Тақырбы: Хорезмидің өмірі және шығармашылығы. «Мұхаббат - наме» дастаны
Құтб.«Хұсрау-Шырын»дастаныныңидеялықмәні
Шыңғыс ханның немересi жаны билеген Алтын Орданың тӛңiрегiнде дҧниеге келген. Бiзге оның Сырдария сағасындағы сығанақта жазған "Махаббат- наме" атты тек бiр ғана шығармасы мәлiм. Бҧл дастан Ӛзбек ханның баласы Мҧхаммед Қожабекке (Алтын Орда билеушiсi) арналған.
Бҥгiнгi кҥнге дейiн "Махаббат-наме" дастанның екi қолжазба нҧсқасы мәлiм. Дастанның екi нҧсқасы да қазiр Лонданның Британия музейiнде сақталуы тҧр. ССРО Ғылым академиясында Азия халықтары институты 1952 жылы осы екi қолжазба нҧсқасының фото кӛшiрмесiн алды. Қолжазбаның бiрi 1432 жылы ҧйғыр әрпемен кӛшiрiлген. Емек, "Махаббат-наме" дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейiн оны ҧйғыр әрпемен қайта кӛшiрген болып шығады. Бҧл – дастанның ең кӛне алғашқы кӛшiрмелерiнiң бiрi болса керек.
Ал, ендi "Махббат-наменiң" араб әрпiмен жазылған нҧсқасы 1509 жылы кӛшiрiлген. Басқаша айтсақ, дастан жазылғаннан кейiн араға 166 жыл салып барып араб әрпiмен кӛшiрiлген екен.
Бiр қызығы – араб жазуынағы қолжазба ҧйғыр жазуындағы нҧсқадан 77 жыл кейiн кӛшiрiлсе де оған қарағанда әлде қайда кең, әрi толық сақталған болып келедi.
Дастан қазақ тiлiне әдебиетшi ғалым Алма Қыраубаеваның аудармасымен жеке кiтап болып 1983ж. ҚазГУ-дың баспасынан шықты.
"Махаббат-намен" тҧңғыш зерттеген ғалым А.И.Самойлович болды.
Бҧл әдеби ескерткiштiң ҧйғыр әрпiмен кӛшiрiлген нҧсқасын белгiлi совет ғалымы А.М. Ùербак тiлдiк тҧрғыдан зерттеп шықты.
Ал, "Махаббат-наменiң" екi нҧсқасын да ӛзара салыстыра отырып, зерттеп, араб әрiптерiмен транскрипöия жасап, оны орыс тiлiне аударып, жан- жақтызерттеген ғалым кӛрнектi совет тҥркологi Эмир Уләжiп болды.
Ал, соңғы жылдары Хорезмидiң "Махаббат-наме" дастанын зерттеумен одақтас республикалар iшiнде ӛзбек әдебиеттану ғылымы кӛбiрек айналысып жҥргенiн айта кеткен жӛн. Мәселен, ӛзбек ғалымдары С.Қасимов, В.Валиходжаев, И. Маллаев т.б. бҧл дастан жӛнiнде бiрқатар зерттеулер жариялады. Әсiресе, бҧл дастанның тiлдiк лингвистикалық ерекшелiгi тҧңғылқты зерттеулердi Қазақ ғалымдарының iшiнде алғашқылардың бiрi болып Әуелбек Қоңыратбаев зерттеу жҥргiздi. Шығарманың халық арасын” кең танылуына Сәрсен Аманжоловтардың "Қазақ тiлiнiң тарихы мен диалектологиясының мәселелерi", Р.Бердiбаевтың "Ежелгi мәдениет куәлары" деген зерттеу еңбегi кӛп ықпал еттi. Сонымен қатар белгiлi ғалымдар Б.Кенжебаев, Х.Сҥйiншәлиев дастандарының рухани мҧралар қатарындағы ӛзiндiк ерекшелiгi жайында ғылыми пiкiр бiлдiрдi. Дастанның аудармасы қазақ әдебиетi тарихына байланысты хрестоматиялық кiтапқа енгiзiлiп оқулықтарда талдаулар берiлдi.
Жоғарыда айтып ӛткендей дастанның авторы туралы мәлiмет сақталмаған.
Шығарма мазмҧнында оның сыр бойында туылғандығы айтылады.
Хорезми ӛзiнiң дастанын парсы және тҥркi тiлiнде араластырып жазған. Дастанда Хорезмидiң бҧл шығармадан бҧрын да, парсы тiлiнде кiтап жазғандығы айтылады.
"Махаббат-наме" дастанының араб әрпiмен жазылған нҧсқасы 946 ӛлең жолынан яғни 473 бәйiттен тҧрады. Дастанда 11 наме (хат) бар. Жiгiттiң қызға жазған он бiр хаты жырға негiз болған.
Дастан әуел баста 10 арнаудан қҧралып, 11-шi арнауды автор кейiннен қосқан сияқты, оған дастанның мазмҧны дәлел бола алады.
Дастанның тӛртiншi, сегiзiншi және он бiрiншi арнаулары парсы тiлiнде жазылған. Қалғандары Алтын Орда тҥрiктерiнiң бәрiне бiрдей тҥсiнiктi шағатай тiлiндегi жырлар болып келедi.
Сонымен, дастандағы 317 бәйiт шағатай тiлiнде, 156 бәйiт парсы – тәжiк тiлiнде жазылған. Әйтсе де "Махаббат-наменiң" негiзгi тiлi Алтын ОРда қыпшақтарының тiлi екенiн ҧмытуға болмайды.
Дастанның әрбiр жолы бҧған айқын дәлел. Мҧнда грамматикалық жағынан да, лексикалық тҧрғыдан да қыпшақ тiлi элементтерi басым екенi даусыз.
"Махаббат-наме" дастанының кiрiспесiнде ақын: "Мен де Ҧлы тәңiрге жалбарынып, "Махаббат-наменi" жаздым" дейдi. Автор сол кездегi әдеби дәстҥрдi сақтап, алдымен әлемдi жаратқан тәңiрге сыйынады, сосын пайғамбарға мақтау сӛз айтады. Содан кейiн ғана дастанның жазылу себептерiне тоқталады.
Ақын "Махаббат-наменi" Алтын Орда ханы Жәнiбектiң әкiмдерiнiң бiрi Мҧхаммед Қожабектiң тапсыруы бойынша жазғанын дастанда былай деп ажырайды.
Мазмҧны:
Мейрам кешiнде аспанда ай кӛрiнгенде Мҧхаммед Қожабек – мемлекет әмiршiсi "Тӛбеге шатыр тiгiлсiн!" деп әмiр еттi, Шарап әкелдi, мәжiлiс қҧрылды. Ақын ӛзiне кӛп қамқорлық кӛрсеткен Қожабектi батыр, асыл тектi, мырза,
кӛреген деп дәрiптейдi. Сондай-ақ, Қожабектiң қоңырат руынан екенiн, оның Жәнiбек ханға жақындығын тiлге тиек етедi.
Мазмҧны:
Қоңырат руынан шыққан айбарлы арыстаным, Сен сәби шағыңнан-ақ ҧлылрдың ҧлысысың
Қуаныш пен ләзаттың қайнар-бҧлағы сен. Мҧхаммед Қожабек – әлемнiң қуанышысың Саған дейiн мына ел – жансыз тән ғана едi,
Ал, сен, шахтардың шахы – Жәнiбекпен туыссың.
Ақын Хорезми осылайша Қожабектi жер-кӛкке сыйғызбай мақтап, оны жомарттыққа – хатымтайдан батырлықта – Рҥстемнен, сҧлулықта – Шолпан жҧлдызынан озасың дейдi.
Мiне, осындай мадақтау жырлары айтылған соң ғана шығарманың негiзгi бӛлiмi басталады деуге болады.
Мазмҧны:
Мҧхаммед Қожабектi мадақтауды бiттiм, "Махаббат-наменi" айтуды бастадым.
"Махаббат-наменiң" негiзгi бӛлiмiнде жiгiттiң сҥйген қызына деген мӛлдiр махаббаты жырланады. Жiгiт сҥйген қызына әсемдiк әлемiнен тең таппай оны сиға да, Кҥнге де теңеп, жер бетiндегi сҧлулық атаулының ғажайып картинасын жасайды. Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып, асыл қасиет екенiн ақын зор шеберлiкпен суреттейдi.
"Махаббат-наме" дастанына адамның – осы ӛмiрдегi адамға деген сҥйiспеншiлiгi зор шабытпен жырланады, ақын нақты ӛмiрдiң қадiр - қасиетiн жоғары, бағалайды, шығарманың бас қаһарманы ӛз сҥйiктiсi ҧшiн ешқандай қауiп-қатерден тайсалмайды. Жiгiт сҥйген қызына жазған хатында "Сҥйiктiм қасымда болсаң, жҧмақтың маған керегi жоқ" деп батыл сӛйлейдi:
Мазмҧны:
Мың хор қызы – сенiң бiр тал шашыңа жетпес, Жҧзiңнiң жарқ еткен бiр нҧрына мың нҧр жетпес Егер тәңiр тiлегiмдi қабыл етсе,
Сенсiз маған жҧмақтың қажетi жоқ.
Сен жоқ жерде кiсiнiң жаны бола ма?! Сен жоқ жерде ӛмiрдiң сәнi бола ма?!
Жiгiт сҥйген қызына осындай пiкiр айта келiп, "маған сенсiз жҧмақтың керегi жоқ, сен арғы дҥниедегi хор қызынан мың есе артықсың, сол перiште қыздар келiп, сенiң сҧлулығыңа таңдансың" дейдi.
Сӛйтiп, ақын нақты тҧрмыс-тiршiлiктегi сҥйiспеншiлiк сезiмiн "о дҧниенiң" барлық қазынасынан мың есе артық деп бағалайды.
Дастанның басты қаһармандары – бiр-бiрiне ғашық болған жiгiт пен қыз. Шығарма негiзiнен жiгiттiң қызға жазған он бiр хатынан тҧрады. Дастанда қыздың жiгiтке жазған жауап хаты берiлмейдi. Алайда жiгiттiң хатына қыздың сҥйген жiгiтке деген сҥйiспеншiлiк сезiмiн, қуаныш – ренiштерiн айқын аңғаруға болады.
Қыздың сҧлулығынан қысылған кҥн не iстерiн бiлмей абыржып тҥнi бойы бетiне перде жауып, ҧялып жатады екен:
Сондықтан тҥн ҧзаққа кҥн ҧялып, Тҥн пердесiн жамылып жатады екен. Жiгiт сҥйген қыздың сҧлулығы сондай, тiптi оны кӛргенде отқа табынушылар ӛз дiнiнен безiп кетедi, деп суреттейдi.
Дастанда жiгiт бар сырын ақтарып, ғашығы ҥшiн ажалдың ӛзiнен де тайсалмайтынын сездiрсе де қыз оның iшкi жан дҥниесiн тҥсiнбей-ақ қояды. Мҧның бәрiн жiгiттiң хаттарынан аңғарамыз. Ңашықтық дертiнен ем таппаған ер- жiгiт сҥйген қызына былай дейдi.
Менiң қадiр-қасиетiмдi ӛлгенiмде бiлерсiң, Мендей азап шексе, Аплотон да жынданар едi.
Ақыры арманына жете алмасына кӛзi жеткен жiгiт қызбен қоштасады: Менi саған деген махаббат ӛлтiрдi.
Ендi сенiң есiгiңнен аулақ кетемiн, хош бол.
Хорезм гуманистiк ой-пiкiрлердi кезiнде ту етiп кӛтерген дарынды ақын, ӛз заманның ойшыл азаматы ретiнде танылған.
Автор дастанда махаббатты жырлау арқылы ӛзi ӛмiр сҧрiп отырған қоғамның кейбiр кемшiлiктерiне сын кӛзiмен қарайтынын айттық.
"Махаббат-наме" – сюжетi қызықты, тiлi кӛркем кӛрiктеу қҧралдары алуан тҥрлi, ӛлең қҧрылысы шебер жасалған дастан. Ақын Хорезм дастанда жыр жолдарына ҥстеме мағына берiп, оны ажарландырып жiберу ҥшін теңеу әдiсiн кӛбiрек қолданады. Сӛйтiп, ол ӛзi суреттеп отырған беогiлi бiр заттың яки қҧбылыстың ерекше белгiлерiн айқындай әрi ажарлай тҥседi, сол арқылы жырдың эстетикалық әсерiн еселеп арттырып жiбередi.
Хорезми тҥркі халықтары әдебиетiнде "наме" жанрына ӛзiнiң "махаббат- наме" дастаны арқылы тҦңғыш рет жол ашты. "Кеме" сӛзiнiң бiрнеше мән- мағынасы бар. Сондай-ақ "наме" – жанрлық форма ретiнде де мәлiм. "Наме" сӛзiнiң ең жиi Ҧшыраутын мағынасының бiрi-арнау ӛлең тҧрiнде жазылған дастан, поэма деуге болады.
Хорезми сәтсiз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, ӛзi ӛмiр сҧрген дәуiрдiң қоғмдық - әлеуметтiк мәселелерiн сӛз етедi, сол заманның кейбiр теңсiздiк мәселелерiне наразылық бiлдiредi. Алтын орда дәуiрiнiң ең таңдаулы туындыларының бiрi саналатын "Махаббат-наме" дастанының әдеби, тiлдiк, тарихи тҧрғыдан маңызы зор.
Хорезмидiң бҧл ғажайып шығармасын танып – оқу арқылы бiз бҧгiнгi қазақ әдебиетiндегi роэма жанрның ӛмiрге келу жолдарын, қазiргi қазақ тiлiнiң даму сатыларын, халқымыздың ӛткендерiн, әдет-ғҧрпын, салт-санасын тағы басқаларын терең ҧғынатын боламыз.