Әдебиеттер тізімі
1. Тұрлығұлов Т. Қоғамдық пәнедерді оқытудың кейбір әдіснамалық мәселелері. «Қазақстан мектебі»
журналы. 2011 жыл. №3. 24-28-б.
2. Байтұрсынов А. А. Бес томдық шығармалар жинағы: Бірінші том. Алматы: «Жібек жолы» баспа
үйі, 2002. 208- б.
3. Алексашина И. Ю. Интегративная функция обучения / И. Ю. Алексашина, Н. С. Антонов. М.:
Просвещение, 1985. 304-б.
4. Ахуидов М. Д. Интегративные науки и системные исследования / М. Д. Ахуидов, В. И. Борисов В.
С., Тюхтин // Синтез современного научного знания под ред. В. А. Абрамцумян. М.: Наука, 1973.
498 – 521-б.
5. Горячева Р. Н. Интегрированный урок истории: Учебно-методическое пособие. / Р. Н. Горячева.
Самара, 2002. 90-б.
6. Кошкина И. В. Интеграция предметно-содержательной информации педагогических дисциплин
на модульной основе: дис. канд. пед. наук: 13.00.01 / И. В. Кошкина. Саратов, 1998. 175-б.
271
МҰҒАЛІМНІҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕГІ ТИІМДІ
ЖОЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Медеубаева О.
Қ. И. Сәтбаев атындағы №216 орта мектебі
Әйтеке би кенті Қызылорда облысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Қазіргі білім жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман даярлау керектігін, жаңа формациядағы
мұғалімнің жұмыс істеу мүмкіндігі айқын көрсетілген. Соның ішінде бастауыш сыныпта оқушы тұлғасы мен
сапасын арттыруды дамыта оқыту, әр баланың қабілетін аша отырып оқыту айқын көрсетілген. Дарындылық
пен қабілеттіліктің не екенін, оқушы дарындылығын анықтайтын тиімді әдістерді пайдалану, сабақтан тыс
тәрбие жұмыстарын пайдалану ұсынылған.
Аннотация
Цель современной системы образования – подготовить конкурентноспособного специалиста, повышение ка-
чества знаний учащихся начальных классов, содействие развивающему обучению. Что представляет собой одарен-
ность и способность? Особенности использования необходимых методов для выявления одаренности учащихся
при проведении внеклассных, воспитательных работ раскрыты в данной статье.
Abstract
The aim of modern system of education to prepare competitive specialist, namely, to enlarge the quality of knowledge of
the students of primary school, to promote developing teaching. What is the talent and ability? Use the correct methods for
identifying gifted students in extra-curricular, pedagogical work.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін
жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды
өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен [3]. Елбасымыз
Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін
заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең
ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің тех-
нологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл
педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта,
оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты
түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай
таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін
адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын
меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық
жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары
болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі [11].
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-
өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық – әдістемелік, әлеуметтік
тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген
ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың
кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге,
соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына
байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін
нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын,
272
дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және
кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың
жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынта-
ландыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен
«мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-
оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін
тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа
мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту
процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл
педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа
педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу таны-
мын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер
мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері
мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті
мәдениеті жоғары тұлғалық – дамытушылық функцияны атқарады [9]. Қазіргі заман адамның осы
құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес,
іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабар-
дар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім
шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б. Тұрғанбаева «... өзінің практикалық
әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар
деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық
дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы»
[11].
Қ. Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін
қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы
байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық
қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары
деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды [12].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет
әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты
өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХI ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты,
керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы
кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді [3]. Сондықтан
да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы
негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы
қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету
және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.
Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі
дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде:
«Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз
бұған жол бермеуі керек», – деген екен. ХХI ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын
арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту,
ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті. ХХІ ғасырдың жан-жақты
зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты на-
зарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі
тиіп отыр [10].
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды,
қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да,
қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, тал-
дау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың
басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері
әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
273
Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең
жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен
жүзеге асады [11].
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол
себебті, Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының
оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында
оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды
үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық,
ұйымшылдық, бір – бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі
мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен
қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту [4]. Мұғалім сабақта әдіс – тісілдерді пай-
далана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне
деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ
оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып
оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың
ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды ойлап,
оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті [2].
Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы
дамуының жоғары сатысы», – деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы
жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-
әрекет жақсарады [5].
Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді.
Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты болып,
болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу өте қиын.
Бірақ сөйте тұра солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл
жұмыста жанұя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде
жүре бола ма? Олар тұқым қуалай ма, жоқ па? Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мүмкін
бе? Оған қалай жетуге болады? «Қабілеттілік деп – белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге
мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері айтылады». Қабілеттілік жал-
пы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты
болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т. б. қасиеттерінен
көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге
мүмкіндік жасайды [1].
Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипат-
тайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б. Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім
бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т. б.)
қабілетін сипаттайды.
Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланы-
сты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:
• Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
• Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
• Игерілген нәтижелерді бақылау.
Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның
шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Дарынды
баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мек-
тепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады
және дамиды [11].
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін
ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді.
«Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы
қалыптасатын қасиет». Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады.
«Бұлақ көрсең көзін аш» – дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту
көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект»
оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, да-
мыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек [7].
Дарындылық
пен
қабілеттіліктің
не
екенін,оқушы
дарындылығын
анықтайтын
психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды
оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады [12].
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің
қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп
274
оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың
дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін oқушының
дарындылығын анықтап,дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен
міндеттерді қоюы керек.
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға
өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-
тәжірибелерінде пайдаланса өз өнімді нәтиже алмақ.
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударула-
ры керек:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау
жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін
арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға – пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға,
интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл
бойы жоспарлы жүргізуге;
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып,
оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;
Ал енді бұл мақсаттармен міндетттердің нәтижесі дарынды оқушымен жұмыстағы өткізілетін пән
олимпиада жетістіктерінен байқалатыны белгілі. Ғалымдардың айтуынша, жалпы адамның қолынан
келмейтiн нәрсе жоқ. Талпынсаң вундеркинд болу да, полиглот болу да өз қолыңда. Дарындылықты
қалыптастыруға болады. Ой еңбегiмен жиi шұғылдансаң, данышпандықтың да ауылы алыс емес.
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі
тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін
ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының
міндеті.
Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-
қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн
тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын
қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана,
отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар дегенiмiз – бұл қазiргi уақытта жеке
тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi.
Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi,
ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды.
Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы,
адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары
құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi [11].
Адамның даму үдерісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Тұлғаның құндылық бағдар жүйесi «адамның
өмiрлiк әлемi», «әлемнiң бейнесi», әлеуметтiк ортаның iшкi нұсқаулары, нормалары, уәждемелік
қажеттiлiк өрiсi, адам белсендiлiгiнiң негiзгi реттеушiсi болып табылады. Құндылық бағдар сананың
негізін құрайды, дүниетанымдық көзқарастарына әсер етеді, өзгермелі саяси-экономикалық
жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, уәждемені реттейді, тұлғаның іс-әрекетін
бағыттап, адам өмірінің мінез-құлықтық құрамдас бөлігін анықтайды. Осылайша, құндылық
бағдар негіз құраушы, тұрақтандырушы, реттеуші, бағыттаушы қызметтер атқарады. Құндылықтар
қоғамдық қатынастарды реттейді, оның дәстүрлері мен нормаларының қызмет етуін қамтамасыз
етеді, қоғам үшін аса үлкен маңызға ие. Құндылықтар құрамына күнделікті қалыптасқан нормалар-
мен бірге, ерекше жоғары мәнге ие болған талаптар да енеді және олар әрбір мемлекет үшін маңызды.
Олардың негізінде жеке тұлғаның әлеуметтену үдерісі жүреді, оның тәлім-тәрбиесі, өмірдегі орны,
мақсаттары мен міндеттері қалыптасады. Себебі, құндылықтар әлемі – сөздің кең мағнасында
мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлық өлшемін білдіріп, оның
275
адамгершілік санасын, басымдылықтарын анықтайды. Құндылықтар адам болмысының әр түрлі
формаларына деген қатынасын білдіретін адамзат мәдениеті болуымен ерекшеленеді [9].
Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі білім
қазығы –бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге асыру-
да әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Қазіргі заман талабына бейімделген
шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды: «Жеке тұлғаға
бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру», –
деп атадық.
Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс:
1. Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;
2. Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
3. Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу,
соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
4. Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық
белсенділігін арттыру.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен мынадай зерттеу
жұмыстары жүргізілді:
1. Сауалнама
2. Тест: психологиялық, пәндік
3. Кесім алу
4. Бақылау жұмысы
Бұл күнделікті бағдарламаны меңгеруде қиындықтар туғызатынын байқай бастадық. Сол себепті
жаңашыл-ұстаздардың озық іс-тәжірибелермен қатар, СТО стратегияларын сабақта және сабақтан
тыс уақыттарда пайдалануға бет бұрдық. Мәселен, кітапханашымен байланыс жасай отырып,
оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттырдық, әр сабақта тіл дамыту жұмыстары жа-
салды, яғни 4 шумақты өлеңдерді жаттауға ұсындық. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін
арттыруда әр сабақ мазмұнына сәйкес суреттер салу, диафильмдер жасау, ребус, сөзжұмбақ
құрастыруды дағдыға айналдырып отырдық [7]. Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру
бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде
іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны [8].
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады,
сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шартта-
ры философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан
зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялар-
дан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады [11].
Достарыңызбен бөлісу: |