Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет101/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтыңжолдауы, 
Астана - 2007 ж. 
2.
Машрапова А.С. Использование методики CLIL на уроках со вторым языком обучения // 
Молодой ученый. – 2017. – №18.1. – С. 48-51. – URL 
https://moluch.ru/archive/152/43289/
 
3.
Marsh, D (Ed) (2002) Content and Language Integrated Learning (CLIL). 
A Development Trajectory. 
ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ 
Сәбит Аяжан Жасұланқызы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Ғылыми жетекші: Төленова Гүлжан Қасқырбекқызы 
Аннатация. 
В настоящее время используются различные методы обучения с целью 
предоставления студентам качественного образования. Потому что в наше время главная 
цель сегодняшних учителей – объяснить такой сложный предмет, как физика, связав его с 
повседневной жизнью, вызвав интерес учащихся. В этой связи проведение уроков с учетом 
традиций нашего народа является незаменимым инструментом прославления национальных 
ценностей. В статье представлены методы и примеры проведения уроков, сочетающих 
предмет физики и национальные ценности казахского народа. 
Ключевые слова: 
казахские традиции, методы физики, национальные ценности, 
качественное образование. 
Annotation. 
Currently, various teaching methods are used in order to provide students with a 
high-quality education. Because nowadays, the main goal of today's teachers is to explain such a 
complex subject as physics, connecting it with everyday life, arousing the interest of students. 
In this regard, conducting lessons taking into account the traditions of our people is an 
indispensable tool for glorifying national values. The article presents methods and examples of 
lessons combining the subject of physics and the national values of the kazakh people. 
Кeywords: 
Kazakh traditions, physics methods, national values, quality education 


276 
Қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім беру мақсатында оқытудың түрлі 
әдіс-тәсілдері қолданылуда. Себебі заманның ағысына қарай оқушылардың 
қызығушылығын тудыра отырып, күнделікті өмірмен байланыстыра физика 
сияқты күрделі пәнді түсіндіру бүгінгі ұстаздардың басты мақсаты. Осы орайда 
халқымыздың салт-дәстүрлерін кіріктіре отырып сабақ өткізу - ұлттық 
құндылықтарды 
дәріптеуде 
таптырмас 
құрал. 
Халық 
педагогикасы 
халқымыздың 
жас 
ұрпақты 
тәрбиелеудегі 
білімінің, 
біліктілігінің, 
тәжірибелерінің, танымдық әрекеттерінің, дағдыларының жиынтығынан 
тұратын педагогикалық ұлттық қазына. Халық педагогикасының негізгі 
қағидалары болашақ ұрпақтың ақылды, намысқой, жеке тұлға болып 
қалыптасуына мүмкіндік беріп, оларды дүниеге келген күннен бастап өміршең, 
ширақ, еңбекқор азамат етіп тәрбиелеу. Жаңа туған нәрестенің адамгершілік 
құндылықтарды ғана емес, сондай-ақ отансүйгіштік, халқына адал қызмет ету, 
ұлтжандылық қасиеттерін жетілдіру мақсатында салт-дәстүрлерді жастайынан 
үйретіп, бойына сіңірген. Халық педагогикасының негіздерін физика 
сабақтарында қолдану - білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын 
жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік көзқарасын, өзін қоршаған ортадағы 
әр түрлі қоғамдық ой-пікірлер мен ұлттық құндылықтарды оқушы санасында 
байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелейтін 
үдеріс болып табылады. Сабақ барысында ұлттық құндылықтар кіріктірілген 
әдісті ойын форматындағы сабақта, өткен тақырыпты қайталау барысында, 
сергіту сәті кезінде қолданған тиімді. Біріншіден, ойын сергіту cәті болса, 
екіншіден оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып 
отырады. Үшіншіден, өтілген материалдарды қайталау тұрақты түрде жүзеге 
асырылады. Бұдан оқушының есінде көп нәрсе қалары сөзсіз. Ceбeбi, қайталау 
-
оқу негізі. Ойын сабағын әр түрлі форматта жүргізуге болады. Бірде 
оқушылар жалпы өтілген теориялар мен анықтамалар бойынша жарысқа түссе, 
бірде формулалар мен өлшем бірліктерді айтады, тағы бірде ұлы физик 
ғалымдардың аты-жөндері мен өмірбаяны және қызметтері жайлы айтысады. 
Топпен, жеке немесе жұппен жүргізуге де болады. Мұғалім біздің ата- 
бабамыздың ертеде ойнаған ойындарының қандай тәрбиелік мәнінің зор 
екендігін түсіндіріп, олардың қазірге дейін ұрпақтан ұрпаққа жеткенін және 
заман талабына сай жаңаша түр сипат алғанын да әңгімелеп айтуы керек. 
Сондай-ақ, бұл ойындар оқушылардың білім деңгейлерін тексеріп қана қоймай, 
бір-бірімен 
жақындастырып 
достыққа, 
жолдастыққа, 
адамгершілікке 
тәрбиелейді. Отанын сүюге, ұлтына деген ыстық ықылас пен сезімін оятады. 
Mұғaлім бір оқушыны өзіне көмекшілікке алып немесе үйрете келе 
оқушылардың өздеріне жүктесе, ойын қызықты өтеді. Ceбeбi, бала өз 
құрбысымен ойын ойнау барысында қысылмай тез қимылдайды да уақыт 
үнемді болады. Нақты қазақтың салт-дәстүрлері мен физика пәнін ұштастыра 
отырып, түсіндіруге болатын тақырыптарға тоқталсам: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет