Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет5/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72

Әдебиеттер тізімі

1.  Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (ІІ деңгей үшін).

2.  Аманова И. Қ. «Жас ерекшелік психологиясы.

3.  Орақова А. Ш. «Педагогикалық консилиум».



ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН БАСТАМАЛАР

Аленова А. А., Рахимова Д. Ш.

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл  мақалада  кіріктірілген  оқу  бағдарламасына  сай  Қазақ  тілі  пәнінің  мазмұнындағы  жаңалықтар  мен 

өзгерістер қарастырылған.

Аннотация

В настоящей статье рассматриваются изменения и инновации, касающиеся содержания предмета Казахский 

язык, обусловленные требованиями образовательной интегрированной программы.

Abstract

The present article examines the changes and innovations on the subject «The Kazakh language», in accordance with the 

integrated education programme.

Білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді 

шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу – ХХІ ғасыр мұғалімдерінің басты 

міндеті.  Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  оқытуда  отандық  және  халықаралық  озық  үлгілерді 

тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру – бүгінгі күннің басты тала-

бы. Қазақ тілі сабақтарында еркін қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, 

өз  ойын  жеткізіп,  шешім  қабылдауға  дағдыландырса,  оқушы  қазақ  тілінде  берілген  кез  келген 

ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Осы мақсатта Назарбаев 

Зияткерлік мектептерінде тілді кіріктірілген бағдарлама негізінде оқыту жобасы жүзеге асырылу-

да.  Бағдарламаның  негізгі  мақсаты  –  сөйлеу  әрекетінің  түрлерін  (айтылым,  жазылым,  тыңдалым, 

оқылым)  дағдыларын  қалыптастыру.  Мектеп  бітірген  оқушылар  ана  тілі  ретінде  С  2+  деңгейінде, 


33

екінші тілді С2 деңгейінде меңгерулері қажет. Осы деңгейлерге жету үшін қазақ тілі сабақтарында 

келесі тілдік дағдыларды қалыптастыру қажет [1, 7-б].

Тыңдалым дағдысы бойынша: 

•  негізгі ойды түсіну; 

•  ақпаратты анықтау;

•  түсінгенін практикада қолдана білу;

•  ақпаратқа өз көзқарасын білдіру;

•  ой қорыта білу дағдылары.



Айтылым дағдысы бойынша:

•  белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру;

•  өз көзқарасын дәлелдеу;

•  шешім шығару, қорытынды пікір жасау;

•  зерттеушілік (анализ, синтез);

•  ақпаратты өңдеу дағдылары.



Оқылым дағдысы бойынша:

•  мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу;

•  астарлы ойды анықтау;

•  шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;

•  зерттеп оқу;

•  сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары.



Жазылым дағдысы бойынша:

•  тақырыпты аша білуі;

•  өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі;

•  қорытынды шешім шығаруы;

•  өз көзқарасын дәлелдеуі;

•  цитатамен жұмыс істеу дағдылары бағаланады. 



Осы дағдыларды қалыптастыруда мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға бола алады: [2, 6-б].

•  оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;

•  барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар 

арқылы оқыту;

•  өз ойын жеткізу, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық 

және шығармашылық қабілетін дамыту;

•  проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды 

білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру;

•  сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану;

•  мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау;

•  өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу

•  ұжымдық оқыту технологиясысының мақсаты – оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге ба-

улу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару. 

•  жаңа  идеялар  ұсынуда  және  жаңа  мүмкіндіктерді  көруде,  мәселелерді  шешуде  ұжымдық 

оқыту технологиясының маңызы зор; 

•  Оқушы өзінің көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін ескереді



Сабақты өткізуде мұғалім ескеруі қажет:

•  сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болу керек; 

•  тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым,жазылым, айтылым) дамыту;

•  белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру;

•  мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс;

•  оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау.



Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды: 

•  Ынтымақтастыққа үйренеді; 

•  Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді;

•  Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді;

•  Өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді;

•  Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.

Шет  тілдерді  игерудің  жалпыеуропалық  құзыреттері:  зерттеу,  оқыту,  баға  стандартында  бұл 

«қатысымдық тұлғалар» тілдік дағдылар деп аталған. Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазы-

лым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Осылардың ішінде басқа дағдыларды 

қалыптастырудың  негізгі  алғы  шарты  –  тыңдалым  әрекеті  болып  табылады.  Өйткені  күнделікті 

өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты 

тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау 



34

арқылы  тауып  үйренсе,  ол  басқа  үш  дағдыны  (айтылым,  жазылым,  оқылым),  яғни  айтылып 

жатқан  мәліметті  түсінеді;  өз  пікірін  білдіре  алады  және  басқалармен  қарым-қатынас  жасай  ала-

ды; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге қатысты өз көзқарасын жазбаша 

жеткізе алады.

Қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім 

алушының  жеке  басының  дара  және  дербес  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  өз  бетінше  ізденуін 

арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Ал оқу мақсаттары белсенді оқыту 

топтық,  жеке,  жұптық  жұмыс  түрлерін  қолдану  арқылы  іске  асырылады.  Мұғалімнің  іс-әрекеті 

оқушыны бақылауға, бақылау нәтижесін өңдеуге, бағыт-бағдар беруге, күтілетін нәтижені анықтауға 

арналады.  Оқушының  іс-әрекеті  өз  көзқарасын  салыстыруға,  топтық,  жұптық  жұмыста  бірлесе 

шешім шығаруға, өз жетістіктерін бағалауға арналады. 

Белсенді оқыту тілдік дағдыларды қалыптастыруда – оқытуды дамыту, өздігінен дамитын, дұрыс 

шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіретін тұлға қалыптастыруға негіз болады. Сонымен қатар, 

білім алушылардың өз бетімен ізденуін арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал 

етеді. Сабақ процесі оқушыны белсенді іс-әрекетпен белсенді ойлауға, белсенді оқытуға бағытталады. 

Топтық жұмыста айтылым дағдысын қалыптастыруда «Пирамидалық талқылау» белсенді оқытуы 

өте  тиімді.  Топ  мүшелері  өз  пікірін  жеке  жазып,  ортада  талқылап  ортақ  пікір  қалыптастырады. 

Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға 

байланысты  жеке  өз  ойларын  жазады.  Қағазды  бұру  арқылы  бір  –  бірінің  жауабымен  танысады. 

Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды [3,17-б]. 

Топтастыру.  Сабақ  басында  жаңа  сабаққа  бағыт  беру  үшін  тақтаға  жазылған  сөздерге  болжау 

жасайды. Оқушы осы сөздерге қосымша сөздер қосады. Содан соң кезекпен сөздердің мағынасын 

анықтайды. Анықталған сөздің мағынасын дауыстап оқиды, ал басқалары жазып алады. Осы әдіспен 

оқушылардың жазылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға болады [3,15-б]. 

Айтылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруда «ПОПС» формуласын қолдану өте тиімді. 

Тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіріп, шешім шығарады. 

•  Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... .. »

•  Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…» 

•  Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ……»

•  Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ....».

«Жасырын  сурет»  белсенді  оқытуы  айтылым  дағдысын  қалыптастыруға  әсер  етеді.  Топтардан 

бір оқушыдан шығып 20 секунд уақыт ішінде суретті есте сақтайды. Топ мүшелеріне көрген суреті 

бойынша сипаттайды, олар түсінгенін суретке салады. Көрген суретін топ жандандыруға тырыса-

ды. Суреттер тақырыпқа сай болуы керек. Оқушыда топ үшін жауапкершілік пайда болады және 

бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады [3,18-б]. 

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық белсенді оқыту технологияларының алдына қоятын мақсаты – 

білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін 

арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1. Үш тілде білім беру саясаты. ДББҰ Назарбаев Зияткерлік мектептері. 

2. Кіріктірілген оқу бағдарламасы, негізгі мектеп.

3. CLIL әдісіне негізделген әдістемелік нұсқаулық. Астана 2013.



35

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕНУ ҮРДІСІНДЕ

ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА ТІКЕЛЕЙ ЫҚПАЛ ЖАСАП, 

ОЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТЫП, 

ӨЗІНДІК ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Алибекова Б. Б.

Қабанбай батыр ауылының №41 орта мектебі

Ақмола облысы Целиноград ауданы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл  педагогикалық  технологиялардың  ерекшелігі  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға,  оның  өзіндік  және 

шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, қолайлы жағдай 

жасауға мүмкіндік туғызады.

Аннотация

Особенности исследуемой в статье педагогической технологии состоят в создании благоприятных условий для 

формирования навыков и умений, необходимых развивающейся личности, что способствует развитию деловых и 

творческих способностей каждого ученика.

Abstract

The peculiarity of this teaching technology is the perspective of the learner as person, developing his creative abilities and 

making possible conditions for knowledge improvement.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – 

оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, 

бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың 

күні – қараң, келешегі – тұман»,- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен. 

Сондықтан қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Ал жаңа 

формация мұғалімі деген кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының 

жаңа педагогикалық білім беру тұжырымдамасында: «Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен 

педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен 

жұмыс  істейтін  жеке  тұлға»  деп  көрсетілген,  яғни  ол  ізгілігі  мол,  әр  іске  жаңашылдықпен 

үлкен  ізденіспен  зерттеуші  ретінде  қарайтын,  ақпараттық  технологияны  толық  меңгерген, 

коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанда құзырлы адам.

Мұғалімнің мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып сапалы білім 

беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы – тиімді педагогикалық технология-

ны басшылыққа алу. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы 

қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.

Білім  беру  үрдісінде  ұстаз  да,  шәкірт  те  жеке  тұлға  болып  қарастырылатын  болды.  Жеке 

тұлғаға  жету  үшін  әр  оқушының  қабілетін  танып,  біліп,  дамытып,  шыңдап,  жөн  сілтеп,  адам 

дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім са-

пасын  арттыру,  мазмұнын  байыту,  оқу  үрдісін  жетілдіру,  жан-жақты  дамыған,  рухани  дүниесі 

бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз 

бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына 

зор  міндеттер  жүктейді.  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, 

кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз 

бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны 

қалыптастыру»,-  деп  атап  көрсеткен.  Осындай  талаптардың  негізіндегі  әдістемелік  тақырыбым: 

«Оқушылардың оқу және тәрбиелену үрдісінде жеке тұлға ретінде даму заңдылықтарына тікелей 

ықпал  жасап,  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытып,  өзіндік  әрекетін  қалыптастыру». 

Сол  себепті,  біздер,  ұстаздар,  осы  заң  бойынша  жаңа  технологияларға  көп  көңіл  бөлуіміз  ке-

рек.  Еліміз  болашақта  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесінен 

көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема – әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру 

тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге 

асыру.  Қазақстан  Республикасының  «Орта  білім  беруді  дамыту»  тұжырымдамасында:  «Әрбір 

баланың  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  ашу,  оның  мүмкіншілігін,  өмірдегі  мәнін  көрсету  арқылы 


36

білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және 

оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. 

Осы орайда, Елбасы Назарбаевтің: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға 

жеткіліксіз  қорын  барынша  арттыру,  оны  қазіргі  заманға  сай  ету  қажет»  –  деген  сөзі  егеменді 

елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді. 

Бүгінгі  заман  талаптарына  сай  еліміздің  жаңа  білім  жүйесі  ұлттық  құндылықтарға  негізделіп, 

оқыту үрдісі нәтижеге бағдарланған білім моделі жаңа технология бойынша жүзеге асатыны нақты 

айтылады. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының 

екі ғана жолы бар. Біріншісі теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. 

Дьяченко және т.б.), екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов 

және т. б.) [3, 25-б].



Педагогикалық технологиялардың ең маңызды белгілері:

- Педагогикалық технологиялар жоспарланған нәтижеге жетуге кепілдік береді.

- Нақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатын, педагогикалық ойды жүзеге асырады.

Нәтижеге  бағдарланған  білім  моделі  бойынша  оқушы  әдебиетті  пән  ретінде  ғана  игеріп 

қоймайды, сол пәндік білім негізінде көркем шығарманы дүниетанымдық, әлеуметтік, тәрбиелік 

бірлікте  қарастыра  отырып,  әдебиетті  ұлттық  құндылық  ретінде  меңгеруге  бағыт-бағдар  ала-

ды.  Нәтижеге  бағытталған  білім  беру  мұғалім  мен  оқушының  қарым-қатынасына  тікелей  бай-

ланысты.  Мұның  бір  жағы  оқушыға  көркем  туындыны  түсіндірудегі  ұтымды  әдіс  –  тәсілдерді 

шеберлікпен пайдалану болса, екінші жағы оқушының көркем туындыны өз бетімен игере білуі, 

өзін-өзі ұйымдастырудағы жауапкершілік сезімінің қалыптасуы болып табылады. Мұнда мұғалім 

мен  оқушы  еңбегінің  сапалылығы  –  нәтиже  кепілі  болмақ.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар 

жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті 

іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін – өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға 

мүмкіндіктерін туғызады.

Зерттеуші ғалым М. М. Левин: «Педагогикалық технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің 

білім  беру  мақсатын  іске  асыру  және  жеке  тұлғаны  дамыту»,-  деп  көрсетеді.  Педагогикалық 

әдебиеттерде «педагогикалық технология» жайында үш жүзден аса анықтама бар [9, 24-б].

Жалпы білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық 

құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар 

жасау;  баланың  тәрбиелену,  білім  алу  және  жан-жақты  қалыптасу,  ана  тілін,  ұлттық  салт-

дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру. Осы сияқты 

қасиеттерді  білім  алушылардың  бойында  қалыптастыру  мен  дамыту  Қазақстан  Республикасы 

білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады» делінген [1, 5-б].

Тұжырымдамадағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда қазақ әдебиеті пәнінің атқарар рөлі зор.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жал-

пы орта білім беру ұйымдарына ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау 

хатында білім беру жүйесінің негізгі және бейімдік мектеп деңгелеріндегі қазақ әдебиетін оқытудың 

мақсаты  –  оқушылардың  рухани  дүниесін  байыта  отырып,  оларға  азаматтық,  адамгершілік, 

елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу 

мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру, қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік 

көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық 

ретінде бағалап, құрметтей білетін, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық 

тұрғыда  қабылдауға  қажетті  білім,  білік,  дағдылармен  қаруланған,  оқырмандық  талғамы  терең, 

жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру екені атап айтылған [12, 216-б]. 



«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудаоқушылардың оқу және тәрбиелену үрдісінде жеке тұлға 

ретінде даму заңдылықтарына тікелей ықпал жасап, олардың шығармашылық қабілеттерін 

дамытып, өзіндік әрекетін қалыптастыруміндеті мынаған саяды:

-  оқушылардың  рухани  адамгершілік  қасиетін  байыту  және  эстетикалық  танымын  кеңейту, 

оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;

-  өмірдегі  кездесетін  жағдаяттардағы  мәселені  шешуде  қазақ  әдебетінен  алған  білім  мен 

тәрбиенің игі нәтижесін пайдалануға, өз өмірлеріне қолдануға үйрету;

- ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби – теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана 

алу біліктілігін қалыптастыру немесе ауызша айтылғанды қабылдай алуын, ойын ауызша жеткізе 

алуын,  жазылған  мәтінді,  ақпаратты  түсіне  алуын  және  өз  ойын  жазбаша  жеткізе  алу  қабілетін 

дамыту. 

Тәрбие  мақсаттары  мен  тәрбие  жұмысының  міндеттері  білім  беру  үрдісінде,  сабақтан  тыс 

уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады десек, қазақ әдебиеті пәнін 


37

оқытуды  жетілдіру,  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  оқыту  сапасын  артыру  –  бүгінгі 

күн  талабы.  Жеке  тұлғаны  қалыптастырып  дамыту  және  оған  терең  білім  беру  мақсатында 

педагогикалық  жаңа  технологиялар  ұсынылуда.  Соның  ішінде  сыни  тұрғыдан  ойлау  технологи-

ясы. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше 

шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл 

үйренушінің  шығармашылық  қабілетін  дамытып,  алған  білімін  шынайы  өмірде  қолдана  алуға 

мүмкіндік туғызады. 

Оқыту  үрдісінде  сыни  тұрғыдан  ойлау  әрекетін  енгізу  оқушылардың  өз  бетінше  білім  алуы-

на, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын 

күнделікті  өмірде  жаңа  жағдаяттарда  қолданып,  әрекет  етуге,  өз  ойын,  пікірін  айта  алуға  және 

басқалардың  ойымен  санасып  бірігіп  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  береді.  Топпен  бірігіп  жұмыс 

жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені 

шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады. 

Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне 

өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін 

жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз 

бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.

Жеке  тұлғаға  бағытталған  дамыта  оқыту  мен  сыни  тұрғысынан  ойлаутехнологияларының 

элементтерін қолдану барысында жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жа-

сау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, 

пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

«Дамыта оқыту мен сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын басшылыққа ала отырып 

поэзиялық шығармалар арқылы оқушылардың өзіндік ұстанымын қалыптастыру.

Қазіргі  кездегі  өзекті  мәселенің  бірі  –  оқушылардың  көркем  шығармаларды  оқуға 

қызығушылығын ояту. Бұл проблема кез келген әдебиет пәні мұғалімін айналып өтпейтіні анық. 

«Мен де оқушыларды көркем әдебиетті оқуға үйрету» атты проблема төңірегінде бірнеше жылдан 

бері ізденіп жүрмін. Ол үшін мынадай тапсырмалар берілген:

1. Өлең бойынша талдау сұрақтары мен тапсырмалар дайындайды.

2. Түсінуге қиындық келтірген сөздер мен тіркестер бойынша сөздіктермен жұмыс істейді. 

3. Өлеңге дауыс ырғағын қойып, мәнерлеп оқиды, ой-толғаныс жазады, сурет салады. 

4. Қазақ поэзиясындағы көркемдеуіш құралдар, әдеби теориялық ұғымдарды анықтап, зерттеу 

жұмыстарын жүргізеді. Осындай нәтижеге бағдарланған білім моделі бойынша оқушы әдебиетті 

пән ретінде ғана игеріп қоймайды, сол пәндік білім негізінде көркем шығарманы дүиетанымдық, 

әлеуметтік, тәрбиелік бірлікте қарастыра отырып, әдебиетті ұлттық құндылық ретінде меңгеруге 

бағыт-бағдар алады. Нәтижеге бағытталған білім беру мұғалім мен оқушының қарым-қатынасына 

тікелей  байланысты.  Мұның  бір  жағы  оқушыға  көркем  туындыны  түсіндірудегі  ұтымды  әдіс  – 

тәсілдерді шеберлікпен пайдалану болса, екінші жағы оқушының көркем туындыны өз бетімен 

игере  білуі,  өзін-өзі  ұйымдастырудағы  жауапкершілік  сезімінің  қалыптасуы  болып  табылады. 

Мұнда мұғалім мен оқушы еңбегінің сапалылығы – нәтиже кепілі болмақ. Жұмысымның дәлелі, 

оқушылардың  ойлау  деңгейін,  сөздік  қорын  анықтауға  мүмкіндігім  молайды.  Топпен  жұмыс 

істеу,  жеке  оқушының  қабілетіне  қарай  нақты  тапсырмалар  беру  поэзиялық  шығармаларды 

оқытудағы кейбір қиындықтарды болдырмауға көмектесетіндігін көрдім. Оқушылардың өзіндік 

көзқарасының қалыптасуына поэзиялық шығармалардың әсері мол екенін байқадым. Өткізілген 

сабақтарым оқушыларымның білімге деген қызығушылық қабілеттерін арттырып, шығармашыл, 

ізденгіш, біреудің пікірін сыйлай білетін, құнды пікір айта алатын, ғылыми жобамен айналыса 

алатын, көпшіл тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік берді. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі 

басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, 

алған  білім  мен  тәрбиелік  қазынасын  туған  еліне,  адамзат  игілігіне  жұмсай  алатын  қазақтың 

ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілі мен әдебиетін оқыту 

процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Сонау ХХ ғасырдың басында 

Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын 

өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі таңда педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән 

ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. «Тегінде, адам 

баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай 

сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның 

дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар 

мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен 

оған  жан-жақты  терең  білім  беру  мақсатында  оқытудың  жаңа  технологияларын  ұсынылуынын 



38

себебі де осында демекпін. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім 

шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-

тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет