Халықаралық гуманитарлық –техникалық



бет11/21
Дата10.10.2022
өлшемі176,99 Kb.
#42136
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
ЕЖелг3 д7 2д лекция

Сҥлеймен Бақырғани да ӛзiнiң гуманистiк бағыттағы ой тҥйiндерiн ислам дiнi қағидалары тҧрғысынан тҥсiндiруге әрекет жасайды. Ал, бiз соңғы кезге дейiн дiн атаулыға сыңаржақ қарап, оның адамды iзгi қасиеттерге ҥндейтiн iлгерiшiл ролiн терiске шығарып келдiк. Сол себептi С.Бақырғани ӛлеңдерi де кҥнi бҥгiнге дейiн зерттелмей, жарияланбай келедi. Бертiн келе Бақырғани жыр жинағы "Бақырғани кiтабы" деп аталады. Бҧл жинақтағы ӛлеңдер ӛзiнiң тақырыбы, мазмҧны, қҧрылысы жағынан Яссауидiң "Даналық кiтабына" ҧқсас болып келедi.
Бақырғани ӛлеңдерi кезiнде ел арасында ауызша да мейлiнше кең тараған. Әсiресе оны ел аралаған дәруiштер кӛп айтатын болған. Бертiн келе Бақырғани жырлары ел аузынан жиналып, 1877 жылы қазанда жеке кiтап болып басылып шығады.
С.Бақырғанидiң "Ақыр заман" кiтабы және "Бибi Мариям" кiтабы деп аталатын екi дастаны бар. Олар негiзiнен дiни аңыз-әңгiмелер сюжетiне қҧрылған. Сопылық-мистикалық ой-пiкiрлердi уағыздайды. Сонымен бiрге, бҧл дастандарда оқырманды iзгi қасиеттерге ҥндеу сарыны да бар.
Кезiнде кҥллi тҥркi тiлдес халықтарды тамсандырған А.Яссауи мен С.Бақырғанидiң хикмат жырлары қазақ әдебиетi тарихынан тиiстi орын алатыны даусыз.


Тақырыбы: Алтын Орда дәуірінің әдебиеті (ХІІІ-ХҤ ғ).


ХIII-ХIҤ ғасырларда қазiргi Қазақстан жерiндегi тҥркi ру-тайпалары Алтын Орда мемлекетiнiң қол астына бiрiктi. Бҧл мемлекеттiң қҧрылуы қоян-қолтық араласа тiршiлiк қҧрған тҥркi-монғол тайпаларының бiрiнен шыққан Шыңғысханның шапқыншылығына байланысты болды.


Моңғол-тҥркiлердiң ғҧны Қабылдың немересi Есукейҧлы Темiршi (Темуржин 1155-1227) анадан алақына асықтай ҧйыған қан уыстап туыпты (Қҧпия шежiре. Ӛлгий, 1979ж аударған М.Сҧлтанияҧлы). 1189 жылы 28 жасында, хан кӛтерiлiп, тарыдай шашыраған елдердiң басын қосқанына риза болған Керейдiң Торы ханы "Жеңiсхан", яғни Шыңғысхан деген атақ бередi. Шыңғысхан мол әскер мен жеке билiкке ие болған соң, 1211 жылы Қытайға қарсы одан Орта Азияға, Дештi Қыпшаққа шабуылын бастады. Орта Азияны айналасы ҥш жылдың iшiнде бағындырып ҥлгiрдi (1219-1221). Оның артынша Солтҥстiк Иранды Қырымды да алды. Сыр бойындағы Отырар қаласы бес айдан кейiн берiлуге мәжбҥр болды.
Шыңғысхан - ӛте кҥрделi тҧлға. Мол билiкке ие болу жолында ақыл-айла, шектен тыс қаталдық - бәрiн де жҧмсай бiлген:
"Ол ӛзiнiң қаһармандығымен не бары екi жҥз мыңнан аспаған моңғол әулетiне ҧқсас тҥркi тектес халықтардың басын қосып, Бежиннен (Пекин) Хазар теңiзiне дейiн ҧлан-ғайыр елдi иемдендi. Айналасы қырық жылдың iшiнде әлемнiң тең жартысына жуығын қол астына қаратқан оның қарауындағы ел саны ҥш жҥз миллионнан аса, сол кездегi ең ӛркениеттi ел - Ҧлыбритания халқы миллионға да жетпептi (Ислам Қабышҧлы. Шыңғысхан. – Егемендi Қазақстан, 15-18 шiлде, 1992). Ол тарихтан бiзге жеткен "Алтын дәптер", "Қҧпия шежiре" атты кiтаптар да кӛп жағдайға қанықтырды.
Алтын Орданың мәдени-экономикалық ӛмiрiнде Ҧлы Жiбек жолының бойында жатқан басқа да қалалардың (Иасы, Сауран, Тҥркiстан) маңызы зор болғандығы сӛзсiз. Ол туралы тамаша естелiктер қалдырған саяхатшы-елшiлер: 1246 жылы Қарақорымдағы Кҥйiк ханға барған, IХ папа Иноченцоның елшiсi сопы Жоуанни дель Плано Карпики, 1253 жылы моңғолия астанасында болған
Людовиктiң елшiсi миссионер Гильем де Рубрук, сондай-ақ Ибн Батута, Цеголотти Алтын Ордаға осы уақыттарда келген (Путешествия в восточные страны. А. 1993).
Сопы Жоуанни дель Плано Каприни Борисфен (Днепр), Тана (Дон) ӛзендерiнен ӛтiп, Життархан (Астрахан) арқылы Едiлдi кешiп, Бату сарайына келген. Одан кейiн мамыр айында Баршынкент (Қазалы), Жанкент, Отырар, Сайрам, Талас, Баласағҧн, Iлебалық (Қапшағай) Кҥйiк ханға жеткен жолындағы халықтарды тҥгел кӛзiмен кӛрген саяхатшы:
"Бҧл халықтар iшiнара жеке мемлекеттер мен аймақтарға бӛлiнетiнiне қарамастан, олардың тҥрi де, тiлi де бiр", - деп жазады (Путешествия в восточные страны. 33 б).
Алтын Орданың тарихтан мәлiм тӛрт астанасы болды, Бату сарайы, Берке сарайы, Аштархан, сарайшық, Жәнiбек хан (1341-1359) Аштарханда он жыл тҧрған соң, оның тҥпкiлiктi болмайтынын сезiп, Едiлден Жайыққа қоныс аударып, Сарайшық қаласын салдырған. Сарайшықта Жошы ҧрпақтарынан жетi хан жерленген пантеон. Қыпшақ даласында бiрiншi пантеон Сығанақта, екiншi Сарайшықта, ҥшiншi Тҥркiстанда екенi мәлiм.
Алтын Орда дәуiрiнде жасалған әдебиетте нәзира, назирагӛйлiк ҥрдiсi дамыды. Назирагӛйлiктiң негiзгi ерекшелiгi – шығыста бҧрыннан тараған сюжеттердi қайталай жазу. Бҧған Әлидiң "Қисса Жҥсiбiң", Рабғузидiң "Қисаси Рабғузиi", Хҧсам Кәтибтiң "Жҧмжҧма", Қҧтыптың "Хҧсрау уа Шырын", Сайф Сараидың "Гулстан бит турки", Махмҧд бин Әлидiң "Нһдж ул Фарадисi" (Жҧмаққа апарар жол) жатады. Тыңнан жазылған "Махаббат наме" атты бiр ғана шығарма белгiлi.
Нәзира тәсiлi бойынша шығарма бҧрын сан рет қайталанған танымал сюжетке қҧрылады. Жазушы осы тақырыпты ӛзiнен бҧрын жазып кеткен туындыгермен шеберлiк жарысына тҥседi. Шығыс әдебиеттерiне ортақ қалыпты сюжеттерге Қҧран хикаялары, әулие-әнбие оқиғалары, "Мың бiр тҥр", "Шаһнама" тақырыптары жатады.
Бҧрыннан белглi сюжеттi қайта жырлау, ӛткенге ҥңiлу, тарихи тамырларды iздеу-оянушылықтың белгiлерi болса, оның әдебиеттегi кӛрiнiсi ретiнде Назираны айтуға болады.
"Ӛркениет" деген сӛздi бiз тек Еуропа елдерiне қарата айтып келдiк, ал негiзiнде, ӛткен тарихи жағдайлар тҧрғысынан қарасақ, Ҥ-ХIҤ ғасырлардағы Қазақстан жерiндегi мәдениет ӛзiне тән ӛркениет дәуiрiн кештi деуге болады. Қала мәдениетiнiң дамуы, әдебиет пен ғылымдағы ҧлы тҧлғалар шығармашылығы жан-жақты ӛсу ҥрдiсiнiң болғандығын кӛрсетедi. Әдебиеттегi тҥркi Оянушылығының белгiлерi екi ҥлкен жаугершiлiктен кейiн кӛрiнiп отырды. Х-ХII ғасырда Баласағҧни "Қҧтты бiлiкте" державалық тҥрiк мемлекетiнiң тӛрт қҧбыласы тең ҥлгiсiн жасағанда, Ӛтҥкен бектерi, Бiлге қаған, Кҥлтегiн, Тоныкӛктер қҧрған ҧлы Тҥрiк қағанатын елестете отырып жазса, Махмҧт Қашқари тҥрiк елiнiң бай мәдениетiн, тiлiн жан-жақты сипаттап, тҥрiк рухын iрiлендiре тҥстi. Яғни, тҥркi әдебиетiндегi Оянушылықтардың (Ренессанс) бастамалары осы туындыгерлерде жатыр деп бiлемiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет