Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет44/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72

Использованная литература

1. Машков А. В. Основы лечебной физической культуры

2. Васильев В. Е. Лечебная физическая культура

3. Прибылов К. Н. Лечебная физкультура

4. Аксельрод С. Л. Спорт и здоровье

5. Майстрах К. В. Профилактика заболеваний

6. Левинсон И. А. Нефрит, пиэлит, пиэлонефрит 

7. Аршавский И. А. Очерки по возрастной физиологии. М., 1967. 

8. Безруких М. М., Фарбер Д. А. Физиология развития ребенка. М., 2000. с. 168-169. 


282

ОҚУШЫЛАРДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Мерғалиева М. Б. 

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Орал қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл  мақалада  оқушыларда  салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудың  психологиялық  аспектілері, 

психикалық денсаулықтың құрылымы, денсаулықтың ішкі бейнесі, салауатты өмір салтын қалыптастырудың 

жолдары қарастырылған.

Аннотация

В данной статье рассматриваются психологические аспекты и пути формирования здорового образа жизни, 

структура психического здоровья, особенности состояния внутреннего здоровья учащихся.

Abstract

This article examines the psychological aspects and ways of a healthy lifestyle, the structure of mental health, especially 

the health status of the internal students.

Бүгінде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие 

болып отыр. Тұлға салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп 

санай алмайды. Өйткені әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ 

еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни, адамдардың денсаулығы 

да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі 

шарты – мәдени орта, салауатты өмір салты болып табылады. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  стратегиялық 

бағдарламасында  атап  көрсетілген  ұзақ  мерзімді  басымдықтың  бірі  –  «Қазақстан  азаматтарының 

денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау бо-

луы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір сал-

тына әзірлеу қажеттігі айқындалып отыр [1, 256-б].

«Салауаттылық» ұғымын алғаш рет ұсынған психолог И. И. Брехман. Ол «салауаттылық» ұғымына 

келесідей анықтама берді: салауаттылық – ол мінез-құлық, дағды және тұлғаның өзін-өзі түсіне білуі.

Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруда  оның  аспектілерінің  өзара  қаншалықты  байланысты 

екенін түсіну қажет:

Табиғи  аспект-  организмнің  қалай  қызмет  атқаратындығын  түсіну.  Адам  ағзасының  саулығын 

түсіну үшін оның қалай қызмет атқаратындығын білу маңызды.

Парасаттық  аспект-  ақпаратты  қабылдау  және  ұғыну,  қай  жерден  қажетті  ақпарат  алуды  білу 

және оны қалай қолдану керек екендігінен хабардар болу; дұрыс шешім қабылдай білу үшін әртүрлі 

ақпарат көздерінен пайдалы мәлімет таба білу.

Сезімдік  аспект-  өз  сезімін  ұғыну  және  оны  көрсете  білу;  айналадағы  адамдарға  және  өз-өзіне 

деген  көзқарасты  білу.  Бірқатар  сезімдерді  және  білім  көздерін  меңгеру  олардың  қайсысына  қол 

жеткізуге мүмкін екендігінен хабардар болу қажет.

Жеке тұлғалық аспект- өзін жеке тұлға ретінде жете түсіну; жетістікті кім қалай түсінеді және оған 

ұмтылу, «Мен» деген ұғымды дамыту, яғни тұлға ретінде өз сана-сезімін дамыту және өз-өзін іске 

асыру қажет деп санайтын адам.

Әлеуметтік аспект- өзінің еркек немесе әйел жынысты жеке тұлға екендігін жете түсіну, айналадағы 

адамдармен қарым-қатынас жасау. Достарымен, туған-туыстарымен және басқа адамдармен қарым-

қатынаста  не  нәрсенің  маңызды  екенін  түсіну  қажет.  Адамдармен  қарым-қатынаста  көмектесетін 

дағдыларды жетілдіру керек.

Рухани аспект- біздің болмысымыздың мәнін бейнелеу (біз үшін ең бағалы да маңызды нәрсе). 

Бұл біздің жеке басымыздың бүтіндігін қамтамасыз ететін өміріміздің тұтқасы [2, 192-б].

Жас  ұрпақ  еліміздің  болашағы,  олардың  психикалық  денсаулығының  қалыптасуы  қоғамның 

әртүрлі  саласындағы  өзгерістерге  түйінделеді.  Адамның  әлеуметтік  субьектілігінің  психологиялық 

ерекшелігінің  мазмұнын  екіге  бөліп  қарастыруға  болады.  Біріншісі  –  қажеттіліктер,  рөлдер  және 

қарым – қатынас. Екіншісі – жауапкершілік және тәуелсіздік. Адамның субьектілігінің жетілуі оның 

қажеттілігінің дамуынан басталады. А. Маслоудың пікірінше, ерекше маңызды қажеттілік, ол адамның 



283

өзін-өзі белсендіруі. Ал американдық психолог С. Миддидің ғылыми еңбектерінде «тұлға бойындағы 

ерекше қажеттілік- психикалық қажеттілік» делінген [3, 57-59-б]. Бұл жердегі психикалық қажеттілік: 

өз пікірін білдіру қажеттілігі, елестету, қиялдау қажеттілігі. Психологиялық қажеттіліктердің әлсіреуі 

субьективті  көріністің  төмендеуіне  әкеледі,  өйткені  адам  өзін  биологиялық  мұқтаждықтары  және 

әлеуметтік рөлдері деңгейінде ғана қарастырып, өзін тек әлеуметтік әрекеттің обьектісі ретінде сезінеді. 

Ал егер, психологиялық ерекшеліктер артылса, адам пайымдаудың, пікір білдірудің, қиялдау және 

елестеудің арқасында биологиялық және әлеуметтік мұқтаждықтарынан босатылып, әлемнің қандай 

екенін суреттеп және қандай әлем қалайтынын, сонымен қатар басқа да әлемдерді суреттей алады. 

Бұл тұлғаға өткенді, қазіргі кезеңді және болашақты бүтіндей қабылдап, әртүрлі әрекеттерді бағалауға 

және іске асыруға мүмкіншілік тудырады. Яғни, психологиялық денсаулықты сақтап, нығайтады. 

Психологиялық денсаулықтың көрсеткіші ретінде тұлғаның әлеуметтік рөлін ұйғаруын көздеуге 

болады.  Бұл  жағдайда,  индивидтің  мінез-құлқының  белгілі  амалмен  қоршаған  ортадағылардың 

күткенін іске асыруын қарастырады. Әлеуметтік рөлдердің құрылымы даралық және типтік болады.

Субьективтіліктің  психологиялық  құрылымында  құндылық  маңызды  орын  алуда.  Тұлғаның 

құндылығы арқылы адамның ішкі әлемі қоғамның және әлеуметтік топтардың іс-әрекетімен байла-

нысады. Қоғамның құндылығы тұлғаның құндылығымен сәйкес келуі, адамның қоғамда тәжірибелік 

әрекет атқаруына байланысты. Адамның ішкі әлеміндегі қажеттілік – тілек, қалау, талап түрінде бей-

неленсе, тұлғалық құндылық- қызығушылық, арман, мұрат арқылы бейнеленеді.

Адамның  психологиялық  денсаулығы  жеке  даралық  және  әлеуметтік  субьективтілігі  адамның 

ортасына  байланысты.  Адамның  белсенділігі  күрделі  жүйе  ретінде  биологиялық,  психологиялық, 

әлеуметтік деңгейде реттеледі. Әрбір деңгейде адамның денсаулығының ерекшелігі болады. 

Көптеген адамның биологиялық себеппен негізделген аурулары ынта салумен, мазасыздықпен, 

күйзеліспен байланысты. Мысалы, жүрек, асқазан аурулары.

Психологияда соңғы жылдары «психологиялық денсаулықты адамның тұлғалық ерекшеліктерімен, 

ішкі әлемінің құрылымы біртұтас болып сыртқа көрінуі» деп қарастырады. Психологиялық денсаулық 

адамның әлеуметтік деңгейін сезінуінде, өмірлік күш қуатында маңызды құрылым болып табылады. 

Л. Д. Демина өз еңбектерінде «психикалық денсаулық» және «психологиялық денсаулық» түсінігін 

қарастырады [4, 31-б].

Психикалық денсаулықты анықтауда, адамның күш қуаты мен өмірлік кеңістігінің үйлесімдігі, 

сәйкестігінің ерекшелігі қарастырылады.

Психикалық  денсаулықтың  құрылымына  енетін  бөліктері  көрсетіледі:  өзіне  деген  жағымды 

қатынас, жағымды даму, тұлғаның жетілуі, өзін-өзі көрсете білу, өзіндік автономия, қоршаған ор-

таны шынайы ақиқатпен қабылдау, өзін-өзі мүмкіндігіне сай бағалайтын, маңайындағы адамдарға 

жағымды әсер ету қарастырылады.

Ал психологиялық денсаулықтың негізгі шарты: тұлғаның таңдау мүмкіншілігі, өз бетінше да-

муы. Бұл жерде келесі механизмдер аталады: өзін-өзі тану, болашаққа бағытталған шешім қабылдау 

мүмкіншілігі,  өзгеріске  дайын  болу,  баламаны  көрсете  алуы,  өз  мүмкіншілігін  әсерлі  қолдану,  өз 

таңдауына жауапты болу.

Психологиялық  денсаулықтың  тағы  бір  көрінісі  психикалық  бір  қалыптылық.  Бұл  тұлғаның 

әртүрлі  саласының:  эмоционалдық,  еріктік  және  танымдық  қатынасының  үйлесімдігі.  Бұлардың 

бұзылуы  тұлғаның  дағдарысына,  әлеуметтік  қоғамда  бейімделе  алмауына  әкеледі.  Психикалық 

тұрақтылық  тұлғаның  толық  дамуымен,  бейімделу  мүмкіншілігімен,  қоршаған  ортаға  өзінің 

мүмкіншілігіне сай әсер етумен тығыз байланыста.

Лисицын  Ю.  П.  және  т.  б.  анықтап  көрсеткен  тұжырымдардың  бірі:  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастырудың негізіне адамның өзінің әлеуметтік, денелік, ойлау мен психикалық мүмкіндіктері 

және қабілеттерін іске асырушы тұлғаның мотивациялық бағдары алынады [5, 43-б].

Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруда  тұлғаның  мотивациялық  бағдарына  әсер  етудің 

маңыздылығын айқындайтын «Денсаулықтың ішкі бейнесі» тұжырымдамасының мәні зор. Себебі, 

осы ұғымның авторы В. Е. Каганның пікірі бойынша, денсаулықтың ішкі бейнесінің астарында адамның 

денсаулық  жөніндегі  «білім-өзім-үшін»  деген  тұтас  түсінік  жатыр.  Бұл  суретте  адам-  субьектінің 

өзінің бүгінгі маңызды ахуалын байланыстыратын денсаулық жөніндегі түсінігі бейнеленеді.

Ішкі  бейнеде  бекітілген  адам  түсінігінің  кеңдігі  сонша,  ол  өзіне  патологиялық  жағдайлардың 

үлкен  шеңберін  жабыстырып  ала  алады.  Денсаулықтың  ішкі  бейнесінің  мазмұны  міндетті  түрде 

өмір салтты қалыптастыруға, өз уақытында көмек көрсетуге әсер етеді. Сонымен қатар, В. Е. Каган 

денсаулықтың ішкі бейнесі өзіне аурудың ішкі бейнесін кездейсоқ жағдай ретінде таңдайтынын атап 

көрсетеді: аурудың бейнесі ауру жағдайындағы денсаулықтың бейнесі болып табылады, себебі ауру 

ешқашан іс-жүзінде өздігінше санаға қабылданбайды және адам себепсіз мазасызданбайды [6, 127-б]. 

Психолог ғалымдар Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский денсаулықтың ішкі бейнесін дені сау кезіндегі 

адамның өзін-өзі тануы және өзіндік санасы деп қарастыра отырып, оның құрылымының негізгі үш 

қырын ажыратады:


284

1.  Когнитивті  (білімдік).  Денсаулықтың  ішкі  бейнесінің  тиімді  жағы.  Ол  субьективті  немесе 

мифологиялық  ой  тұжырымдардың,  денсаулықтың  себептері,  мазмұны,  мүмкін  болатын 

болжамы, сондай-ақ оны сақтаудың, нығайтудың және дамытудың тиімді тәсілдері жөніндегі 

пікірлердің жиынтығы.

2.  Эмоциялық. Эмоцияны (бірқалыптылық, қуаныш, бостандық, жеңілділік және т. б.) құрайтын 

сезімдер  кешенімен  байланысты  өзін  жақсы  сезінуіне  деген  мазасыздануын  білдіретін 

денсаулықтың ішкі бейнесінің сезімдік жағы.

3.  Мінез-құлықтық.  Дені  сау  адамның  сенімдері  жүйесімен  бірге  дамыған  және  субьективті 

маңызды мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған күшінің, ынтасының, нақты әрекеттерінің 

жиынтығы  болып  табылатын  денсаулықтың  ішкі  бейнесінің  моторлы-еріктілік  жағы  [7, 

207-б]. 


Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметттік-экономикалық маңызы зор мәселелердің 

бірі-  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру.  Ал  ол  үшін  салауатты  өмір  сүрудің  негізгі  қағидасы- 

еш  ауруға  шалдықпай,  аурудың  алдын  алу,  денсаулықты  нығайту,  тұрақты  түрде  дене  тәрбиесі 

жаттығуларымен шұғылдануы тиіс.

Ол үшін барлық күш-жігерді келесі мәселелерге бағыттаған жөн:

 

–  зиянды заттарға теріс көзқарасты қалыптастыру;



 

–  салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы өмір құндылықтарын (махаббат, достық, от-

басы, денсаулық, жоғары кәсіби мамандыққа), имиджге көңіл аударту;

 

–  өзін-өзі жоғары бағалай білуге, алдына мақсат-міндеттер қоюға, әр нәрсеге жауапкершілікпен 



қарап, сезінуге, өзін-өзі сыйлауға, әрдайым шыншыл болуға тәрбиелеу;

 

–  әңгімелесу, араласу дағдысын дамытып, әлеуметтік жағынан әділ болу мен белсенді болуға, 



шешім қабылдап, өз іс-әрекетіне жауап бере білуге баулу керек;

 

–  ата-аналармен, мұғалімдер мен балалармен бірігіп, тәрбиелік жұмыстарын өткізу.



Жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, қоғамнан өз орнын дұрыс таңдай алатын, 

еркін ойлау қабілеті қалыптасқан, мәдениетті, іскер жеке тұлға етіп тәрбиелеу, ең алдымен, ата-ана-

сына, білім нәрімен сусындататын мектепке және қоршаған ортаға тікелей байланысты.

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан – 2030 – Алматы: Білім, 1997. 256-б.

2. Қаплиева А. Қ. Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру. Ақтөбе, 

2009. 192-б.

3. А. Құралбаева, Ұ. Манапова. Салауаттану – денсаулықты сақтау өзекті мәселе. Білім, 2010, №3 (51), 

Б.57-59. 

4. Вайнер Э. Н. Валеология. М., 2002. 31-б.

5. Педагогическая валеология. // Под ред. Кукушкина В. С. М., 2005.43-б.

6. Амосов Н. М. Раздумья о здоровье. М., 1987. 127-б.

7. Иманғалиев А. С. Валеология. // Учебник. Алматы, 1999.207-б.



285

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ РЕФОРМАСЫ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІПТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ

Мукышева А. К.

«№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 

Семей қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Мақалада методикалық жаңа әдістер, жаңа технологиялық және инновациялық оқыту бойынша педагогикалық 

эксперименттерді өткізу тәсілдері және жаңашыл педагогтардың инновациялық тәжірибелері ашылады.

Аннотация

На фактическом материале представлен новый взгляд на методику и технологию проведения педагогического 

эксперимента в рамках инновационного обучения; излагается инновационный опыт современных педагогов. 

Abstract

The new approach on methods and technique of running the pedagogical experiment in a new technology and modern 

methods of teaching and in this article innovator-teacher’s innovative experiments are characterized. 

Үшінші  мыңжылдықтың  алғашқы  он  жылдығында  адамзат  баласының  басынан  өтіп  жатқан 

жаһандану үрдістері мен сынақтары өзімен бірге не әкелді? Оның қояр талабы не? Бұл сұрақ еліміздің 

білім беру саласында еңбек етіп жүрген кез-келген мұғалімді ойландыратыны анық. 

Әлемдегі өркениетті дамыған мемлекеттер өзінің даму сатысының бір кезеңін аяқтап, «жаһандық 

ортақ  білім  санасы»  деген  жаңа  бағытқа  бет  бұрып  барады.  Қай  елде  жүйелі  білім  берілсе,  сол 

елдің даму қарқыны ерекше болмақшы. Оны өркениетті елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Бүгінгі білім беру жүйесі бүкіл дүниежүзі деңгейінде қоғамдық дамудың негізін құрайтын ба-

сты тетіктердің біріне айналды. Осыған орай, еліміздің басты бағыттарының бірі-қазіргі ғылым мен 

білімді барынша дамыту болып отыр. Еліміздің экономикалық даму қарқыны жоғары болған сай-

ын, ғылым мен өндірісті ұштастыру, ғылыми-техникалық даму үшін оқу сапасының төмендігі әсер 

етуде. Оқу сапасы әлемдік стандарттар талабына сәйкес келмейді және білім беру жүйесі әлемде 

болып жатқан өзгерістермен үндеспей жатыр. Сондықтан, еліміздегі қазіргі кездегі барлық салада 

жүріп жатқан қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның 

ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды 

түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесі білім берудің 

мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.

Білім берудің қазіргі уақыттағы негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу 

ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу

талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру бо-

лып табылады. Аталған мәселелер бүгінде бізде, немесе посткеңестік елдерде ғана емес,батыстың 

алдыңғы қатарлы дамыған елдерінде де өзекті болып отырғаны белгілі. Зерттеушілер мұны қазіргі 

экономиканың  түрі  өзгеруінен  туған  заңдылық  деп  түсіндіреді.  Осыған  орай,  инновациялық 

үдеріспен бірге өрлеп келе жатқан білімділікке сұраныс экономикалық дамудың жаңа факторы 

ретінде қалыптасуда. Бұл экономика әлемде білімділік экономикасы деп аталуда [2]. 

Еуропаның табысты болуының негізі-білімділік экономикасына тікелей байланысты екендігін 

көптеген талдаулар дәлелдейді. Сондықтанда Қазақстандағы білім беру реформалары білімділік 

экономикасының дамуына қарай бағытталуда.

Қазақстандағы жоғары білім жүйесі 2010 жылдың маусым айында Еуропалық несиелік жүйеге 

/ECTS/ енді және Еуропалық білім стандартының 40 модулін оқу жоспарына ендіріп отыр. Білім 

беру жүйесінің несиелік технологияға көшуіндегі басты мақсат – Қазақстан білім жүйесін әлемдік 

білім  кеңістігіне  кіріктіру.  Сонымен  бірге  Қазақстандағы  орта  білім  беру  жүйесін  12  жылдық 

мектеп  жүйесіне  көшуі  бүгінгі  әлемдік  білім  кеңістігіне  енудің  бірден  бір  жолы  болып  табыла-

ды. Еуропалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім беру жүйесі 12 жылдық білім 

беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Егер кейбір елдерде орта білім беру 12 жылдан кем болса, 

онда білімді жоғары білім беру жүйесінде толықтыру қажет [7].

Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  білім  берудің  жаңа  сапасына  қол  жеткізу  12  жылдық  жал-

пы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырба-

сталуын, бейіндік оқытуды, үш тілді қатар үйрену, ғылым мен техника тілін меңгеру, жаһандық 


286

экономикалық  үрдістермен  өзге  елдердің  құқықтарын  білуді  талап  етуде  және  Қазақстан  2015 

жылы 12 жылдық білім беру жүйесіне енеді деп жоспарлануда [8]. 

Міне осындай белгіленген талаптарды жүзеге асыру үшін біздің мектептерге жай оқытушылар 

тобы емес, жаңа формациядағы жаңашыл мұғалімдер керек.12 жылдық орта білім беруге көшуге 

байланысты  Қазақстан  үшін  білім  берудің  мақсаттары  бірнеше  ауқымдағы  біліктіліктерден 

құралады. Кейінгі кезде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне педагогикалық инновациялық 

технологияларды  енгізіп,  тарату  мәселесін  қарастыра  отырып,  жаңа  формациядағы  мұғалімнің 

ғылыми  ізденіс  мәдениетімен  қарулануы  керектігін  айтады.  Авторлардың  көбі  педагогикалық 

инновацияның негізгі міндеті – енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу, таңдау деп санай-

ды.  Енгізіліп  отырған  жаңа  әдістің  ерекше  жағын  көре  білуі,  түсіне  білуі  кез-келген  мұғалімнің 

білімділігі мен біліктілігінде.

Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  Заңында  оқыту  формасын,  әдісін,  технологияла-

рын  таңдауда  көпнұсқалылық  қағидасы  бекітілген.  Яғни,  мұғалімге  өзіне  оңтайлы  нұсқаны 

қолдануға, педогогикалық процесті кез-келген үлгімен пайдалануға, тіпті авторлық бағдарламасын 

пайдалануға да мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан менің өзіндік іс-тәжірибе технологиямдағы ең 

маңызды  мәселе  оқушылардың  өздігінен  білім  алуын  қалыптастыру  және  осы  арқылы  болашақ 

мамандығын дәл таңдап алуы көзделген. 

Белгілі  педагог  В.  Сухомлинский  оқыту  үлгісінің  үш  түрлі  құрамы  бар,  ол  ғылым-шеберлік-

өнер, мұғалімде осы үш қасиет болу керек, сонда ғана ол оқу-педагогикалық үрдістерді ойдағыдай 

меңгеріп, сабақтың үш мақсатын жүзеге асыра алады дейді. Осы үш құрамды негізге ала отырып, 

оқыту мен тәрбие берудегі іс-тәжірибе технологиямды үш кезеңде іске асырамын. Барлық кезеңдер 

бойынша зерттеу жұмыстары үнемі жаңарып, үздіксіз жүргізіледі. 

1 кезең «Ғылым» бөлімінде ғылыми-теориялық танысу, оқу, талдау.

2  кезең  «Шеберлік»  бөлімінде  педагогика-психологиялық  зерттеу  арқылы  таңдау,  топтау, 

бағыттау.

3 кезең «Өнер» бөлімінде интерактивті әдістерді қолдану арқылы нәтиже мен жетістікке жету. 

Қазіргі ғылыми-педагогикалық жаңарудың тетігі оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқытудың 

тиімді және нәтижелілігіне қол жеткізу деп білемін. Оқу-тәрбие ісіне педагогикалық инновациялық 

технологияларды енгізу, тарату үшін ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулануымыз өте қажет.

1  кезең  «Ғылым»  бөлімінде  ғылыми-тәжірибелік  конфренцияларға,  семинарлар  мен 

форумдарға қатысып, танысу, талдау, іздену арқылы өзіндік білім көтеру жоспарын іске асырамын. 

Мысалы, жыл сайын ағылшын тілін оқытуда ағылшын тілін үйрету теориясы мен тәжірибесінің 

соңғы жетістіктерінен тұратын ең танымал оқу курстарынан өтіп өз біліктілігімді артырып отыр-

дым. Республикалық, облыстық, қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға 

қатынасып, білім беруде енгізіліп отырған көптеген жаңа технологиялық әдістердің ғылыми тео-

риясымен таныса отырып, ғылыми тұрғыда салыстырмалы зерттеулер жүргіздім. Баспа беттеріне, 

ғылыми  жинақтарға  өзіндік  іс-тәжірибемнен  оқыту  мен  тәрбие  беруге  байланысты  мақалалар 

мен  ғылыми  баяндамалар  жарияладым.  2008-2009  оқу  жылынан  бастап  оқушылардың  ғылыми 

жұмыстарын ұйымдастыруда көптеген нәтижелерге қол жеткіздім.

2 кезең «Шеберлік» бөлімінде пәннің оқу-әдістемелік жүйесін жаңарту үшін, оқу мақсатында 

оқушы  дамуы  мен  тәрбиесіне  басымдық  берілуіне  орай,  қазіргі  заманғы  педагогика-психология 

ғылымының  ең  тиімді  зерттеу  әдістерімен  таныстым.  Оқыту  түрі  мен  әдістерді  топтау,  жіктеу, 

таңдау  арқылы  жаңаша  үлгідегі  сабақ  түрлерін  кімге,  қалай  қолдану  керектігін  анықтайтын 

дидактикалық,  методикалық,  педагогика-психологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жүргіздім.  Бұл 

жаңа  технологиялық  әдістермен  оқытудың  психологиялық  және  педагогикалық  негіздерін 

қалыптастыру  болып  табылады.  Оқу-тәрбие  процесінде  мұндай  жаңа  технологиялық  әдістерді 

қолдануды  дұрыс  басқару  мен  ұйымдастыру  үшін,  мұғалімге  психологиялық  білім  өте  қажет. 

Қазіргі заман жағдайында психология ғылымы әлемдік деңгейде бағаланып, ХХІ ғасыр психология 

ғасыры болады деген дәйекті деректер келтіріліп жатыр. Сол себепті ғылымның бұл саласы жаңа 

көрсеткіштермен дами түсіп, зерттеу аумағы, әдіс-тәсіл түрлері, байып келеді. Оқыту және тәрбие 

беру процестерін жеке адам ұйымдастырады және осы процестер жеке адамға бағытталған. Демек, 

біз басты назарымызды «жеке адам» және «іс-әрекет» деген ұғымдарға бағыттауымыз қажет. Жеке 

адамның қалыптасу заңдылықтарын білу мұғалім үшін объективті түрде педагогикалық мақсаттар 

қоюға және оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі жүргізуге өз жәрдемін тигізеді. Жеке адамды зерт-

теу  барысында  қабілетті  балалар  мен  үлгерімі  төмен  оқушылар  анықталып,  сынып  ұжымымен 

жаңаша жұмыс жүргізу жоспарланды. 

Жеке адамды психологиялық тұрғыдан бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады.

1-ші оның бағыты. Бағыт арқылы жеке адамның өмірлік позициясы, дүниеге көзқарасы, сенімі, 

талғамы, қажеттілігі, қызығуы анықталады.



287

2-ші  жеке  адамның  танымдық  психикалық  процестері.  Оған  жататындар:  зейін,  түйсік, 

қабылдау, ес, ерігі, ойлау, сезімі. Бұл адамның айналадағы дүниеге өзіне деген қатынасын, көңілін 

білдіріп, саналы және мақсатты түрде өз іс-әрекетін реттеуі.

3-ші жеке адамның темпераменті. Бұған адамның нерв процестерінің өту жылдамдығы, күші, 

тепе-теңдігі, мінез-құлқының табиғи ерекшеліктері жатады. 

4-ші жеке адамның қабілеті. Ол адамның бір іс-әрекетпен айналысу мүмкіндігін анықтайды.

Мұғалім  оқушыны  дамыту  үшін,  оны  барлық  қырынан  білуі  қажет.  Тек  сонда  ғана  мұғалім 

оқушының дамуын педагогикалық тұрғыдан дұрыс басқара алады деп ойлаймын. Жеке тұлғаның 

бағытын  анықтау  үшін  қажеттілігін,  қызығуын,  бейімділігін  бақылау  керек.  Себебі,  қажетсіну 

арқылы  оның  белсенділігі  туады  да,  ол  іс-әрекетке  итермелейді.  Қызығу  –адамның  бір  затты  не 

құбылысты білейін, көрейін деп ықылас қоюы. Қызығудың бір түрі бейімділік болып саналады. 

Бейімділік-жеке адамның нақтылы іс-әрекетке күшті ұмтылысы.

Оқу  материалдары  адам  психологиясына  зор  талап  қоятыны  белгілі.  Өйткені,  шындықтағы 

құбылыстардың  сыр-сипатын,  мән-жайын  ұғыну-өте  күрделі  әрекет.  Оқу  материалдарының 

мәнісіне бара алмай, оларды жай жаттап алу, оқушының өз бетінше пікір айтуға шорқақтығын, 

оқушыда  талдау,  жинақтау  тәсілдерінің  дамымағанын  көрсетеді.  Шәкірт  ойлануындағы  талдау 

тәсілінің қалыптасуына дұрыс көңіл бөлінсе, әр ұғымның мәнін,өзіндік ерекшелігін жете түсінеді. 

Сондай-ақ мұғалім сабақ беруде жинақтау тәсілін ойдағыдай пайдалануы керек. Сонда берілетін 

мағлұмат  бұрынғы  материалмен  дұрыс  байланысып,  түсінікті  болады.  Оқушыға  әр-нәрсені 

бір-бірімен  салыстырып,  талдатып,  жинақтатып,  дәлелдеткізіп  үйретсе  ғана  олардың  танымы 

мазмұнды болады. 

Баланың  еріктік  қасиеттерінің  дамуы  мен  іскерлік  деңгейін,  дара  даму  ерекшеліктерін  үнемі 

зерттеп отыру маңызды. Ол үшін жыл басында балалардың сабақ үлгерімін, сабақтағы іс-әрекетін, 

жеке  бас  қасиеттері  мен  мінез  құлқының  ерекшеліктерін,  танымдық  психикалық  қабілетін, 

темпераментін анықтайтын СММ карталары (сыныптың методикалық мінездемесі ) жасалынып, 

белгілі уақыттан кейін әр оқушының бағыты анықталады. Осы карта арқылы тағы да әсер етудің 

дараланған әдістерін қолдануға болады. Бұл әдістер белсенді топтағы оқушыларды анықтап, сы-

нып ұжымының ұйымшыл болуына көмек жасайды. Мұндағы міндет оқу әрекетіне деген баланың 

қызығуын жоғалтпау және төмендетпеу [12].

Әр  оқушыға  тән  қажеттілікті,  мотивті,  қызығуды  анықтап,  оларды  қалыптастырып  және 

басқара  білуге  үйрену  мақсатында,  қазіргі  жаңашыл  психологтардың  әр  түрлі  психологиялық 

тест әдістерін, ситуациялық тренинг әдістерін, сауалнамалар мен логикалық ойлауды қажет ететін 

әр  түрлі  сұрақтарын  пайдаланып,  мектеп  психологымен  бірлесе  отырып  методикалық  бақылау 

әдістерін дайындадым.

Оқушының іс-әрекетін, психологиялық тұрғыда анықтап алғаннан кейін оқу материалдарының 

мазмұнына, тақырыбына қарай мұғалімнің пайдалану технологияларын қолдану және соған сәйкес 

іс-әрекеттерді ұйымдастыру методикалық зерттеудің үшінші кезеңі- «Өнер» бөлімінде орындала-

ды. Әдістемелік тұрғыдан педагогикалық әрекет жайлы пікірден О. Анисимованың позициясына 

ерекше көңіл аудардым. Онда:

1.  Оқушы  әрекеті  мен  тұлғаны  басқаруды  жандандыратын  мұғалім  болғандықтан,  оның 

оқытудағы әрекетінің ұйымдастыру ұстанымдарын ашу міндеттеледі. 

2. Оқушының қабілеті әрекет барысында ғана өзгереді. Мұғалімнің басқарушылық әсері оқушы 

қабілетіне, оның әрекетіне әсер ету арқылы қозғау сала алады.

3. Әрекетті құру, қайта құрастыру педагогикалық қабілетінің сайлығына қарай іске аспақ. Егер 

педагогта  осындай  қабілет  болмаса,  ол  өзінің  педагогтік  қызметін  атқара  алмайды.  Сондықтан 

мұғалімнің оқытушылық шеберлігі әрекетті ұйымдастыру, мотивті кез-келген жағдайда өзгерту, 

қайта  құрастыру  шеберлігімен  бағаланады.  Және  оны  оқушыға  түсінікті,  қолайлы  түрде 

ұйымдастыра білуі қажет [12]. 

Мына жағдай ерекше есте болуы керек! 

1.  Оқушымен  қарым-қатынас  жасау.  Баланың  өзіндік  дамуына  әсер  ететін  күшті  фактор  ол 

қарым- қатынас жасау әрекеті. Оқыту үрдісі мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым- қатынаста, 

ынтымақтастық  жағдайда  болуын  керек  етеді.  Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  өзара  қарым-

қатынастың  дұрыс  байланыста  болмауы  бала  мен  қосымша  шығармашылық  жасауына  үлкен 

кедергісін  тигізеді.  Сондықтан  мұғалім  неғұрлым  шыдамды,  түсінігі  кең,  мейрімді  болуы  ке-

рек. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті биік деңгейде және айтқан әрбір сөзін анық, түсініктеп айтуы 

қажет. Ойды жеткізуде үлкен роль алатын сыртқы келбетімен мимикасы да келісті болуы шарт. 

Үнемі  мақтап,  мадақтауды,  рахмет  айтып  ризашылық  білдіріп  отыруы  тиіс.  Мұғалімнің  дұрыс 

қарым-қатынасының нәтижесінде оқушының таным белсенділігі артып, оқу үрдісіне деген дұрыс 

көзқарасы қалыптасады, шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашады. 



288

2. Пәнаралық байланысты іске асыру. Оқушының бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп 

қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажет. Адамның бағыттылығымен тәжірибесіне негіз болатын 

құраушының бірі-оның білімі. Алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы 

құралдардың  бірі-пәнаралық  байланысты  іске  асыру,  мұғалім  өз  пәнімен  ғана  шектелмей  басқа 

пәндер туралы білімі жеткілікті болуы керек. В. Скакун өз жұмысында пәнаралық байланысты:

 

–  зерделейтін оқу материалдары мазмұны бойынша



 

–  оқушыларда қалыптастырылатын жалпы іскерліктері бойынша; 

 

–  оқыту әдістерімен құралдары бойынша; 



 

–  оқушыларды  тәрбиелеу  мен  дамыту  әдістері  мен  құралдары  бойынша  деп  ажыратады. 

Мысалы:  Ағылшын  тілін  оқытуда  мектеп  пәндерінің  барлығымен  пәнаралық  байланы-

стар жасауға болады. Әсіресе тілді оқытудағы фонетика, морфология, лексика, синтаксис 

бөлімдерін,сөз  таптарының  жасалу  жолдарын,  оның  түрлерін  теориялық  түсіндіргенде 

қазақ тілімен, орыс тілімен салыстыра отырып оқыту өте тиімді. Сонымен қатар шетел тілі 

бағдарламасындағы «Ел тану» бөлімінде тарих, география, әдебиет, құқық пәндерімен бай-

ланыстыруды қажет етеді. Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттермен танысқанда геогра-

фия пәні мен тарихты білу өте маңызды [9]. 

3. Оқушыны бағалау әдісі. Қоғамның білім беруге қоятын талабы мен соған байланысты берілетін 

білім сапасының мәніне тәуелсіз бақылау мен бағалау барлық уақытта өзекті болып келеді. Әлемнің 

көптеген елдерінде оқушы білімін бағалау бойынша екі тенденция бар: 

1)  Оқушылардың  дайындық  деңгейін  бағалау  үшін  негіз  болып  табылатын  халықаралық 

және ұлттық стандарттарға бағдарлану. АҚШ, Австралияда және көптеген еуропалық ел-

дерде оқыту нәтижесінде оқушылардан күтілетін білім мен біліктерді анықтайтын нақты 

тұжырымдалған нұсқаулар бар. Сонымен бірге әлем елдерінде оқушылардың мобильділігін 

бейнелейтін  және  олардың  үлгерімін  салыстыруға  мүмкіндік  беретін  стандарттарды  бір 

ізге  салуға  ұмтылыстар  жасалуда.  Бұл  бағдарламалардың  басқалардан  айырмашылығы 

неде? Егер осыған дейінгі халықаралық бағалау «мектептік» білімге негізделсе, енді жаңа 

бағдарлама  бойынша  оқушының  «одан  тыс»  уақыттағы  іс-әрекеті  бағаланады.  Олар 

репродуктивті, дәстүрлі білім емес, үзіліссіз дамып отыратын қоғамда айналымға түсе ала-

тын білімге назар аударуда. Бұдан адам тәжірбиесіне деген ерекше қатынасты байқауға бо-

лады. Бұл тәсіл білім жүйесі тәжірбиесіне нақты бақылау жасап отыруға мүмкін береді. 

2)  Компотенттілікті  бағалауға  бағдарлану  және  дағдыларды  пайдалана  алу,  оқушылардан 

күтілетін  нәтижелерді  анықтау.  Қазіргі  уақытта  «үйрену  үшін»  бағалау  ұғымы,  бұрынғы 

«нәтижелерді  өлшеу  үшін  бағалау»  ұғымын  алмастырып  отыр.  Осы  тұрғыда  бағалау 

жүйесінің  обьективтілігі  мен  диагностикалық  маңыздылығын  арттыруға  көңіл  бөліну 

қажет.  Нәтижеге  бағдарланған  білім  беру  жағдайындағы  білім  нәтижелер  ретінде 

қарастырылатын  мақсаттар  жүйесі  екені  белгілі.  Бұл  мақсаттар  жоғарыда  айтып  кет-

кендей  мемлекеттік  деңгейде,  білім  салалары  деңгейінде,  пәндік  деңгейде  анықталады. 

Мұнда пән бойынша жинақталған білім,білік және дағдыларды әр түрлі жағдайда кешенді 

қолданудың табыстылығы өлшенеді. Ал әрбір күтілетін нәтижелер негізінде оқушылардың 

жетістіктері  бағаланады.  Болашақта  жаңа  техналогиялық  әдістерді  пайдалану  барысын-

да  жеке  тұлғаның,  өздігінен  дамуындағы  жетістіктер  мен  нәтижелерге  жетуге  іс-әрекетін 

бақылау  мен  бағалауда  стандартқа  сай  оқушы  еңбегін  бағалаудың  рейтингтік  жүйесін 

құрастыру өте қажет. Ол үшін әлем елдерінің PISA,TIMSS сияқты білім беру жүйелерінің 

нақты жетістіктерінің салыстырмалы талдау жүйесімен танысып, соларды басшылыққа ала 

отырып бағалаудың ұлттық жүйесін жоспарлауымыз керек [13]. 

Қорытындылай  келе,  оқушы-  ізденуші,  ойланушы,өз  ойын  дәлелдеуші  болады.  Топпен  және 

өзі жеке, мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады. Өз жолдастарының пікірлерімен са-

наса отырып, өткір сындарды тыңдайды және одан тиісті қорытынды жасайды. Ал, мұғалім-осы 

әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші роль атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет