Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет175/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ 
Сатымхан Құралай Расылханқызы 
6В01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім 
беру бағдарламасы студенті 
Ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Гулсим Лесбековна 
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы 
 
Аннотация. 
В статье рассматриваются способы применения интерактивных методов в 
начальной школе. На занятиях, с использованием интерактивных методов, делается акцент 
на роли и значении групповой работы. Доказывается эффективность использования 
дидактических игр, интерактивных методов, используемых в учебном процессе. 
Ключевые слова: 
начальный класс, интерактивные методы, казахский язык, 
дидактические игры. 
Abstract. 
The article discusses the ways of using interactive methods in primary school. In 
the classroom, using interactive methods, emphasis is placed on the role and importance of group 
work. The effectiveness of the use of didactic games and interactive methods used in the 
educational process is proved. 
Keywords: 
elementary class, interactive methods, Kazakh language, didactic games. 
Қазақ тілі сабақтары барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы 
бастауыш сынып оқушыларынының көптеген мүмкіндіктері ашылады, олардың 
қызығушылығын арттырады, белсенділігін дамытады [1]. 
Интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылар сабақ барысында 
еркін болып, бір-бірімен өте тығыз танымдық, әрі қатысымдық байланысқа 
түседі, сонымен қатар сол арқылы бір-бірін оқытады. Бастауыш білім беру 
үдерісінде пайдаланатын интербелсенді әдістер оқушыларға сабақта белсенді 
әрекет етуге және оқу материалдарын бірлесіп шешуге мүмкіндік береді [2]. 
Интербелсенді әдістер арқылы өтетін сауат ашу сабақтарында 
оқушылардың қимыл-қозғалыс, әлеуметтік, танымдық және қатысымдық 
белсенділіктерін арттыру қарастырылған. Бастауыш сынып оқушыларының 
қимыл-қозғалыс, әлеуметтік, танымдық және қатысымдық белсенділіктерін 
арттыру жолдарын төменде берілгендей жүйелеуге болады: 
1)
оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін жандандыру тәсілдері: 
оқушынының өзі түсінбейтін жерін екінші оқушыдан тұрып еркін сұрау; жақсы 
оқитын оқушынының өз тобындағы әлсіз оқушыны үйретуі; оқушылардың өз 
тобындағы тапсырма бойынша бір-бірімен әңгімелесуі және кеңесуі; 
тапсырманы орындағаннан кейін оларды өзара тексеруі; 
2)
оқушылардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру тәсілдері: олардың 
оқушы-оқушы немесе мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім түрінде бір-біріне өзара 
сұрақ қоюы; сабақта өзара әрекеттесу; қарама-қарсы топтағы оқушылардың 
қиын сұрақтарына жауап беру еркіндігінің болуы; 
3)
оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру тәсілдері: 
оқушылардың қарама-қарсы топтың пікіріне өз көзқарасын білдіруі; келіспеген 
тұста өз көзқарасын дәлелдеуі; өз тобы мүшелерінің сөздеріне қосылатындығы 


549 
туралы өз пікірін білдіруі; өзін бағалай білуі және өз іс-әрекеттеріне кері 
байланыс бере білуі; 
4)
оқушылардың қатысымдық іс-әрекетін жандандыру тәсілдері: сабақ 
кезінде оқушылардың еркін тілдік қарым-қатынасы; жауаптарды бірлесіп 
жоспарлау; сөздерді нақты және қысқаша баяндау; ойларын айқын жеткізе білу; 
сөйлеушінің жаргон және диалект сөздерінен тазалығы [3]. 
Интербелсенді әдістер қолданылатын сабақтарда сыныпты екі-үш, төрт- 
бес топтарға бөліп, бәріне бірдей немесе әр топқа бөлек тапсырма берген жөн . 
Оқу үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты оқу 
тәжірибесі пікірталасқа, оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға негізделсе, 
онда интербелсенді әдістерді пайдаланудың тиімді болатындығы байқалады. 
Атап айтсақ, рефлексивті жаттығулар мен тапсырмалар, дидактикалық ойындар 
оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырады және алған 
білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануға септігін тигізеді. Тапсырмаларды 
орындау кезінде оқушылардың жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни 
жағдайды талдай білу, жағдаят (ситуация) барысындағы өзінің рөлін түсіну, 
әңгімеге қатысып отырған әріптестерімен байланыс орнату, қарым-қатынаста 
тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалану, өз іс-әрекеттеріне кері байланыс бере білу 
қабілеттерінінің жетілдіретінін байқаймыз [4]. 
Бастауыш 
сыныптың 
қазақ 
тілі 
сабақтарында 
қолданылатын 
оқушылардың белсенді іс-әрекетін тудыратын біршама әдістерді талдап көрсек: 
Сұрақ-жауап әдісі: 
Аталған әдіс мәтіндермен жұмыс жасауда қолданылады. Өтілген 
тақырыпты бекіту, қорытындылау мақсатында пайдаланылады. 
Жағдаятқа байланысты сөйлеу әдісі: 
Яғни белгілі бір туындаған жағдайға байланысты немесе естіген немесе 
көрген оқиғасына байланысты сөздер,сөз тіркестерін және сөйлемдер құрау. 
Өз ойын айту әдісі: 
Оқушылардың өз ойларын ойлана отырып жеткізуі. 
Әңгімелесу әдісі: 
Оқушылардың білімін бақылау арқылы, жекелей де, оқушылар тобымен 
де әңгімелесу арқылы қорытынды пікірге келу. 
Ойын әдісі: 
Оқушының сөйлеу тілін дамытады және оның еркін сөйлеу қабілетін 
жақсартады. Оқушылардың алған білімдерін сабақта практикалық қолдану 
дағдыларын қалыптастыруда ойын элементтерін сабаққа қосу өте маңызды. 
Мысалы: Ойын шарттарына байланысты әр оқушы сөйлемге бір сөз 
қосып, отыруы керек. Алайда сөйлемнің мағынасы өзгермеуі тиіс. Сөйлемде 
сөз қоса алмаған оқушы жеңіліс атабады. 
Мен жазамын. 
Мен дәптерге жазамын. 
Мен дәптерге таза жазамын. 
Мен дәптерге таза, көркем жазамын. 
Мен дәптерге таза, көркем, шапшаң жазамын. 


550 
Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда аталған әдістерді қолдана 
отырып, біз оларға өз ойларын еркін білдіруге және байланыстырып сөйлеуіне 
мүмкіндік береміз. 
Дәл қазір: «Өз біліміңмен балаларды шектеме, олардың туылған уақыты 
бөлек емес пе»? - деген пікір дәл айтылған. Балалардың заманауи көзқарасы, 
уақыты қандай және неге дайын болулары керек? 
Біз оқушыларды қандай болуға дайындаймыз? 
1.
Қоғамның белсенді азаматы болу; 
2.
Қалаған ісіне жауапкершілікпен қарау; 
3.
Өз ойы мен көзқарасын құра білу; 
4.
Сұрақтар қоя білу және оларды жан-жақты талқылау; 
5.
Ойынды еркін жеткізу, шығармашылық ізденісті қалыптастыру. 
Оқулықтардағы тапсырмалардан өзге қосымша тапсырмалар да 
қолданылады. Мәселен, бейнесөзді шешу, мәтінді аяқтау, "Мақал немесе нақыл 
сөзді тауып оқы", "Қажетті сөзді тап", "Қандай әріп жоғалды?" және тағы 
басқалар. Заттың атын білдіретін сөздер тақырыбын өткенде «Кім жылдам 
табады?» ойынын сабақтың соңында қолдануға болады. Мысалы: Адасқан 
әріптерден атақты адамдардың аттарын құрастырады. 
Тіл байлығын дамыту ұшқыр ой мен қиялды қалыптастыруды қажет 
етеді. Мұнда оқушыға ертегі айтуды, оқиғаны жалғастыруды және аяқтауды 
тапсырады. Оқушы өз қиялына ерік беріп, оқиғаны жалғастыра отырып, 
шығармашылықпен жұмыс жасайды. Өздігінше іздену- өз ойын жеткізе білу 
мен шығармашылықтың қайнар көзі. Мәтінді өңдеу, диалог құру, өздігінен 
өлең, ертегі, әңгіме құрастыру сияқты түрлі тапсырмаларды орындау да 
оқушының ойы мен тілін дамытады. 
Мақал –мәтелдер және тұрақты сөз тіркестерін үнемі үйретіп отыру - 
мұғалімнің күнделікті атқаратын жұмыстарының бірі. Білгендерін ұмытпау 
үшін ондай сөздерді сөздік дәптерге, әр тоқсанда көбейту кестесі сияқты жатқа 
жазғызып, бақылау тапсырмаларын орындаттыруға болады. 
Оқушының оқыған әңгімесіне немесе ертегісіне сараптама жасаудың жолдары: 
-
түсінгенін әңгімелеуі 
-
сұрақтарға жауап беруі 
-
кей үзінділерді жатқа айтуы 
-
сөздік дәптерге оқыған шығармасындағы таныс емес сөздерді жазып отыруы 
-
кейіпкерлердің әрекетіне баға беруі 
-
әңгімелердің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыруы 
-
соңында бастапқы шығармаға ұқсас әңгіме жаза алуы. 
Тіл дамыту бойынша жұмыстар жеке пәндердің әр сабағында 
қолданылады. Бұл пәндер: қазақ тілі және әдебиеттік оқу, тіпті математика да 
болып саналады. Енді біз аталған пәндерде тіл дамыту мен баланың сөздік 
қорын байыту қалай жүзеге асырылатындығын айтамыз. 
Салыстыру жұмыстары арқылы сөйлемдер құратылады. 
Тақтаға түрлі суреттер ілінеді де, суреттегі заттар сипатталады. Аталған 
жұмыс түрлері оқушылардың суреттерге қарап сөйлем құрай алу дағдыларын 
арттырады. 


551 
Мүмкіндік деңгейіндегі тапсырма ретінде берілген сөздерден жаңа сөздер 
тудыру жұмыстары жүргізіледі. 
Тақтаға «Қазақстан», «Қуаныш», «Қарындаш» сөздері жазылады. 
Үш қатардағы оқушыларға тапсырмалар бөлек-бөлек беріледі. 
«Қазақстан» сөзінен - қазақ, қаз, қас, ата, ана, сана, тана, таза, сақ, қан т.б 
«Қуаныш» сөзінен - қу, қуан, шық, қыш, шық, уақ т.б 
«Қарындаш» сөзінен - қар, арық, шана, шын, шара, нық т.б. 
Қазақ тілінен жалқы есімдер тақырыбын өткенде сөздердің соңғы 
дыбысынан басталатын сөздер тауып жазу. 
Ұлдар есімі: Айқын, Нұрбек, Кемел, Лашын, т.б. 
Қыздар есімі: Айжан, Назым, Майра, Ақбілек, т.б 
Жер-су аттары: Алатау, Уфа, Ақтөбе, Ертіс, т.б. 
Әр қатардағы артық әріптерді тік квадраттарда жоғарыдан төменге 
жиекпен орналастырылған кезде, бастауыш сыныптағы маңызды ұғымдардың 
біреуінің атауы шығады. Жасырылған сөзді тапқызу. 
БЫАТРЫЙ 
ЕЙІСЛІ 
БІЕҮСЖПКЛ 
ЖМАДҒАН 
АЙАБА 
ЗАҚМАҚ 
УЗАМШАЫ 
АБАЗУАШЖ 
Ары қарай шыққан сөздерді қатыстырып сөйлемдер құратуға, жұмбақтар 
айтқызуға, мақал-мәтелдерді естеріне түсіруге байланысты жұмыстармен 
жалғастыруға болады. 
Оқушылардың сөздік қорын молайтуда, жаңа сабақты бекітуде, сөздердің 
әрбір дыбысынан жаңа сөздер тудыру жұмыстарын жүргіземіз. 
Мысалы, сөз таптарын, оның ішінде сын есімдерді өткенде тақтаға «Болат 
қандай оқушы?» деген сөйлемді жазамыз. «Болат» сөзіндегі әрбір дыбыстан 
басталатын Болаттың бойындағы жағымды қасиеттерді тізбектеп жазады. 
Б- болаттай, берік, білімді, бойшаң т.б. 
О- ойшыл, оттай т.б. 
Л- лепірме т.б. 
А- алғыр, ақылды, адамгершілікті, арлы, адал т.б. 
Т- тапқыр, темірдей, тәртіпті, тіп-тік, төзімді т.б. 
Табылған сөздерді тірек сөздер ретінде пайдаланып, «Болат» 
тақырыбында мәтін құратамыз. Мысал ретінде, төмендегідей мәтін мазмұнын 
ұсынуға болады. 
Болат бойшаң, тіп-тік, болаттай берік, білімді жігіт. Үнемі қос жанары 
оттай жанып тұрады. Ол ойшыл, ақылды, алғырлығымен қатар, кейде лепірме 
мінезін де көрсетіп қояды. Достарының арасында темірдей тәртіптілігімен, 
тапқырлығымен, төзімділігімен көзге түседі. Болат сияқты адамгершілгі мол, 
арлы баладан - адал дос шығады. 


552 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет