Халықаралық гуманитарлық –техникалық



бет16/21
Дата10.10.2022
өлшемі176,99 Kb.
#42136
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Дҥрбек ақын. Алтын Орда дәуiрiнiң аса кӛрнектi ӛкiлдерiнiң бiрi Дҥрбек ақын. Ақынның ӛмiрi туралы мәлiмет сақталмаған. Дҥрбектiң бiзге жеткен жалғыз туындысы -"Жҥсiп-Зылиха" дастаны. Дастан 1409 жылы жазылған.
Жҥсiп пен Зылиханың махаббаты жайындағы қызықты сюжет Дҥрбекке дейiн Шығыс елдерiнде кең тарағаны мәлiм. Бҧл тақырыпқа кезiнде Фирдауси, Балхий, Шерози сияқты есiмдерi әлемге әйгiлi мәшһҥр ақындар да қалам тартқан. Алайда "Жҥсiп-Зылиха" сюжетiн тҧңғыш рет тҥркi (шағатай) тiлiнде жырлаған ақын Дҥрбек болды. Бҧл туралы дастанның кiрiспесiнде ақын:
Нәсiр едi бҧ қисса дағди фарси, Едi әнгә жан кәзи наззорази.
Бар едi кәңгҥлдә бҧрундiн бҧ әзiм,
Тҥрки тили бiрләму қилсам бҧ нәзiм - дейдi.
Демек, бҧл хикаяның тек парсы тiлiнде жырланғанын айта келiп, Дҥрбек оны тҧңғыш рет тҥркi тiлiнде жазып отырғанын ескертедi.
Бҧл дастанның негiзгi идеясы – ел билеушiлер арасындағы тәж бен тақ ҥшiн, байлық пен мансап ҥшiн жиi-жиi болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатiгездiктiң зардаптарын паш ету. Ақын ел басқаратын жандардың әдiл, ақылды, мейiрiмдi, жомарт болуын кӛксейдi. Дҥрбек ӛз оқырманын алға қойған мақсатқа жету ҥшiн қажымай-талмай кҥресуге ҥндейдi. Адам бойындағы ең асыл қасиеттердi- махаббатты, ақыл мен парасатты, мейiрiмдiлiктi, бауырмал болуды кӛкке кӛтере жырлайды

Пайдаланатын әдебиеттер:



  1. Қазақ әдебиетiнiң тарихы. "Қазақ әдебиетiнiң тарихы. Ежелгi дәуiр әдебиетi"

  2. Қыраубайқызы А. Ежелгi әдебиет. Астана, Елорда, 2001

  3. Қыраубайқызы А. Ежелгi дәуiр әдебиетi (Хрестоматия) А., Ана тiлi, 1991



Тақырыбы: Әбілғазы өмірі және шығармашылығы «Шежіре и тҥрк» («Тҥркі шежіресі»). Қадырғали Жалайыри «Жамиғ-ат-тауарих»ы


Қазақ халқының кӛне таризына, әдебиетi мен мәдениетi тiкелей қатысты тҥрлi жазба ескерткiштерiнiң iшiнен Әбiлғазы Баһардурханның "Шежiре-и тҥрiк" (Тҥрiктер шежiресi) атты кiтабы елеулi орын алды. Бҧл шежiре тоғыз тараудан тҧрады. Шежiренiң 1-2 тарауларында Адам-атадан бастап, Шыңғысханға дейiнгi оқиғалар, ал 3-5 тарауларында әлем әмiршiсiнiң Шағатай және Тӛле деген ҧлдарының Мауараннахр, Моғолстан, Иран және Қашқария жерiнде билiк


жҥргiзуi, 7-8 тарауларында Жошы балаларының Дештi Қыпшақтағы әкiмшiлiк iстерi, қазақ хандары, шешендерi мен ақындары туралы әңгiме болады.
Әбiлғазының "Тҥрiктер шежiресi" негiзiнен прозалық шығарма болса да, тексте бәйiт және ғазал тҥрiндегi поэзия ҥлгiлерi де баршылық. Автор қара сӛздiң ӛзiн бейне бiр ҧзақ жыр толғау секiлдi ырғақпен, ҧйқаспен айтады. Мәселен: "Меңлiхан тағы бир неше иллар ет жеп, қимиз iшiп, кҥндей сулулани қҧшып, сынаптай йорғаларни мiнiп, кӛңлi тиген иерлерге учиб, ол дҥниеге кеттi".
"Тҥрiктер шежiресi" кҥнi бҥгiнге дейiн тек тарихи мҧра ретiнде ғана қаралып келедi. Ал, кезiнде ол ӛз дәуiрiнiң кӛркем туындысы саналған. Демек, Әбiлғазы шежiресiнiң қазақ әдебиетi тарихынан алатын ӛзiндiк орны бар.
Бҧл шежiре ӛткен ғасырда-ақ немiс тiлiне, немiсшеден француз тiлiне, одан ағылшын тiлiне аударылып басылып шықты.
Совет ҥкiметi жылдары Әбiлғазының бҧл еңбегi туралы белгiлi ғалымдар А.Н.Кононов және С.Н.Иванов зерттеулерi жарық кӛрдi. Ал қазақ тiлi мамандары Ғ.Айдаров пен Б.Әбiлқасымов "Шежiре-и тҥрiк" кiтабының зерттелу тарихына шолу жасап, ондағы тҧрақты сӛз тiркестерiн тiлдiк тҧрғыдан талдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет