Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет41/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72

Әдeбиeттер тізімі

1. Әлімхaнoв E. Қaзaқтың бaлуaндық өнeрі. Aлмaты: 5-15-б, 24-28-б.

2. Қaзaқстaн бaрысы. Aстaнa. 2011: 6-37-б.

3. Дымов Я. Воля Батыра, 2003. 



263

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА 

ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Маханбетов О. М. 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Мақалада оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің тиімділігі жайлы 

қарастырылған.

Аннотация

В данной статье рассмотрены вопросы эффективности обучения критическому мышлению в целях формиро-

вания личности учащихся.

Abstract

This article concerns the problems of effectiveness of teaching critical thinking in formation of student»s personality.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламаның  мақсаты:  экономиканың  орнықты  дамуы  үшін  сапалы  білімнің  қолжетімділігін 

қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып 

табылады. Сондықтан да қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі – жастарға сапалы білім беру [1].

«Мектептің  тірегі  де,  тіреуі  де  –  оқыта  білетін  мұғалім»  –  деп,  ұлы  ағартушы  А.  Байтұрсынов 

айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологиялары мен әдіс-тәсілдерін жетік 

меңгермейінше, жас ұрпаққа сапалы, әрі жан-жақты білім беру мүмкін емес. Уақыт талабына сай 

жеке тұлғаны қалыптастыру, тиімді оқыту әдістерін таңдау және жетілдіру арқылы ғана білім беру 

сапасын арттыруға болады. Қазіргі таңдағы білім беру сапасын арттыруда әсер ететін факторлар:

•  Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

•  Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;

•  Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту;

•  Оқушылардың қызығушылығын арттыру;

•  Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

•  Оқушылардың  сыни  тұрғыдан  өздерін-өздері  бағалай  алуы  және  өздерінің  оқуын  қалай 

жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі.

Елімізде  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  деңгейге  жету  үшін  жасалынып  жатқан  қазіргі  талпы-

ныстар  оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып,  терең  білімді,  ізденімпаз,  барлық  іс-

әрекеттерінде  шығармашыл  бағыт  ұстанып,  сол  тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлға 

тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріледі. Осы бағытта жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың 

танымдық  белсенділігін  арттырып,  шығармашылық  әлеуетінің  дамуына  кеңінен  жол  ашу  қажет. 

Оқытудың қазіргі стратегиясы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның 

жеке тұлғасын білім беру мен тәрбиелеу арқылы жан-жақты дамыту мақсатын қояды. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттері – 

ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 

адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік  шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  алу  үшін 

қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін да-

мыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту 

үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту қажеттігі» туралы міндеттер нақты белгіленіп, жеке 

тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыруға баса назар аударылған [2].

Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  стратегиялық  бағыттарына  сәйкес  білім  беру 

жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның 

ең  маңызды  құндылығы  ретінде  танып,  оның  рухани  жан-дүниесінің  дамуына,  көзқарастары  мен 

шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде 

дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  –  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  есепке  алу  және  әр 

оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субъектісі ретінде қарй 

отырып оқыту үрдісі болып табылады. 


264

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту парадигмасының негізінде әрбір оқушының бірегей мәнін және 

оның  оқу  өрісінің  даралығын  тану  мақсаты  жатыр.  Мұғалімнің  рөлі  білім  беру,  біліктіліктер  мен 

дағдыларды сіңіруде ғана емес, оқушы өзінің әлеуетіне сүйенетін және оқытудың тиімді технология-

сын пайдаланатын тиісті білім беру ортасын құруда болып табылады. 

Жеке  тұлғаға  бағдар  ұстау  –  кез  келген  оқу  типі  мен  түрінің  өлшемдік  белгілерінің  бірі.  Егер 

адамның  (оқушының,  мұғалімнің)  табиғи,  жеке  бастық  және  даралық  ерекшеліктері  білім  беру 

үрдісін жобалау, жүзеге асыру және диагностикалау модельдерін іске асыруда бір мезгілде ескерілсе 

және оған әсер етуге қабілетті болса, бұл оқытудың гуманистік тұрғыда жеке тұлғаға бағдарлануын 

білдіреді. 

Жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқытудың  басты  мақсаттарының  бірі  –  оқушылар  білімінің  дербес 

модельдерін іске асырудың бір мезгілде жүргізілуі. Бұл үшін әрбір оқушыға барлық оқу пәндерін 

меңгерудің өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі беріледі. Оқушы оқытудың дара мақсаты мен 

мағынасына, оқытылатын пәндерді таңдауға, оқу материалынан озып кетуге және оны тереңдетуге, 

оқытудың қарқынын, нысандары мен әдістерін таңдауға құқылы болады.

Білім берудің жеке өрісі бұл білім берудегі тиісті іс-әрекет түрлерін жеке тұлғаға бағдарланған 

білім беруді ұйымдастыру оқушылардың мынадай құқықтары мен міндеттерін іске асыруды мақсат 

етеді:


 

–  әрбір оқу курсында, тақырыпта, сабақта жеке мағына мен мақсаты таңдау және табу құқығы;

 

–  іргелі ұғымдар мен категорияларды өзіндік түсіну және түсіндіру құқығы; оқытылатын кур-



стар бойынша белгілі бір мерзімге арналған жеке білім беру бағдарламаларын жасау құқығы;

 

–  оқытудың  жеке  қарқынын,  білім  беру  міндеттерін  шешудің  нысандары  мен  әдістерін, 



бақылау, рефлексия тәсілдерін таңдау, өзінің жеке ерекшеліктерін білудің негізінде өзінің іс-

әрекетін өзіндік бағалау құқығы;

 

–  оқытылатын пәндерді, шығармашылық зертханаларды және типтік оқу жоспарына сәйкес 



таңдау бойынша анықталған пәндер мен сабақтарды жеке таңдау;

 

–  оқу курстарының мазмұнын арттыру (озу және тереңдету); 



 

–  қосымша тақырыпты және пәндер бойынша шығармашылық жұмыстарды жеке таңдау;

 

–  әрбір білім саласы бойынша жеке негізделген ұстаным құқығы.



Оқушының жеке білім алу қызметінің негізгі элементтері: – іс-әрекеттің мағынасы (мен мұны не 

үшін істеймін); – жеке мақсат қою ( күтілетін нәтиже); – іс-әрекет жоспары; – жоспарды жүзеге асы-

ру; – рефлексия (өзінің іс-әрекетін сезіну); – бағалау; – мақсатқа түзету енгізу немесе қайта белгілеу 

жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру 

курстарының бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, 

өзіндік  ой  пікірлерін  нанымды  жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни  пікір  көзқарастары  жүйелі 

дамыған оқушылардың қалыптасуына ықпал етеді. 

Бұл  бағдарламаның  басым  бөлігі  сындарлы  оқыту  теориясы  негіздерін  қамтиды.  Бұл  теория 

оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі 

дерек  көздерінен,  мұғалімнен,  оқулықтан  және  достарынан  алған  білімдерімен  өзара  әрекеттесуі 

жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді [3, 6-б].

Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың 

сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама 

өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни 

тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен 

салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жа-

сау  және  басқалардың  идеяларына  күмәнмен  қарау  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі.  Мұғалімдердің 

сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін 

сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды [3, 13-б].

Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мек-

теп қабырғасында басталады. Сондықтан қазіргі мектептегі оқыту үдерісі жеке тұлғаға бағдарланған 

оқыту принциптеріне негізделіп, баланың жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамды өзгерістерге бейім 

даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. 

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту өзінің мәні бойынша оқушының интелектуалдық даму деңгейін, 

оның осы пән бойынша дайындығын, қабілетін ескеріп, саралап оқыту тәсілін көздейді. Бұл тәсілді 

іске  асыру  үшін  ең  алдымен,  педагогикалық  технология  саласындағы  басымдықтарды  белгілеп 

алу қажет. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту негізінен оқушыларды жеке және саралап оқыту мен 

тәрбиелеу тәсілдерін көздейді. 

Белгілі  педагог  Л.  С.  Выготский  оқушының  тапсырманы  өз  бетінше  орындауға  әзірлігінің 

дәрежесін  атап  көрсеткен  болатын.  Осылайша  бұл  әзірлікті  екі  кезеңге  бөледі:  оқушы  тапсырма-

ны  мұғалімнің  көмегінсіз  орындайды,  әрі  қарай  оған  мұғалімнің  көмегін  қажет  ететін  қиынырақ 



265

тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады, бұл оқушының ақыл-ойының дамуына 

көп көмек береді. 

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған 

ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта 

әрекет  жасауға  негіз  бола  алады.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  көбінесе  қарсы  пікір  айтуға,  баламалы 

шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге 

дайын  болуға,  ұйымдастырылған  қоғамдық  әрекеттерге  және  басқаларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға 

баулуды білдіреді. 

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі: 

 

–  релеванттық ақпараттар жинауды; 



 

–  дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды; 

 

–  кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар



 

–  ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. 

Оқыту мен оқуды сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған 

болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын 

табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді 

қарастырады [3, 49-б].

Сыни  тұрғыдан  ойлауды,  әдетте,  білім  берудің  кейінгі  кезеңдерімен  –  орта  мектептің  жоғары 

сыныптары  мен  жоғары  оқу  орындарындағы  оқушылармен  байланыстырады.  Алайда  сыни 

тұрғыдан ойлаудың негіздерін  кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды да-

мыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – 

балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың 

қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға бола-

тын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысал-

дар жеткілікті. 

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жи-

настыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамыту-

ды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады: 

 

–  бақылау; 



 

–  талдау; 

 

–  қорытынды; 



 

–  интерпретация.

 

–  суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруды; 



 

–    негізгі дереккөздерді бағалауды және соларға сәйкес сұрақтар қоюды; 

 

–    негізгі дереккөздерді жағдаяттық қорытындылармен және уақытша жинақтаулармен салы-



стыру және талқылауды; 

 

–  анағұрлым  кең  тәжірибе  негізінде  болжамдар  мен  ұсыныстарды  қайта  қарауды  қамтуы 



мүмкін. 

Оқушылардың  жұмысын  зерделеудің  кейінгі  кезеңінде  мұғалімдермен  талқылау,  олардың 

уақытша  қорытындыларын  қарастыру  және  қайта  қарау  арқылы  балаларды  оқытудың  жеке 

үдерістерін  түсінуді,  сонымен  қатар  төмендегілерді  де  реттеуге  көмек  беруге  болады:  бағалау; 

түсіндіру; метатану [3, 49-50-б].

Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының 

жеке  тұлға  және  әлеуметтік  нысан  ретіндегі  келешегі,  екіншіден,  оқытудың  оқушы  мен  мұғалім 

арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің касиеттерін бағалау бары-

сында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін 

ұғыну қажет. 

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін 

тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқыту  туралы  сындарлы  түсінік  оқушыға  нақты  білім  беруді  мақсат  тұтқан  мұғалімнің  өз 

сабақтарын  оқушының  идеясы  мен  білім-біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін  міндеттерге  сай 

ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін 

өз  деңгейінде  көрсетіп,  кейбір  болжамдар  бойынша  күмәнді  ойларын  білдіре  алатындай,  пікір-

көзқарастарын  нақтылап,  жаңа  ұғым-түсініктерін  өрістетуге  орайластырып  құрылады.  Мұғалім 

қызметіндегі  маңызды  дүние  –  жекелеген  оқущылардың  тақырыпты  қабылдау  ерекшеліктерін, 

оқушылардың  түсініген  жетілдіру  немесе  жақсарту  мақсатында  олармен  жұмыс  жүргізу 

қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен 

меңгеретіндігін жете түсінуі.


266

Сындарлы  оқытудың  жоғарыдағыдай  сипатталып,  түсіндірілуі  мұғалімнің  ой-пайымды  мен 

негізгі  көзқарастарын,  сондай-ақ  сол  көзқарастарға  қатысты  бірқатар  баламалы  шешімдерді  де 

қамтиды [3, 6-7-б].

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ой-

ланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін 

өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай 

отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу 

мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-

құрдастарымен  әлеуметтік  байланыс  жасау  арқылы  белсенді  түрде  білім  жинақтайды.  Мұғалім 

оқушылардың  оқуына  мүмкіндік  тудырып,  оқу  материалы  және  өзге  де  қажетті  құралдармен 

қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне 

ынталы болғаны абзал. 

 Қазіргі сабақтарда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда бес жолды 

өлең, эссе, семантикалық карта, РАФТ, INSERT, болжау, екі жақты күнделік, еркін жазу, кубик, автор 

орындығы,  дәлелді  эссе,  Венн  диаграммасы  сияқты  әдістердің  тиімділігі  мол.  Оқушылар  бірлесіп 

оқуда, үйренуде шағын топтармен, жұппен жұмыс жасауда, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа 

пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу бағытында жұмыс істейді. Топ 

мүшелері  өз  ойларын  ортаға  салып  және  сол  ойларын  қорытып,  тұжырымдайды,  ортақ  жобаны 

дәлелдеп, қорғап шығуға тырысады. Шағын топтарда бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды 

есте ұстау қажет:

 

–  өзара сыйластық ( бір-біріне құрметпен қарау);



 

–  жауапкершілік;

 

–  кезекпен сөйлеу, тыңдау дағдысын үйрету;



 

–  топта ұтымды жұмыс істеу.

Осындай топтарда бірлесіп жұмыс істеуге үйренген оқушылардың жұмыстары нәтижелі болады, 

шыңдалады.

Бірлесіп жұмыс жасағанда оқушылар мынадай жетістіктерге жетеді:

 

–  оқушының, ең алдымен, есте сақтау қабілеті жоғарылайды;



 

–  сабақта өз бетімен бақылаусыз отырмай оқушы жұмысбасты болады;

 

–  білімлі өздігінен үйренуге деген қызығушылығы артады;



 

–  бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына 

қарамай, олар бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ынтымақтасады.

Жалпы  сыни  тұрғыдан  ойлайтын  оқушылар  белсенді  болады,  олар  сұрақ  қойып,  дәлелдерді 

талдайды,  мағынаны  анықтау  үшін  саналы  түрде  стратегиялар  қолданады;  олар  ауызша,  жазба-

ша,  көзбен  шолу  дәлелдеріне  сенімсіздікпен  қарай  отырып,  ештеңеге  сенбейді,  мұндай  адамдар 

жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады [3, 53-б] 

Елбасы Н. Назарбаев Білім және ғылым кызметкерлерінің съезінде сөйлеген сөзінде: «Бізге тыным 

таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек. Бұл үшін өмір бойына 

жететін білім алу моделіне көшуге тиіспіз», – деген болатын. 

Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, 

оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мен олардың рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие 

үдерісінің де өзегі болып отыр.

«Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету»  модулі  бойынша  жүргізілетін  жүйелі  жұмыстар  арқылы 

оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу секілді, ұқсас құбылыстар арасынан 

тиімдісін таңдай білу, қандай да болмасын мәселені шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті 

қалыптасады.  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету  оқушыны  мұғаліммен,  сыныптастарымен,  яғни, 

оқушы оқушымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті 

мәселені шешу жолдарын бірлесе отырып ізденуге, қиындықты жеңуге баулиды. 

Жалпы, жеке тұлғаның дамуына оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрете отырып оқытудың 

маңызы мен тиімділігі зор. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту үдерісінде «Сыни тұрғыдан ойлауға 

үйрету» модулін тиімді пайдалана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, жеке 

қабілетін жетілдіруге, соның нәтижесінде білім беру сапасын арттыруға зор ықпал жасайтындығы 

деңгейлік курстардвн өткен мұғалімдердің тәжірибесінде дәлелденіп келеді.



Әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы.

2.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана. 2012.

3.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым. 2012.


267

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ 

КІРІКТІРІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 

Машрапова А. С.

Химия-биология бағытындағы Павлодар қаласындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Мақалаға  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебінде  тарихты  оқыту  үдерісінде  кіріктірілген  бағдарламаларды 

жүзеге  асыру»  атты  өзекті  мәселе  арқау  болды.  Мақалада  кіріктірілген  бағдарламаның  «Қазақстан  тарихы» 

пәні бойынша қандай мақсат-міндеттерді көздейтіні назарға алынды. Аталмыш бағдарлама бойынша жұмыс 

жасайтын  мұғалімнің  әдістемесі  мен  оқушылардың  кіріктірілген  бағдарлама  арқылы  сабақ  үдерісінде  қандай 

нәтижелік көрсеткіштерге қол жеткізетіндігі де мақалада атап өтілді. 

Аннотация

В данной статье рассмотрены проблемы реализации интегрированной программы в процессе обучения исто-

рии в Назарбаев Интеллектуальной школе. Особое внимание обращается на реализацию целей и задач интегри-

рованной программы по предмету «История Казахстана». В статье раскрывается вопрос методической работы 

учителя, творческие подходы и технологии обучения в процессе внедрения данной интегрированной программы, а 

также продемонстрированы результаты, которых достигают ученики в процессе урока по предмету «История 

Казахстана». 

Abstract

This article examines the problems of implementation of the integrated program while teaching History at Nazarbayev 

intellectual schools. The particular attention is drawn to the realization of the goals and objectives of the integrated program 

at the school subject «The History of Kazakhstan». In the text there are studied issues of teachers’ methodological work, 

creativity and technology in the process of implementation of the integrated program, and there are shown the results that the 

learners achieved at «The History of Kazakhstan» lessons.

Ертеңгі  күннің  бүгінгіден  нұрлырақ  болуына  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамын  алға  апаратын 

құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қазіргі Қазақстан Республикасы мемлекеті экономиканың, саясат 

пен мәдениеттің барлық салалары мен бағыттарында өзекті мәселелердің шешімдерін табуға барлық 

назарын аударуда. Бұл жағдайлардың табысты жүзеге асуында қазақстандық білім беру жүйесінің 

еңбегі орасан зор, яғни әлемнің барлық алдыңғы қатарлы елдерінің озық білім беру жүйелерімен 

тәжірибе алмасып, білім беру мен тәрбиенің сапасын жақсартуға күш салуда [1, 24-б]. Қазақстанның 

білім  беру  жүйесінің  алдыңғы  көшін  бастаушы  құрылымдар  –  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен негізі қаланған бастауыш және орта 

білім беру мектептері. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның 

ұлттық білім жүйесінің даму деңгейіне, өркендеу бағытына тікелей байланысты болмақ. 

Білімді ұрпақ – тәуелсіздіктің тірегі. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында бүгінгі қазақстандық 

қоғамдық  пәндердің,  оның  ішінде  «Қазақстан  тарихының»  атқаратын  міндеттері  айрықша. 

Біріншіден, өткенді білмей келешекке жылжу жоқ, бүгінгі өмір өткеннің жалғасы, олай болса, ел – 

жер,  ата  –  баба  тарихын  терең  білу  ұрпақ  үшін  басты  қажеттілік.  Екіншіден,  өмір  шындығының 

ақиқатын ашық айтуға, шыншылдыққа үйрету, үшіншіден, ғылыми дүниетанымын кеңейту, ұлттық 

мәдениет пен әлемдік мәдениетті кіріктіру аталмыш пәннің негізгі оқытылу мақсаттарын көздейді 

[3, 280-б]. 

Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы отандық және халықаралық тәжірибелердің ең 

үздік үлгілерін, озық тәжірибелерін кіріктіруді көздейді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес 

білім беру ұйымы Зияткерлік мектептердің бастауыш, негізгі және жоғары мектептеріне арналған 

Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламаларын  енгізу  бойынша  қомақты  жұмыстар  атқаруда.  Аталған 

жоба  стратегиялық  әріптес  Кембридж  университетінің  Халықаралық  Емтихан  Кеңесімен  бірлесіп 

жүзеге асырылуда. Жаңа оқу жылынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру 

ұйымдарында  жалпы  білім  беру  кезеңінің  барлық  пәндері  бойынша  Кембридж  кеңесшілерімен 

бірлесе  кіріктірілген  бағдарламалар  енгізуде.  Аталмыш  үдеріс  Қазақстан  Республикасының  орта 

білім беруге қатысты барлық жүйесінде алдыңғы қатарлы, көп нәтижеге жұмылдыратын жұмыстары 

болып саналады. Кіріктіру латынның «integration» сөзінен бастау алып, бір-біріне байланысты білім, 

білік  дарыту  бөлімдерінің  өзара  білігу,  үйлесу  үдерісі  деген  мағынаны  аңғартады.  Нәтижесінде 

нақты орта мектептерде үздіксіз білім алудың зияткерлік базасы қалыптасады. Отандық тарихтың 



268

өткені мен орын алған жағдайларына көз жіберсек, олар да көптеген қоғамдық-қауымдық дамудың 

белестерінде өзара байланыс пен өзара үйлесімнен тұрады, атап айтқанда, ежелгі дәуірде– скифтер 

мен сарматтық, орташа ғасырларда – түрік және көшпелі кезеңдер жалғасымдылығы айқын назарға 

алынады. 

Назарбаев зияткерлік мектептерінде жаңа кіріктірілген бағдарламаларды оқушыларға білім беру 

барысында пайдалану мынадай үлкен екі мақсатты көздейді: өткен тарихты оқушылардың тиімді 

үйреніп, тануын қамтамасыз ету, екінші жағынан мұғалімнің әдістемелік және тілдік жағынан жан-

жақты, жоғары деңгейдегі дайындығының болуын талап етеді. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары 

дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басу-

ына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылатын білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту 

ажырамас байланыста болады.

Оқу  мен  тәрбиені  «Қазақстан  тарихы»  сабағында  кіріктірілген  бағдарлама  арқылы  ұштастыру 

мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

 

–  оқушылардың елі мен жерінің тарихын, өткен өмірі мен бүгінгі тіршілікті, ертеңгі болашақты 



оқып үйренуіне;

 

–  ұлттық, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға талдау жасап, ойлау қабілеттерін 



арттыруға;

 

–  оқушылардың өз беттерімен өзекті мәселелерді шеше отырып, шығармашылықпен жұмыс 



істей білуге ұмтылыстарын дамытуға; 

 

–  пәнді оқыта отырып адамгершілікке, Отанды жан-тәнімен сүюге, эстетикаға, еңбексүйгіштікке 



тәрбиелеуге;

 

–  оқушылардың білім алу арқылы өзіндік пікір, қорытынды шығара білу қабілеттерін дамытуға; 



 

–  оқушылардың  іс-әрекеттің  оқу,  жобалық,  зерттеушілік  түрлерінің  барлығын  үйлесімді 

біріктіре отырып, өз бетімен шешім қабылдап, талдау жасай алуына ықпал ету. 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде кіріктірілген бағдарлама арқылы «Қазақстан тарихы» пәнін 

оқытудағы негізгі белгілер қатарына енеді: 

а) арнайы ұйымдастырылған сабақ, өзекті мақсатқа бағытталады;

ә)мұғалімдердің  тынбай  ізденісінің  арқасында  жүзеге  асатын  сабақ  арқылы  қарастырылатын 

тақырыптардың  мәніне  анағұрлым  терең  ену  көзделеді.  Сол  сияқты  оқушылардың  пәнге  деген 

қызығушылықтарын  көтере  отырып,  пән  бойынша  өтілетін  тақырыптарды  білім  алушылардың 

тұтас,  синтездік  ыңғайда  қабылдаулары  жүзеге  асады.  Пәнаралық  байланыстарды  жүзеге  асыру 

сабақтың тиімділігін арттыра түседі. 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  ұстаздар  қауымынан  тәлім-тәрбие  алып  жатқан  жас 

жеткіншектер ертеңгі күннің тек білімді маманы ғана емес, сонымен бірге Отанын жанындай сүйетін, 

өз  елінің  тарихы  мен  мәдениетін  қастерлейтін,  рухани  кемелденген  азамат  болып  өсіп-жетілуіне 

бағыт-бағдар ұсынады. Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі ұрпақ десек, 

оларды жан – жақты уақыт талабына сай білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару 

ұстаздар алдындағы зор міндет екендігі белгілі. 

Ұрпақты  білімді  етіп  тәрбиелеу  масқатында  еңбек  ету  –  әрбір  ұстаздың  міндеті.  Қай  заман-

да, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы 

мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани 

бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру [4, 404-б].

Енді  өзіміз арқау  етіп отырған  «Қазақстан  тарихы» пәні  бойынша кіріктірілген  бағдарламалар 

бойынша Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қандай әдіс-тәсілдер, озық оқыту 

үлгілері қолданылып жатқандығына назар аударалық. Әр сабақтың сапасының жоғары болуы мен 

нәтижесінің  жақсы  болуына  ғылыми,  теориялық  тұрғыда  сабақтардың  ерекше  дайындықпен  өтуі 

ықпал  ететіні  айқын.  Аталмыш  бағдарлама  бойынша  әдіс-тәсілдерді  үнемі  бірлікте,  үйлестіре 

пайдаланған нәтижеге бастайды. Әдіс – тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, 

тиімді  түрде  ұйымдастырудың  маңызды  бір  саласы.  Мұндай  қызғылықты  сабақтардан  оқушылар 

жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің 

нәтижелі  болуы  ол  мұғалімнің  қаншалықты  дәрежеде  оқыту  әдістерін  жете  біліп,  жан-жақты 

меңгеруіне байланысты. 

Кіріктіре  оқыту  үдерісінде  мынадай  кезеңдерге  ұстаз  баса  назар  аударады:  кіріктіру 

бағытындағы кіріспе-таныстыру сабағын өткізу, яғни оқушылар кіріктірілген модульге енетін оқыту 

бағдарламасының  қарастыратын  тарауларының  негізгі  мазмұнымен  жалпы  танысады.  Сонымен 

бірге оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілет-қарымдарын дамытуға түрткі 

береді.  Алынған  білімдерін  тұжырымдау,  қорытындылау  мақсатында  жинақтау  мәніндегі  кілтті 

сабақтар  іске  асырылады,  нәтижесінде  бағдарлама  бойынша  алған  білімдеріне  талдау  жасалып, 

білім нәтижелері назарға алынады, ұжымдық рефлексия жалғасын табады. Оқушылардың бірін-бірі 

өзара бағалау әрекеттері іске қосылады. 


269

Технология  дегеніміз  –  ең  біріншіден,  жеке  тұлғаға  қарай  бағыттаған  мақсатты,  сапалы  оқу 

әрекетін  ұйымдастыру.  Жеке  тұлға  ең  алдымен  өз  әрекеті  арқылы  ғана  дамиды.  Ал  әрекет  іс-

қимылдармен  жүреді.  Технология  жеке  тұлғаны  дамытуға  негізделген  мақсатты  педагогикалық 

жүйе.  Технология  оқытудың,  білім  берудің,  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамытудың  жаңа,  нәтижелі 

ізденістерін талап етеді. Оқушының білім алу, даму, т. б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра 

білу,  оған  басшылық  ету,  білімді  өз  белсенділіктерімен  меңгеруіне  түрткі  жасау  –  технологияның 

басты белгілері [5, 77-б]. Аталмыш бағдарлама аясында әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, мынадай 

іс-әрекеттерге баса назар аударылады: 

 

–   педагогика ғылымының тың жетістіктері сапынан орын алып келе жатқан тиімділік (опти-



мизация) идеялары негізінде сабақ мақсаттарын бірлікте қарастыру;

 

–  әдіс-тәсілдер мен оқу жүйелерінің тиімді деген түрлерін сұрыптап алу, әрі оны ұтымды пай-



далана білу;

 

–  берілетін  білімнің  ішінен  ең  негізгі  мәйегін,  түйінін  нақты  бір  жағдай,  нақты  білім  беру 



кезеңдеріне  орай  сұрыптап,  бөліп  алу,  негізгі  ұғымдарды  анықтау,  оларды  оқушыға 

жеткізудің нәтижелі жолдарын іздестіру;

 

–  оқушыларды  даралап,  әрі  саралап  оқыту  әдістемелері  (дифференциалдап  оқытуды 



басшылыққа ала отырып);

 

–  оқулықпен, кітаппен жұмыс істеудің, пайдаланудың тиімді жолдарын іске асыру;



 

–  дидактикалық  материалдарды  нәтижелі  пайдаланудың  жолдары  (үлестірме-көмек, 

үлестірме-нұсқаулар,т. с. с.)

 

–  топтық,  жұптық  және  жеке  жұмыстар  оқушыларды  танымдық  –  іздендіруші,  зерттеу 



бағытындағы  жұмыстарға,  ғылыми  сипаттағы  жұмыстарға  баулу  әдістемесін  қамтиды. 

«Қазақстан  тарихын»  кіріктірілген  бағдарламалар  бойынша  оқытуда  сабақтың  сапасының 

артуына  үнемі  ықпал  ететін  озық  үлгідегі  технологиялардың  пайдасы  зор.  7-  8-ші  сынып-

тарда  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  кіріктірілген  бағдарлама  аясында  мынадай  тех-

нологияларды жүйелі қолдану өз нәтижесін алға тартады: сын тұрғысынан ойлау, дамыта 

оқыту. Нәтижесінде оқушылар өз ойларын ашық айтуға, өзіндік пайымдарын дәлелдей алуға 

дағдыланады. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар мол орындалады. 

Топтық, жұптық және жеке жұмыстар оқушыларды танымдық – іздендіруші, зерттеу бағытындағы 

жұмыстарға, ғылыми сипаттағы жұмыстарға баулу әдістемесі мен технологиясы оқушылардың білім 

мен  іскерлік  дағдыларын  жетілдірудің  жолдары.  Дидактикалық  материалдарды  нәтижелі  пайда-

лану (үлестірме-көмек, үлестірме-нұсқаулар,т. с. с.) бағдарлама бойынша жинақтау сабақтарында 

табысқа жетелейді [7,17-б].

Кіріктірілген  бағдарлама  аясында  танымдық  іздендіруші,  ғылыми  сипаттағы  тапсырмалар 

«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  7  –  8  ші  сынып  оқушыларының  білімдерін  ғана  тереңдетіп 

қоймайды,  іскерлік  дағдыларды  қалыптастырады.  Тарих  сабағында  сыни  тұрғыдан  ойлау 

технологиясының элементтерін қолдану барысында оқушылар тарихи деректермен жұмыс жүргізіп, 

талдау  жасап,  өз  дәйектемелерін  ұсынады,  белгілі  бір  себеп-салдар  байланыстарын  анықтап,  та-

рихи  карталармен  жұмыс  атқарады.  Өзекті  мәселелер  айналасында  ғылыми  сипаттағы  шағын 

пікірталастар  ұйымдастыру  –  оқушылардың  іскерлік  дағдыларын  дамытудың  тиімді  тәсілдері. 

Тарихи  тақырыптар  бойынша  өзіндік  көзқарастарын  білдіру,  оны  нақты  мысалдармен  дәлелдеу, 

қорғау  оқушылардың  пәнге  қатысты  машық,  дағдыларын  жетілдіріп,  ойларын  жүйелі  түрде 

дәлелдей білуге бағыттайды. Ғылыми материалдар, қосымша материалдармен ізденіс жұмыстары 

(іріктеу,  негізгі  мәселелерді  бөліп  ала  білу,  конспект  жазғызу)  сабақтан  тыс  уақыттарын  тиімді 

пайдалануға  ықпал  етеді.  Оқушыларды  әр  тақырып  бойынша  қорытынды  жасай  алу,  жинақтау, 

талдау тәсілдеріне баулиды. Күрделі мәселелерді бірігіп талқылауға жетелейді. Мақсат қоя білуге, 

өздерін бағалауға, жаңалық ашуға итермелейді. Әр сабақта алға қойған мақсатқа жету – мұғалім мен 

оқушылардың басты парызы. 

Кіріктірілген бағдарлама бойынша сабақ өткізетін әр ұстаз өзінің ой-өрісін кеңейтуге, біліміне 

білім  қосуына,  оқытудың  жоғары  технологияларын  меңгеруге  бағытталған  жұмыстар  атқаруы 

арқылы  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізеді.  Жұмыс  тәжірибесі  кіріктіре  оқытудың  жемістілігін 

байқатуда және әрі қарай оқытудың бұндай кешенді үлгісін жандандырудың болашағы зор екендігін 

дәлелдеуде [6, 98-б]. 

Биылғы  оқу  жылының  қыркүйек,  қазан  айларында  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің  7-8  –

ші  сыныптарында  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  кіріктірілген  бағдарлама  негізінде  жұмыс 

атқарудамыз. Нәтиже де айтарлықтай. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары зор, әр сабаққа 

тыңғылықты әзірленіп, қосымша деректермен көп ізденіс жұмыстарын атқарады. Шығармашылық 

белсенділіктері  өте  жоғары,  бағдарламалық  материалдарды  игеруде  жоғары  көрсеткіштерге  қол 

жеткізуде. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттері жетіліп, теория мен тәжірибені ұштастыра 

алу қабілеттері дамыды. Ғылыми ойлау стильдері өрістеп, пәнге деген кешенді қарым-қатынастары 


270

жетілді.  Апта  сайынғы  білім  сапасын  таразылау  арқылы  білім  көрсеткіштерінің  артуы  байқалып, 

шығармашылық  мүмкіндіктерінің  артуы  аңғарылды.  Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  әрекеттеріне 

деген қызығушылықтары байқалады.

Кіріктірілген  бағдарлама  бойынша  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  сабақтар  формативті 

түрде  бағаланады.  Бағалау  арқылы  оқушылардың  білімге  деген  құлшыныстары  артып,  өздерінің 

қандай мәселелер бойынша әле де болса ізденістерінің қажеттіліктерін түсінуге себепкер болады. 

Оқушыларды формативті бағалауда сабақта мақсатқа жету жағдайлары міндеттері түрде ескеріледі. 

Сонымен  бірге  әр  тоқсанның  соңында  өтілген  барлық  тақырыптарды  тұжырымдау,  жинақтау 

мақсатында суммативті бақылау жүзеге асырылады. 

Тұжырымдайтын болсақ, рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы, 

шыққан  түп  тамырында  жататыны  белгілі.  Сол  ұлттық  байлықты  бүкіл  адамзаттың  өз  ұрпағын 

тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр оқушының қабілетін, 

талантын  ашу,  өзіне-өзінің  сенімін  нығайту,  қысқартып  айтсақ,  өзіне-өзінің  жол  ашуына  түрткі 

жасау  –  міне,  бүгінгі  білім  берудегі  басты  міндет.  «Қандай  мектептің  болсын,  басты  нысаны  – 

оқушыларға сапалы білім, салиқалы тәрбие беріп, оларды білімді, еңбекшіл етіп тәрбиелеу» [2, 130-

б] – деп, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі таңдағы қоғамның дамуының басты 

факторларының бірі – ғылым, білім. 

Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамыту  Тұжырымдамасында  былай  делінген:  «Қазір 

педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен 

енгізудің ауқымды мндеттері тұр. Білім берудің негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа 

қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты 

өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды  пайдалану,  жылдам  өзгеріп  жатқан  бүгінгі  дүниеде  лайықты 

өмір сүру мен жұмыс істеу болып табылады»делінген (ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 

Тұжырымдамасы). Осы бағытта Назарбаев Зияткерлік мектебінде тарих пәні бойынша кіріктірілген 

бағдарлама  бойынша  жұмыстардың  қазіргі  таңдағы  ұсынып  отырған  нәтижесі  орасан  зор  деуге 

болады. 

«Қазақстан  тарихы»  пәнінен  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  кіріктірілген  бағдарлама  ая-

сында  білім  беру  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  үдерісін  жүзеге  асырады.  Жаңа  дәуірдің  жаңа 

азаматын  қалыптастырады.  Азаматтық  тәрбиенің  ең  биік  сатысы,  құндылығы  оқушылардың 

жан-жақты  жетілуімен  айқындататын  болса,  бұл  бағытта  өзіміз  арқау  етіп  отырған  кіріктірілген 

бағдарламалардың оқушылар үшін пайдасы өте зор. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет