Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет141/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep: 
1.
Әмірова Ә. Ересек тобында балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы 
адамгершілікке тәрбиелеу (5-6 жас). Пед.ғыл.канд.дис.-Алматы, 2006. 
2.
Мeңжaнoвa Мeктeпкe дeйiнгi пeдaгoгикa – Aлмaты; Payaн, 1992ж. 
3.
Менлибекова Г.Ж. Развитие трудового воспитания в дошкольных учреждениях 
ресиублики Казахстан (1960-1985 гг.). 
4.
Манкеш А.Е. Балабақшаның ересек тобындағы балаларды қоршаған ортамен 
таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беру. Пед. ғыл. канд.дис. 13.00.01. - 
Алматы, 1999. 
5.
Жұмaбeкoвa Ф.Н. Мeктeпкe дeйiнгi пeдaгoгикa.–Acтaнa, 2008 
ОТБАСЫНДА БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Жандилдина Роза Есентаевна, Есиргепова Венера Жумабековна 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Алмағанбетова Гүлдана Сағынбаевна 
«Гүлдер» бөбекжайы 
Аннотация
. Родители должны показать ребенку различные стороны и тайны семейной 
жизни, тайны мира, научить его вкусу и манерам. 
Ключевые слова
: Родители, ребенок, семья, быт, тайны мира, образование, вкус, манеры. 
Abstract
. Parents must show their child various sides and secrets of family life, the secrets of 
the world, teach him taste and manners. 
Keywords: 
Parents, child, family, everyday life, secrets of the world, education, taste, manners. 
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы 
баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен 
алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына 
дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. 
«Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің 
тоқсан проценті», - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің 
маңызын анық көрсеткен. 
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету 
шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу ‒ бүгінгі күн 
талабы.Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де 
негізгі іс-әрекеті ‒ ойын. 
Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық 
құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен 
танысады.Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның 
атқаратын қызметі туралы; ''Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы 
қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген; '' 


417 
Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық 
иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. 
Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана 
емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін 
сияқты көрінеді. 
Барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, 
күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды 
ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, 
қуануға үйретеді. 
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің 
өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі 
айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. 
Бұл алға қойылып отырған негігі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің 
бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын 
жасау болып табылады. 
Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың 
үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың 
білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына 
сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор[1]. 
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен 
мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. 
Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, 
ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген 
жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті 
борышы. 
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар 
барлығынан басым бола алатын адал – еңбек, мінсіз – ақыл, таза — жүрек. Бұл 
сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» — деген Шәкәрім 
Құдайбердіұлы атамыздың сөзін арқау ете отырып, бүгінгі күн жастарды 
жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасылардың жауапкершілігін тағы да арттыра 
түсуде. Бала саналылықтың сипатын ол өмірге келген күннен бастап өз 
отбасында бойына сіңіреді. 
Өмірген келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен, ең алдымен өз 
отбасында танысады. Мұхтар Арынның сөзіне сүйенсек: «Қалай десек те, ең 
мықты, табиғи мектеп - отбасы. Осында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер 
өмір бойына серік болады. 
Отбасынан кеткен қателікті ешбір мектеп түзете алмайды…» Бала үшін 
дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.Ал, ең әдемі 
де жарық үй – оның туылған үйі. Осы тұста қазақ зиялыларының бірі 
М.Жұмабаевтың мынадай бір айтқан сөзі бар: «Ата-аналар баланы 
тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы 
өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының 
өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары 
болатынын ұмытпаған жөн». 


418 
Жас баланың дамуында ата-ананың орны ерекше, сондықтан ата-ана өз 
отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы 
қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. 
Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен 
қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері 
қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. 
Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние 
жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата- 
ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез- 
құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. 
Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, 
ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата- 
ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен 
үлгіні ата-анасынан алады. 
Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде 
бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, 
табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, 
өйткені, жақсы сөз жан семіртеді[2]. 
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата- 
аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге 
«түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, 
алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі 
мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар 
мыналар: 
Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау 
керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға. 
Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты 
ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу. 
Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың әр бір ісін 
қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу. 
Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен 
қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық 
дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. 
Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі 
ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. 
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз-балаға мақсат көздей ықпал етіп, оның 
айналадағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз ету, 
табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру. 
Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз-баланың жасына байланысты оқыту мен 
тәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан оның ақыл-ой әрекетінде болатын 
сандық және сапалық өзгерістердің жиынтығы. 
Ақыл-ойды дамытудың шарты-балалардың сан қилы іс-әрекетінің тиімді 
ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым-қатынасы, 
тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі, берілетін білім сапасы. 
Міне, осылардың бәрі баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік тудырады. 


419 
Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың 
өзара қарым-қатынасы жайлы дұрыс мәліметтерімен қаруландыру арқылы 
тәжірибесін ұлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға 
оның дұрыс қарым-қатынасы мен көзқарасын қалыптастырады. 
Олай болса, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы 
құбылысты дұрыс танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды 
дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. 
Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оның дамуы тек 
меңгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау процесінің 
құрылысымен де сипатталады. 
К.Д.Ушинский айтқандай «ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған 
білім жүйесі» екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, сан- 
алуан дегенмен ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. 
Сондықтан 
балаға 
ересек 
адам 
тарапынан 
ұйымдастырылып, 
түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтері 
мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедерге 
жасап, жалған түсініктердің тууына негіз болады. 
Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы-айналадағы адамдар, заттар, табиғат, 
қоғамдық құбылыс. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, 
танымы дамиды[3]. 
Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, 
денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі 
дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің 
сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына 
орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. 
Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып 
имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр 
бөлімдерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде баланың бойына 
сіңірудеміз. 
Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, 
мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі 
күндері тәрбиешілер алдында балаға білім, білім дағдыларын игеріп қана 
қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп 
дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне 
тікелей байланысты. 
Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. 
Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім 
баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші — тәрбиеші. 
Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан 
парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық 
жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып 
табылады. 
Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, 
өзіне тән үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын 


420 
ақыл-ой тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі 
бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу 
тәжірибесінен таныс. 
Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке 
тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мұнда олардың өзара ересек адамдармен 
қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара 
ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке 
дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай 
ұйымдастыра аламыз[4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет