Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет4/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72

Использованная литература

1.  Jan Baars. Теория «Глобального Рабочего Пространства».  

http://www.chanfam.com/yevristichnostj_filosofii/teoriya_globaljnogo_rabochego_prostranstva 

(9.10.2013).

2.  Шлегель  А.  «Сетевая  структура  и  динамика  ментального  рабочего  пространства»  

- http://skuky.net/80766 (10.10.2013).

3.  Писаренко  Е.  А.  «Подходы  к  экологическому  образованию  в  странах  Запада»       

- http://www.superinf.ru/view_helpstud.php?id=3099 (5.10.2013).

4.  Назарбаев Н. А. «Социальная модернизация Казахстана: двадцать шагов к обществу всеобщего 

труда»  -  http://www.bala-zan.kz/poslanie/1443-socialnaya-modernizaciya-kazahstana-dvadcat-shagov-

k-obschestvu-vseobschego-truda.html (6.07.2013)

5.  Кон И. С. В поисках себя. Личность и её самосознание. — М.: Политиздат, 1984. — 336 с.



ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ 

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ақтанова А. С., Ақтанова Ш. С. 

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа

Мақалада қазіргі ғаламдану жағдайында қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері қарастырылған. Қазақ 

әдебиетін оқытудың 12-жылдық білім беру кезіндегі мәселелері де мақалада айтылады. 

Аннотация

В статье рассматриваются проблемы методики преподавания казахской литературы в условиях перехода на 

12-летнее обучение, а также воздействие проблем глобализации на методику преподавания казахской литературы.

Abstract

In article it is considered problems of teaching of the Kazakh literature in transition on 12-years formations and problems 

of globalization in a procedure of teaching of the Kazakh literature.

Әдебиет қашанда қоғамдағы негізгі тәрбие құралы болған. Өкінішке орай бүгінгі күні оқушыларға 

көркем мәтінді оқыту үлкен мәселеге айналып отыр. Оның себебін ақпараттық ағымдар заманынына 

лайықталып жасалған әдістеменің жоқтығы. Рас, кеңес кезеңінен қалыптасқан білім беру жүйесінің 

өзіндік  ерекшеліктері  мен  жақсы  жаөқтары  да  болды.  Алайда  өзімізде  бар  жақсы  әдістемелерді 


28

жоғалтып  алмай,  шетелдік  әдістердің  де  бөлшектерін  қолданып  көрген  дұрыс  шығар.  Бірақ  ел 

тәуелсіздігімен бірге келген ғаламдану үрдісі жайбасарлықты көтермейтінін көрсетіп отыр. Бүгінгі 

күні біздің мектептеріміз зерттеу-эксперимент алаңына айналды. Ең басты зерттеу жұмыстары да 

Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүргізіліп отыр. Нәтиже жаман емес. Нәтиженің жаман болма-

уы ол мектептерге іріктелген балардың келгенімен де байланысты болса керек. Назарбаев зияткерлік 

мектебіне баласын жіберген ата-ана да, баланың өзі де бұған саналы түрде келеді. Яғни білім алуға, 

білімді игеруге құлшынысы жақсы болып келеді. Ал басқа қарапайым мектептерде жағдай өзгеше. 

Әсіресе ауыл мектептерінің жағдайында тіпті салыстыруға келмейтін де фактілер бар. 

Мәселе  қалай  дегенде  де  оқушыға  көркем  шығарманы  оқыту  болғанда  ең  алдымен  мектеп 

мұғалімінің біліктілігі мен оның әдістемесіне байланысты. Әдебиетті оқыту үшін көп көрнікіліктің де 

қажеті жоқ. Әдебиет сөз өнері. Сондықтан да әдебиетті оқытатын мұғалім оқушыларын баурап алатын-

дай терең білімді, шебер сөйлейтін шешен болуы керек. Ондай ұстаздарымыз да бар. Мәселен, Қанипа 

Бітібаева қазақ әдебиеті әдістемесін жаңа бір белеске көтергені белгілі. Осындай жаңашыл-ұстаздар 

еңбегі насихатталып, таратылу керек. Белгілі әдіскер Қ. Бітібаева көркем шығарманы оқыту кезіндегі 

оқушылардың жас ерекшелігін ескеру мәселесіне талдау жасай келе: «Кіші жастағылар-психологиясы, 

мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. 

Олар қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық 

деп қабылдайтын, жақсылыққа да жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер 

әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял-ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, 

көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаулары алғыр болып келеді. 

Дегенмен, алаңғасырлық, тез қабылдап, тез ұмыту да осыларды жиі кездеседі. Мектепте көп шулай-

тындар  да,  тез  қимылдап,  тез  шешім  қабылдайтындар  да  10-12  жастағылар.  Әдеби  шығармаларды 

оқу,  қабылдау  ерекшеліктеріне  келсек,  поэзиядан,  драмалық  туындылардан  гөрі  әңгімелерді,  қара 

сөзбен  жазылған  шығармаларды  оқуға  ынталы  болып  келеді.  Әсіресе,  оларды  соғыс,  шпиондар, 

қылмыскерлер жайындағы шығармалар ерекше қызықтырады. Оқыған шығармаларының мазмұнына 

қарай  әр  түрлі  эмоциялық  көңіл-күйді  бастарынан  кешіріп,  соны  ұмыта  алмай,  дел  –  салдыққа 

түсушілік, алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі. Жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен кітапты 

көп  оқитындар  да,  ондағы  бас  кейіпкерлерге,  әсіресе  барлаушыларға,  батырларға  еліктеушілер  де 

осы  жастағылар.  Кейіпкерлер  тағдырына  да  мойынсұнушылықпен  қарауды  сезіуге  болады.  Бұның 

ерекшелігі,  бала  психологиясынан  туып  отырған  дүниелер.»-  екенін  талдап  көрсетеді  [1,  7-18-б]  А. 

Байтұрсынов кезінде : «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Осындай 

дамуды,  өзгерісті  басынан  өткеретін  күрделі  құбылыс  та  –  тіл»,-  деп  жазған.  Құзіретті  жеке  тұлға 

тәрбиелеуде  тіл  құзіреттілігінің  де  маңызы  зор.  Әлеуметтік  топтарда,  қоғамдағы  түрлі  әлеуметтік 

орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және 

басқа тілдерді меңгеру –заман талабы. Құзіреттілік амалы – білім беру нәтижесіне ден қоятын амал. 

Жаңа ақпаратты білім, білік, дағды қолданысында пайдалана алу. Құзіреттілік амалы – оқу үрдісін 

практикалық нәтижелерге бағдарлайтын білім берудің әрекеттілік сипатын жүзеге асырушы амал.

Бүгінгі күні 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесі өзекті дүниелердің біріне айналып 

отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында: «Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан 

біздің  2008  жылдан  бастап  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беруге  көшіп,  педагогтардың  кәсіптік 

деңгейін оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру керек» деп айтылған [2, 6-б]. 

12-жылдық білім берудің оқулығы мен әдістемелік нұсқаулықтарын жасау да күрделі проблемаға 

айналды. Бағдарлама бар деген сөз бар да бағдарламаның тіпті жобалық нұсқасы да әлі күнге дейін 

мұғалімдердің қолында жоқ. Яғни ол бағдаламаны талқылау жоқ деген сөз.

Мектеп  бағдарламасы  мен  мектеп  оқулығын  жазуға  мектеп  мұғалімдері,  әдіскер  ғалымдар 

қатысуы керек дегенде, баспалардың немесе белгілі тұлғалардың таңдап алған адамдары емес, 

тәжірибелі мамандар дайындау керек деп санаймыз.

Әдебиетті  сүюге,  әдебиетті  түсініп  оқуға  баулу  төменгі  сыныптан  басталу  керек.  Кей  кезде 

оқушыларға  жаттауға  беретін  тақпақтар  мен  өлеңдер  көп  деген  сөздер  айтылады.  Бала  санасының 

қалыптасуы кезінде жаттаулардың көп болғаны дұрыс. Себебі басында санлы емес қабыдалдаған бала 

келе –келе сөз мағынасын түсініп жаттайтын болады. Қашанда мағына түсінікті болғанда ол туралы 

есте тез сақталады және ұмытылмайды. (Психологияда санасыз түрде білімді игеру деген ұғым бар.) 

Есейе келе оқушы бала өзінің кішкене кезінде жаттаған көркем сөздерінен фразеологиялық оралым-

дарды, мақалдар мен мәтелдерді алып қолдануға дағдыланады. Тіл мен ойлаудың байланысын зерттеген 

психолог ғалымдар тіл байлығы мол адамдың логикалық ойлау жүйесі де мықты болатынын айтады. 

Психолог Л. С. Выготский оқушының танымдық түсінігі оның ғылыми пайымдауларды иге-

ре бастағанда қалыптасады деген болатын. Яғни, оқушы әлі де ғылыми пайымдауларға келмей 

тұрғанда оған жаттау арқылы санасына орнықтырған ақпарат кейін ғылыми түсінігі қалыптасқанда 

өздігінен  игеріледі  деген  сөз.  Ы.  Алтынсарин  :  «Мұғалімнің  жұмысы  –  балалар.  Егер  балалар 

бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі 


29

кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, шыдамдылықпен жұмсақ сөйлеу керек, 

әрбір нәрсені ықыласпен түсінікті етіп түсіндіруі керек, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдерді пай-

даланбай сөйлеу керек.» – деп баланың жеке басының ерекшелігіне назар аударуға шақырады.

Енді оқушыларға қандай жаттаулар беру керек деген екінші мәселе шығады. Кейде әйтеуір 

жаттауға  лайықты  дегенмен  сөздері  түсініксіз  өлеңдер  беріледі.  Бізше,  оқушыға  әрине  жас 

ерекшелігіне байланысты сөздері түсінікті, көркем өлеңдер берілу керек. Сондай-ақ, өлеңдердегі 

шағын сюжет те оқушының ойында көркем кестеленген оралымдардың сақталуына себеп болады. 

Кезінде  В.  В.  Радловты  таң  қалдырған  қазақ  балаларының  ойы  мен  санасы,  ақылы  мен  тілі 

неліктен  көркем  болды  десек,  ол  балалардың  жастайынан  әр  түрлі  сөздердің  мағынансын 

түсініп,  жаттап  өскендігінен  болатын.  Үлкен  адамдардың  көбі  өздерінің  бала  кездерінде  ауыл 

ақсақалдарына  қисса-жырларды  оқып  бергендерін  айтады.  Келе-келе  жырларды  жатқа  да  айта 

беретін болған. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі санамақ, қаламақ, жұмбақтар мен жаңылтпаштардың 

да баланың көркемдік санасының қалыптасуына үлкен себебі болған. 

Қазақ әдебиетіндегі асыл да құнды қазынамызды болашаққа жеткізу үшін бүгінгі жас балалардың 

санасында әдебиетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруымыз керек. 



Әдебиеттер тізімі

1.  Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы: Рауан, 1990. 200- б.

2.  Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына 

жолдауы. // Астана, 2005 ж. 18 ақпан., 6-б.



СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ ШЕБЕРЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Алдабергенова З. А.

№5 жалпы орта білім беру мектебі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Тәуелсіз  елдің  ұрпағына  тәрбие  мен  білім  беруде  әрбір  мұғалім  өз  ісіне  үлкен  жауапкершілікпен  қарап, 

дүние  жүзіне  әйгілі  озық  идеялармен  сусындап,  идеяларды  жүзеге  асыру  үшін  батыл  қадам  жасауы  міндетті. 

Әлемге белгілі педагогикалық пікірлерді ұлттық педагогикамен салыстыру және екеуін ұштастыру ХХІ ғасыр 

мұғалімінен күтілетін талаптардың бірі де бірегейі. Сондықтан ғасыр мұғалімі тек білімді емес, білікті болуы 

абзал.  Кембридж  тәсілі  арқылы  оқыту-  оқу  сапасын  көтерудің  бірден-бір  кепілі.  Сындарлы  оқыту  әдісі  бізден 

шеберлікті талап етеді.

Аннотация

Каждому учителю необходимо с целью воспитания и обучения молодежи с большей ответственностью отно-

ситься к работе, знать и использовать мировые идеи в собственной практике. ХХІ век требует от учителя сопо-

ставления признанных в мире современных педагогических идей с народной педагогикой, их интеграцию. Обучение 

по программе Центра педагогического мастерства и Кембриджского университета может стать гарантией по-

вышения качества знаний. 

Abstract

Each teacher has to bring up and give knowledge of youth with big responsibility to treat work, nobility and absorb world 

ideas and to use them at work. The requirement from the teacher 21 of an eyelid to compare world renowned pedagogical 

reasonings with national pedagogics, and to connect them among themselves. Therefore the teacher of an eyelid has to be not 

only clever, but also professional. The doctrine a method of Cambridge is a guarantee improvement of quality of knowledge. 

Constructive training obliges and demands skill.

Педагогикалық  шеберлік  орталығы  іске  асыратын  Кембридж  университетінің  бағдарламасы 

арқылы менде қандай өзгеріс болды? Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудан несімен ерекшеленеді? Кембридж 

тәсілінің артықшылығы неде? Көшбасшылық деген не? Оның атқаратын міндеті қандай? Кембридж 

тәсілін оқытуда қандай кедергілер бар? Мұғалімнің кәсіби жетілуіне қандай септігі бар? Менің бұл 

баяндамам осы сұрақтар төңірегінде болмақ. 



30

2012-2013  оқу  жылының  қазан-желтоқсан  аралығында  Алматы  қаласындағы  Қазақстан 

Республикасы  педагог  кадрларының  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  институтының  ІІ  деңгей 

бағдарламасы  аясында  біліктілігімді  көтердім.  Қарқынды  өзгеріп  жатқан  әлемде  білім 

саласындағы  саясаткерлер  үшін  де,  соның  ішінде  мұғалімдер  үшін  де  маңызды  мәселе  болып 

отырған: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» [1, 4-б]. Біліктілікті артты-

ру  курстарының  деңгейлі  бағдарламасы  осы  мәселені  шешуге  бағытталғандығы  баршаға  мәлім. 

Қазақстан  Рекспубликасының  орта  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында:  «әрбір  баланың 

жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы оның тереңірек 

ұмтылуына,  сондай-ақ  ізденісінде  бейімділігіне  көмек  беру,  мүмкіндік  туғызу  және  осылайша 

оған түпкілікті өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру-білім берудің түпкілікті мақсаты»- деп атап 

көрсетілген.  «Өрлеу»  курсы  тұжырымдамада  көрсетілген  мақсаттың  мұратына  жетуіне  септігін 

тигізетін  үлкен  мүмкіншілік.  Білім  берудің  басты  өзгерісі-  өзінің  мағынасында  жаңа  мақсат-

міндеттерді қоюды және мектептің іс-әрекетіне басқаша тұрғыда ықпал етуді талап етеді [3, 3-б]. 

Жеті модуль мәнмәтініндегі бағдарламаның теориялық негіздерін бірінші айда меңгеріп, екінші 

айда өз мектебіме практикаға келдім. Бұрын соңды білімдендіру саласында естілмеген жаңалық- ко-

учинг сессия ұйымдастырып, 7 модуль мәнмәтінін әріптестеріме практикалық жолмен меңгертуді 

көздедім.  Әрине  модульдер  туралы  бұрынғыша  дайын  білім  бермей,  тренинг  сабақ  арқылы 

мұғалімдердің өздері рефлексияға келуін ойластырған едім. Мұғалімдер әрбір коучинг сессиядан 

үйренген жаңа әдістерін өз сабақтарында қолдануға бет ала бастады. Жаңа- өзінің жаңалығымен 

қызық  емес  пе?  Шынын  айтқанда  өз  практикаларында  сынап  көруге  асықты.  Бірі  өте  сәтті,  бірі 

сәтсіз аяқтап, қуаныштары мен реніштерін ортаға сала бастады. Коучинг сессияның өзі кәсіби про-

блемаларды бірігіп шешуге үлкен септігін тигізетін, бірден-бір мүмкіндік болатындығын сездім. 

Сезген сайын мен мектеп әкімшілігі мүшесі болмасам да, әріптестеріме көшбасшы бола білгенімді 

мақтанышпен  айта  аламын.  Курстың  үшінші  айында  практикада  өткізген  тәжірибелерімді 

жинақтап, саралап, зерделеп, есептерімді сәтті тапсырдым. Қазіргі таңда мен мектепте жай ғана 

мұғалім емес, коуч және тәлімгермін. Яғни әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту 

әдістемесі-  сындарлы  оқыту  тәсілін  насихаттаушы  көшбасшымын.  Сондықтан  мен  сындарлы 

оқытудың  мақсатында  көрсетілгендей  оқушының  пәнді  терең  түсінуі,  алған  білімдерін  сынып-

тан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету үшін көп ізденемін. 

Оқушының тақырып мәнін өз бетімен түсінуі үшін ашық-жабық сұрақтарды көп қоямын. Сабақққа 

қызығушылығы артуы үшін және ынтасын өсіру мақсатында формативті бағалаудың тиімділігін 

көріп келемін. Формативті бағалауда оқушы іс-әрекетін бағалаушы көбіне оқушылардың өздері. 

Кейде оларды жаңа фомативті баға түрін ойлап шығаруға жұмылдырамын. Мысалы қазақ әдебиеті 

сабағында мәнерлеп оқу, рөлдік тапсырма сынды іс-әрекеттерді бағалаудың критерийлерін өздері 

ойлап табады. Бастапқыда «екі жұлдыз бір тілек», «светафор», «ұпай жетондары» сынды бағалау 

түрлерін көп қолданды, қазір «қол соғу», «смайликтер», «фигуралар», «музыка үні» сынды бағалау 

түрлерін ойлап тауып жүр. Өздері ойлап тапқан формативті бағалау түрлерін бірін-бірі бағалауда 

қолдану  оқушы  үшін  өте  қызық.  Әрине,  жұмысымызда  қиыншылықтар  аз  емес,  мысалы,  топқа 

бөлінген балалардың топта жылдам жұмыс жасауы, белгіленген уақытпен санасуы, бірін-бірі, өзін-

өзі бағалауда сыни көзқарастан гөрі, іштей санасуы сынды балалық қылықтары көрініс беріп қалады. 

Мұндай кезде қайта-қайта ескерту беруге тура келеді. Әсіресе оқушылардың сыни көзқарасын ояту 

оңай емес. Ол үшін алған білімін тексеруге арналған жабық сұрақтар емес, «неге?», «неліктен?», 

«не себепті?» сынды сұрақтарды қою арқылы жеке көзқарасты анықтап, одан әрі сұрақтарды да-

мыту арқылы қарсы пікірлердің шығуына мүмкіндік туғызып отырамын. Әсіресе, қазақ тілі, қазақ 

әдебиеті сабағында болжау, талдау, салыстыру, жинақтау, бағалау сияқты сыни көзқарастарын арт-

тыратын жұмыстарды тапсыруда мазмұны қызық әрі елітіп әкететін мәтіндерді даярлау өте тиімді 

болады.  Қазақ  әдебиетіндегі  көлемді  шығармаларды  өту  барсында,  шығарманың  ең  қызық  эпи-

зодын үзіп алып, жоғарыда аталғандай жұмыс жасату өте қызық. Сабақта 7 модуль мәнмәтінінде 

көрсетілген жаңа әдістердің бірі- диалогтік оқыту балалардың тілін дамытуға да, сыни ойлауға да 

мүмкіндік туғызады. Қазіргі таңда оқушы техника тілімен сөйлеуге, яғни жастар жаргонына ай-

налып кеткен компьтер тілімен сөйлеу сәнге айналып кетті. Диалогтік оқытудың Мерсер айтқан 

үш  түрі:  әңгіме-дебат,  кумулятивтік  әңгіме,  зерттеушілік  әңгімеге  тартуда  баланың  ана  тілін, 

Мемлекеттік тілді шұбарламай таза сөйлеуіне мән беріп отырамын. Әсіресе, әңгіме-дебат оқушы 

үшін қызу әңгімеге кірісудің түрі болғанымен, өз резолюциясын қорғауда, тіл тазалығына мән бере 

бермейтінін көріп жүрмін. Мысалы, 9-сынып оқушыларына ауызекі сөйлеу стиліне байланысты 

полемикалық сөзге арнайы дебат тақырып берген болатынмын. Сонда оқушылар қызу айтыс, тар-

тыс, дау үстінде неше түрлі жаргон сөздерді қардай боратты. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың 

қас жауы емес пе?» дебат соңына дейін ескерту берумен болдым. Мұны айтып отырған себебім, 

тілі жұтаң жастарды төселіп сөйлеуге үйретуде диалогтік оқытудың маңызы зор екенін айтпақпын. 



31

Ал АКТ-ны сабақта қолданудың тәсілі оқушыларға алған білім, түсініктері бойынша презентация 

жасату. 

Өз тәжірибемде байғанымдай, бір сабақта үш-төрт модульді кіріктіруге болады. Соның ішінде 

сыни  ойлау  мен  оқыту  үшін  бағалау,  жас  ерекшелігіне  сәйкес  тапсырмаларды  іріктеу,  талантты, 

дарынды балаларды оқыту модулін бір сабақта үйлестіруге болатындығына көзім жетті. Біз бұрын 

оқушыдан кері байланыс алу, оған сабақтың ұнаған, ұнамағандығын сұрау және олардың пікірімен 

есептесу дегенді білмейтінбіз. Бастапқыда оқушылар да өз пікірін ашық айтуға дағдыланбаған, бәрі 

бір ауыздан «ұнады» дей салатын еді. Қазір өз ойларын ашық айтуға үйренді. Олардың рефлексия-

сымен есептесе отырып, келесі күнгі сабақты жоспарлауға әдеттене бастадым.

ІІ деңгей курс бағдарламасында оқудан күтілетін нәтижелердің бірі ретінде әріптестер тобымен 

бірлесіп оқыту мен оқу саласындағы зерттеулер туралы кәсіби пікір алмасуға бастама жасау делінген 

[1,  7-б].  Біздің  мектебімізде  ІІІ  деңгей  бойынша  біліктілік  курсынан  өткен  3  мұғалім,  (оның  біреуі 

әлі аяқтаған жоқ) І деңгей бағдарламасы бойынша оқып жатқан екі мұғалім бар. Біз мектебімізде 

шығармашылық топ құрып, осы қысқа уақыттың ішінде екі рет семинар өткіздік. Семинарға коу-

чинг сессияға қатысып жүрген мұғалімдер де, басқа әріптестер де қатысып, алған әсерімен ой бөлісті. 

Бірінші семинар атауын: «Оқыту үшін бағалау» деп атағанбыз. Екінші семинар «Диалогтік оқыту» 

деп аталды. Біз І, ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері бір-бірімізді үйрете отырып, үйрендік. Семинар сабақты 

тәлім алушымыз да өткен еді. Тәлім алушының 7 модуль мәнмәтінінің теориялық негіздерін меңгере 

бастағандығы  көңілімізге  қуаныш  ұялатты.  Әсіресе  формативті  бағалау  түрлерін  ойластырып, 

білімді бағалауға оқушыларды тартуы өте тиімді болды. Бұл семинар Lesson Study құрудың бастама-

сы болды десек артық айтқандық болмайды. 

Пажарес: «оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-

тоқтамдарының ықпалы күштірек»- деп сендіреді. Өйткені оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарстар 

мұғалімнің  сыныптағы  барлық  іс-әрекеттеріне  әсер  етеді.  Мұғалімнің  сыныптағы  іс-әрекеттеріне 

әдістемелік  құралдар  немесе  оқулықтардан  гөрі,  пәннің  қалай  оқытылуы  керектігі  жөнінде  әбден 

қалыптасқан пікірлері анағұрлым күштірек ықпал етеді [1, 4-б]. Бұл пікірмен толықтай келісе оты-

рып, білім екінші дәрежеде деген ұғым тумауы керек. Білімді адам шебер педагог болмауы мүмкін. 

Сындарлы оқыту әдісі бізден шеберлікті талап етеді. Шебер мұғалім қиынды қиыстырып, ауырды 

жеңілдететін тұлға. Тәжірибелі мұғалім мен шебер мұғалімнің мағынасы сырттай ұқсас болғанымен 

іштей екі басқа ұғым. Пән мазмұнын меңгерту бар да, сол білімге деген сыни көзқарасын ояту бар. 

Яғни бастапқы идеядан туынды идеяны өрістетіп, сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып 

бере алатындай етіп құру қажет. Сыни көзқарасы оянған шәкірттер, білімді кез келген ортада пай-

далана алады. Мысалы, 8-сынып қазақ тілі пәніндегі анықтауыш тақырыбын өткенде анықтауыштың 

ережесін айтпай тұрып, заттың сынын, сапасын анықтайтынын сөздерді жазғызып, ол сөздердің қай 

сөз табымен байланысқа түсіп тұрғанын анықтатып, анықтауыштың құрылысына байланысты мы-

салдар беріп, оны талдатып барып, анықтауыштың ережесін шығаруды сұрау керек. Оқушыға даяр 

білім  бермеудің  ең  қысқа  мысалы  осы  болмақ.  Ал  анықтауышты  білу  не  үшін  қажет?  Ол  мектеп 

бітіргесін бізге қажет пе? Сұрағы арқылы аталған сөйлем мүшесінің тіл білімі ғылымынан алатын 

орнын бағалатуға болады. 

Сөзімді қорытындылай келе кембридж тәсілі арқылы оқыту мен оқу сапасын көтерудің бірден-

бір кепілі екенін айтқым келеді. Себебі оқушы білімді түсіну, талдау, салыстыру, жинақтау, бағалау 

үшін  бұрынғыдай  партада  бос  отырмайды.  Мәтінмен,  оқулықпен  жұмыс  жасайды.  Бұрынғыдай 

сабаққа  санаулы  оқушылар  ғана  қатыспайды.  Топтық  тапсырма  арқылы  жаппай  жұмыстанады. 

Сабақта тек оқулық, бор, дәптер ғана болмайды. Түсінігін постер арқылы бейнелеу үшін сурет са-

лады.  Презентация  жасау  үшін  ұялы  телефон,  компьютерді  пайдаланады.  45  минут  жалығып 

отырмайды, сергіту сәті ұйымдастырылады. Сабақ басында оқушының көңіл-күйі есепке алынып, 

жағымды  психологиялық  ахуал  қалыптастырылады.  Рөлдік  тапсырмаларды  беру  арқылы  топ 

мүшелерінің сабаққа түгел қатысуы қамтамасыз етіледі. Бұрынғыдай оқушы баға үшін мұғалімге 

өкпелемейді. Өйткені оқушы бірін-бірі және өзін-өзі бағалайды. Жақсы баға алу үшін талпынады, 

ұмтылады. Сабақта тұйық оқушылардың ұялып, үнсіз отырмайды. Әрбір оқушының еркіндігі, еркін 

сөйлеуіне мүмкіндік бар. Оларды «сенің айтқаның дұрыс емес», «қате» деп көңілін қайтаруға жол 

жоқ.  Барлық  пікір  құнды  болып  есептеледі.  Егер  өрескел  қателіктер  болып  жатса,  мұғалім  емес, 

оқушы  бірін-бірі  түзейді.  Білім  беруші  тек  мұғалім  емес,  достары,  өзі  болады.  Достар  бірін-бірі 

оқыту арқылы Выготскийдің ЖАДАcы жүзеге асады. Ендеше, мұның несі жаман? Дәстүрлі оқытуда 

осындай мүмкіншіліктер бар ма еді? Әрбір мұғалім жаңалыққа жаны құмар болуы керек. Жаңаны 

қорықпай қабылдап, іс-тәжірибе елегінен өткізіп, табысты оқытуға деген мүмкіншілікті жіберіп ал-

мау қажет. «Жоғары психикалық функциялар бастапқыда баланың ұжымдық мінез-құлық формасы 

ретінде, басқа адамдармен өзараәрекет жасау барысында пайда болып көрініс тапса, сосын ғана ол 

баланың жекедара ішкі функцияларына айналады. Жоғары психикалық функциялардың дамуы, кең 

мағынада оқытумен байланысты» [2, 14-б].


32

Оқытуды әлемдік тәжірибеге негіздеп ұйымдастыру мұғалімнен біліктілікті талап етеді.

Сапалы  оқыту  білім  алуға  мүмкіндік  беретін  нақты  жағдайлармен  қатар,  сол  жағдайлардың 

өзімен тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап 

нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, оқытудың сапалы 

және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе 

алуына да тығыз байланысты [1, 12-б]. Тәуелсіз елдің ұрпағына тәрбие мен білім беруде әрбір мұғалім 

өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, дүние жүзіне әйгілі озық идеялармен сусындап, идеяларды 

жүзеге асыру үшін батыл қадам жасауы міндетті. Әлемге белгілі педагогикалық пікірлерді ұлттық 

педагогикамен салыстыру және екеуін ұштастыру ХХІ ғасыр мұғалімінен күтілетін талаптардың бірі 

де бірегейі. Сондықтан ғасыр мұғалімі тек білімді емес, білікті болуы абзал. Шульман «үш көмекші» 

деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады дейді. Ал біздің ұлы да-

нышпанымыз Абай: «Адамның үш-ақ нәрсе қасиеті: нұрлы ақыл, ыстық қайрат және жылы жүрек»- 

дейді. Абай және Шульман айтқан үш көмекші бүгінгі мұғалімнен ғана емес, барша ұрпақ бойынан 

табылатындай етіп тәрбиелейік.

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады- дейді ағылшын ағартушысы

Уильям Уорд. Ұлы мұғалім болуға апаратын жол- бүгіннен басталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет