Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференция международная научно-практическая конференция



Pdf көрінісі
бет45/72
Дата13.02.2017
өлшемі4,05 Mb.
#4072
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72

Әдебиеттер тізімі

1. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан, 2003.

2. Назарбаев Н. Ә. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. Егеменді 

Қазақстан, 2006 жыл, 27 мамыр.

3. Әбдіманапов С. Ә. Елдік өркендеу және инновациялық даму. Егеменді Қазақстан, 2007.

4. Мамыров Н. Білімнің үздік деңгейі ел үміті. Егеменді Қазақстан, 2008.

5. Назарбаевтың Н. Ә. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне арналған лекциясы. 2009.

6. Құлсариева А. Еуразиялық өркениеттің диалогқа ашықтығы.// Егемен Қазақстан, 2007.

7. Жаһандық экономика және Қазақстан // БҰҰ. ХВҚ. 2007 жылғы сараптамасы.WWW.new@ kz.

8. Несиелік оқыту жүйесі. WWW.education.@ Ru.



289

9. Бондарева А. А. Жаңа технологиялық әдістер шетел тілі сабағында// Мектептегі шет тілі, 2007. №2.

10. Қасымбай Ә. Оқыту жүйесіндегі үлкен жаңалық//Қазақстан мұғалімі, 2006.

11. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы.

12.  Сағынтаева  Ж.  Оқытудың  психологиялық,  педагогикалық  негіздері//  Қазақстан  мектебі,  №5-6. 

2007.


13. Рысбеков Т. Білім беруді модернизациялау // Егемен Қазақстан, 2009 жыл 15 мамыр. 

14. Бахишева С. Адам капиталын қалыптастырудың негізі // Егемен Қазақстан, 2007.

15. Естенов Т. Бәсекелестік болашағы-білім мен тәрбиеде.// Егемен Қазақстан, 2009.

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ 

ТИІМДІЛІГІ

Мұхтарұлы Ғ.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қарағанды қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл  мақалада  тарих  пәнін  оқытудағы  қолданылып  жүрген  әдіс-тәсілдердің  тиімді  тұстарын  көрсетеді. 

Сонымен бірге әдіс-тәсілдерді талдау арқылы тиімділерін қолдануға ұсынады.

Аннотация

В статье рассматриваются наиболее приемлемые методы и приемы преподавания в процессе обучения, кото-

рые повышают качество преподавания предмета.

Abstract

This article states the advantages of methods which are used in teaching history and offers the best methods by analyzing.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге танытты және 

дәлелдеді. Ежелден еркіндік аңсаған ата-баба арманы шыңдыққа айналды. Туған елі мен жерінің, 

халқының  өткен  өмірі  мен  бүгінгі  тіршілігін,  ертеңгі  болашағын  оқытып-үйрету  әр  баланың 

Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, оның ой-өрісін дамытып, адал адамзат бо-

лып қалыптасуына тәрбиелейді. Тарих пәні жастарға еліміздің басынан өткізген сан қилы әртүрлі 

кезеңдерден қазіргі егемендікке қол жеткізген еліміз туралы бай мәліметтер береді. Ендеше осы 

бай мұрамызды жастарға жеткізу үшін тарих пәні мұғалімдері өз мамандығының шебері болуы 

тиіс. 

Ал мұғалімнің шеберлігі оның игерген әдіс-тәсілдерінің көптігі және тиімді қолдану алуымен 



өлшенеді. Ендігі тарихты оқытудың негізгі әдістері мен тәсілдері деп төмендегілерді айтуға болады:

 

–  Мұғалімнің ауызша баяндауы



 

–  Тарихи құжаттарды оқып-үйрену әдістері

 

–  Көркем тарихи әдебиеттерді пайдалану әдіс-тәсілдері



 

–  Оқушыларды дамыту және оларды дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру әдіс-тәсілдері

Бұл әдіс-тәсілдер сабақ үстінде бір-бірімен тығыз байланыста болады және мұғалім бір әдістен 

екіншісіне  ауысып  отырады.  Осы  жоғары  келтірілген  әдіс-тәсілдердің  топтамасына  толықрақ 

тоқталсақ  онда  неміс  педагогі  А.  Дистерверг  өзінің  әйгілі  «Неміс  мұғалімдерінің  білім  беру 

ісіне басшылық» атты еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім 

оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»,-деген. Міне, осындай оқытудың бірі ретінде 

интерактивті әдіс болып есептеледі. Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі сол оқушының 

өз  ойын  еркін,  жүйелі  айтуына,  ұйымшылдыққа  тәрбиелейді.  Әсіресе  табиғатынан  тұйық,  өз 

ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор. Сондықтан олар сабақта 

ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуіне сабақта жайлы да жағымды 

психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Интерактивті әдістерді қолдануда мұғалім 

кейбір ережелерді естен шығармауы абзал. 

 

–  Сынып оқушыларының барлығы сабаққа түгел қатыстырып, танымға жұмылдыру



 

–  Оқушыларды  психологиялық  тұрғыдан  дайындау.  Оқушыларды  жиі  мақтап,  қолпаштап 

отыру


290

 

–  Сынып талапқа сай болуы қажет



 

–  Әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет

 

–  Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау [1, с. 28]



Тарихты оқытуда оқушылардың креативтілік қабілетін дамыту қазіргі білім берудің негізі бо-

лып  табылады.  Сын  тұрғысынан  ойлау-креативті  тұлғаны  қалыптастырудың  бір  жолы.  СТО-ды 

дамыту  бағдарламасы-әлемнің  түкпір-түкпірінен  жиылған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі. 

Тәжірибені жүйеге келтіргендер – Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның 

негізінде Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты-барлық жастағы 

оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға 

саналы шешім қабылдауға сабақта үйрету. Сын тұрғысынан ойлау ұғымы белгілі бір идеяларды 

қабылдай  отырып,  оның  неге  қатысты  екенің  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы 

қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға 

сеніммен қарау. Бұл бағдарлама-үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.

 

–  Қызығушылықты ояту.



 

–  Мағынаны тану.

 

–  Рефлексия



Сабақта оқушы «нені біледі», «нені айта алады» деген мақсат қойып, «нені меңгере алады» деп 

міндет  қойылады.  Осы  арқылы  ойды  қозғау,  ояту,  ми  қыртысына  тітіркенгіш  арқылы  әсер  ету 

жүзеге  асады.  Осы  міндеттерге  жету  үшін  «Топтау»,  «Түртіп  алу»,  «Ойлану»,  «Жұптау  талдау», 

«Болжау» т. б. деген аттары бар әдістер жинақталған. Оқушы білетінін еске түсіреді, жазады, топта 

талдайды. Сөйлеу, ойлау, ортаға салу арқылы ойы ашылады [2, 21-б].

Бұл  жаңашыл  әдіс  мұғалім  мен  оқушылардың  өзіндік  дамуы,  қызметінің  еріктілігі  мен 

белсенділігінің артуына негізделген. Оқушының өзіне сыни тұрғыдан қарау түсінігін қалыптастырып, 

әрі қарай ойлауға күш салуымыз керек.

«Қызығушылықты ояту» кезеңі белгілі ғалым Выготскийдің «Ең алдымен бір әрекетке тарту үшін 

сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқолық жаса» деген көзқарасын 

нақтылап  тұр.  Тарих  сабағындағы  оқушының  «Мағынаны  тану»  кезеңіндегі  қызметі-мәтіндегі 

негізгі мәліметті анықтау,талдау,тақырпыты зерттеу, қорытындылау, проблеманы анықтау, тари-

хи деректерді салыстыру, жоба құру арқылы жүзеге аспақ. Мәселен, жаңа материалдағы мәліметті 

«Үш түрлі түсіндірмелі күнделік» стратегиясы арқылы талдап, «Дискуссиялық картаны» пайдала-

нып, өз беттерінше тұжырым жасайды [3, 23-б].

Сонымен бірге тарих сабағында жүргізілетін ойын өткен шаққа үлгінелетін оқытудың белсенді 

түрі болып табылады. Осылайша, оқушылар тарихи жағдайда «бастан өткереді». Ойын арқылы 

оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры байиды. Ойынның 

негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып, материалды берік меңгерту. Сондай-ақ ойын үстінде 

балалардың ойлау қабілеті,назары,байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі.

Педагогикалық  ойындардың  негізі  түрлері:  дидактикалық,  құрылымдық,  мазмұндық,  жас 

ерекшеліктеріне  байланысты  болып  бөлінеді.  Ойын  түрінде  оқытуды  көптеген  зерттеуші 

«болашақтың дидактикалық жүйесі» деп есептейді. Дидактикалық ойын-оқытудың басқа түрімен 

тығыз байланыста болатын педагогикалық мақсаты мен бағыты бар шығармашылық іс-әрекет. Ойын 

ешқашан білімнің мазмұны мен құнын төмендетпейді, қайта мазмұнын толықтыра түседі. Сабақ 

үрдісінде  пайдаланылатын  ойындар  мынадай  түрге  бөлінеді:  иммитациялық  (қимыл-қозғалыс); 

проблемалық  (тақырыптық);  сюжеттік  (драма,иницинировка);  ситуациялық;  шығармашылық; 

рольдік  (ережеге  бағынбайтын);  рольдік  (ережеге  бағынатын);  іскерлік  (басқару,экологиялық); 

ұжымдық  (командалық);  жарыс  сайыс  (топтық);  нәтиже  көрсету  ойыны,  т.  б.  болып  бөлінеді. 

Тағы  бір  ойын  сабағының  басты  түрі-дискуссиялық  ойын  сабағы.  Бұл  ойындар  әлемдік,отандық 

педагогикада  көзқарас  алмастыру  және  проблемаларды  шешуде  өзіндік  іздену  және  ғылыми 

көзқарастар  қалыптастырады.  Мұндай  ойындардың  түрлеріне  белгілі  педагог  М.  Кларин  мына-

ларды жатқызады:

«Дөңгелек үстел» – бұл белгілі бір оқушылар тобы қатысатын әңгімелесу.

«Форум» – бұл ойын пікірталас топ пен тыңдаушы сынып немесе аудиториямен өтеді.

«Симпозиум» – бұл пікірталас ойынында топ жетекшісі өз көзқарасын білдіріп, сынып алдында 

сөз сөйлейді және аудиторияның сұрақтарына жауап береді.

«Дебат» – қарама-қарсы екі команданың жарыссөзі арқылы бір проблеманы екі қырынан қорғау.

«Аквариум техникасы»-бұл техниканы екі жақты қарама-қайшылықты, конфликтіге толы ортақ 

көзқарас болмаған кезде ойналады.

Ал бұл ойындардың жүргізу әдістемесі төмендегідей 1) Ойынның мәні мен мазмұнын ашу; 2) 

Ойынның мақсатын анықтау; 3) Ойынның түрі мен формасын анықтап алу; 4) Ойын шартын жа-

сап,  түсіндіру;  5)  Ойын  ұйымдастыру  барысындағы  мұғалімнің  рөлі;  6)  Оқушының  іс-әрекеті;  7) 

Ойынды бақылап, қорытынды жасау [4, 32-б].



291

Тарихты  оқытуда  тарихи  мәліметтер  мен  құжаттарды  пайдаланудың  білімдік-тәрбиелік 

маңызы зор. Тарихи мәліметтер мен құжаттардан алынған материалдық деректер нақтылығымен, 

нанымдылығымен ерекшеленеді. Бұл тарихи құжаттарда белгілі бір кезеңдер мен дәуірлер бейнесі 

көрініс табады. Ал оқушылардың түпнұсқамен жұмыс істеуі тарихи білімді меңгерудің әсерлілігін 

күшейтеді,  әрі  тарихи  оқиға  не  құбылысқа  деген  сыни  көзқарастың  қалыптасуына  ықпалын 

тигізеді. Құжатты пайдаланғанда төмендегідей шарттарды ескерген жөн. Біріншіден, құжат мате-

риалы қысқа, түсінікті болуы; бейнелі, әсерлі үзінділерді іріктеу. Екіншіден, құжат оқушылардың 

тарихи  құбылысты  толыққанды  оқып  үйренуіне  көмектеседі.  Үшіншіден,  құжатты  пайдала-

ну қарастырылып отырған қоғамға сипаттама береді, сол дәуірдегі адамның өмірі мен тіршілігі, 

тұрмысы,  діни  нанымдары  мен  салт-дәстүрі  туралы  мол  дерек  бере  отырып,  оқушылардың 

шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  септігін  тигізеді.  Мұнда  оқушылардың  төмендегідей 

дағдылар қалыптасуына назар аударылады: түрлі деректерді салыстыру бағытын анықтау; қарама-

қай  шы  фактілер,  пікірлер,  бағалар,  көзқарастарды  табу;  шын,  ақиқат  мәліметті  іріктеп,  өз 

таңдауын дәлелдеу; қабылданбаған, жоққа шығарылған мәліметті сынау т. б. Құжатты, деректерді 

төмендегідей өлшемдер (критерийлері) бойынша іріктеу қажет:

 

–  Дерек оқушының түсінігін нақтылап, оларға сезімдік әсер етуі тиіс;



 

–  Бағдарламаға,  тақырыптардың  мазмұнына  сай,  онымен  тығыз  байланыста  болуы, 

оқушылардың дербес жұмыс істеу белсенділігін арттыруға бағытталуы қажет;

 

–  Мазмұны  мен  көлемі  жағынан  үйлесімді,  түсінікті,  ықшамды,  әрі  білімділік,тәрбиелік, 



дамытушылық жағынан маңызды, қажеттісін іріктеу;

 

–  Тарихи кезеңге сәйкестігі;



 

–  Тарихи оқиға,құбылыс, фактілердің баламалы қабылдауын қамтамасыз ету;

 

–  Оқушының танымдық дербестік әрекетін арттыру үшін мәліметтің барынша жеткіліктілігі, 



әдеби және ғылыми құндылықтардың толыққанды болуы;

 

–  Көп сырлы, әсерлі баяндалуы және тұрмыстық сюжеттік мазмұнды толық суреттеуі.



Сөйтіп,  оқушылар  алдымен  мұғалімнің  көмегімен,  кейін  түрлі  деректегі  әртүрлілік  пен 

сәйкестілікке  көзі  үйреніп,  шығармашылықпен  өзігінен  жұмыс  істеуге  үйренеді.  Сонымен  бірге 

оқушылардың назары мен белсенділігін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың образ-

ды ойлауын, шығармашылық қиялын арттырады, сөйтіп талданған құжаттың мазмұнына байла-

нысты оқушылардың бұрын алған түсініктері мен білімдерінің бүкіл кешені белсенділік жағдайына 

келтіріледі [5, 25-б].

Келесі  тарих  сабағына  оқушылардың  қызығушылығын,  ынтасын  арттыруда,  есте  жақсы 

сақтауында,  тарихи  материалды  әсерлі  әрі  түсінікті  оқып  үйретуде  көркем  әдебиетті,  хрестома-

тия,  тарихи  дастандар,  естеліктер,  анықтамалықтар,  фольклорлық,  этнографиялық,  мұрағаттық 

материалдардан  үзінді,  мұражайлар,  көрмелердің  мүмкіндіктерін  пайдаланған  тиімді.  Көркем 

әдеби  шығармаларында  көпшілік  жағдайда  тарихи  шыңдық  бейнеленеді,  оқушылардың  көз  ал-

дында  тарихи  оқиға,  ұлы  тұлғалар  бейнесінің  әсерлі  сипаттамасы  елестейді.  Мәселен,  осындай 

материалды сабақта таңдаған соң, орта ғасырдағы жәрмеңкеге бара жатқан шаруа, не қолөнерші 

туралы  әңгіме  құрастыр  деген  тапсырма  беру  оқушылардың  тарихи  кезең  туралы  нақты  және 

толық ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар көркем әдебиет шығармаларын сыни 

тұрғыдан бағалауға үйренеді, ондағы қандай оқиға шыңдық, ал қайсысы ойдан шығарылғанын тал-

дап көзі жеткен соң, өз ойын дәлелдеуге ұмтылады. Көркем әдебиетті пайдалану оқушылардың 

тарихтан білімдерін тереңдетуге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және ойлау қабілетін 

дамытуға көмектеседі. Мұғалім көркем әдебиеттің мазмұнымен жақсы таныс болуымен қатар одан 

ең маңыздыны таңдап алып, үзіндіні пайдаланып және жаңа материалмен ұштастыра білуі қажет. 

Сонымен қатар оқушылараға өздігінше көркем әдебиетті оқып келіп, ондағы ең маңыздыны таңдап, 

сол үзіндіні сабақта пайдаланып, оны талдау, оқушылардың ой-өрісін дамытуға елеулі үлес қосады. 

Оқушыларға бірқатар көркем туындылар әдебиет пәнінен белгілі болғандықтан, пәнаралық бай-

ланыс түрінде проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар қою арқылы естеріне түсіріп отырған да 

пайдалы [6, 4-б].

Дәстүрлі (жазба) деректермен қатар фото, аудио-бейне фильдер ретроспективті ақпараттарды 

жеткізеді,  осы  тұрғыдан  да,  шын  мәнінде,  оқиғаны,  құбылысты  тануда  басты  қызмет  атқарады. 

Тарихи дерек және әлеуметтік құбылыс ретінде кинофотодыбыстық құжаттар, біздің өткенімізді 

нақтылы  бағалауға,  көп  қырлы  жағдайларды  белгілеуге  өте  ыңғайлы.  Кинофотодыбыстық 

құжаттардың, басқа деректерге қарағанда, адамға эстетикалық және эмоционалдық тұрғыда әсер 

ете алатын күшке ие өзіндік ерекшеліктері. Бүгінгі таңда білім беруде қолданылып жүрген дәстүрлі 

сабақтар мен әдеттен тыс, яғни дәстүрлі емес сабақтардың барлық түрлеріне дерлік аудио-бейне 

материалдарды мұғалім шеберлігіне байланысты қолдануға болады [7, 17-б].

Қазіргі таңда әрбір педагог баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын 

болуы тиіс. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана 


292

жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың 

идеяларға негіздей білсе, жаңа педагогтардың саны арта түсері анық. Сөзімді XX ғасыр басында 

Жүсіпбек Аймауытовтың «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан табатын 

өнер» деген ойымен аяқтауды дұрыс көріп отырмын. 

Әдебиеттер тізімі

1.  Әбжаппарқызы М. Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

жолдары // Қазақстан тарихы. №2. 2012. 28-б. 

2.  Теміров Н. Оқушылардың креативтілік қабілетін дамытудағы негізі – оқытудың стандарттық емес 

әдіс-тәсілдерін қолдану // Қазақстан тарихы. №3. 2012. 21-б. 

3.  Баймулдина  А.  Тарих  сабағындағы  оқушы  мен  мұғалімнің  қызметі  және  өзіндік  ізденістері  // 

Қазақстан тарихы. №1. 2010. 23-б. 

4.  Жақиянова А. Тарих сабақтарында ойын технологияларын пайдалану // Қазақстан тарихы. №11. 

2012. 32-б.

5.  Әбдіғұлова Б. Қазақстан тарихын оқытуда түрлі құжаттарды пайдалану жолдары // Қазақстан та-

рихы. №5. 2009. 25-б.

6.  Әбдіғұлова Б. Тарихты оқытуда көркем әдебиеттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары // 

Қазақстан тарихы. №12. 2009. 4-б.

7.  Ахатова Л. Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияларды қоғамдық пәндерді оқытуда пай-

далану // Қазақстан тарихы. №8. 2012. 17-б. 

ИНТЕРАКТИВНЫЕ ФОРМЫ ОБУЧЕНИЯ 

КАК УСЛОВИЕ РАЗВИТИЯ КОМПЕТЕНТНОЙ ЛИЧНОСТИ УЧАЩИХСЯ

Мурзагалиева А. Е. 

филиал Центра педагогического мастерства 

АОО «Назарбаев Интеллектуальные Школы» в г. Костанай 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН 



Аңдатпа

Мақала «оқу білу» құзырлығын қалыптастыру мәселесіне арналған. Автор аталмыш құзырлықтың табы-

сты қалыптасуын оқыту техникасы және интербелсенді стратегиялар арқылы сипаттап көрсетеді.

Аннотация

Статья посвящена вопросу формирования компетенции «уметь учиться». Автор демонстрирует успешное 

формирование данной компетенции посредством техник и стратегий интерактивного обучения. 

Summary

The article focuses on the formation of competence «ability to learn». The author demonstrates the successful development 

of this competence through the techniques and strategies for interactive learning.

Социально-экономические, политические и культурные преобразования, происходящие в совре-

менном обществе, ставят перед системой образования новые, более сложные задачи. Сегодня нужны 

компетентные люди, которые способны принимать ответственные и взвешенные решения, осущест-

влять творческую деятельность, создавать условия для самореализации и самосовершенствования. 

Воспитание такой личности должно начинаться уже со школы [1]. 

Образованию отводится ключевая роль в духовно-нравственной консолидации современного об-

щества, его сплочении перед лицом внешних и внутренних вызовов, в укреплении социальной соли-

дарности, в повышении уровня доверия человека к жизни в собственном государстве, к согражданам, 

обществу, государству, настоящему и будущему своей страны [2, с.33-38].

Таким образом, в XXI веке изменяются цели и задачи образования, соответственно задача педаго-

га сегодня заключается не в суммировании знаний, а в вооружении учащегося инструментом, кото-

рый можно использовать для получения этих знаний самостоятельно [3, с.6]. 

Ожидаемые результаты процесса обучения учащегося заключаются в том, чтобы ученики научи-

лись тому, как учиться, и, в результате, могли стать независимыми, самомотивированными, увлечен-

ными, уверенными, ответственными учениками с развитым критическим мышлением, умеющими 



293

свободно общаться на русском, казахском и английском языках и проявляющими компетентность в 

цифровых технологиях.

В меняющемся мире, меняются требования к выпускнику школы. Современное общество выдви-

гает следующие требования: выпускник – должен обладать стремлением к самообразованию на про-

тяжении всей жизни, владеть новыми технологиями и понимать возможности их использования, 

уметь принимать самостоятельные решения, адаптироваться в социальной и будущей профессио-

нальной сфере, разрешать проблемы и работать в команде, быть готовым к перегрузкам, стрессовым 

ситуациям и уметь быстро из них выходить [4]. 

Введение понятия «компетенция» в нормативную и практическую составляющую образования 

обозначило проблему, когда ученики могут хорошо овладеть набором теоретических знаний, но ис-

пытывают значительные трудности в деятельности, требующей использования этих знаний для ре-

шения конкретных задач или проблемных ситуаций:

 

–  извлекать главное из прочитанного или прослушанного



 

–  точно формулировать свои мысли, высказываться по заданной теме, 

 

–   сотрудничать с другими при выполнении общего задания, 



 

–  планировать свои действия, оценивать полученный результат, 

 

–  предлагать различные варианты решения задачи и выбирать наилучший вариант, принимая 



во внимания различные – критерии,

 

–  самоорганизовываться и т. д.



Выпускник школы, обучение в которой нацелено сугубо на передачу знаний, оказывается не гото-

вым к самостоятельным и ответственным действиям в конкретных трудовых или учебных ситуациях 

и учению на протяжении жизни.

Чтобы воспитать компетентного выпускника необходимо применять интерактивные методы об-

учения и технологии развивающие, прежде всего, познавательную, коммуникативную и личностную 

активность нынешних школьников. 

Понятия «компетенция», «компетентность» и производное «компетентный» широко использова-

лись и ранее. Так, например, толковый словарь русского языка С. Ожегова определяет компетенцию 

как круг вопросов, явлений, в которых человек обладает авторитетностью, познанием, опытом [5]. 

Компетентным называют осведомленного, являющегося признанным знатоком в каком-нибудь во-

просе человека. Термин «компетентность» чаще используется для обозначения степени овладения 

индивидом компетенциями.

«Компетентность – новое качество субъекта деятельности, проявляющееся в способности систем-

ного применения знаний, умений, ценностных установок и позволяющее успешно разрешать раз-

личные  противоречия,  проблемы,  практические  задачи  в  социальном,  профессиональном  и  лич-

ностном контексте». Компетентность – объективный результат освоения компетенций конкретной 

личностью [6].

В «Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2005 – 2010 годы» 

впервые на государственном уровне предложено использовать для оценки качества содержания об-

разования современные ключевые компетенции, которые определены как система «универсальных 

знаний, умений, навыков, а также опыт самостоятельной деятельности и личной ответственности» 

[1]. 


Если посмотреть на требования современного казахстанского общества к выпускнику сегодняш-

ней школы через призму Европейской системы квалификации, то можно просто сказать, что доста-

точно сегодня учителям научить учиться наших учащихся. 

Таким образом становиться очевидным задача педагога сегодня, которая заключается не в сумми-

ровании знаний, а в вооружении учащегося инструментом, который можно использовать для полу-

чения этих знаний самостоятельно. Тогда как, весь «инструмент» учения у обучающегося находится 

в его саквояже-компетенции УМЕТЬ УЧИТЬСЯ [3, с.6]. 

Данная компетенция присутствует во всех педагогических концепциях, но, особое место ей отво-

дится в компетентностной педагогике и Европейской системе квалификации (2006 г.). 

В  Европейской  системе  квалификации  (2006),  которая  является  общим  знаменателем  образо-

вания  на  европейском  пространстве,  компетенция  УМЕНИЕ  УЧИТЬСЯ  представлена  следующим 

образом:


Определение:  «Умение  учиться»  –  это  способность  заниматься  и  упорствовать  в  учебе.  Люди 

должны  уметь  организовать  свое  обучение  при  помощи  эффективной  организации  времени  и 

управления индивидуально или в группах. Компетенция включает осознание собственного процесса 

обучения, потребностей, определение доступных возможностей, умение устранять препятствия для 

того, чтобы успешно учиться. Это означает приобретение, обработку и ассимиляцию новых знаний 

и умений, а также стремление. Умение учиться предлагает обучающимся опираться на предыдущее 



294

учение и жизненный опыт, чтобы использовать и применять знания и умения в различных ситуаци-

ях – дома, на работе, в образовании и воспитании (обучении) [8]. 

Умение учиться, прежде всего, требует приобретения таких основных умений, как грамотность, 

умение вычислять, которые необходимы для дальнейшего обучения. Опираясь на них, человек дол-

жен быть готов добывать, приобретать, обрабатывать и ассимилировать новые знания и умения. Это 

требует эффективного управления процессом обучения, и, в частности, способности упорно продол-

жать свое обучение, концентрироваться на длительный период и критически размышлять над целя-

ми и задачами обучения. Обучающиеся должны быть готовы к посвящению времени на самостоя-

тельное обучение, к самодисциплине, но также и к совместной работе как части процесса обучения, 

получая пользу от разносторонних групп; уметь поделиться тем, что они узнали. Они должны уметь 

оценивать свою работу, искать информацию. Развитие компетентной личности в учебной деятельно-

сти возможно с помощью различных способов и методов. По мнению ряда ученых (Д. И. Кавтарадзе, 

М. В. Кларин, A. B. Хуторской), большое значение в современной науке отводится интерактивным 

формам обучения, так как они ориентированы на активную совместную учебную деятельность, об-

щение, взаимодействие учителя и учащихся и позволяют выстроить образовательное пространство 

для развития компетентной личности. 

Анализ исследований по проблеме использования интерактивных форм обучения показывает, 

что проблема освоения и использования интерактивных методов обучения нашла отражение в ис-

следованиях А. Е. Авдюковой, Л. Н. Вавиловой, В. А. Вакуленко, Ю. Е. Водопьяновой, П. Д. Гаджиевой, 

В. В. Гузеева, Л. К. Гейхман, О. А. Голубковой, Т. Н. Добрыниной, В. К. Дьяченко, Е. В. Коротаевой, 

Д. С. Ермаковой, Д. Н. Кавтарадзе, С. Г. Корниенко, Е. В. Коротаевой, М. В. Кларина, Г. Б. Корнетова, 

Л. Н. Куликовой, Д. И. Латышиной, А. Г. Маджуга, Т. А. Мя-соед, В. В. Николиной, Т. С. Паниной, 

О. В. Петунина, И. Е. Уколовой, О. Н. Шевлюковой, С. А. Шмакова, Т. Л. Чепель, А. В. Хуторского и 

др.

В настоящее время понятие «интерактивные формы обучения» наполняется новым содержанием, 



приоритетная роль в нем отводится: взаимодействию (П. Д. Гаджиева, Д. И. Кавтарадзе, М. В. Кларин, 

Т. А. Мясоед, Б. Ц. Бадмаев); развитию навыков общения личности (Л. К. Гейхман, Л. В. Зарецкая, 

Д.  А.  Махотин);  развитию  и  осуществлению  социального  опыта  людей  (Л.  Н.  Куликова);  учебно-

педагогическому сотрудничеству между участниками образовательного процесса (Е. В. Коротаева, 

А. Ю. Прилепо, Н. Е. Щуркова и др.). 

В условиях систематической модернизации общества в целом возрастает необходимость развития 

у учащихся компетенции УМЕТЬ УЧИТЬСЯ, которая выделена в отдельную категорию в Европейская 

системе  квалификаций  (ЕСК),  представляющей  собой  рамочную  конструкцию,  осуществляющую 

сравнение и сопоставление национальных систем квалификаций. Развитие данной компетенции на-

прямую связано с применением интерактивных форм обучения, так как их характерным признаком 

является то, что они опираются не только на процессы восприятия, памяти, внимания, но, прежде 

всего, на творческое, продуктивное мышление, поведение, общение.

Одним  из  перспективных  направлений  в  плане  решения  этой  задачи  является  осуществление 

компетентностного подхода в образовании.

Это требует серьезных изменений в практике работы учителя. Компетентностный подход в обу-

чении может в полной мере реализовываться в рамках одного предмета, что позволит учащемуся ов-

ладеть и предметными и ключевыми компетенциями за один период времени. Компетенция явля-

ется сферой отношений, существующих между знанием и действием в практике, умением извлекать 

пользу из опыта, решать проблемы, раскрывать взаимосвязь прошлых и настоящих событий, уметь 

находить новые решения, а качество владения компетенцией или то, каким образом компетенция 

проявляется в деятельности, есть компетентность [7].

Одним из эффективных путей формирования компетенции «уметь учиться» является интерак-

тивное обучение.

Интерактивными  называются  методы  обучения,  осуществляемые  посредством  взаимодействия 

обучающихся в процессе обучения. Они позволяют на основе личного вклада каждого из участников 

процесса обучения в общее дело получить новые знания и организовать совместную деятельность от 

единичного взаимодействия к широкому сотрудничеству. В интерактивных методиках учащиеся об-

учают друг друга, их отличительная особенность состоит в их диалоговом характере. 

Подобные методики принципиально меняют схему коммуникации в учебном процессе. Учитель 

выступает в качестве организатора процесса обучения и консультанта. Он ни в коем случае не должен 

замыкать учебный процесс на себе. Главными в процессе обучения становятся связи между учащи-

мися, их взаимодействие и сотрудничество. Результаты обучения достигаются взаимными усилия-

ми участников процесса обучения, слушатели принимают взаимную ответственность за результаты 

обучения.



295

Интерактивные  методы  способствуют  интенсификации  процесса  обучения.  Они  позволяют 

учащимся:

1) сделать знания более доступными;

2) учиться формулировать собственное мнение, правильно выражать свои мысли, строить дока-

зательства своей точки зрения, уметь аргументировать свою точку зрения, вести дискуссию;

3) учиться слушать другого человека, уважать альтернативное мнение;

4) моделировать различные социальные ситуации и разрешать их совместными усилиями, обо-

гащать свой жизненный опыт (социальный, правовой) через включение в различные жизнен-

ные и правовые ситуации и переживание их;

5) учиться строить конструктивные отношения в группе, определять свое место в ней, избегать 

конфликтов, разрешать их, искать компромиссы, стремиться к диалогу;

6) анализировать учетную информацию, творчески подходить к учебному процессу;

7) развивать навыки проектной деятельности, самостоятельной работы, творческих работ.

Использование интерактивных методик позволяет реализовать идею сотрудничества обучающих 

и обучаемых, учит их конструктивному взаимодействию, способствует оздоровлению психологиче-

ского климата на занятии, создает доброжелательную обстановку.

Одной из распространенных разновидностей интерактивных методик являются групповые мето-

ды работы. Главной отличительной чертой групповой работы является то, что учащиеся действуют 

параллельно, общаются друг с другом, а не только с учителем. Такой метод обладает многими преи-

муществами. Если работа идет в группах, каждый ученик может занимать активную позицию в ком-

муникации существенно больше времени. Так, при работе в парах, каждый ученик может занимать 

активную позицию половину учебного времени. Одновременное (параллельное) общение – главное 

достоинство групповой работы.

Для того, чтобы научить учащихся учиться или для формирования компетенции «уметь учиться» 

учителем могут быть использованы следующие интерактивные формы: 

•  Круглый стол (дискуссия, дебаты) 

•  Мозговой штурм ( брейнсторм, мозговая атака) 

•  Деловые и ролевые игры 

•  Case-study (анализ конкретных ситуаций, ситуационный анализ) 

•  Мастер класс

Существуют и другие виды интерактивного обучения (методики «Займи позицию», «Дерево ре-

шений», «Попс-формула», тренинги, сократический диалог, групповое обсуждение, интерактивная 

экскурсия, видеоконференция, фокус-группа и др.), которые можно использовать в процессе обуче-

ния слушателей. Кроме того, учитель может применять не только ныне существующие интерактив-

ные формы, а также разработать новые в зависимости от цели занятия, т. е. активно участвовать в 

процессе совершенствования, модернизации учебного процесса.

Следует обратить внимание на то, что в ходе подготовки занятия на основе интерактивных форм 

обучения перед учителем стоит вопрос не только в выборе наиболее эффективной и подходящей 

формы  обучения  для  изучения  конкретной  темы,  а  открывается  возможность  сочетать  несколько 

методов  обучения  для  решения  проблемы,  что,  несомненно,  способствует  лучшему  осмыслению 

учащихся. Представляется целесообразным рассмотреть необходимость использования разных ин-

терактивных форм обучения для решения поставленной задачи.

Также следует отметить, что полноценное формирование компетентной личности посредством 

применения интерактивных форм обучения возможно при правильном поведении и позициониро-

вании учителя в процессе обучения и преподавания. Здесь можно выделить такое понятие, как этика 

учителя, которая поможет учащимся вооружиться тем самым «инструментом» учения. 

Таким образом, из существующего сегодня достаточно большого объема информации касатель-

но формирования компетенций современного казахстанского обучающегося организаторам учебно-

воспитательного процесса в школах необходимо понять, что выделенная в Европейской системе ква-

лификации в отдельную категорию компетенция «уметь учиться» является тем самым результатом 

обучения, отвечающим запросу общества. Одним из эффективных путей формирования компетен-

ции «уметь учиться» является интерактивное обучение. Существующее множество различных тех-

ник интерактивного обучения способно обеспечить успешное формирование компетенции «уметь 

учиться». Соответственно, применение интерактивных форм обучения является одним из условий 

формирования компетентной личности учащегося. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет