Халықаралық гуманитарлық –техникалық


"Махаббат - наме" (ҥзiндi)



бет15/21
Дата10.10.2022
өлшемі176,99 Kb.
#42136
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
ЕЖелг3 д7 2д лекция

"Махаббат - наме" (ҥзiндi)


Махаббаттан мың тҧрлi сыр туады … жаны таза адам сҧлулыққа қҧмар келедi … сҧлулық пен адамдық бiр жерге сыйыса алмайды … Махаббат - қашып


қҧтыла алмайтын қайғы … Жҧрт сҥйгендi қҧдай да сҥйедi … Нағыз достан айырылу қиын … ӛлiмнен қашып қҧтыла алмайсың, жан досыңнан ажыраса алмайсың … Адалдық ақыры бiр кӛрiнедi… Сабырдан артық нәрсе жоқ … әркiмнiң ойлап жҥрген бiр тiлегi бар … Бiлiмдiнi бiлiмiҥшiн мақтайды, бейшараны "қам кӛңiл" деп жақтайды. Тҥн қанша ҧзақ болса да таң атады… Жастық ӛз уақытын бiлмейдi. Тәнiмiз тҥбiнде бiр топырақ болады… Қадiрлi ӛлген соң бiлiнер … Екi жарық гауһарды әлемге берген, махаббат қазынасын адамға берген … Егер ӛзiң кӛңiлдi болсаң, қайғылы жанға қарайлас, егер сен бек-сҧлтан болсаң, кедей жанға қарайлас … Аз нәрсеге жоқтықта қанағат қыла бiлгенiң, ӛз еркiңе ие боп, патша боп ӛмiр сҥргенiң. Уайымы жоқ, мҧңы жоқ шат кӛңiлдi боласың, лайықты орныңды мына ӛмiрден табасың, әуре болма сарай iздеп, кӛк тiреген керемет, бiр ҥзiм нан, суың болса, одан артық не керек?…


Тақырыбы: Сайф Сараи. Алтын Орда әдебиетінің ХІҤ ғ. көрнекті өкілі. «Гҥлстан бит-турки» шығармасы. Дҥрбек. «Жҥсіп-Зылиха» дастанының идеясы.


Қаралатын мәселелер:


Сарай "Гулистан бит-турки"
"Гулистан бит-турки" қолжазбасының табылуы, зерттелуi, жариялануы

  1. Композициялық қҧрылысы а. тараулары

б. хикаяты

  1. Дастанның мазмҧндық идеясы

  2. Қорытындылау

Сайф Сарай – Алтын Орда әдебиетiнiң ХIҤғ. Аса кӛрнектi ӛкiлдерiнiң бiрi. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретiнде тҥркi тектес халықтар әдебиетi мен тiлiнiң ӛзiнен кейiнгi кезеңдерде дами тҥсуiне мол ҥлес қосып, едәуiр ықпал еткен қаламгер. Сайф сарай творчествосын ҧзақ жылдар бойы зерттеген кӛрнектi слвет ғалымы Ә.Н.Нәжiп ақын ӛз шығармаларының бәрiн қыпшақ тiлiнде жазғанын айта келiп, әрi оның қыпшақтар iшiнде, кейiнiрек қазақ халқының негiзiн қҧраған тайпалардан шыққанын ерекше атап кӛрсетедi. Ақын ӛмiрi мен творчествосы жайында кӛп мәлiмет сақталмаған. С.Сарайдың бiзге жеткен кӛлемдi жалғыз еңбегi бар. Ол - "Гулистан бит-турки" деп аталады. Ақын бҧл еңбегiн Едiл соғысындағы Сарай қаласында бастап, Египеттегi Нiл ӛзенi бойында жазып бiтiрген. Бҧл ӛзi парсы-тәжiк әдебиетiнiң классигi Сағди Широзидiң "Гулистан" атты шығармасының еркiн аудармасы. Ал, Сайф сарай осы "Гулистанды" қашан қыпшақ тiлiне аударып бiткенi жайында ӛз кiтабының соңында мынадай мәлiмет бередi:
Бiз баян еттiк сiздерге насихат сӛзiн, Жетпiстiң жетегiне ерген кезiм.
Хижра бойынша жетi жҥз тоқсан ҥш
Бойдан қуат қашып, азайды кҥш. О, қадiрлiм тамылжыған тамыз едi,
"Гҥлiстан" жырын жазып, бiтiрдiк iс.
Гулистан парсы және тҥiк әдебиетiне ортақ мҧра. Себебi бҧл кiтапты алғаш ХII аяғы, ХIIIғ. басында парсы ақыны Сағди жазса, ХIҤ аяғында Алтын Орданың сарай қаласынан шыққан ақыны Сайф Сарай тҥркi тiлiне аударған. Кӛп жерлерiн ӛзiнше ӛңдеген. Ӛз жанынан шығарған ӛлеңдерiн қосқан. Сағдиды аударуды қолға алу себебiн кiтаптың басында С.Сарай былайша атап ӛтедi: - жаз кҥндерiнiң бiрiнде бақ iшiнде, гҥлдер арасында бiрнеше бiлiмпаз ғалымдармен әңгiме-дҥкен қҧрып отырып, қызықты хикаялар, әдемi ӛлеңдер оқыдым. Ғалымдардың ақсақалы аруз ӛлшемiмен жазылған бәйiттердiң бiрi жайында сҧрап, жауабын есiткен соң былай дейдi: Иә, ақыным, саған айтар бiр насихатым бар. Қабыл алсаң, қайырлы болғай. – айтыңыз, - дедiм. Ол кiсi айтты: - Шайх Сағдидың "Гҥлстанын" тҥрiкше тәржiмә қылсаң "Сағди" "Гҥлстанды" 1258ж. жазады. Кiтаптың кiрiспесiнде "Кәрiлiктiң жақындағанын сезген Сағди" қалған кҥндерiн қҧдайға қҧлшылық етумен ӛткiзгiсi келедi. Осы кезде оның ескi жақын достары кездесiп, мҧндай мағынасыз әрекеттi қойып, әңгiмелесуге шақырады. "Ертеңiне, бақшада рахатпен уақыт ӛткiзгеннен кейiн ҥйге қайтарда мен досым етегiне әр тҥрлi гҥлдер толтырып алып, жҥруге дайындалғанын кӛрдiм.
Мен: -оқушыларға ләззат берiп, барлық қауымды қуанышқа бӛлеу ҥшiн, менiң "Гҥлстан" деген кiтап жазып шығуыма болады. Оның қуанышты кӛктемiн жыл маусымы кӛңiлсiз кҥзге айналдыра алмады", -дедiм. Сӛйтiп ақын осы кезде кiтап жазуға кiрiседi. Гҥлстанның кӛптеген бәйiттерi, әңгiмелерi метафоризмдерi ақынның саяхат, сапарда жҥрген кезiнде жазылып қойылды. Кiтап сегiз тарау, кiрiспе мен қорытындыдан тҧрады. Бiрiншi жетi тарау тҧтас сюжеттiк жемiсi жоқ, қысқа әңгiмелерден тҧрады. Сегiзiншi тарау афоризм, нақыл, мақал мен мәтелдерге қҧрылған. Мҧнда әңгiме жоқ. Кiтап қара сӛзбен жазылған да оған ӛлең кiрiстiрiлiп отырған.
Мәлiметтерге қарасаң С.Сарай хижра жыл санауы бойынша 793ж. тамыз айында "Гҥлстанды" аударма жасап бiтiрген. Бҧл жаңаша жыл санауы бойынша, 1391ж. тамыз айы. Ақын "Гҥлстанды" 70 жасымда аударып бiттiм деп отыр. С.Сарай 1321ж туылған екен. Бҧл кезде Алтын Орданы Ӛзбек хан билеп тҧр едi.
С.Сарай Алтын Орда мемлекетiнiң кҥш-қуаты нығайып, ел iшi бейбiт, тыныш кезiнде Сарай қаласында болады. Дештi Қыпшақта аласапыран заман туған кезде ақын туған жерден алысқа кетуге мәжбҥр болады. Қалған ӛмiрiн мысыр елiне ӛткiзiп, 1396ж. сонда дҥние саласы.
1915ж Анкарада журналдардың бiрiнде тҥркi тiлiнде аударылған Сағдидiң "Гҥлстан" дастаны Голландиядан табылғаны туралы шағын ғана хабар жарияланды. Бiрақ оған ешкiм назар аудармады. 1950ж профессор Феридун Назиф Узлук Голландияның Лейден университетi кiтапханасы қорынан Гҥлстанның фото кӛшiрмесiн алып оған шағын алғысӛз жазады да, 1954ж Анкарада жеке кiтап етiп басып шығарады. Қыпшақ тiлiнде орта ғасырдың аса зор туындысын зерттеген Ә.Н.Нәжiп болды. Ғалым С.Сарай шығармасының қызықты жазылу тарихын, оның әдеби мәнiн, тiлiн, сол дәуiрдiң әдеби және тiлдiк ерекшелiктерiн кең кӛлемде зерттеп, "Гҥлстан бит туркидi" қазiргi орыс
графикасы бойынша транскрипция жасады, әрi орыс тiлiне жолма-жол аударма жасап шықты. Шығарманың қыпшақ тiлiнде таралғанын толық дәлелдедi. Қазақ тiлiне жақындығын ашып кӛрсеттi.
"Гҥлстан бит турки" ӛзбек тiлiне аудырылып басылып шықты. С.Сарай ӛзi ҧстаз тҧтқан Сағди ақынның "Гҥлстанын" аудару барысында шығарманың композициялық қҧрылысын бҧзбай, сол кҥйiнде сақтап қалуға әрекет жасаған. Сондықтан парсы тiлiндегi "Гҥлстан" секiлдi қыпшақ тiлiндегi С.Сарайдың аударған "Гҥлстан бит турiкте" сегiз тараудан тҧрады.
Бiрiншi тарау – ел билеушiлер туралы. Екiншi тарау – халық бҧқарасы жайында. Ҥшiншi тарау - қағанат ынсаптың пайдасы жӛнiнде. Тӛртiншi тарау – тiлге сақ болудың пайдасы туралы. Бесiншi тарау – жiгiттiк шақтың кӛрiнiстерi хақында. Алтыншы тарау – кәрiлiктiң адамды кәрiп етiп қоятыны туралы. Жетiншi тарау – тәлiм-тәрбиенiң әсерi жайында. Сегiзiншi тарау - әңгiмелесудегi әдептiлiк мәселесi туралы.
Бәрi прозалық қисса-хикаят туралы. Сағди жазған "Гҥлстан" кiтабын ӛзгертпей сол кҥйiнде аударуды С.Сарай ӛзiне мақсат етiп қоймаған.
"Гҥлстан бит турки" тҧтас сюжетке қҧрылған шығарма емес. Мҧнда қысқа- қысқа хикаялар, аңыздар, ертегiлер т.б. белгiлi бiр тақырыптар бойынша жҥйеленiп берiлген. Дегенмен шығарманың негiзгi қаһармандары ретiнде оқиға желiсiне қоғамдық топтың барлық ӛкiлдерi дерлiк қатысып отырады. Сағди ғҧмыр бойы ел аралап, жиһангез болған адам. Сондай саяхатта жҥрiп ақын қоғамдық ӛмiрдiң тҥрлi сатысында тҧрған адамдарды кӛредi. Олар: саудагерлер, дәруiштер, бектер, әкiмдер, хандар т.б. Ақын ел кезiп жҥрiп қанатты сӛздердi, афоризмдердi жазып жҥрген. Соның бәрi "Гҥлстан" кiтабына арқау болған.
С.Сарай әрбiр хикаяны бастар алдында Сағди Ширази атына мақтау сӛздер айтып алып, сосын ғана автор идеясын жеткiзетiн. Хикаяларды баяндауға кӛшедi. Ақын тҥсiндiру, насихаттау жолымен қатiгез, әрi зҧлым әкiмдердi бауырмалау, инабатты адам етуге болады деп ойлаған. Сол ҥшiн ақын адам бойындағы ең асыл
- қасиеттердi - әдiлдiктi, мейiрiмдiлiктi, iзгiлiктi т.б.мадақтайтын хикаяларға кӛбiрек назар аударған.
Шығарма жақсылық пен жамандық, қатiгездiк пен мейiрiмдiлiк, патша мен диқан, шындық пен ӛтiрiк т.б. аралық қарым-қатынасы, ҥндестiгi қандай болу керек деген сауалға жауап берiледi.
Дегенмен ҧлы ой алыбы Сағди Ширази да қыпшақ ақыны С.Сарай да ӛз дәуiрiнiң перзенттерi едi. Олар "жақсыдан-жақсы", "жаманнан-жаман" туылады деп ойлайды.
Бӛрiнiң бӛлтiрiгi тҥбiнде
Әкесiндей жыртқыш аң болып шығады. Қанша бақсаң да кҥндердiң кҥнiнде,
Зақым келтiрер, одан сақ бол.
С.Сарай парсы тiлiндегi "Гҥлстанды" қыпшақ тiлiне зор шеберлiкпен аударғаны даусыз. Шығарманың тҥпнҧсқасындағы кейбiр қиын ҧғымдардың аудармашы қыпшақ тiлiндегi эквиваленттi баламасын тауып, оқырманға тҥсiнiктi етiп бередi. Сол арқылы аудармашы ӛз қаһармандарының кӛңiл-кҥйiн, психологиясын зор шеберлiкпен ашып кӛрсетедi.
С.Сарай шығармасы әлемдiк әдебиеттiң алтын қорынан орын алған кӛркем туынды.
Қорыта келгенде С.Сарай – Сғдидiң "Гҥлстанын" тҥркi жҧртына ана тiлiнде таныстырып, сонымен бiрге "Сурайл мен Кҥлдiрсiн" дастанын жазған, Алтын Орда әдебиетiнiң кӛрнектi ӛкiлi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет