Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Использованной литературы



Pdf көрінісі
бет177/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Использованной литературы: 
1.
Карелова И. М. «Игровая досуговая программа: думаем, проектируем, воплощаем». 
Журнал «Воспитание школьников», 3, 2010. 
2.
Поташник М.М. Требования к современному уроку. Методическое пособие. – М.: 
Центр педагогического образования 2007. – 222 с. 
3.
Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений/ 
В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко, Е.Н. Шиянов. – 4-е изд. – М.: 
Школьная пресса, 2002.-512 с. 
4.
Ярулов А.А. Познавательная компетентность школьников //Школьные технологии. 
– 2004. – № 2. – С. 43-84. 
5.
Интернет – ресурсы. Википедия. Свободная энциклопедия. 


556 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ 
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Сүлейменова Айгерім Ғалымқызы 
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 
IV курс студенті 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 
Сманова Алуа Арыстанқызы 
PhD, доцент 
Аннотация. 
В статье рассказывается об особенностях развития логического 
мышления младших школьников. Знания, полученные на этапе начальной школы, ребенок 
обучается применять в своей деятельности и начинает отчетливо проявляться в умении 
делать умозаключения, выявлять причины и следствия, давать объяснения, рассуждать, и на 
этом этапе мышление учащегося развивается от конкретно-образного к абстрактному 
мышлению, начинает учиться приписывать предметы соответствующим понятиям и 
доказывать свою точку зрения. В статье формируются основные логические подходы к 
формированию понятия. Они: всесторонне рассматривают способы анализа, обобщения, 
сравнения, абстрагирования и обобщения. 
Ключевые слова
: primary school, student, logical thinking, concept, ability, development. 
Abstract. 
The article describes the features of the development of logical thinking in primary 
school students. At the stage of primary school, the child learns to apply the acquired knowledge in 
his activities and the development of the ability to draw conclusions, identify cause and effect, give 
explanations, thinking begins to be clearly manifested, and at this stage, the student's thinking 
develops from concrete-figurative to abstract thinking, begins to attribute objects to relevant 
concepts and learn to prove his thoughts. The article forms the main logical approaches to the 
formation of the concept. They comprehensively consider: the methods of analysis, accumulation, 
comparison, abstraction and generalization. 
Keywords: 
начальный класс, ученик, логическое мышление, понятие, способности, 
развитие. 
Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушыларға білім бере 
отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. 
Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде 
қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды 
анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы 
кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай 
дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене 
бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық ойлауға сүйенеді. 
Логика дүниені танудағы абстрактілі ойлаудың формалары мен заңдары 
жөніндегі білімдер жиыны. Логиканың негізгі мақсаты мен зерттеу пәні 
танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін 
қалыптастыру. Дұрыс ойлау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелділігімен 
ерекшеленеді, мұндай дәл ерекшеліктер логикалық ойлауға үйренгенде ғана 
қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамуына 
біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың 
тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптың күшеюі, үшіншіден – сөздік 
қорының кеңеюі әсер етеді [1]. 


557 
Сондай ақ, бастауыш сынып оқушыларының ұғымның қалыптасуының 
негізгі логикалық тәсілдерді қалыптастырады. Олар: талдау, жинақтау, 
салыстыру, абстракциялау және жалпылау. 
Оларды нақтырақ айтар болсақ: 
Талдау – бұл нәрселерді ойша бөліктерге жіктеу және олардың белгілерін 
айқындап көрсету. Мысалы, «апельсин» біз ойша оның пішіні – дөңгелек, 
бүдірлеу, түсі – қызғылт сары, ішкі құрылымы – кішкене бөліктерге бөлінген, 
дәмі – тәтті және т.б. деп талдаймыз. 
Жинақтау – бұл нәрсенің талдау нәтижесінде алынған белгілерін, бөліктерін 
ойша біртұтас бүтінге біріктіру. Мысалы, өзі қызғылт сары түсті, дәмі тәтті, пішіні 
дөңгелек, сырты бүдірлеу болса демек ол – апельсин. Жинақтау оқушыларға 
көбінесе жұмбақ жасыру кезінде орындалады және дамиды. 
Салыстыру – нәрсенің мәнді, мәнсіз белгілеріне қарай ұқсастықтары мен 
ерекшеліктерін анықтау. Мысалы, апелсин мен мандариннің ұқсастықтары мен 
айырмашылығын анықтап айту. Ұқсастықтары – түсі, пішіні; айырмашылығы – 
дәмі және ішкі құрылысында. 
Абстракциялау – нәрсенің белгілі бір белгілерін ойша баса көрсету және 
оны басқалардан дерексіздендіру. Мұнда заттың немесе ұғымның жеке өзіне 
ғана тән қасиеті қарастырылады. Мысалы алдыңғы мысалдардағы апельсинді 
алатын болсақ мандариннен оның құрамында кезесетін дәрумендер мен 
құрылысында ерекшелік бар екенін ұғынады. 
Жалпылау – бірыңғай нәрселерді ойша кейбір топтарға біріктіру. 
Мысалы, алма, өрік, алмұрт – жемістер, қызанақ, қияр, қырыққабат – 
көкөністер. Ал мұның бәрін бағдарлама бойынша оқушылар бастауыш 
сыныпта меңгереді. Демек бұл ой операцияларын бастауыш сыныптан бастап 
дамытамыз деген сөз. 
Ұғым – материалдық шындықты бейнелейтін ойлау формалары. 
Р.О.Ысқақова «ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы 
түрде білу мүмкін емес, өйткені олардың өзі ұғымдар арасындағы 
байланыстарды білдіреді. Ал, ұғымды меңгеру дегеніміз – болмыстың, заттар 
мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, олардың арасындағы мәнді 
байланыстарды, арақатынастарды білу» дейді [2, 10 б.]. 
Ұғым туралы психолог В.В.Давыдов «Балаларда жалпылау мен ұғымды 
қалыптастыру мектептің басты міндеттерінің бірі болып табылады» - деген [3, 
423 б.]. Ғылыми зерттеулер мен адамның практикалық қызметінде кеңінен 
қолданылып жүрген, ғылымның «қаруы» ретінде қабылданған ұғымдардың 
мазмұны оқу үдерісінде біртіндеп ашылады. 
Ұғымды меңгеру оқушылардың белсенді ой қызметімен, талдау және 
жіктеу, салыстыру, абстракциялау және жалпылау сияқты ойлау операцияларын 
орындаумен байланысты. Сондықтан ұғымдарды қалыптастыру оқушылардың 
ойлауын дамытумен тікелей байланысты деген пікір айта аламыз. 
Пайымдау – ойлаудың екінші формасы болып табылады. Егер ұғымды әдетте 
«сөзбен» салыстырса, онда пайымдауды ойлаудың «сөйлеммен» салыстыруға 
болады. Пайымдау өз құрылымы бойынша анағұрлым күрделі, өйткені ол бірнеше 


558 
(аз дегенде екі) ұғымнан тұрады. Пайымдау - ойлаудың ерекше формасы және ол 
ойлауда өзінің басқа да функцияларын атқарады [4, 70 б.]. 
Пайымдаудағы басты нәрсе – олардың ақиқаттығы мен жалғандығын атап 
көрсетуінде дейді Р.О.Ысқақова. Пайымдау сөйлемдермен беріледі. Бірақ әрбір 
сөйлем пайымдауды білдірмейді. Көптеген жағдайда тілімізде пайымдаулар 
хабарлы сөйлемдер түрінде айтылады. Онда айтылған ой ақиқат не жалған 
болуы мүмкін. Сондықтан жалпы түрде пайымдауға мынадай анықтама беруге 
болады. Пайымдау – бұл ойлау формасы, онда нәрсенің бар екендігі, нәрсе мен 
оның қасиеті арасындағы немесе нәрселердің ара-қатынасы туралы бір нәрсе не 
құпталады, не терістеледі. [50, 10 б.]. 
Ойдың қандай да бір нәрсесі туралы ақпарат жеткіліксіздігінен сұрақ оны 
толықтыру құралы қызметін атқарады дейді Р.О. Ысқақова. Егер қысқаша 
айтсақ, бұл белгісізден белгіліге өтудің логикалық формасы екен. Жалпы 
сұрақтардың танымдық рөлі өте үлкен. Олар пайымдаумен қатар ғылыми 
таным үдерісін, білмегеннен білуге жылжуды, толық емес білімнен неғұрлым 
толығына, мейлінше дәл және тереңіне өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Оларсыз ғылымның дамуы тежелетін, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, 
ғылыми мәселелер, болжамдардың және т.б. сұрақ формасына ие болатын 
кездері сирек кездеседі. 
Сұрақтар көбінесе қарым-қатынас тәжірибесінде жаңа хабарлар алу құралы 
ретінде, қатынастарды реттеу, өрелерін кеңейту мақсатында өте жиі қолданылады. 
Барлық әлемді танудың өзі сұрақ қоюдан басталғандықтан сұрақ білім алуда 
үлкен қызмет атқарады. Сұрақ – бұл логикалық форма, кірістірілген бастапқы 
немесе тірек мәлімет жеткіліксіз болса, жаңа жауап алуға бағытталады. 
Атақты орыс педагогі В.А. Сухомлинский: «Оқыту үдерісінде 
оқушылардың логикалық ойлауын дамыту ұстаздардың ептілігі оқушыларға 
сұрақты қойып оларға дұрыс жауап алу. Мұндайда жауаптар оқушының жеке 
тұлға болып зерделі дамуына септігін тигізеді, баланың өз ойын дамытады. 
Оқушыларға қойылатын сұрақтардың құрылымы болуы және оқушылардың 
жасерекшеліктері ескерілуі керек» деп атап айтқан [5, 272 б.]. 
А.Д. Гетманова «сұрақ-жауап формасы – оқу үдерісін жүзеге асырудың 
тиімді құралы. Тек сұрақтың дұрыс құрылуы талап етіледі: сұрақтың қойылуы 
орынды (сұрақтың барлық мүмкін, анық және жасырын алғышарттарының бәрі 
жалған болмауы тиіс), олар қысқа және түсінікті болуы тиіс және нақтылауды 
қажетсінетін сұрақтарда жауаптарының баламалығын алдын-ала ойластыру 
қажет, ал ажыратуда – барлық баламаларын санап шығу керек [6, 272 б.]. 
Мұнда дұрыс жауаптар маңызды. Егер қойылған сұраққа нақты жауап берілсе, 
сонымен-ақ сұрақ астарында не тұрғаны түсінікті болады. Кейде дұрыс 
сұрақтарды логикалық құрылымы дұрыс сұрақтар деп жатады. Оқу үдерісінде 
логикалық құрылымы дұрыс сұрақтар логикалық жаттығулар немесе 
оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған жаттығулар деп беріледі. 
Қорыта айтқанда дұрыс құрастырылған логикалық жаттығулар 
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, құзыреттіліктерін 
жетілдіреді. 


559 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет