге, тануға,
аттарын дұрыс атауға, табиғат бұрыштарын бақылау-гүлдерді суаруға үйретеді.
423
Бұларды меңгеру арқылы балалар ересектердің сөзін тыңдап сұрағына жауап
қайтара білуге, ертегіні тәрбиешінің көмегімен қайталап айтып беруге үйренеді.
Баланьщ тілін дамыту бақылау, саяхатқа шығу (экскурсия), дидактикалық
ойындар өткізу арқылы да іске асырылады.
Естиярлар
тобындағыларды
балабақшамен,
бөлмедегі
жиһаз-
мүліктермен, адамдардың еңбегімен, айналасымен таныстыруды жалғастыра
түседі. Бұлар сәбилер тобынан анағұрлым күрделі және нақты білімді қажет
етеді. Заттардьщ аттарын, жақын адамдардың аты-жөні, мекен-жайы білумен
қатар, заттарды пайдалану істері, жолдары үйретіледі.
Балалардың сөздік қорында заттың сын-сипатын танытатын жалпылағыш
сөздер де орын ала бастайды. Балаларды еңбек, оның ішінде үйымдасқан еңбектің
сипаты туралы түсініктері молая түседі. Табиғатты бақылауды, ауа райының
құбылысына қарап жыл мезгілдерін ажыратуды, жан-жануарлардың, жәндіктердің
сыртқы түрін тануды, оларды бақылауды, үй және жабайы жануарлардың тұрағын,
үй жануарларының адамдарға тигізетін пайдасын, адамдардың оларды қалай
күтетінін үйретеді.Оң, сол, алыс, жақын, таңертең, күндіз, түн, бүгін, ертең, кеше,
шапшаң, баяу деген ұғымдарды қолдана білуді түсіндіреді.
Ересек топтағы балаларға қойылатын талаптар бұдан да күрделірек.
Балаларды жалпы әңгімеге қатысу көрген-білгенін байланыстыра әңгімелеуге баулу
ұсынылған тақырыпқа әңгіме құрастыра білу, сөйлесуде әңгімелесуде
грамматикалық тұлғаларды дұрыс қолдануға үйретеді. Балалар тәуліктің бөліктерін,
аппараттың күндерін, жыл мезгілдерін, оның өзгеру құбылыстарын түсінеді.
Заттың атын үйретумен қатар қандай материалдан жасалғанын, кімнің,
қалай істегенін де түсіндіреді. Еңбектің қоғамдық мәнімен, фабрика-
заводтардағы жұмысшылардың,ауыл шаруашылығындағы колхозшылардың
еңбегімен таныстырады.
Мектепке даярлау тобында балаларды үйден бала-бақшаға баратын
жолды бағдарлауға, көшеде жүрудің ережелерін меңгеруге, жақын жердегі
дүкен, дәріхана,почтаның қайда екенін білуді, сағатты, кунтізбені, газ плитасын
пайдалана білуді үйрету, сіріңкемен,отпен, ойнаудан сақтандыру, улкендердің
құрылыстағы ауыл- шаруашылығындағы, тұрмыстағы еңбегінің маңызы, еңбек
құралдары жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Осы мағлұматтарды игеру
нәтижесінде балаларды мектепке табысты оқуға дайындайды[14.44б].
Баланың есі мен ойының дамуына байланысты шығармашылық қиялы
дамиды. Бұл жастағы баланыңнақты және бейнелі ойлау - тән, осының негізінде
абстракциялық ойлауын дамыту керек. Тәрбиеші балалардың құбылыстарды
терең түсінуіне, мәнді жақтарын ажырата білуіне мүмкіндік тудыратын талдап-
жинақтап ойлау әрекетін қальштастырады.
Ақыл-ой қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым
тәсілдерін дамыту.Білуге құштарлық — балаға тән қасиет. Ол баланың айиаладағы
дүниеге қызығуынан, бәрін де білгісі, келгісі, ұстағысы, іс-әрекетке араласқысы
келетін ниетінен, сан түрлі сұра-қтарынан байқалады. Баланың осықұштарлығын
қолдай отырып, бақылау сұрақтарын дер кезінде жауап беру, өз бетінше ойнауға
бағыттап, білуге өздігінен жауап табуға дағдыландырған дұрыс. Ақыл- ой тәрбиесі
424
міндеттерінің бірі — баланың құштарлығын, ой сергектігін дамыту, осының
негізінде тұрақты таным құштарлығын қалыптастыру.
Қандай да болмасын іс-әрекетті табысты меңгеріп мүмкіндік тудыратын
баланың жеке басының қасиеттерін психологияда қабілетдеп атайды. Қабілет
іс-әрекет процесінде көрінеді. Ақыл-ой қабілетіне тапқырлық, сыншылдық,
табандылық, ойшылдық, зейінділік, еркін билей алу, талдау, жинақтау
әрекеттеріне икемділік, есте сақтау, қайта жаңғырта алу, әрқилы емі, жағдайына
байланысты пайдалана білу жатады.
Балаларға нақты білімді хабарлау, ақыл-ой әрекетін ұйымдастыру ақыл-
ой қабілетінің дамуына қажетті шарт болып табылады. Ақыл-ой қабілеті ақыл-
ой әрекеті үстінде, білімді меңгеру, тіл уйрену үстінде дамиды. Балалардың
назары, зейіні ыдырамалы, тарап кетуге бейім болады. Тәрбиеші балалардың
ырықсыз зейіні белсенді жаттығулар жасау арқылы ырықты зейінге
айналдыруы керек. Оларды тыңдай, ести білуге, өз еркімен тәрбиешінің сөзіне
құлақ асуға баулып, ырықты есту зейінін тәрбиелейді, есту қабілетін дамытады.
Ол ушін тәрбиешінің сөзді тәрбие құралы ретін дұрыс пайдалана білгені абзал.
Тәрбиешінің сөзі қысқа, дәл, нақты, түсінікті болып асықпай, қатты
айғайлап құлақты кеспей, әдемі үнмен, жай, байсалды естілуі тиіс. Тәрбиешінің
өз бұйрығын орынсыз қайталауы, көп сөзділігі, тәрбие әдістерін дұрыс
пайдаланбауы баланың зейінін әлсіретіп «тыңдамау» сияқты зиянды әдетке
үйретеді.Балалардың айтқан сөзін, әңгімесін, сұрағы мен жауабын басқаларына
тыңдату арқылы да зейінін тәрлеуге болады.
Бақылампаздық -ақылдылықтың сапасы, сондықтан балаларды көре
білуге үйретеді, бір заттың негізгі бөлшегін аңғарып, оның ерекшелігін табуға,
табиғат құбылыстарын, оның өзгерістерін байқауға, жаңа үйлер мен
дүкендердің, көлік түрінің өзгеруін бақылауға үйретеді.Айналадағы дүниені,
табиғатты бақылау арқылы бала жаңа білім жүйесін игереді. Өсімдіктерді,
жәндіктерді,құстарды бақылау балаға көптеген жаңалықтар әкеледі. Жүйелі
бақылау оның жеке басының байқампаздығын дамытады.
Тәрбиеші балалардың есте сақтауы және қабылдағанын жаңғыртуы үшін
әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады: балалармен әңгімелесу, көрген-
білгендерін әңгімелеІп айтқызу, алған әсерін сурет салуда, пластилиннен заттар
жапсыруда, құрастыруда бейнелеу, сондай-ақ кеше және одан бұрын
көргендерін есіне жаңғырту сияқты әдістерді қолданады. Осы мақсатпен
дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: «Бақшада не өзгеріс
бар?», «Бөлмеде не жоқ?», «Бұл қай кезде болады?» және т. б. Осының бәрі
есте сақтау мен қайта жаңғыртуды бекіте түсудің жаттығуы болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі негізінен айналадағы дүние шындығын тану, ойын, оқу,
еңбек, тұрмыс әрекетінде іске асады.
Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары мен әдістеріАқыл-ой тәрбиесінің басты
құралы—айналадағы, адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыс. Осылардың
әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіл, танымы дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі – ойын. Ол — баланың
ерекше әрекеті. Ойында бала айналасындағы дүние жайлы өз түсінігін
сәулелендіреді, білімін көрсетеді, жолдастарымен пікір алысады.
425
Әр ойын баланың ақыл-ойының дамуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды-
рольді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп, сөзін дамытады.
Драмалық - ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсінуіне тілінің
дамуына әсер етеді. Құрылыс, құрастыру ойындары баланың геометриялық
кескіндер,кеңістік қатынастары жайлы білімін кеңейтеді, дидактикалық
ойындар есте сақтау, қайта жаңғырту, заттың қасиеті мен сапасын ажырата
білу, белгілерін анықтау және т. б. қасиеттерін дамытады, баланың белсенді ой
әрекетін тудырады[15.74б].
Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері: табиғат пен қоғам құбылыстарын
бақылауды дұрыс және жүйелі ұйымдастыру, әңгіме әдісі, көркем сөзбен
әңгімелеу, көрнекіліктер пайдалану, қызықтыру т.б Ақыл-ойды дамытуда сезім
(сенсорлық) тәрбиесінің алатын орны ерекше. Сенсор латынның сезім, түйсік.
қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан.
Сенсорлық тәрбие-ақыл-ой тәрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен
таным-ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты
міндеттері-ақыл-ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің
құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүниені тану түйсік пен
қабылдаудан басталады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз–түйсік пен қабылдаудың
дұрыс бағытта дамуы. Баланың сенсорлық процестерінің дамуына мүмкіндік
тудыратын іс-әрекеттің тиімді түрі-көркем сурет салу, сазбалшықтан,
ермексаздан мүсіндер жасау, салынған суреттерді, өрнектерді қиып желімдеу
әрекеттері, бірлескен дидактикалық ойындар, педагогикалық басшылықпен
ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады.
Сенсорлық тәрбие мазмұны – баланың түстерді ажырата алуы, олардың
реңктері туралы яғни бояуларды араластыру арқылы түс немесе реңк пайда
болатынын үйрету. Сондай–ақ, суреттерді қараған кезде бейненің түс арқылы
қалайша көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамытады. Мектепке
дейінгі шақта «алға – артқа», «жоғары –төмен», «алыс–жақын», «солдан –
оңнан»т.б кеңістік туралы түсініктерді игереді. Уақыт туралы ұғымдарды:
«кеше», «бүгін», «ертең» т.б арнайы мақсатты оқыту нәтижесінде үйренуге қол
жеткізеді. Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған
жағдайда дыбысты мұқият тыңдап, ажырата білуі, музыкалық есту қабілетін
дамыту енеді. Сондай–ақ, заттың сапасын сипап сезу арқылы ажырата білуі
және оларды: тегіс, мамық, кедір–бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық,
жылы т.б. деп дұрыс атай білуге үрейленеді.
Қорыта келе ақыл-ой тәрбиесі және айналадағы тіршілік кұбылыстары жайлы
дұрыс түсініктерін қалыптастыруға баса көңіл бөлуге, танымдық психикалық
процестерді дамытуға мән береді. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары мен әдістері,
баланың акыл-ойын дамытудағы сенсорлық тәрбиенің маңызын түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |