Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет8/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72

Main part

Currently  we  are  teaching  according  to  the  Cambridge  curriculum  in  our  school,  which  cardinally 

changed the delivery of education to the leaners. I had used to provide the lessons in the usual way without 

many activities for one group, but for another group I used to abound the lesson by special activities for 

every  stage  of  the  lesson.  I  used  the  following  method  of  teaching:  every  lesson  starts  with  lead-in  for 

establishing the academic atmospheres, and then pupils are challenged to determine the topic of lesson 

through teacher’s hint. For instance, for the lesson’s topic: «Why Kazakhstan for Russia appeared to be the 

key and gates?», learners were presented the images of key and gates and had respond to the question: 

«How do understand the compound: key and gate?». Further during pupils suggestions for that question 

the new topic were revealed. Then in the main part of lesson pupils were introduced to the text of historical 

document that was produced by the Peter the First. The summary of document is to colonize the Kazakhstan. 

Further learners were exposed the picture with Peter the First in the Kazakhstan steps, which is used to 

challenge schoolchildren. They had to be engaged in the activity called «past, past, now, future, future». For 

that learners divided into three groups which had to tell about the past, current and future of Kazakhstan 

by decomposing and evaluating the picture image. In this moment of lesson pupils receive core awareness 

about  the  new  topic  content.  Then  they  presented  the  question:  «How  does  the  Russia  tried  to  achieve 

its goal?» on the active board and receive the handouts with factual data to refer for responses. As the 

result learners are able to make sometimes some awesome conclusions as following: «Russians started to 

gather information about our country.», «Russia constructed the fortresses in the North East and West of 

Kazakhstan.», «They radically improved the commercial relationships between two countries.», «Russia 

settled the military units in some parts of our homeland.». 

In  the  result  of  the  last  activity  pupils  experienced  to  express  their  opinions,  comparative  analytical 

thinking, accustomed to submit their own ideas.

Activity for retention could be in the form of non-stop speaking: pupils provided by the key words like 

Key  and  Gate,  Peter  the  First,  Kirgiz-Kaysak,  Fotresses, Ambassador,  Caravan,  Natural  Resources,  new 

territory etc. in the form of cards. According to these cards pupils have to speak without pause during 30 

seconds. As the result the content of lesson tends to be revised through critical thinking and evaluation 

process.


50

These activities induce learners’ intelligence activity and help them to memorize the lesson’s content. 

Their practice of critical thinking over these task based activities also will be useful for learners in their 

future life situations. 



Conclusion 

In deduction, these activities result led to the increasing of motivation of learners. It became clear from 

the comparison of results for two groups established for research: the group with small amount of task 

based activities for any stage of lesson presented less academic achievements than one with throng of this 

type of activities. So, if the history is abounded by special activities that relate topic to the factual historical 

data, then the motivation of leaners will improve. 



References

1.  A. H. Maslow. A Theory of Human Motivation // Originally Published in Psychological Review, 50, 1943, 

p. 370-396

2.  Lack of Student Motivation, retrieved from

   http://home.earthlink.net/~bmgei/educate/intro/cause/motivat2.htm on February 15, 2012

3.  Паршуткина Н. Ф. Развитие мотивации познавательной деятельности на уроках истори. xreferat.

ru/78/1066-1-razvitie-motivacii-poznavatel-noiy-deyatel-nosti-na-urokah-istorii.html (3.10.2013).

4.  Goh Chor Boon. Old problems and new approaches: Motivation in history teaching // ASCD (Singapore) 

Review, 2(2), 1992, p.15-19 / Singapore ASCD

5.  Atuahene-Sarpong, Boateng Kofi. «Why I like history ...» : Ciskeian secondary school pupils’ attitudes 

towards history// 1993, Master’s thesis, Rhodes University.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІНЕН ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ  

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ 

Аширова Г. М. 

М. В. Ломоносов атындағы №47 қазақ орта мектебі 

Қызылорда облысы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа

Мақалада  пәндерді  интеграциялаудың  педгогикалық-психологиялық  негіздері,  интеграциялық  білім  берудің 

даму  тарихы,  интеграциялық  білім  беруді  сабақта,  сабақтан  тыс  уақыттарда  қолданудың  тиімділігі 

қарастырылады.

Аннотация

В  статье  рассматриваются  педагогико-психологические  основы  интеграционного  образования:  история  раз-

вития  интеграционного  образования,  эффективность  интеграционного  образования  на  уроках  и  внеурочных 

мероприятиях.

Abstract

Pedagogical and psychological basics of interactional education, his historial development of interactional education, 

pedagogical education in the lessons. 

Өмір бойы білім алу әрбір 

Қазақстандықтың жеке  

кредосына айналуы тиіс. 

Н. Назарбаев

Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтің  «Қазақстан-2050»  атты  стратегиясын-

да  Қазақстанның  жаңа  саяси  бағыты  және  жыл  сайынғы  халқына  жолдауында  «Біз  кәсіптік  және 

техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз», – деген болатын. Біз білім беруді 

жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. «Әлеуметтік жаңғырту –жаңа әлеуметік саясат. Мен үшін 


51

аса  маңызды  мемлекеттік  бағдарламаларды  –  білім  беру,  денсаулық  сақтау  және  тілдерді  дамыту 

бағдарламаларын бекіттім», – деген болатын. 

Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен

Қазақстандықтардың  біліміне,  әлеуметтік  және  дене  болмысы,  көңіл-күйлеріне  байланысты,  – 

делінген болатын. Қазақстан 2020 жылға қарай Білім беруді дамыту тұжырымдамасында Әлемнің 

жетекші  елдерінің  білім  беру  жүйесі  білім  берудің  мақсатын,  мазмұны,  технологиялары  оның 

нәтижелеріне қарап бағалайды. [1]

Пән аралық интеграция ғылым мен тәжірбиенің кірігу үрдісін бейнелейді. Латынша «интегра-

ция» деген сөз «integer» - «тұтас, толықтыру, бөлімдерді біріктіру, өзара бірлесіп әрекет жасау» 

деген мағынаны білдіреді. [3]

Пәндерді интеграциялаудың педагогикалық,психологиялық негіздері.

Пәндерді  интеграциалы  оқыту  оқушының  ақыл-ойын  кеңейтуге,  оқу  материалының 

қайталанбауын,танымдық  қызығушылығын  қалыптастыруға  және  жаңа  білімді  меңгеріп  оны 

пайдалану  белсенділігін  жоғарылатуға  көмектеседі,  –  деп  көрсетеді  көптеген  авторлар.  Көптеген 

мұғалімдер мұны басшылыққа алып, тиімділігін дәлелдеп жүр. Құбылыстарды өзгемен байланы-

ста, бірлікте қарастыру, оны ғылыми тұрғыда танып, білуге мүмкіндік береді. Ғылыми танымның 

мүмкіндігі кең ол түрлі процестердің мәнін түсінуге, оның құрылымын және жүйелі байланысын 

табуға мүмкіндік береді. Сондықтан оқу пәндерін өзара байланыста қарастыру сенімді әрі перспек-

тивалы  мәселе.  Өмірден  белгілі  ғылыми  техникалық  прогрес  білім  беру  мазмұнында  интеграция 

мен жүйелеуді талап етеді. Оқу бағдарламасында өзара байланыстылық элементтері орын алады. 

Демек, оқу пәндерін интеграциялау пән аралық байланысты қалыптастыру, дамыту болып санала-

ды. Мысалы, биология пәнінің мазмұны химия, география пәнінің мазмұнымен байланысты, ал хи-

мия пәні физика, математика, биология пәндерінің мазмұнымен байланысты. Бұл тұста ескеретін 

мәселе оқу пәндерінің мазмұнындағы интеграция жеке пәнінің және пәндер жүйесінің логикалық 

тұтастығын  бұзбау  керек  және  оқушылардың  ақыл-ойын,  ынта-ықыласын,  іскерлігі  мен  дағдысын 

дамытатындай болып құрылады.

Пәндерді байланыстырып оқыту кезінде оқушылар фактілерге, түсініктер мен ұғымдарға және 

ережелерге  талдау  жасап,  ой  қортындысына  келеді.  Мұндағы  өз  беттерімен  жүргізілген  ізденіс, 

түрлі  қателесу,  материалдарды  нақты  білуге,  оны  айқындай  түсуге  дағдыландырады  және  оқушы 

оған бейімделіп, оқу әрекетінен үнемі жаңалық сипат беретін болады. Бұл оқушының білім алуы-

на, тәрбиеленуіне, дамуына жағдай жасайды. Сонда пәндерді интеграциялау оқу тәрбие процесінің 

құрамдас  бөлігі  болып  саналады.  Демек  пәнаралық  байланыс  оқушы  білімін  жүйелеудің,  оны 

өмірде қолдана білудің қажеттілігін түсінуге, дағдысы мен іскерлігін арттырудың яғни оны оқытудың 

жүйелік пен бірізділік принципін дамыта түсудің шарты.

Орыстың  ұлы  педагогы  К.  Д.  Ушинский  «Мен  мектепте  балаларды  ғылымның  күлкілі 

оқиғаларымен  және  жабайы  көріністерімен  таныстыруды  қажет  деп  таппаймын,  қайта  оларға 

өздеріңнің  төңірегіңнен,үнемі  қоршап  тұрған  нәрселерден  қызықты  нәрсені  таба  білуді  үйрету, 

соның  нәтижесінде  ғылым  мен  өмірдің  арасындағы  байланысты  тәжірбие  жүзінде  көрсетіп, 

түсіндіріп беру керек....» – деп айтқан болатын. Осыған орай пәндерді байланыстыруға негіз болатын 

фактілерді,  түсініктерді,  ережелерді  дұрыс  айқындаудың,  олардың  өмірлік  мәніне  оқушылардың 

сенісін қалыптастырудың жетекші мәні бар.

Оқу материалын хабарлау кезінде,оны тереңдету, нақтылау, қортындылау мақсатында фактілерді 

қолданудан фактілік байланыс орын алады. Бұл байланыс деңгейінде пәншілік, пән аралық байла-

ныс шешіледі.

Оқу  процесінде  пәнаралық  байланысты  тиімді  шешудің  басқа  да  түрлері  кездеседі. 

Мысалы,  өткенмен  байланыс-бұрын  өтілген,  оқушыларға  таныс  өзге  пәннің  оқу  материалдарын 

жаңғыртуды қажет ететін байланыс түрі. Үйлеспелі байланыс-әртүрлі пәндердің тақырыптары мен 

тарауларындағы  түсініктерді  қатар  қарастыратын  байланыс.  Ол  сипатына  қарай  «синхронды»



«асинхронды» болады. Перспективалы байланыс-тақырыптағы, тараудағы түсініктердің мәнін ашу 

кезінде өзге пәннің таяудағы, болмаса келешектегі оқу материалына бейімдейтін, ойландыратын бай-

ланыс түрі. Мұның проблемалық мәні бар. Өйткені, оқушы таныс емес түсініктермен, ұғымдармен 

кездеседі. Байланыстың бұл түрі біздің зерттеу жұмысымыздың мазмұнынан орын алады.



Пәнаралық байланыстың даму тарихы.

Пәндерді бір-бірімен байланыстырып оқыту педогогика тарихында ерте кезден белгілі. Ол Я. А. 

Коменский, И. Г. Песталоций, А. Дистверг, К. Д. Ушинский және басқалардың еңбектерінде зерттеліп 

дамытылды. Я. А. Коменский оқу пәндерін байланыстырып оқыту кезінде оқушыларда оқу материа-

лы жайлы толық мағұлмат қалатынын, оның терең әрі жүйелі білімнің шарты екенін түсіндіре келіп 


52

«Ұлы  дидактика»  деген  еңбегінде  «Басқа  ғылымның  ықпалынсыз  және  ғылым  негізінде  ешкімге 

терең білім беруге болмайды»,-деп жазды.

Немістің көрнекті педагогы А. Дицтеверг пәнаралық байланыстың қажеттілігін түсіндіре келіп, 

оның екі түрін-бір циклдағы және әр циклдағы циклдағы пәндерді оқыту әдістемесін көрсетті.

«Барлығы брімен-бірі жалғасуы керек. Бірі басқасымен толықтырылып жетіледі»-деп жастарға 

толық, терең білім берудің тәсілін қарастырады.

Швейцария педагогы И. Г. Пестолоций байланыстың қажеттілігін  түсіндіріп қана  қойған  жоқ, 

оны  төменгі  және  жоғарғы  класстарда  қалай  орындау  керектігін  өз  тәжірбиесінде  көрсетті.  Бұған 

сай әдістемелік нұсқаулар берді. Орыс педагогы В. Ф. Одаевский «соңғыны бастапқымен байланы-

стырмау,  оқушы  мен  мұғалімнің  әрекетін  бекерге  шығару»,-деп  санады.  Оның  пікірінше  мұғалім 

өз пәнінің төңірегінде білімді болмай, басқа пәндердә де жақсы білуі, пән аралық байланысты іске 

асырудың алғы шарты болып саналады.

Орыстың  революционер-демократтары  еңбектерінен  де  орын  алады.  Оған  дәлел  Н.  Г. 

Чернышевский  «Жеке  ғылымды  оқыту  оқушының  ақыл-ойын,  қаблетін.  Жан-жақты  тәрбиелеуге 

мүмкіндік бермейді. Оларды білімді, тапқыр, адал ету үшін әр түрлі ғылымдарды байланыстырып 

оқыту қажет.......»деп көрсетті.

К.  Д.  Ушинский  жан-жақты  әрі  жүйелі  зерттеу  жүргізген  ұлы  орыс  педагогы  болды.  Оның 

пікірінше әр түрлі ғылым саласынан тамшылап берілетін білім баланың ми сыңарында жаттанды 

түрде жинақталмай сапалы меңгерілуі керек. Білім сонда ғана берік, жүйелі және терең болады.

«Адам  тәрбиесінің  жемісі»  деген  еңбегінде  адам  психикасына  тән  жеті  түрлі  ассоциативтік 

байланыстың түрін ашып, олардың ерекшелігтерін сипаттады.

К. Д. Ушинский жаратылыстану ғылымдарының қоршаған дүниенің құбылыстарын түсіндірудегі 

маңызын, бұл ғылым саласындағы өзара байланыстың мәнін түсіндіре келіп........ «Жаратылыстану 

ғылымынан артықты таппайсын. Бұл пән көрнекі және бір-бірімен өте тығыз байланыста. Тіпті оның 

логикасы біздің санамызда пән аралық байланыстың бейнесі болып табылады»,-деп жазды.

ХІХ ғасырдың 60 жылдарында еңбек еткен Н. И. Пирогов, Н. Ф. Бунаков, В. И. Водоводов сияқты 

педогогтардың еңбектерінде одан әрі дамытылды.

Кеңес  мектебінде  пәндерді  байланыстырып  оқыту  мәселесі  Н.  К.  Крупская  есімімен  байланы-

сты. Ол В. И. Лениннің «Затты шындап білу үшін, оның барлық жақтарын,барлық байланыстары-

мен жанама түріндегі байланыстарын» қамтып, зерттеу керек. Бұған біз ешуақытта толық жетеал-

маймыз, бірақ барлық жақтарын қамтуды талап ету бізді қателерден,шала-жансар болып қалудан 

сақтандырады», – деген пікіріне және өзінің көпжылғы тәжірбиесіне сүйеніп, нақты дидактикалық 

ойларын  ұсынды.  Әсіресе  жаратылыстану  пәндерін  байланыстырып  оқытуға  көбірек  мән  берді. 

Өйткені, ол оқушының өмірге көзқарасын қалыптастыруға және әрбір өлкенің байлығын,өндірістік 

әрекетін, оның болашағын жете білдіруге көмектеседі деп есептеді.

Осы  тақырыптарда  көптеген  мақалалар,  монографиялар  жазылып,отыздан  астан  кандидаттық 

диссертациялар қорғалды. Олардың барлығы зерттеу материалдарына сүйеніп, оқу пәндерін бай-

ланыстырып оқытудың тиімділігін дәлелдейді. Белгілі Ресей Д. И. Кирюшкин және В. Н. Федорова 

«Пән  аралық  байланыс»  деп  аталатын  монографиясында  осы  байланыстың  дидактикалық  мәнін 

анықтауға, классификациясын жасауға көңіл бөлген және 5-8 класстарда биология, физика, химия 

пәндерін бір-бірімен байланыстырып оқытуды қарастырған. Ал В. Н. Максимова «Пән аралық бай-



ланыс және оқыту процесін жетілдіру», – деген еңбегінде байланыстың түрлеріне, оны шешу жол-

дарына сипаттама берген. Және оқыту формасын осы арқылы жетілдіруді озат тәжірбиеге сүйеніп 

дәлелдеген. [2]

Қызылорда мемлекеттік университеттінің ұстазы, педогогика ғылымдарының докторы Жұматай 

Асанов өзінің «Пәндерді байланыстырып оқыту» әдістемелік құралында. 

Сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда оқу пәндерінің мазмұны, оқыту әдістері мен тәсілдері арқылы 

байланыстырып  оқытудың  оқушылар  ынтасына,  қызығушылығына,  алған  білімінің  беріктігі  мен 

тереңдігіне,  іскерлігі  мен  дағдысының  артуына  әсерін  зерттеген.  Пәндерді  байланыстырып  оқыту 

процесінде  көрнекі  құралдардың  барлық  түрін  қолдану,  проблемалық  мәні  бар  жағдайаттарды 

пайдалану  оқушыларды  сабаққа  белсенді  қатыстыру,  ой  таласын  туғызу,  өз  ойын  айтуға  үйрету, 

қосымша әдебиеттерді пайдалана білу, эксперементтік тәжірбиелер жасау сияқты оқыту тәсілдерін 

пайдаланған.  Зерттеу  жұмыстарының  алғашқы  кезінде  оқушылар  химиядан  алған  білімін  био-

логия  сабақтарында,  ал  биологиялық  білі»мдерін  химия  сабақтарында  пайдалана  алмайтынын 

байқаған. Мысалы, «бейограникалық қосылыстардың негізгі класстары» тақырыбы бойынша мына-

дай сұрақтар берілген:


53

Берілген сұрақтардың мазмұны

Оқушылар 

саны


Толық 

жауап


Толық емес

Дәл емес


Жауап 

бермеген


1. Көміртек ІҮ оксиді адам 

ағзасында қай уақытта және 

қалай түзіледі?

87

46



27

14

-



2. адам денесінде қандай 

қышқылдар кесдеседі? Олардың 

формуласын жазыңдар

51

17



19

-

3. Сүйктің құрамында қандай 



тұздар болады? Формуласын 

жазыңдар


48

22

12



5

4. Ас тұзының адам ағзасы үшін 

қандай маңызы бар?

61

18



13

-

5. Медицинада қандай тұздар 



қолданылатынын айтындар

29

45



13

-

6. асқазанда қышқылдың тым 



төмендеуі және жоғарлауы неге 

байланысты?

16

42

20



9

7. не себепті көміртек ІІ оксиді 

адамның тыныс алу процесін 

бұзады?


11

30

31



5

8. Асқазанда астың бұзылуы неге 

байланысты және ас денеге қалай 

сіңеді?


8

32

28



19

Оқушы жауабының мазмұны мынадай болды:

1. Көміртек ҮІ оксиді\қышқылды оксит, зат жанғанда түзіледі.

2. Тұз қышқылының формуласы НСЕ 

3. Сүйектің құрамында тұздар болады.

4. Ас тұзын тамаққа пайдаланады.

5. Жауап бермеген.

6. Жауап бермеген.

7. Көміртек ІІ оксиді улы газ.

8. Тамақтық заттар қорында қортылады.

Жауап  нәтижесіне  қарағанда  оқушыларда  аз  да  болса  химиялық  білімнің  бары  байқалады, 

бірақ сол білімнің өмірдегі мәнін,практикалық орнын білмейді. Көміртек ІҮ оксиді клеткада тотығу 

нәтижесінде  қан  құрамында  түзіліп,өкпедегі  газ  алмасу  кезінде  атмосфералық  ауаға  бөлінетін. 

Асқазан сөлінің құрамында 0,5-0,6 процент тұз қышқылы болатынын, бұл мөлшердің төмендеуі не 

жоғарлауы астың дұрыс қортылмауына әсер ететінін, медицинада натрий сульфатының іш ауруға, 

күміс  хлоридінің  жараларының  аузын  күйдіруге,  калий  перменганаты  ертіндісі  денені  шаю  үшін 

қолданылатынын айту керек еді. Мұндай жағдай бақылауға қатысқан 87 оқушының 33 де байқалған. 

Демек оқушылар оқу пәндерінен алған білімдерін бір-бірімен байланыстыра алмайды және білгенін 

өз тәжірбиесінде қолданудағы актісі төмен. Осыған орай 8 сыныптың химия және биология пәндерінің 

кейбір тақырыптарын байланыстырып оқытудың тиімділігін қарастырайық.

Химиядан  «қышқылдардың  жіктеу,  қышқылдардың  химиялық  қасиеттері»  тақырыбын  өткенде 

тамақтық заттардың құрамында алмада алма қышқылы, қымыздықта қымыздық қышқылы, лимонда 

лимон қышқылы, тағамдық заттар ашығанда мысалы, капуста ашығанда сүт қышқылы, жүзім шыры-

ны ашығанда сірке қышқылы түзілетіндігі ал кейбір қышқылдардың адамның еңбек әрекеті кезінде 

мысалы көмір, сүт қышқылдары көбейіп, тынығу кезінде ыдырап, қуаттың қалпына келуін және қарын 

сөлі құрамындағы тұз қышқылының физиологиясы түсіндіріледі. Тұз қышқылына және қарын сөліне 

лакнустың  әсерін  байқағанда  бірдей  түс  байқалады.  Қарын  сөлінің  қышқылдық  қасиеті  байқалады. 

Одан әрі химиялық білімін тереңдету үшін қарын сөлінің құрамындағы хлориондары анықталады.

«Жасуша және оның құрылысы және химиялық құрамы» тақырыбын өткенде жасуша құрамында 

Д. И. Менделеев кестесіндегі элементтерінің 70-ке жақыны табылған. Олар оттегі, көміртег, сутегі, 

азот, кальций, фосфор, калий, күкірт, натрий, хлор, магний, темір, мырыш. Мысалы, кальций жа-

суша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшықет жұмысына, қанның ұюына қатысады. 

Фосфор-кальцидің  қызметіне  ұқсас,  жүйке  клеткаларының  жұмысын  реттейді.  Бұл  жайында  ака-

демик  Ферсман  «Фосфор  ақыл-ойдың  элементі»  -деп  атаған.  Магний-сүйек  ет  ұлпаларының 


54

құрамына еніп, оның жұмысын реттейді. Темір, қан жасушасының құрамындағы аса маңызды эле-

мент және тағы да басқа.

Жалпы өзімнің іс-тәжірбием бойынша бірнеше жылдан бері сабақтарымда, үйірме жұмыстарында, 

қоғамдық іс-шараларда пән аралық интеграцияға өз үлесімді қосып келемін. Оқушыларды биолог 

ретінде көгалдандыру, көркейту жұмыстарында қайың, терек, тал, үйіңкі, әсемдік өсімдіктер, бөлме 

өсімдіктерін өсіруде әктеу, күтіп-баптау, өсіру жұмыстарында биологиялық, химиялық, қарапайым 

әдістерді үнемі түсіндіремін. Мектеп галереясында «Аяласаң, табиғатты аяла, Тіршілік тірегі-Табиғат, 

Тәрбие  төресі-табиғат,  Қорықтар-табиғат  қорғаны»  деген  үлкен  стендлер  жасадым.  Биология 

кабинетінде «Сыр елінің табиғаты», «Химиялық және биологиялық процестерде энергияның сақталу 

және өзгеру заңын» деген стенділер жасалынған. Ауданда өткізілген «Адамдардың табиғатсыз күні 

жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» атты аймақтық жарыста оқушыларым сыныбым түгел қатысып 

барлық сайыс нәтижелері бойынша 2-ші орынды иеленді. Күнделікті сабағымда модулдік оқыту тех-

нологиясы бойынша сабақ жүргіземін. Ол сабақтар 10-шы сыныпта «Мұнай және мұнай өнімдері»

«судың маңызы, суды қорғау» тақырыбында рольдік баспасөз конференция сабағында 9-шы сынып-

та «Металдар» тақырыбы бойынша шығармашылық сабақ және «Металдардың маңызы» айтыс 

сабақ, «Органикалық қосылыстардағы генетикалық байланыс, эстафета сабағы» 8-ші сыныпта 

«Д. И. Менделевтің периодтық жүйесі» интерактивті сабағы, «күкірт қышқылы» деген зертханалық 

сабағы және тағы басқа сайыс, ойын, семинар сабақтар осының дәлелі. «Жас ғалым-2010» ғылыми 

жобасында «Кальцийдің ағзаға әсері» атты баяндамасымен 10-шы сынып оқушысы Әлібаев Абылай 

3-ші орын алды. «Жас ғалым-2011» жобасында Тараз қаласында «Көпсырлы –темір» тақырыбы бой-

ынша Ысқақ Нұрхан алғыс хатпен марапатталды.

«Дарын» РҒПО Республикалық сырттай оқу мектебінің 35 оқушым сертификаттарына ие болды 

және 15 оқушы химия және биология пәндеріне жақсы оқығандығы үшін грамотамен марапатталды. 

Биыл үшінші жылы сол оқу орнына тапсырмаларын орындап жүр.

Интеграцияның жиі қолданыла бастауы біздің елімізде ғана емес, бүкіл дүниежүзінде халыққа 

білім беру мәселесінің даму бағытынан туындап отыр. Интеграцияға көзқарас, ықылас, жан-жақты 

өсуде.  Ғылыми  техникалық  прогрестің  жан-жақты  дамуында  шешуші  рөл  атқаратын  пәндер  –хи-

мия,  биология,  физика  пәндерін  интеграциялап  оқытудың  маңызы  зор.  Сондықтан  жан-жақты 

дамыған  жеке  адамды  қалыптастыруда  химия  биология  сабақтарын  жоғары  деңгейде  мақсатты 

ұйымдастырудың берері мол болары белгілі.

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н. Ә. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. «Өскен Өңір» газеті. 5 ақпан 2011 жыл.

2. Асанов Ж. «Пәндерді байланыстырып оқыту» методикалық құрал. Қызылорда. 1990.

3. Биназаров С. «Пәндер кіріктірудің маңызы зор» Қазақстан мектебі журналы. №6. 2009.

4.  Аймағанбетова  Қ.,  Әлімқұлова  Е.  «Химияның  пән  аралық  байланысты  арқылы  оқыту»  «Химия 

мектепте»журналы. №6. 2009.

5. Бисенова Ә. «Химия-Экология-География». Егемен Қазақстан газеті. 2010.

6. Ильченко В. Р. «Перекрестки физики, химии, биологии». М.: Просвещение. 1986.



55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет