«Кҥлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» жырлары туралы мәлімет және олардың көркемдік ерекшеліктері. Сақтар бiздiң заманымыздан бҧрын Монғолия мен Дунайдың арасын мекендеген. "Сақ" сӛзi қазақ тiлiнде кҥнi бҥгiнге дейiн сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақшы, сақпан, қарсақ, сақсыну тағы басқа. «Сақты» грек тарихшылары – искут, еуропалықтар – скиф дейдi. Сақтар жауынгер болған. Жауынгер кӛшпендiлердiң батырлары туралы аңыз-әңгiмелерi б.з.б. Ҥ ғасырда ӛмiр сҥрген грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" атты кiтабында, қытайлықтар Сыма- цяньның "Жылнама", Бань-Гудiң "Ханнама" атты кiтаптарында жазылған. Олар бiздiң заманымыздан бҧрын гректермен мәдени, сауда-саттық байланысын орнатқан. Византиалық Феофилакт Симокатта: "Кҥншығыста тҧрған скифтердi бiз тҥрiктер деп атаймыз", -деген. Кӛне Грециядағы жетi ғҧламаның бiрi саналған Анахарсис кӛшпелi скифтердiң ҧлы.
Сақтардың бiздiң заманымызға дейiнгi дәуiрлерде-ақ 26әрiптен тҧратын ӛз жазуы болған. Оның дәлелi ретiнде Алматы маңындағы Есiктен табылған Алтын адамның жанындағы кҥмiс тостағандағы жазуларды айтуға болады. Жазу бар жерде мәдениет, әдебиет дамитыны анық. Кҥмiс тостағандағы: "Аға, саңа, очуқ! без чӛк! Бҥкҥн iчре азуқ". Аудармасы: Аға саған (бҧл) ошақ! (Ошағынан) безгендер, тiзеңдi бҥк! Халықта азық-тҥлiк (мол болғай)! (А.аманжолов оқып
шыққан), -деген жолдарды жазған ел-жҧрттың бҧдан да кӛлемдiрек шығармалары болуы керек. Сӛйлеу тiлiнiң ӛзiмiзге мәлiм тҥркi тiлi екенi кӛрiнедi.
Геродоттың кiтабында жазылып қалған скиф-сақ дәуiрiндегi аңыздардың бiрi – Тарғытай. Тарғытай бiздiң заманымыздың 1500 жыл бҧрын ӛмiр сҥрген, скиф- сақтың кӛсем.
Тарғытай бабаның әкесi – Кӛк Тәңiрi, шешсi-су перiсi екен. Тарғытайдың ҥш ҧл туған. Олар: Арпоқсай, Ылпоқсай, Қолоқсай. (Қол-әскер, оқ-ел, сай-патша деген ҧғымды бiлдiредi). Сол кезде Кӛк тәңiрiнiң бҧйрығымен аспаннан алтын, тҥрен, мойынтҧрық, балта, шӛмiш тҥсiптi. Тарғытайдың ҥлкен екi ҧлы бҧл заттарды алайын деп жақындаса, жанған жалыннан жолай алмайды. Кiшi ҧлы Қолоқсай келгенде ғана жалын су сепкендей басылып, алтын дҥниенi сол иеленедi. Әкесiнiң орнына патша болады. Осы ҥш ҧлдан скифтер тарайды. Тҥрен, мойынтҧрық, балта, шӛмiш аспан денелерiн бейнелейтiндiгiн қазақ арасында бҥгiнге дейiн сақталып келген мына бiр жҧмбақтан байқауға болады:
Жапанда жайнап тҧрған бiр бәйтерек, Заты бар бҧтақ сайын жанға керек.
Балта, шӛмiш, тҥрен мен мойынтҧрық, Тӛртеуiн таңдап алдым ерекшелеп.
Бҧл жҧмбақтағы балта – таразы, шӛмiш – Жетiқарақшы, тҥрен – кiшi Жетiқарақшы, мойынтҧрық – Қарақҧрт (Кассиопея) жҧлдыздары кӛрiнедi.
Тарғытай сақтардың кейiнгi ҧрпақтарының есiнде Ер Тарғын атымен сақталған.
Скифтер тайқазан жасап, оған жылқының етiн асып, аталарына ас берген. Сол дәстҥр қазақтарда бҥгiнге дейiн сақталып келедi. Тҥркiстанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесiнде тҧрған тайқазан – скиф дәуiрiнен берi ҥзiлмей келе жатқан дәстҥрiмiздiң белгiсi.
Ариант деген патша скифтердiң санын бiлмек болып, "әрбiр скиф бiр-бiр жебенiң ҧшын әкелсiн", - деп бҧйырады. Жиналған жебенiң кӛптiгi сонша, патша жебенiң ҧшындағы жездi балқытып, қазан қҧяды. Скифтердiң тайқазанын кӛзiмен кӛрген Геродот былай деп жазыпты: "Ол қазанды кӛрмесеңiздер, мен суреттеп берейiн: Оған 600 қҧмған су еркiн сияды, ал, скифтердiң, бҧл ыдысының қалыңдығы алты елi".
Скифтердiң тағы бiр дәстҥрi – бие сауып, қымыз ашытқан.
"Ерте замандағы грек авторларының – екi, тӛрт, алты дӛңгелектi арба, оған екi, ҥш жҧп ӛгiз, ат немесе тҥйе жегiлген. Осы арба кҥймесiнiң сыртқы киiзбен қапталған. Бҧлар шӛптiң сонысы мен судың тҧнығын жҥзiп, малдарын оттатып кӛшiп жҥрген. Сақтар кӛшкенде қатын-бала, ҥй мҥкәммалымен кҥймелi арбада, қонғанда киiз ҥйде отырған. Олардың қыстауларында кесектен там ҥйлер болған. Мал шаруашылығымен шҧғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр, тҥйе ӛсiрген, егiншiлiкпен шҧғылданушылар тары, арпа, бидей еккен. Тiптi мал шаруашылығымен шҧғылданушылардың да қыстауларының маңындағы егiншiлiгi болған". Осыдан-ақ скиф-сақтардың ӛмiр тiршiлiгiнiң қазақ ӛмiрiмен бiрдей екенiн аңғарамыз.