Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет143/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
Атемова.Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары Алматы. 2002ж 
2.
Баймұратова Б.Б, Бөбектерге байғазы. (хрестоматиялық жинақ). Алматы. Шартарап. 2000 ж 
3.
Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992. 
4.
Жұмабекова Ф.Н Мектепке дейінгі педагогика – Астана 2008 
5.
Меңжанова А.К. Балаларды көркем шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке 
тәрбиелеу. (монография). Алматы. Рауан.1991ж 


426 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРНЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Жәдірге Үміт Ерболатқызы 
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 
IV курс студенті 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 
Сманова Алуа Арыстанқызы 
PhD, доцент 
Аннотация. 
В статье рассматривается проблема формирования познавательного 
интереса младших школьников. Там, основная цель, стоящая перед начальной школой, 
заключается в том, что одним из мотивов, считающихся основой формирования 
индивидуальности субъекта, является познавательный интерес. Для совершенствования 
познавательных способностей с учетом психологических особенностей ребенка всесторонне 
предусмотрен познавательный интерес. Также были изложены ученые, изучавшие 
познавательный интерес, и их рассуждения. И так, показаны три условия развития 
познавательного интереса. 
Ключевые слова: 
начальный класс, ученик, познавательный интерес,способности, развитие. 
Abstract. 
The article discusses the problem of the formation of cognitive interest in primary 
school students. In it, the main goal facing primary school is cognitive interest, one of the motives 
that is considered the basis for the formation of the personality traits of the subject. Taking into 
account the psychological characteristics of the child, cognitive interest is considered in detail to 
improve cognitive abilities. Scientists who have studied cognitive interest and their thoughts are 
also presented. And yet, three conditions for the development of cognitive interest are indicated. 
Keywords: 
elementary grade, textbook, cognitive interestabilities, development. 
Бүгінгі күні өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар дарынды да 
талапты жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін мектептердің білім 
мазмұны мен оқыту үрдісіндегі жаңа ойлар мен шешімдердің жүйесіне келіп 
тіреледі. Бұл міндеттің жүзеге асуы, оқытуда баланың жеке бас ерекшеліктерін 
ескеру ұстанымы, тұрғысында ұйымдастыру мәселелері үлкен мәнге ие болды. 
Субьектінің даралық қасиеттерін қалыптастырудың негізі деп саналатын 
мотивтердің бірі – танымдық қызығушылық. Баланың психологилық 
ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру үшін 
танымдық қызығушылықты жан–жақты қарастыру керек. 
Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі оқушының 
үнемі «жаңа дүниеге енуімен», әрбір жаңа әрекеттерді игеруімен, әрдайым 
оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты (Д.Эльконин).[1] 
Сондықтан оқыту үрдісінде жеке тұлғаның өз бетінше әрекет етуге деген 
құлшынысын оятуға, білімнің өзі үшін керек екенін сездіруге, шығармашылық 
жұмыстарға баулуға, интеллектісінің дамып жетілуіне түрткі болатын 
танымдық қызығушылықты арттырудың ролі ерекше. 
Қызығушылық, танымдық қызығушылық мәселелері ұлы ойшыл- 
ғұламалар, қоғам қайраткерлері, ағартушы-педагогтар ой-пікірлері мен 
көзқарастарында кеңінен қарастырылған. 


427 
Атап айтар болсақ, сонау Платон, Аристотель, Гегель, Я.А.Каменский, 
Ы.Алтынсарин, Г.И.Шукина, Т.И.Шамова, Ю.К.Бабанский. Қазіргі таңда 
Ж.А. Қараев, Н.Д. Хмель, М.Ә. Құдайқұлов, А.Е. Әбілқасымова, 
Қ.К. Жанпейісова және т.б.ғалымдардың еңбектерінде көрісін тапқан. 
Танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар: 
1.
Мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жарияланып өтілген фактілерді 
жаңаша сипаттау, хабарланып отырған мәліметтерге тарихи бағдар беру, 
білімнің тәжірибелік мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы 
жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау. 
2.
Өз бетінше жұмыс істеудің әр-түрлеріне негізделген, оқытудың 
проблемалық тұрғыда алған мәліметтерді зерттеу негіздеріне және оқушының 
шығармашылық, тәжірибелік жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері. 
3.
Оқушының қабілетін ұштау, оқытушының оқушыға көмек беруге 
дайын тұруы, олардың күш - мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап 
қоюшылығы мен адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай-ақ 
оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті [2]. 
Адам танымы сыртқы дүние тудыратын түсініктен басталады, танымның 
негізі сезімдік қабылдау деп түсінеді. Оқушылардың танымдық әрекет 
құрылымы; танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік,танымдық 
дербестік пен шығармашылық әрекеттен тұрады [3]. 
Танымдық қызығушылық 
-
Жаңа фактілермен құбылыстарға қызығушылық; 
-
Белгілі бір бағытты таңдау; 
-
Даму сатылары; 
-
Білуге құмарлық; 
-
Білімпаздық; 
-
ізденімпаздық. 
Танымдық белсенділік 
-
Білуге құмарлық; 
-
Зеректілік,саналылық; 
-
Бағдарланушылық; 
-Шешімпаздық; 
Танымдық дербестілік 
-Обьектімен,құбылыспен тереңірек танысуға ұмтылу; 
-Дербес іс әрекет жасауға және өз бетіндік жұмысты ұйымдастыру. 
-Іс әрекет нәтижесін болжау; 
-Болжамды бақылаулармен, жаттығулармен, эксперименттермен тексеру. 
Шығармашылық әрекет 
Шығармашылық ойлау біліктілігі; 
Жаңаны ойлап табу; 
Іс -әрекет нәтижесін түйіндеу; 
-
Ұжымдық оқыту арқылы оқушылардың танымын қалыптастыру. 
«Таным» философиялық ұғым., «...айналадағы материалдық шындықтың адам 
санасында бейнеленуі. Г.Гегель «таным дегеніміз- сыртқы заттар мен құбылыстар 


428 
қасиеттерінің мәнді қатынстарының адам санасында идеалды образдар жүйесі 
ретінде бейнеленудің қайшылыққа толы күрделі процесі». – деген [4]. 
Қызығушылық ( лат. Interest – мәні бар, маңызды) – адамның аса маңызды 
деп сезінген әрекетінің шынайы көрінісі. Қызығушылықты субьектінің өз 
әрекетіне оң , сыни қарым –қатынасы деп анықтауға болады. 
Психологтар қызығушылыққа түрлі анықтамалар береді. 
-
адамның зейінінің таңдаулы бағыттылығы ( Н.Ф. Дубровин, Т.Рибо) 
-
оның ақыл-ой және эмоционалдық белсенділігінің көрінісі (С.Л.Рубинштейн) 
-
әр түрлі сезімдер қозғағышы (Д.Фрейер) 
-
адамның әлемге деген белсенді эмоционалдық- танымдық қарым –қатынасы 
(Н.Г.Морозова). 
Л.Г. Выготский «Қызығушылық – бұл бала мінез-құлқының табиғи 
қозғағышы, ол баланың әрекетінің органикалық қажеттілгіне сәйкес 
инстиктивті әлпетінің шынайы ұмтылысын көрсетеді. Міне, сондықтан негізгі 
ережелер барлық тәрбие жүйесін бала қызығушылығын ескере отырып құруды 
талап етеді. Баланы белгілі бір әрекетке жұмылдыру үшін оның 
қызығушылығын оят, оның осы әрекетке дайын болуына жағдай жаса, бала 
барлығын өзі жасайтындай болсын, сонда мұғалім тек бағыт беруші, 
басқарушы ғана болады.» – деген [5]. 
Білім негізі қаланатындықтан және арнайы орындар мен мамандар 
тартылатындықтан адамдардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына 
мектепте оқыған жылдар маңызды орын алады. Демек, бастауыш мектеп 
оқушының жеке басы мен санасын қалыптастырудың, дамытудың негізгі кезеңі 
ретінде ерекшеленеді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін бала еркін ойлай 
білуі, қоршаған әлеммен белсенді қарым-қатынас жасай білуі, алдында тұрған 
міндеттерді шешу дағдыларын толық меңгеруі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет