Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет47/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72

References

1. Brigitte Achermann, Keith Sprague, Kathy Staufer, CLIL and task-based learning at upper primary level 

(10-13 years old) //Young learners and the content and Language Integrated Learning (CLIL) continuum 

/ British Library cataloguing in Publication Data, 2006, p. 71- 76

2. Adam Simpson, Task Based Learning

3. Task-based language learning, 

   -http://en.wikipedia.org/wiki/Task-based_language_learning (14.10.2013)

4. Principles of Communicative Language Teaching and Task-Based Instruction,

   - www.pearsonhighered.com/samplechapter/0131579061.pdf (14.10.2013)

5.  Jane  Willis,  Task-based  Language  Teaching:  from  meaning  to  form,  Honorary  Visiting  Fellow, Aston 

University, The Languages Show Olympia, 31October, 2009

«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ» КУРСЫН МЕКТЕПКЕ 

ЕНГІЗУ 

Назаров Е. А., Шарипова А. Ж.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 

Қызылорда қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл мақалада Қызылорда облысын көгалдандырудың өзектілігі, оқушыларды көгалдандыру жұмысына тарту 

үшін мектепке арнайы курс енгізудің маңыздылығы, бағдарлама мазмұны қарастырылады.

Аннотация

В данной статье рассматривается актуальность озеленения Кызылординской области, значимость введения 

специальных курсов в школе для интереса учеников к работе озеленения и содержание программы данных курсов.

Abstract

This article considered the relevance of gardening of kyzylorda region, urgency introduction of special courses at school 

for interest of pupils to work of gardening and the content.

Қазақстан  аумағының  3,8  %-ын  орманды  жер  алып  жатыр.  «Қазақстан  –  2030»  стратегиясында 

бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған. Осыған сәйкес, Қызылорда облысында облыс 

әкімдігінің бастамасымен «Жасыл белдеу» бағдарламасы әзірленді. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына 

орай ұйымдастырылған бағдарлама қала маңын, елді мекендерді көркейту-көгалдандыру мақсатында 

қолға алынған. Ол 2014 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. 

Күнен  күнге  жаңа  құрлыс  нысандары  артып  отырған  қаламызда  көгалдандыру  проблемасын 

өзекті болып отыр. Эстетикалық жағынан басқа, бұл қаланың микроклиматы мен ластану деңгейіне 

де айтарлықтай әсер етеді. Ғалымдар анықтап отырған жағдай, ауылдық жерлерге қарағанда қалалық 

жердің температурасы орташа мөлшерде 7oC жоғары, ал ылғалдылық айтарлықтай төмен болады. 

Шаңды және автокөліктен бөлінетін газдарды тұтып қалатын перденің түзілуіне себепші болатын 

асфальттың және көпқабатты бетонды үйлердің қабырғалары мен шатырларының әсерінен ауа қатты 

қызады.  Миллиондаған  кондиционерлер  офистардың,  кафе  мен  дүкендердің  ауасын  салқындата 

отырып,  электроэнергияның  көп  мөлшерін  жұмсайды,  алайда  сырттағы  ауаны  қыздыруға  ықпал 

етеді. Тұйық шеңбер құрайды. Зәулім-зәулім ғимараттар күннен-күнге артып, парктерге, бақтарға аз 

орын арналып отырған бүгінгі қаланың эстетикалық сипатын да ұмытпау керек. Бұл проблема шет 

елдерде көгалдандырудың түрлі әдістерінің көмегімен шешіледі. Көгалдандырудың дәстүрлі және 

дәстүрлі емес әдістері бар.

Көгалдандырудың  дәстүрлі  әдістеріне:  парктер,  бақтар,  скверлер,  бульварлар,  газондар  жата-

ды. Парк дегеніміз қала, село халқының дем алуы үшін арнайы бөлінген аймақ. Практі салу кезінде 

ол  жерлердегі  бұрынан  өсіп  тұрған  табиғи  өсімдіктер,  көлшіктер,  жердің  рельефі  толығымен 



303

немесе жарым жартылай өзгертіледі. Пракке көрік беру үшін оған сәндік ағаштар, гүлді өсімдіктердің 

көптеген түрлері, экзотикалық және жергілікті тұқымдар барынша мол отырғызылады. Гигеналық 

және эстетикалық тұрғыда мән беру үшін әртүрлі инженерлік жұмыстар жүргізіледі. 

Облысымыздың  көркейуі,  көгалдануы  өркениетіміздің  басты  өлшемдерінің  бірі.  Оның  тиімді 

іске асырылуы екі ұстанымға негізделеді. Біріншіден, көгалдандыру мекемелерінің заңды құқығын 

қамтамасыз  етуге  бағытталған  нақтылы,  әрі  тиімді  шаралардың  қолданылуы  үшін  мемлекеттік 

құжаттардың, екіншіден, өзінің тіршілік ортасын көгалдандыруға, сауықтыруға әр адамның өзінің 

мүдделі болуы. 

Өсімдіктерді мәденилендірудің нәтижелерін болжау мәселесі, өсімдіктерді көгалдандыру теори-

ясы, әдістемесі мен практикасында басты орын алады. Әсіресе өсімдіктердің жаңа жағдайларындағы 

талаптарын  болжау  жұмыстарының  шешімі,  көгалдандыруға  жататын  өсімдіктердің  түрін  тиімді 

таңдаудан басталады. Оның шешімінің табыстылығы негізнен оның өзіндік құнына, тиімділігі мен 

көгалдандырудың жүзеге тез асуына байланысты. 

Бүгінгі  уақытта  көгалдандыру  нәтижелерінің  болжам  проблемасын  шешудің  екі  тұжырымдық 

жолдары бар: экстрополяциялық және интерполяциялық.



Экстрополяциялық  болжам  өсімдіктердің  сол  немесе  басқа  түрін  мәденилендіру  мүмкіншілігі 

орналасқан орны үшін орындалады, өзіндік экологиялық сипатына қарай жаратылыстан тыс немесе 

түрдің игерілген мәдени ареалында тұрады.

Интерполяция жолымен тіршілік ету түрдің тіршілік ету жағдайлары мен мінез құлқын болжай-

ды, бұрынырақ зерттелгендердің арасындағы аралық сипат болып келеді.

Көгалдандырудағы  болжамдық  шешімдердің  қалыптасуы  экстрополяциялық  әдістердің  да-

муынан  басталады. Ботаникалық географияның  негізін  салушы А. Гумбольт (1817) өсімдікті басқа 

ауданға ойдағыдай көшіру үшін ең алдымен климаттық факторды, оның ішінде ең бірінші темпера-

тура мен вегетация кезеңіндегі өсімдіктің алатын температура жиынтығын ескеру қажеттілігі жөнінде 

тұжырым жасады. Оның тұжырымы бойынша, көгалдандырудағы сәттілік жаңа орындағы қолайлы 

температура жиынтығы өсімдіктің өз отанынан төмен болмаған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі [1].

А.  Декандоль  (1839)  көгалдандырудағы  табысты  нәтижені  болжауда  өсімдіктің  алғашқы 

дамуындағы қажетті температура жиынтығын есептеу керек деп тұжырымдады [1].

А. Н. Краснов (1899) көгалдандыру үшін түрлерді таңдауда географиялық жағдайлардың бүкіл 

кешенінің (климаты, өсімдік жамылығысы, топырағы, жануарлар дүниесі) ұқсастығы негізін ескеруді 

ұсынды [2].

Қ. Балтаев, Т. Бурсова (1979) Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандыру үшін түрлерді 

таңдағанда өсімдіктің тек сәндік қасиеттерін ғана ескеріп қоймай, сонымен қатар тамыр жүйесінің 

топырақтың  гентикалық  горизонтына  таралу  сипатын,  өсімдіктің,  топырақтың  тұздануымен  жер 

асты суының жақындығана төзімділігін ескеруді ұсынды.

Дендрологар  аймақты  көгалдандыруды  болжауда  ғылыми  әдістемелік  негізі  ретінде 

флорогенетикалық әдіс, сонымен қатар Майердің (Проскуряков, Рубаник 1986) климаттық аналог-

тар әдісін қолданады. Өз уақытында бұл әдістер оң нәтиже берді. Дегенмен, дәйекті мәліметтер мен 

әдістемелік талдау нәтижелерінің көптеп жинақталғанына қарамастан, қазіргі уақытта бұл бағытта 

жаңа көзқарастар, жаңа ұсыныстар мен жобалар ұсынылып отыр.

Қазақстанның  ботаникалық  бақтарындағы  дендрологтар  көгалдандырудағы  ассортимент-

тер  ұсыныстарды  талдады.  И.  О.  Байтулин  (1985,  1987)  Қазақстанның  қуаң  аймақтарында  ағаш 

өсімдіктерінің  интродукциясы  жұмысының  жарты  ғасырлық  нәтижесінің  талдауы  барысында 

фитоклиматтық аналогтар әдісі негізінде ағаш әсіресе қылқанды өсімдіктер мен бұталардың интро-

дукциясын жүргізу мүмкін еместігін көрсетті [3].

Қаланы  көгалдандыру  кезінде  ағаш,  бұталардың  фитонциттік  қасиеттерінде  ескеру  қажет. 

Көптеген  сауықтандыру  жүйелерінде  ең  басты  ауаға  көңіл  бөледі.  Ауа  тек  қана  физиологиялық 

үдерісті  күшті  реттеуші  қосылыс,  немесе  ол  адамның  барлық  мүмкіншіліктерін  жүзеге  асыруға 

көмектеседі. Ауа организм үшін тіршілікке қажетті оттегі көзі есебінде маңызды болуымен қатар, 

жоғары  тыныс  жолдарында  рефлекстердің  (түшкіру,  есінеу)  пайда  болуына  да  себепші  фактор. 

Бәрімен қатар ауа ақпарат көзі болып табылады. Ауада болатын иістер адамның денсаулығына, пси-

хикасына, эмоциясына күшті әсер ететіні ғылымда дәлелдеген.

Жас  ұрпақтың  салауатты  өмір  салтын  ұстанып,  өз  тіршілік  ортасын  көгалдандыруға  үлес 

қосуға дайындығы – тәрбиеде «өмірге араласуға толық дайындалған», «өз бетінше әрекет ете ала-

тын» адам қалыптастыру (В. С. Шубинский атап көрсеткен) мақсатының орындалуындағы ең басты 

көрсеткіштерінің бірі деп білеміз.

Экологиялық білім және тәрбие беру мазмұны екі жағдайда жүзеге асырылуда: дәстүрлі және 

дәстүрлі емес. Бірінші (дәстүрлі) қатарға мектепке дейінгі, мектеп, мектептен тыс, кәсіби техникалық, 

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кезеңдерден тұратын білім беру жүйесі кіреді. Экологиялық 

білім  және  тәрбие  берудің  екінші  (дәстүрлі  емес)  қатары  ағартушылық  сипатқа  ие,  халықтың 


304

экологиялық саналылығын және мәдениетін қалыптастырады (ақпараттық баспа құралдары, діни 

қоғамдық ұйымдар, партиялар және т. б.).

Педагогика тарихынан белгілі, мәдениеттің жас ұрпақты «өз бетінше шешім қабылдап, әрекет 

ете  алуға»  тәрбиелеу  білім  мазмұнында  мәдениеттанымдық  қызметтің  дамуына  себепші  болды. 

Сондықтан,  бүгінгі  күні  білімнің  даму  көзі  –  мәдениет  болып  белгіленіп,  оқушы  –  оны  қабылдаушы 

және  оның  шығармашысы  тұрғысынан  тәрбиеленеді.  Мәселеге  осы  тұрғыдан  қарау  көгалдандыру 

тәжірибесін  мәдениеттің  бір  бөлігі  және  оның  құндылықтарына  қол  жеткізудің  құралы  ретінде 

қарастыруға негіз болады.

Орта білім мазмұнының тұжырымдамасында [4] білім мазмұнын тандап алудың қажетті шарты 

ретінде білім берудің максатын айқындау және оны нақтылау алынады және оның мынадай иерар-

хиясы берілген:

1) коғамның жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеуге қоятын әлеуметтік тапсырысы ретіндегі 

мемлекеттік мақсат;

2) оку жоспары мен оқыту бағдарламаларының құрылымында көрініс табатын оқушы сұранысы 

ретіндегі жалпы білім беру мақсаты;

3) жалпы  білім  беретін  пәндердің  мазмұны  арқылы  жүзеге  асырылатын  білім  беру  қызметі 

ретіндегі оқыту мақсаты.

Мұндағы бірінші максатты, яғни қоғамның білім беру жүйесіне қоятын әлеуметтік тапсырысын 

былай тұжырымдауға болады: болашақта қоғам өміріне араласатын бүгінгі оқушы мектепте алған 

білімін түрлі жағдаяттарды шешуге қолдана алуға кабілетті болуы керек.

Екінші мақсатты нақтылайтын болсақ, ол мектепте оқытылатын әрбір пән өз мазмұны арқылы 

оқушыға болашақ мамандығына кажет болатын білім элементтерін игертуі тиіс екенін білдіреді.

Ал  үшінші  мақсатқа  келсек,  онда  мектеп  оқушыдан  мемлекет  тарапынан  бекітілетін  реттеуші 

құжат – жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген талаптардың игерілуін талап ететінін 

көреміз. 

Орта білім беру тұжырымдамасының айқындап отырған үш мақсатының мазмұны, жас ұрпақты 

оқыта  отырып  жергілікті  жерді  көгалдандыру  шараларына  үлес  қосуға  тәрбиелеу  мүмкіндігін 

көрсетеді. Яғни, оқу жоспарының вариативті бөлігінің негізінде қолданбалы курстар ұйымдастыру. 

Қолданбалы курстар – оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік ком-

понент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды 

«қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін қызмет етеді. Қолданбалы курстар 

мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді. 

Мектептің жоғары сатысындағы оқу жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұны теориялық 

негіздерге сүйене отырып дайындалған жағдайда ғана мектеп бітірушілерді өз бетімен ізденіп білім 

алуға талпындырып, оларды алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді, ғылымның, өндірістің, 

өнердің белгілі бір саласында озық нәтижеге қол жеткізе алатын мамандықты тандауға бағыттайды. 

Осы жағдайларды ескере отырып, «Қызылорда облысын көгалдандыру жолдары» атты қолданбалы 

курсты енгізуді ұсына отырып, курс мазмұнын береміз.

«Қызылорда облысын көгалдандыру жолдары» курсы төмендегідей міндеттерді шешеді:

1.  Жергілікті жердің экологиялық жағдайы мен көгалдандыруда пайдаланылатын өсімдіктер 

жөніндегі білімдерін жетілдіру;

2.  Оқушыларда жасыл желкеті күтіп баптау біліктіліктері мен дағыдыларын тәрбиелеу;

3.  Өздерінің туған өлкелерінің табиғатына деген құндылықты қарым қатынастарын дамыту.

Бағдарлама оқушылардың практикалық бағдарлаушылық әрекеттерін дамытуға бағытталған, 12 

сағаттың 4 сағаты практикалық жұмысты орындауға бөлінген.

Бағдарлама мазмұны:

1. Кіріспе 

2. Жасыл желектің маңызы 

3. Көгалдандыру тәжірибесінің даму тарихы

4. Көгалдандыру жүйесі мен ұстанымдары

5. Қызылорда облысынің географиялық экологиялық ерекшеліктері

5.1 Қызылорда облысының экологиялық географиялық жағдайы

5.2 Қызылорда облысының геоэкологиялық зоналары мен аудандары

5.3 Жергілікті жердің географиялық экологиялық ерекшеліктерін анықтау

6. Қызылорда облысын көгалдандыруға ұсынылатын өсімдік түрлері

6.1 Ағаш өсімдіктер және оларды егу, күтіп баптау әдістері

6.2 Бұта тектес өсімдік түрлері және оларды егу, күтіп баптау әдістері

6.3 Гүлді өсімдік түрлері және оларды егу, күтіп баптау әдістері

6.4 Көгалдандыру жұмыстарын бағалаудағы негізгі көрсеткіштер

Қорытынды сабақ 


305

Қызылорда облысын көгалдандыру жұмысын жетілдіруде аймақтың географиялық, экологиялық-

климаттық,  шаруашылық  ерекшеліктеріне  және  көгалдандырылу  нысандарының  қызметтік 

міндетіне  сәйкес  анықтау  тиімді.  Облысты  көгалдандыруға  ағаш  текті  өсімдіктерден:  тораңғыл, 

шаған, ал көп жылдық гүлді өсімдіктерден: көгілдір гүлді құртқашаш (Касатик садовый), бұтақты 

қашқаргүл (астра), бақша түймедағы (ромашка), көпгүлді бақытгүл (хризонтема), күздік гелениум 

түрлерін пайдалану тиімді.

Әдебиеттер тізімі

1. Альтергот В. В., Физиологические основы интродукции природной флоры в Западной Сибири. 

Новосибирск. 1998.

2. Краснов А. Н., География растений. Харьков. 1999.

3. Байтулин И. О. Рубаник В. Г., Интродукция деревьев и кустарников в Казахстане. – Алматы. 1985.

4. Ашихмина Т. Я. Школьный экологический мониторинг. М.: Агар. 1991.



ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ БИОЛОГИЯДАН ПӘНДІК ОЛИМПИАДАҒА 

ДАЙЫНДАУ

Назарова Г. А., Ізбасарова Ж.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 

Қызылорда қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл мақалада дарынды балаларды биологиядан пәндік олимпиадаға дайындауда тапсырмалардың электронды 

базасын жасаудың маңыздылығы қарастырылған.

Аннотация

В данной статье обосновывается необходимость составления электронной базы к предметной олимпиаде по 

биологии для одаренных детей. 

Abstract

This article considers relevancy of preparation of test for the exceptional children during preparation of electronic base 

on biology. 

Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінің түрлі аясында болып жатқан өзгерістер, өскелең 

ұрпақты тәрбиелеу үдерісіне де өз әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасының қабылданған «Білім 

туралы»  Заңында:  «Жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  дене  мүмкіндіктерін  дамыту, 

адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  жеке  басының  дамуы 

үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісті байыту» басым міндеттер қатарына қойылады [1].

Шығармашылық  қабілет  –  өзінің  жаңашылдығымен,  өзгешелігімен  ерекшеленетін,  өнім  алуға 

мүмкіндік жасайтын жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы. Шығармашылық 

ұғымымен қатар дарындылық, талант деген ұғымдарда бар.

Дарындылық  немесе  талант  ұғымдары  өздерінің  мәні  бойынша,  белгілі  бір  әрекет  саласында 

ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейін білдіреді.

Дарынды  балалармен  жұмыс  жүйесінде  мұғалім  маңызды  орын  алады.  Оқушылардың 

дарындылығын анықтап, оларды дамыту мақсатында әр пән мұғалімі төмендегідей міндеттерді іске 

асыруы шарт:

1.  Дарынды  оқушының  ақыл  ойының,  эмоционалдық  және  әлеуметтік  дамуы  мен 

ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

2.  Жан-жақты ақпараттандыру;

3.  Коммуникативті бейімдеу;

4.  Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаның 

өзін өзі жарнамалауына көмек көрсету.



306

Дарынды  балаларды  анықтау  –  баланың  дамуын  таңдаумен  байланысты  ұзақ  процесс. 

Педагогикалық тәжірибеде дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдары қалыптасқан:

1.  Ғылыми-практикалық  конференция  (іздемпаздық  жұмыс,  зерттеу  жұмысы,  рефераттар 

қорғау, жоба қорғау);

2.  Пәндік үйірмелер;

3.  Пәндік олимпиадалар;

4.  Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікірсайыс) клубы;

5.  Шеберлер байқауы (ақындар айтысы және т. б.);

6.  Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру.

Осындай  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыруда  педагогтар  төмендегідей  мәселелерге  баса  назар 

аударады:

1.  Пән  сабақтарында  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларды  іріктеу,  орындау,  талдау 

жұмыстарын жүйелі жүргізуге;

2.  Дарынды  оқушылардың  білім  деңгейі  мен  олардың  өз  мүмкіндіктерін  пайдалану 

көрсеткіштерін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;

3.  Сабақтан  тыс  мезгілде  жүргізілетін  жұмыстарға  –  пәндік  олимпиадаға,  ғылыми 

конференцияға,  интеллектуалдық  турнилер  мен  шығармашылық  байқауларға  дайындық 

жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге

4.  Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, 

оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыруға.

Дарындылықты  дамытуда  пәндік  олимпиадалардың  алатын  орны  ерекше.  Пәндік 

олимпиадалардың маңыздылғының артуына байланысты оқушыларды олимпиадаға қатысуға дай-

ындау мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі десек болады. Алайда, «олимпиадаға қатысушы 

оқушыны» дайындау ең алдымен мұғалімнің дайындығанан басталады.

Биологиядан пәндік олимпиадаға оқушыны дайындауда мұғалімнің алдында бірнеше мәселелер 

туындайды, мысалы:

•  Ұсынылатын олимпиадалық тапсырмалардың жаңа формаларын зерттеп тану;

•  Олимпиадалық  кейбір  тапсырмаларды  (биологиялық  есептердің)  шешу  алгоритімін  білу 

қажеттігі;

•  Тапсырмалар жүйісі жинағының болмауы;

•  Тапсырманы оқуға, шешімін табу, оны тексеруге уақыттың тығыз болуы;

•  Оқушыларды олимпиадаға дайындық әрекетін дұрыс ұйымдастыруға үйрету және т. б.

Оқушыны  олимпиадаға  дайындауда  биологиялық  материалдарды  қайталау  бағдарламасын 

дұрыс құрастыруда ең маңызды шарттардың бірі. 

Біздің  тұжырымдауымызша,  мұғалім  биологиядан  пәндік  олимпиадаға  оқушыны  дайындауда 

ең алдымен олимпиадалық тапсырмалардың электронды базасын (қорын немесе жинағын) жасауы 

тиіс. Ол тапсырмалар мектеп бағдарламасының мазмұнына, яғни тақырыптарға сәйкес жүйеленіп 

жинақталғаны тиімді. 

Тақырыптық тапсырмаларды әртүрлі формада құрастыруға болады: тест, суреттермен жұмыс, 

логикалық тапсырма, кестемен жұмыс, биологиялық есептер және т. б. Білімді жүйелі тексеруге тест 

сұрақтарын дайындау мұғалімнің бағдардама мен оқулықтағы әрбір тақырыптарды мұқият талдап, 

соның негізінде міндетті түрде меңгерілетін ең маңызды деректерді, ұғым, заңдылықтарды ерекше 

бөліп көрсетуді талап етеді.

  Тест  тапсырмаларының  қандай  түрі  болмасын  сұрақ  не  тапсырма  ретінде  гөрі,  қайтарылған 

жауапқа байланысты ақиқат және жалған пікірге айналатын бекіту қорытынды ретінде құру қажет.

Биологиялық тест тапсырмаларының негізгі төрт түрі бар:

1.  Жабық тапсырма, мұнда оқушы ұсынылып отырған нұсқаулардан бір немесе бірнеше дұрыс 

жауабын таңдайды.

2.  Сәйкестікке тапсырма.

3.  Жүйелілікті дұрыс белгілеуге тапсырма (бірізділікке келтіру).

4.  Ашық тапсырма, мұнда оқушы жауапты өзі құрастырады.

Биологиялық тест тапсырмаларын құрастыру жұмысы тестің мақсатын анықтаудан басталады. 

Одан  соң  алынып  отырған  биологиялық  білім,  білік  элементтері  анықталып,  әр  түрлі  кезеңдерде 

биологиялық білім берудің жалпы және дара мақсаты мен деңгейі нақтыланады.

Биология пәні бойынша меңгерілетін білім, білік анықталған соң бағдарлама, тұрақты оқулықтар, 

сондай-ақ оқушылар биологиядан меңгеруге тиіс материалдар талданады. Бағдарлама мен оқулық 

мазмұнын белгіленген тақырып бойынша талдау нәтижесінде тексерілген және меңгеруге тиісті био-

логиядан  ең  қажетті,  негізгі  ұғымдар  таңдап  алынады.  Осы  ең  маңызды  биологиялық  ұғымдарды 

тексеруге арналған биологиялық тест тапсырмалары құрылады. 



307

Кейде  курстағы  әрбір  тақырыптың  салмағы  анықталған  соң  биологиялық  тест  типтері  не-

месе  қаңқасы  құрылады.  Жауабы  толықтырылатын,  ескерілетін,  балама  салыстырп  қаралатын, 

қиыстырылатын  т.  б.  тесті  жүргізу  арнайы  ережелерде  көрсетілгендей  белгілі  тәртіппен  іске 

асырылады.

Олимпиадаға  дайындық  тапсырмалардың  электронды  базасын  жасаудың  тағы  бір  тимділігі, 

оқушының өз бетінше дайындалуына ықпал етеді. Ол үшін әр тапсырманы орындап болғанан кейін 

оқушыға тапсырманың дұрыс жауабын негіздейтін мәліметтерді де қоса беру қажет. Ол оның мәнін 

түсінуге, есте сақтауына көмектеседі.

Биологиялық білімді дүниетаным жүйесіне енгізу үшін оны биологиялық таным ұстанымдарына 

бағдарлау  керек.  Бұл  ұстанымдар  мұғалімге  оқыту  мазмұнын  дұрыс  құрылымдауға  көмектеседі. 

Биологиялық  танымның  негізгі  ұстанымдарына:  детерменизм  (себептілік),  жүйелілік,  тарихилық 

(эволюциялық), редукционизм және кіріктіру жатады [2].

Детерминизм.  Детерменизм  ұстанымы  дүниенің  материалды  біртұтастылығы,  материяның 

өзбетінше  қозғалысы  және  құбылыстың  өзара  байланыстары  секілді  жалпы  философиялық 

ұстанымдарды  нақтылайды.  Детерменизм  себеп-салдар  қатынасы  арасында  маңызды  орынға  ие 

болатын әр түрлі формада жүзеге асырылатын құбылыс пен үдерістің арасындағы заңды байланы-

сты  мойындайды.  Америкалық  эволюцияны  танушы  әрі  биологияның  негізін  зерттеуші  Э.  Майр 

себептілік  ұстанымы  арқылы  өткен  оқиғаны  түсіндіріп,  болашақты  болжауға  және  болжамды 

түсіндіруге болады.

Редукционизм және кіріктіру. Тұтас организмді оның жеке бөліктері, элементтері (мүшелері, 

ұлпалары,  клеткалары)  арқылы  зерттеу,  зерттеудің  аналитикалық  әдісі  –  тірі  табиғатты  танудың 

заңды және қажетті жолы.

Алайда  жеке  элементтерді  зерттеу  барысында  олардың  бір  тұтастылығын  қамтамасыз  ететін 

арасындағы  байланыстарды  да  ұмытпауымыз  керек.  Тек  жеке  элементтердің  өзін  ғана  зерттеу-

ге әуестену зерттеушіні жалған тұжырым жасауға соқытырады.   Күрделі  жүйені  (организмді) 

қарапайым  бірліктердің  (клеткалардың)  қосындысына  жинақтау  –  редукционизм  (лат  тілінен 

аударғанда сведение– немесе жинақтау деген мағынаны береді) – таным объектісін бөліктерге бөліп 

зерттейтін эксперименттік, аналитикалық зерттеу әдісінің нәтижесі.

Биологиялық құрылымның жүйелілік сипаты, иерариялық құрылымдылығы ғылыми танымның 



кіріктіру ұстанымын айқындайды. Яғни алға жылжи келе күрделену нәтижесінде жаңа сапа, қасиет 

қалай жасалады деген сұрақтарға жауап іздей отырып, зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет