Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет178/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Ысқақова Р.О. Ғабитов Т.Х. Логика - Алматы: Раритет, -2004.- Б.3. 
2.
Бекболғанов Е. Ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері. 
//Қазақстан мектебі Алматы. – 2005.- № 5-6.- Б.70. 
3.
Давыдов В.В. Виды обобщение в обучении. Логико – психологические проблемы 
построение учебных предмотов,- М.:Педагогика, 1972.-С.423. 
4.
Ысқақова Р.О. Логика Алматы: Раритет, 2004. – Б.10. 
5.
Сухомлинский В.А. О воспитании. – М.: Политиздат, 1975. – С.272. 
6.
Бекболғанов Е. Ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері. 
//Қазақстан мектебі Алматы. – 2005.- № 5-6.- Б.70. 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТІЛ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Сыдықбек Нұрханым Серікқызы 
6В01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру 
бағдарламасы студенті, 
Ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Гулсим Лесбековна 
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы 
 
Аннотация
. В статье рассматривается вопрос о языке как средстве общения. 
Проблемы развития языка в начальной школе решаются посредством задач, методов и 
приемов, направленных на развитие и их применения на практике. Указываются виды работ, 
связанных с развитием речи. 
Ключевые слова: 
начальная школа, казахский язык, развитие речи, речевая 
деятельность, аудирование, произношение. 
Abstract. 
The article discusses the issue of language as a means of communication. The 
problems of language development in primary school are solved through tasks, methods and 
techniques aimed at development and their application in practice. The types of work related to 
speech development are indicated. 
Keywords
: primary school, Kazakh language, speech development, speech activity, 
listening, pronunciation. 
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым А.Байтұрсыновтан бастап, 
қазіргі заманға дейін қазақ тіл білімі үлкен даму кезеңдерінен өтіп келеді, 
ауқымды ғылыми жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда қазақ тіл білімі түркі 
тілдерінің ішіндегі ғылыми тұрғыдан тіл білімінің барлық саласы жағынан 
дамыған тілдер қатарына жатады. 
Ешқандай ғылым өзінің алғашқы қалпында қалмайтыны баршамызға аян, 
өйткені әрбір ғылым саласы өзі өмір сүріп отырған заманымен, қоғаммен 
бірлесе дамиды. Сондықтан тілдің барлық саласы да бірте-бірте дамып, бүгінгі 
таңда үлкен жетістіктерге жетті. 
Қазақ грамматикасының алғашқы бастауы, негізі - А.Байтұрсыновтың 
1914 жылы жарыққа шыққан «Тіл-құрал» оқулығынан бастау алады. «Тіл- 
құрал» оқулығы алғашқы грамматика, мұнда грамматиканың негізгі ережелері 


560 
тұңғыш рет қазақша терминдермен жазылғанын білеміз. Аталмыш мәселені 
1936 жылы Қ.Жұбанов дамытқан болатын [1]. 
Психолог-педагог ғалым Ж.Аймауытов XX ғасырдың басында-ақ бүгінгі 
ХХІ ғасыр мектептеріндегі білім беру мақсатын айқындап белгілеп берген 
деуге болады. Өйткені, қазіргі жаһандану кезеңінде барша әлемнің білім 
кеңістігіне ену қажеттілігі туындап отырған кезеңдегі мақсат, сол ғалым айтқан 
мектептің білім беру мақсатымен сәйкес келетінін көріп отырмыз. Оған 
Жүсіпбек Аймауытовтың айтқан: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл 
әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен 
қарай білсе, міне, білімдендірудің түпкі мақсаты - осы. Мектеп осы бағытта 
баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек" [2] деген тұжырымы 
дәлел болады. Ж.Аймауытов білімді тану жолы мен тіл үйретудің жолын 
бірлікте қарастырған, бастауыш сынып мұғалімдеріне маңызды әдістемелік 
ұсыныстар берді. Олар: 
басқа пәндерден тіл оқуы айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл 
үйренуге көмек етсін; 
жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама 
жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге таянып, нәрсемен танысып, сонан 
кейін сол нәрсе туралы сөйлесіп, тыңдасып жазсын, оқысын тілге үйренсін; 
баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда белгілі жүйе қолданылсын. 
Жазу, оқу танудан соң келеді, соңғылары тәжірибеден соң келеді. Сондықтан 
әуелі баланы көрген-білгені туралы әңгіме құрып, содан кейін оқуға, жазуға 
үйретілсін; 
бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге 
еліктеуге мүмкіндік берілсін; 
әңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермесін, 
баланың тәжірибесінен, көрген-білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, 
өмірден кітапқа қарай жылжысын. 
Ғалымның айтқан ұсыныстары бүгінгі таңға дейін бастауыш мектептегі 
қазақ, яғни ана тілін оқыту әдістемесіндегі басшылыққа алынатын қағидалар 
сияқты. Өйткені, қазіргі таңда алдыңғы бетттерде атап өткендей: «Бастауыш 
мектепте "Қазақ тілі" пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: 
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы 
білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен 
күнделікті өмірде қолдану» [3]. Яғни, ана тілінің заңдылықтарын сақтай 
отырып, тілдің қарым-қатынас құралы екендігі түсіндіріледі. Тіл байлығы мен 
сөздік қорды өмірмен байланыстыра дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру 
арқылы оқушыларды дұрыс әрі таза сөйлеуге; сауатты, көркем жазуға; дұрыс, 
шапщаң, мәнерлеп, оқуға, өз ойын ауызша еркін жеткізуге және жазбаша түрде 
де жүйелі жеткізе білу болып табылады. 
Сонымен қатар Ж.Аймауытов ана тілінің маңызы туралы: "Оқытатын 
пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екендігі 
даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі 
халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін 
мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанының барлық толқындарын тұқымнан тұқымға 


561 
жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы. Сол халық тілі. Ана тілін үйрету, сөздерді 
жаттау олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала 
тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой 
пәлсафасында меңгереді" [4] - деген болатын. Ж.Аймауытовтың бұл тұжырымынан 
ана тілінің барлық пәндердің бастау бұлағы екенін көрегендікпен білгенін, сонымен 
қатар ана тілінің рөлін көтеріп кеткенін байқаймыз. Автор өз еңбегінде баланың 
орындайтын жұмыстарының басым болуын айтады, бұл қазіргі таңдағы 
оқушылардың өздігінен жұмыстарының негізі болып табылады. Сондықтан да 
бастауыш сыныптарда ана тілін, қазақ тілін оқыту әдістемесінде белгілі ғалымның 
бағалы ойларын басшылыққа алудамыз. Себебі, бастауыш сыныптағы тіл дамыту 
мәселелері ешқашан да күн тәртібінен түспейді. Бүгінгі таңда бастауыш 
мектептердің тәжірибесінде таңдау пәндері ретінде "Тіл дамыту" сабақтары өткізіліп 
жүр. Ондағы мақсат - оқушылардың сөздік қоры мен ауызша, жазбаша 
байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру 
болып табылады. 
Бастауыш сыныпта оқытудағы басты мәселенің бірі – баланың тілін 
дамыту. «Тіл дамыту» термині алғаш рет қазақ тіліне 1930 жылдары жазылған 
әдістемелік еңбектерден ене бастады. Бірақта одан бұрын шыққан оқулықтар 
мен әдістемелік құралдарда «тіл дамыту» және «тіл ширату» деп, әркім 
өздерінше қолданып жүрді. 
Аталған жылдары М.Әуезов жасаған қазақ әдебиеті пәнінен мектеп 
бағдарламасында «Оқуға жаттықтыру», «Жазу тіліне жаттықтыру», «Сөйлеу 
тіліне жаттықтыру» деген сияқты арнайы түсініктер берілді, мұнда тіл дамыту 
жұмыстарының жүйелігіне, сабақтастығына баса назар аударылды. Алайда осы 
терминдердің арасынан «тіл дамыту» терминін қолданғанның дұрыс екенін 
алғаш рет ғалым С.Жиенбаев дәлелдеген болатын.Сол уақыттан бері осы 
термин қазақ тілі және қазақ әдебиеті әдістемелерінде толықтай қалыптасты 
деуге болады [5]. 
Бірінші кезекте тілдің дамуы деген не? Біз қай тілді дамыған тіл деп 
атаймыз? Оның тарихы қандай, енді оған көшейік. 
"Тіл" немесе "тілдің дамуы" — пәнаралық ұғым: ол лингвистикалық, 
психологиялық және де әдістемелік әдебиеттерде көптеп кездеседі. 
Лингвистика білімі тілді және оның даму заңдылықтарын зерттесе, психология 
сөйлеуді зерттейді, яғни адамның бір-бірімен қарым-қатынасында ойын, еркін, 
сезімдер мен пікірлерді жеткізу үшін тілдік материалды қолдану процесі. 
"Тіл" - белгілі бір ұлттың ішкі заңдарын қалыптастырған және 
жүйеленген қарым-қатынас құралы екенін білеміз. Ал даму ұғымы бұқаралық 
әдебиеттерде қарапайымнан күрделіге ауысу ретінде түсіндіреді. Психиканың 
(сөйлеудің) дамуы үшін жаңадан және бұрыннан қалыптасқан негіздері болуы 
керек. Қазақтың белгілі психологі М. Мұқанов психиканың дамуындағы 
бастапқы негіз: инвариант (лат - өзгерілмейтін), ал жалғасатын жаңаны 
"өзгерілгіш" деп атады. 
Тілді дамыту мәселесі күрделі және ұзақ процесс, сондықтан бастауыш 
сыныптарда сөйлеуді дамытуға белгілі бір мақсат қойылады. Тіл дамыту 


562 
бойынша жұмысты белгілі тақырыптарға сүйене отырып, мұғалім тіл 
процесінің келесі негізгі мәселелерін үйретуі тиіс. 
Бұл мәселелер: 
-белгілі бір оқу мақсаттарына сәйкес, тақырыпты оқытумен байланысты 
оқушының сөздік қорын дамыту; 
-мәтінде кездесетін жаңа сөздерді оқыту; 
-оларды жасайтын формаларды меңгеру; 
-өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс жеткізе білуге үйрету; 
-сөз бен сөзді байланыстыруға, сөйлем құруға үйрету. 
Тіл дамыту жұмысында сөздікпен жұмыс жасаудың маңызы зор. Сөздік - тіл 
үшін қажетті материал. Қандай тілді үйренбейік, ең алдымын сөздік қорды 
молайтуымыз керек. Бастауыш сыныптарды сөздікпен жұмыс істеуді үйрету 
маңызды, өйткені қазақ тілі олардың ана тілі болса да, кішкентай балалардың тілдік 
қоры өте аз, оны байыту мұғалімнің маңызды істерінің бірі болып табылады. 
Мектепте оқушының сөздік қоры екі түрлі жағдайда байытылады, 
толықтырылады және жетілдіріледі; біреуі - сөзді белсенді қолдану, екіншісі - 
сөзді пассивті қолдану. Сөз байлығының аздығы оқушыларға ауызша және 
жазбаша, өз ойларын дәл, жүйелі, қысқа жеткізуді қиындатады. 
Сондықтан сабақта сөздік жұмысты дұрыс ұйымдастырудың, сөздікпен 
дұрыс жұмыс істеудің маңызы зор. Біріншіден, ол оқушылардың сөздік қорын 
кеңейтеді, екіншіден, үйренген сөздерді сауатты, қатесіз жазуға үйретеді, 
үшіншіден, сөзді зерттей отырып, бала тілдік нормада сөйлеуді үйренеді, 
төртіншіден, анықтамалық құралдармен жұмыс істеуге үйренеді. Сондықтан да 
қазақ тілінің сөздіктерін қолдануды бастауыш мектептен бастау керек. Егер 
бастауыш сыныптағы сөздік туралы сөз болмаса, оларды сөздікпен жұмыс 
жасауға үйрету мүмкін болмайтыны анық. 
Бастауыш сынып мұғалімі балаларды жан-жақты дамыту үшін барлық қажетті 
шараларды қолдана отырып, оларды бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаны 
орындауға бағыттай отырып, білім беру сапасын арттыруға міндетті. 
Бастауыш сынып мұғалімдерінің жоспарларын талдау барысында тіл 
дамыту сабақтарына арнайы сағаттар бөлінбегенмен, бағдарламаға сәйкес 
әдістемелік, дидактикалық принциптер сақталатындығы, оларда сөздік жұмыс, 
сөздік-дидактикалық ойындар ойнау, шығармашылық әңгіме құру және т.б 
жұмыстар болатындығы айтылған. 
Ол үшін оқу, тыңдау, әңгімелеу, бағдарламалық шығармаларды баяндау 
(сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетте) жүзеге асырылады. Бақылау 
жұмыстары әңгімелесуге, әңгімелетуге, жаттығуларға негізделеді. Бастауыш 
сыныптарда мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі: 
1.
Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып, жауап алу. Мысалы: Біз 
қандай шығарманы оқыдық? Қандай ертегі екенін қалай білдің? Бұл әңгімеде 
кім? не? туралы айтылған? Сен оның орнында болсаң не істер едің? сияқты 
сұрақтар қою арқылы білім деңгейін анықтау. 
2.
Өз беттерінше орындауға сөздік жұмысын беру. Синонимдердің, 
антонимдердің және көп мағыналы сөздердің мағынасын түсіну деңгейлерін 
байқау. "Сыңарын тап", "Тез ойлан" және т.б. бақылау ойын түрлерін ойнату 


563 
арқылы жүргізіледі. Ол үшін мұғалім бірнеше сөз айтады, ал балалар әр сөздің 
мағынасына байланысты сыңарын табады. 
Бастауыш сыныптарда балалардың тілін дамыту жұмыстары бастапқы 
кезеңде өткізілетін барлық сабақтарда жүргізіледі. 1-4-сыныптардағы оқу- 
тәрбие жұмыстарында балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, 
бағдарламада аталған әдеби шығармаларды меңгеруі арқылы - әңгімелеу, 
шығармалардың жанрларын ажырата білу (әңгіме, ертегі, өлең және т.б.), 
оқылған шығармаларды есте сақтау деңгейі ескеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет