Халықаралық студенттік ғылыми конференция материалдары


КӨРНЕКТІ МҮСІНШІ ХӘКІМЖАН  НАУРЫЗБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата03.01.2017
өлшемі2,19 Mb.
#1100
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

КӨРНЕКТІ МҮСІНШІ ХӘКІМЖАН  НАУРЫЗБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ 
 
Айгужина А.Б. ҚМПИ  4 курс студенті 
Ғылыми жетекші т.ғ.к., доцент Наурызбаева Э.К. 
 
Қазақ  халқының  өткен  тарихында  заманының  заңғар  азаматтары  аз  болмаған. 
Солардың бірі халқымыздың біртуар перзенті Хәкімжан Наурызбаев.  
Хәкімжан  Есімханұлы  Наурызбаев  -  қазақтың  тұңғыш  мүсіншісі,  Қазақстанның 
халық  суретшісі,  ұстаз,  профессор,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты.  Тарихи 
тұлғалардың  мүсіндерін  сомдауда  зор  табыстарға  жеткен.  Әр  тұлғаның  бейнесін,  жан 
дүниесін психологиялық тұрғыдан тереңірек ашуға ұмтылды. Осы салада қажырлы еңбек 
еткен, жан - жақты зерттеулер жүргізген мүсіншінің өмір жолы өнегелі істерге толы. 
Хәкімжан Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, 
Ұлыкөл  ауылында  дүниеге  келген.  Руы  -  Тарышы-керей,  Матақай,  оның  ішінде  - 
Сейтімбет  атасы.  Өзінің  өнерге  жастайынан  құштар  болып  өскендігін  ол:  «Анам  Рақыш 
шебер  тігінші  кісі  болатын.  Ескіше,  мұсылманша  сауатты  бар  кісі  мені  еркелетіп  өсірді. 
Ата-ана балаға сыншы болады ғой, - ол кісі үнемі маңындағыларға: « осы балам ерекше, 
бұған  пайғамбардың  нұры  жауған,  аман  болса  елеулі  азамат  болады»  деп  еске 
алады.Өзінің мүсіншілік өнерімен әуестенуін ол: «мен бала кезімнен қыста қардан, жазда 
балшықтан түрлі мүсіндер жасаудан бастағанмын. Дұрыс жасалмай , қисық болып шықса 
немесе  тез  қирап  қалса,  мойымайтын  едім.  Керісінше,  мүсінін  бекітетін  жолдарын 
іздейтінмін.  Асыр  салып  ойнап  жүрген  құрдастарының  кейбіреулері  менің  бұл  ермегін 
«бос  әуре»  деп  санайтын.  Сонда  да  ерінбей  ертеден  кешке  дейін  қыста  қолымның 
тоңғанына қарамай, жазда үстім балшық-балшық болып, ас ішуді де ұмытып, маңайдағы 
мал-жанның мүсінін айнытпай жасауға тырысып бағатынмын. Көбіне ұқсай да бермейтін. 
Бірақ мен бұл кәсіптен жалықпай, оны жетілдіре түсуге тырысатынмын»,- дейді мүсінші 
сонау балауса шақтарын еске алған шақтарында[1]. 
Сұм соғыстың алғашқы жылдарымен тұспа - тұс келген мүсіншінің балалық шағы 
бақташының,  темірші  -  ұстаның  ауыр  жұмыстарын  істеумен  өтеді.  Оның  шебер  болып 

 
52 
қалыптасуына  бұл  жағдайдың  да  әсері  болды  дей  аламыз.  Ұзақ  күн  мал  бағып,  далада 
жүрген  бала  жігіт  табиғат  әсемдігін  танып,  сұлулықты  бойына  сіңіріп  өсті.  Ал  темірді 
қалағанынша  балқыта  иіп,  ұсталықпен  айналысуы  түрлі  мүсіндерді  соғуға 
машықтандырады.  Жастайынан  жетімдіктің  азабын  тартқан  Хәкімжан  балалық  шағында 
Қызылжардағы  туысқандарының  да  тәрбиесін  көреді.  Алайда,  кейін  орта  мектепте  оқып 
жүрген  кезінде  де  қолы  қалт  ете  қалса,  бала  күнгі  кәсібі  -  мүсін  жасау  ісін  ермек  етеді. 
Оқушысының  бейнелеу  өнеріне  бейімі  бар  екендігін  аңғарған  ұстаздары  да  оған  осы 
салаға  қатынасты  түрлі  тапсырмалар  беру  арқылы  оның  Осының  арқасында  жас 
мүсіншінің қолынан шыққан туыдылар тек  ауылы ғана емес, өз ауданының аумағына да 
тарала  бастайды.  «Мүсінші  бала»  атанған  Хәкімжан  туралы  хабар  біртіндеп  облысқа  да 
жетеді.  Ондағылар  да  Хәкімжанның  қолынан  шыққан  бірнеше  мүсінді  танысу  үшін 
Қостанайға  арнайы  алдырады.  Өнерге  деген  талпынысын  сезген  үлкендердің  көмегімен 
Мәскеудегі суретшілер дайындайтын арнайы мектепте білім алып, өнердің басқа да қыр - 
сырымен танысады. 
Кейіннен  1943  жылы  Алматының  көркемсурет  училищесіне  оқуға  түседі.  Осы 
училище  қабырғасында  жүргенде  Украин  суретшісі  Ольга  Николаевна  Кудрявцеваның 
шеберханасында  сабақ  алады.  Сол  кісінің  кеңесімен  1945  жылы  Харьков  көркемсурет 
институтының  мүсін  факультетіне  оқуға  түседі.  1951  жылы  институтты  бітірген  соң 
отанына оралады. Мүсінші маманның творчестволық жолы Алматы қаласында басталады. 
ХХ  ғасырдың  50  -  жылдарынан  бастап  өмірінің  ақырына  дейін  еліміздің  мәдениетіне  өз 
үлесін  қосып,  табиғат  дарытқан  қасиетті  өнері  арқылы  туған  жұртына  қалтқысыз  еңбек 
етті[2]. 
Хәкімжан Наурызбаев өткен замандағы біздің тәуелсіз еліміз үшін еңбек еткен, ұлт 
болашағы  үшін  жанын  қиған  ел  қайраткерлерінің  бейнесін  жасап,  кейінгі  ұрпаққа 
ескерткіш  қалдырды.  Қола  граниттен  жасалынған  «Абай»ескерткіші  Алматы  қаласында, 
Шойын  граниттен  «Жамбыл»  ескерткіші  Тараз  қаласында,   қола  граниттен  «Шоқан 
Уәлиханов»  ескерткіші  Алматы  қаласында,  қола  граниттен  «Мәншүк  Мәметова» 
ескерткіші Орал қаласында қойылып, орталық көшелерінде тұр.  
 Хәкімжан ағамыз Н.Алдабергенов, С.Сейфуллин, М.Хакімжанова, С.Қожамқұлов, 
Ы.Жақаев,  Қ.Сәтбаев,  А.Жұбанов,  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  т.б.  қазақтың  көрнекті 
қайраткерлерінің  тұлға-мүсіндерін  жасады.  Біздің  Аманкелдінің,  Жанкелдин  ауданы 
орталығына  қола   граниттен  Ахмет  Байтұрсынов  пен  Міржақып  Дулатов  ескерткіштерін 
орнатты. 1952-1954  жылдары  Қазақстан  Суретшілер  одағын  басқарды.  1961-1965 
жылдары КСРО Лениндік сыйлықтар жөніндегі комитеттің мүшесі болды. «Еңбек Қызыл 
Ту», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталған. 2007 жылы Қазақстан Жомарттар 
клубының «Тарлан» сыйлығын алды. Ал, медальдары, мақтау грамоталары, алғыс хаттары 
бір  төбе.  Абзал  ағамыздың  еңбекқорлығы,   адамдарға  әсіресе  өнер  жастарына 
қамқорлығы, сыйластығы ерекше еді.  
Хәкімжан Наурызбаевтың басты ұстанымы - қазақ көкжиегіндегі ұлы тұлғалардың 
өз  биігінен  төмендемеуін  сақтап  қалуы.  Халық  құрметіне  бөленген  абзал  азаматтарды 
ардақтап  есте  қалдыруға  атсалысу.  Әрине,  ол  үшін  адамның  жеке  қадір-қасиетіне  тән 
ерекшелігін  қара  тасқа  дарыту.Хәкімжан  ағамыз  сомдаған  мүсіндер  кешегіден  бүгінгіге 
тағылым шертеді. Бұл ерекшелікті Қазақтың Ұлттық Ғылым академиясының алдында бой 
түзеген 
Шоқан 
Уәлихановтың 
ескерткішінен 
де 
айқын 
аңғаруға 
болады. 
Ағартушы ғалымның ұлт болмысы туралы айтқан кесек-кесек ойлары мен ұлт болашағы 
жайлы  жан  толғаныстарын  қара  тасқа  «сөйлету»  екінің  бірінің  пешенесіне  бұйыра 
қоймаған  бақыт.Мүсінші  ең  бастысы,  адам  жанына  үңіле  біледі.  Мәншүк  Мәметованың 
ескерткіші де сәтті қашалып, туған жер ұрпақтарының тағылымды тас мүсініне айналды. 
Еңбек Ері, Қазақстанның халық әртісі Серәлі Қожамқұловтың бейне-бедерінен мүсіншінің 
шеберлігі  айқын  аңғарылады.  Пішіннің  ерекше  келбетін  сақтай  отырып,  терең 
адамгершілікке толы ішкі сыры мен оның актерлік жан әлемін тартымды бейнеленген. 
Мүсіншінің еңбегі әріптес мамандардың тарапынан да лайықты бағаланып, Бүкіло-
дақтық Лениндік сыйлыққа ұсынылды. Хәкімжан аға  сөз реті өзіне келгенде  әдеттегідей 
қарапайымдылық  танытып:  «Жасаған  дүниеміз  халқымыздың  көз  қуанышына  айналса, 

 
53 
одан  артық  қандай  сыйлық  болмақ.  Ал  лауреаттық  атақ  ізденісіміздің  бір  өлшемі  болар, 
сондықтан  оны  келер  күндердің  еншісіне  қалдырайық»,  –  деуден  танбайтын. 
Хәкімжанның бұл қылығына деген ренішін жасыра алмаған Мұхтар Әуезов: «Айналайын-
ау,  бұл  саған  ғана  емес,  еліңнің  мәртебесі  үшін  де  керек  құрмет  еді  ғой»,  –  дегенде, 
Хәкімжан  аға:  «Уақыттың  өлшемі  де  керек,  ал  бәрі  де  кезеңінде  «базарлы  ғой»,-дей 
салатын. 
Заманның  сырын  нәзік  түсініп,  тың  ойларын,  асыл  армандарын  жүзеге  асыру  жо-
лында бойындағы бар қабілетін аямай жұмсаған еді. Өзінің осындай кәсіпкерлік борышын 
болашақ суретшілерді тәрбиелеу жолында да аяған жоқ[3]. 
Туған  жері  –  Ұзынкөл  аудан  орталығында  2010  жылы  наурыз  айында  бұрынғы 
«Набережная» көшесі «Хәкімжан Наурызбаев» көшесі болып аталды[4]. 
Балшықпен  сомдау  өнерінде  ерекше  қолтаңбасын  қалдырған,  халқымыздың 
тұңғыш мүсіншісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хәкімжан Есмаханұлы Наурызбаевтың 
туғанына  бүгіндері  90  жыл  толып  отыр.  Мүсін  өнерінің  шебері,тамаша  талант  иесі 
Хакімжан Наурызбаев - қайталанбас өнер туындыларын сомдаумен бірге «шәкіртсіз ұстаз 
тұл» дегендей, өзінен кейін қазақ өнерін жалғастырып дамытатын кәсіби мамандар белгілі 
мүсіншілер,  көптеген  дарын  иелерін  тәрбиелеп  шығарған  ұстаз.  Және  асқан  дарын  иесі 
өнер әлемінде мәңгі өмір сүре бермек және оның өнері ұрпаққа мұра болып сақталады[5]. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Тілеуберді  Бинашев  «Хәкімжан  Наурызбаев  –  асқақ  дарын,дара  тұлға»  .  // 
Қостанай таңы.- 2014. – 30 шілде. - 4 б 
2.
 
Сәулеш  Қозыбаева  «Ұлтты  сүйген  ұл:  мүсінші  Хәкімжан  Наурызбаев  туралы 
сыр-сұхбат» . // Қостанай таңы.- 2014. – 26 желтоқсан. – 7 б. 
3.
 
Сейдахмет  Қабылахат  «Хәкімжан  Наурызбаев  өмірінің  кейбір  беттері»  .  
//Қостанай таңы.- 2008. – 1 ақпан. – 6 б. 
4.
 
Батима  Сұлтанқызы  «Ұзынкөлде  Хәкімжан  Наурызбаев  көшесі  бар»  . 
//Қостанай таңы.- 2010. – 6 сәуір. – 4 б. 
5.
 
Мамадияр  Жақып  «Мүсінші  Хәкімжан  Наурызбаев»  .  //  Егемен  Қазақстан.  – 
2015. – 26 тамыз. – 10 б. 
 
 
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ТАРМАҚТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Медебаева А., ҚМПИ 4 курс студенті, Қостанай қаласы 
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. Наурызбаева Э.К. 
 
Ұлы  Жібек  жолы  мен оның  бойындағы  қалаларды  тарихнамалық  тұрғыда  арнайы 
қарастырған  еңбектің  жоқ  екендігін  бірден  айқындап  кеткен  дұрыс.  Қазақстандық 
тарихнамада  ортағасырлық  қалалар  тарихының  зерттелуі  туралы  мәселелер  оларға 
қатысты археологиялық еңбектерде және кейбір жекелеген зерттеулердің тараушаларында 
қарастырылып  отырған  мәселемен  байланыс  дәрежесіне  қарай  кездесіп  отырады.  Бұл 
жерде  бір  назар  аударатын  жағдай  тарихшылар  еңбектерінде  олар  қарастыратын 
мәселенің  зертелу  дәрежесін  айқындау  мақсатында  тарихнамалық  шолулар  жасау 
дәстүрге  айналса,  археологтардың  еңбектерінде  бұған  ерекше  көңіл  бөлу  сирек,  яғни 
зерттеу тақырыбына тарихнамалық талдау арнайы ерекшелене бермейді. Оларда көбінесе 
зерттеу  жұмысының мазмұнын баяндау барысында кейбір зерттеушілердің еңбектері сөз 
болады. 
Жүздесу  мен  тілдесу  және  алыс-беріс  байланыстары  б.  з.  дейінгі  III-II-
мыңжылдықтарда  басталған.  Бадахшан  тауынан  лазурит  және  Хотан  маңындағы 
Яркендария  өзенінің  жоғарғы  жағынан  нефрит  кен  орындары  табылып,  оларды  өңдіре 
бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөңге келтірілді. 

 
54 
Б.з. дейінгі  I мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан 
Оңтүстік  Орал  өңіріндегі  савроматтарға,  Ертіске,  одан  әрі  созылып  Алтайға,  жоғарғы  
Ертіс  пен  Зайсан  көлі  алқабын  мекендеген  агрипейлер  еліне  кететін  Дала  жолы  жұмыс 
істей  бастаған  еді.  Осынау  жолмен    жібек,  ұлпандар  мен  терілер,  иран  кілемдері,  асыл 
металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. 
Қымбат бағалы  жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары 
да  қатысқан,  осылардың  дәнекерлік  демеуі  арқасында  сол  кез  үшін  тансық  болған  бұл 
тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына жеткен. 
Егер  Жібек  жолымен  батыстан  шығысқа  қарай  жүрсек,  оның  Қазақстандағы 
учаскесі  Шаштан  (Ташкент)  шығып,  Тұрбат  асуы  арқылы  Исфиджабқа,  Сайрам 
(Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір 
қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі 
орталықтардың  бірі  болған  орта  ғасырлық  қала  жұртының  қалдығы  сақталған. 
Исфиджабтан  құлдарды,  бөз  маталарды,  қару-жарақты,  семсерлерді  мыс  пен  темірді 
әкетіп жатқан. 
Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент 
қалалары арқылы Таразға барады екен. 
Қазақстанның  аса  ірі  қалаларының  бірі  Тараз  VI  ғ.  бұрын  белгілі  болған.  568 
ж.түрік  қағаны  Дизабұл  Византия  императоры  Юстинианның  стратег  Земарх  бастап 
келген  елшілігін  тап  осы  қалада  қабылдаған.  Бастаухаттар  оны  көпестер  қаласы  деп 
атаған. Мұның үстіне ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи 
орталығы болған. 
Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғ. хатқа түскен. Жамухаттың 
жәдігерліктері  Талас  алқабында,  Жамбылға  таяу  жерде,  Талас  өзенінің  бойындағы 
михайловка  селосына  қарама-қарсы  бетте  жатыр,  оның  үйінділерін  қазір  Қостөбе  деп 
атайды[1] 
Керуендер  Талас  алқабында  Ферғана  аймағынан  Шатқал  қыратындағы  Шанаш 
асуы  және  Талас  Алатауынддағы  Қарабура  асуы  арқылы  да  өтіп  кететін.  Жолдың  осы 
бөлегі жібек жолының Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын біріктіретін. 
Тараздан шыққан жол шығысқа, Құлан қаласына қарай асатын еді. Тараз бұн Құлан 
аралығындағы  территория  қарлуктерге  жататын.  Құланға  бара  жатқанда  жол  Касрибас, 
Күлшөп,  Жолшөп  сияқты  қалалардан  өтетін.  Құланнан  әрірек  шығыста  бір-бірінен  төрт 
фарсақтай  жерде  Меркі  мен  Аспара  қалаларына  соғып  өтетін.  Жолдан  кейін  ол  Сарыг, 
«түрік қағанының қыстағына», Қырмырауға баратын. 
Жол  Науакенттен  шыққасын  Пенджикент  (Бунджикет)  арқылы  Жетісудың  аса 
үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кейін түргештер, қарлықтар астанасы)Суябқа 
келеді.  Бұ  қала  туралы  қытай,  араб  саяхатшылары  X  ғ.  дейін  жазып  келген.  Соңынан 
астана рөлі  Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса 
керек.  Баласағұн  қарахандардың,  сосын  қарақытайлардың  астанасы  ретінде  белгілі,  оны 
кейін XIII ғ. бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ XIV ғ. 
тағы  да  ойрандалып,  үйінділері  ғана  қалады.  Бұ  қалалардың  тұрған  жері  қазіргі  Тоқмақ 
қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі екі ескерткішіне – ақбешім мен 
Боран қалажұртына сәйкес келеді[2]. 
X – XII ғғ. Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан 
көктей  өтіп,  солтүстік  шығысқа  қарай  кетеді  екен.  Бұл  тармақ  Науакенттен  басталып, 
Бунджикен  және  Қастек  асуы  арқылы  жүріп,  Іле  Алатауының  теріскей  жоталарына 
әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған. Бұл арадағы танымал белгі 
қасиетті  Ұрын-Арж  тауғы  екен.  Жол  Іле  Алатауының  баурайындағы,  қазіргі  Қастек, 
Қаскелең  мен  Алматы  орындарындағы  шағын  қалашықтар  арқылы  Талғар  қаласының 
теріскей шетіне орналасқан Тәлхиз (Тәлхира) қаласына жеткен. Осы арада Талғар өзенінің 
оң  жағалауындағы  тау  баурайында  орта  ғасырдың  аса  ірі  қала  жұртыынң  ойран  болған 
орны жатыр. Тәлхиз транзитті сауданың үлкен орталығы болған. 
Іле  алқабына  басқа  жолмен  де  келе  береді  екен:  Құлан  мен  Аспарадан  немесе 
Нүзкенттен  шығып,  Шудың  орта  және  төменгі  ағысындағы  қалаларға  барған.  Сосын 

 
55 
Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Шу – Іле тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, 
Іле Алатауының теріскей бетіндегі қалаларды қуалай жүрген. 
Тәлхизден басталатын теріскей жолы талғар өзенін қуалай жүріп, Іленің Қапшағай 
шатқалы маңындағы өткеліне дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді үстімен Алтын Емел 
белесінен  асып,  Көксу  алқабына  түседі  де,  Екірғыз  қаласына  жетеді.  Ол  қәзіргі 
Дунгановка селосының орнында болған. Вильгельм Рубрук бұ қаланы Эквиус деп атаған. 
Іле  алқабының  ең  үлкен  қала  жұртының  бірі  тап  осы  жерден  табылған.  Онда  1253  ж. 
болғанВ. Рубрук осынау қалада «сарациндер» (иран көпестері) тұрушы еді – деп жазады. 
Жол  Екіоғыздан  шығып,  қарлықтар  жабғысының  астанасы  Қаялыққа  (Қойлақ) 
барады екен. Бұл шаһардың хан базарларымен аты шыққан. Онда мұсылмандармен бірге, 
өздерінің  шіркеуі  бар  христиандар  да  тұрған.  Ол  жөнінде  моңғол  ханы  Мөңкеге  бара 
жатып,  осы  қалаға  саоғып  кеткен.  Людовик  IX  –  елшісі,  монах-сопы  В.Рубрук 
хабарлайды. Қаялық – қарлықтар орталығы болған, IX ғ.-XIII ғ.бас кезінде Іле алқабының 
солтүстік-шығыс  бөлегі  қарлықтар  қоластына  қараған.  Қаялық  Қаратал  өзені  алқабында 
қазіргі  Антонов  селосынының  шет  жағында  тұрған.  Рубруктың  жазбаларына  қарағанда, 
Қаялыққа жақын-жуық жерде христиандар селосы болған, Жібек жолы сол арқылы өткен. 
Содан әрі қарай жол тентек алқабымен жүріп, Алакөлді айналып өтіп, Жоңғар қақпасын 
басып  Шихо  алқабына  жетеді,  сосын  Бесбалықты  басып,  Дунхуанға  барады  да,  Ішкі 
Қытай жаққа шығанданып кетеді екен[3]. 
Алакөлдің  оңтүстік-батыс  шетінде  бір  қала  болған,  оны  XIII  ғ.  саяхатшылары 
«Облыстың  астанасы»  деп  атаған.  Испиджаб  қаласынан  шығатын  керуен  жолы  Арыс 
бойындағы  Арсубаникетке,  содан  Отрар-Фарабқа  иек  артып,  Сырдария  бойымен  жүріп, 
Арал өңіріне барған. 
Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-
Фараб пен Шавғар екен. Бірінші қааланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне 
жақын орналасқан, аса үлкен қала жұртының атында сақталып, осы күнге дейін жеткен. 
Жібек  жолының  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  арқылы  өтетің  негізгі  арқауынан 
жол  тарамдалып,  терістік  пен  шығысқа  қарай,  Орталық  және  Шығыс  Қазақстан 
аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті-Қыпшаққа, Ертіс жағалауы мен 
Алтайға, Монғолияға асып кетеді екен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге, металға бай орталық 
Қазақстан  аймағы  сауда-саттық  байланыс  жүйесіне,  оның  ішінде  халықаралық  жүйеге 
тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады. 
Жолдың  Отырардан  таралған  бір  желісі  Арсубаникеттен  өтіп,  Арыстанды,  Шаян 
алқаптарына, сосын Қаратаудың жатаған белесінен асып; ал Шавгар мен Яссыдан шыққан 
желісі Тұрлан асуынан асып, Сауран мен Сығанақ тармағы, Янгикент тармағы – бәр-бәрі 
тұс-тұстан  Орталық  Қазақстан  жазығына  шығып,  Сарысу  мен  Кеңгір,  Торғай  мен  Есіл 
бойларына  баратын  болған.  Сол  аймақтыңорта  ғасырдың:  Болған-ата,  Жаманқорған, 
Нөгербек-Дарасы,  Домбауыл,  Милы-құдық,  Ормамбет  сияқты  қалажұрттарының 
қалдықтары табылған. Әсілі, орта ғасыр бастаухаттарында айтылатын Жұбын, Конгликет, 
Ортау мен Кейтау сияқты жайлауларды, Гарбиан мен Бақырлытау сияқты кен орындарын 
осы маңайдан іздеген жөн. 
Тараздан  шыққан  тағы  бір  сауда  жолы  Адахкес  пен  Дех-Нуджикес  қалалары 
арқылы Ертіс жағасына, Кимеқтер қағанының сарайына барып, одан әрі асып, Енисейдегі 
қырғыздар еліне тартатын болған. 
Іле алқабы Орталық Қазақстанмен Шу – Іле тауының теріскей жоталарымен жүріп 
Шуға шығады да, сосын оның бойын қуалап барып, Сарысу өзені жағалауына шыққан[4]. 
Ұлы  Жібек  жолы  бойында  орналасқан  Түркістан,  Шауғар,  Отырар  және  Отырар 
өңірі  туралы  деректер  көне  заман  және  ортағасыр  тарихшылары,  географтары, 
жиһанкездерінің  еңбектерінде  қалалар  өмір  сүріп  тұрған  кездің  озінде-ақ  жазылды. 
Оладың  бірі  осы  өңірде  болып  көрген,  білгенін  қағаз  бетіне  түсірсе,  екіншілері  ауыз  екі 
естігендерін, үшіншілері бұрын хатталып жазылған шығармалары пайдаланды. 
Ежелгі және ортағасырлық отырықшы және қалалар мәдениеттерін тарихи тұрғыда 
зерттеуді  XIX  ғ.соңында  И.  Х.  Лерх,  В.В.  Бартольд  бастаған  еді.  Олардың  екеуі  де 
Түркістан  археология  үйірмесінің  мүшесі  болатын.  Қазақстан  археологиясының  ғылым 

 
56 
болып қалыптасуына орыс  зерттеушілері В.В.радлов, В.В. Бартольд, В.А. Городецов және 
тағы басқалардың да тигізген үлестері бар. Осындай ғалымдар мен олкетанушылар Жібек 
жолы  мен  оның  бойындағы  қалалар  туралы  айтарлықтай  дәйекті  материалдар 
қалдырды[5].  Сол  себепті  де  ежелгі  және  отағасырлық  қалаларға  берген  сипаттамалары 
құнды  болып  саналады.  Патшалық  Ресейдің  ғалымдары  мен  зерттеушілері  Жетісудағы 
қалаларды  сипаттау  мен  тіркеу  материалдарын  жинақтау  жұмыстарымен  айналысты.  Ал 
Оңтүстік Қазақстандағы көне және ортағасырлық қалаларға берген сипаттамалары құнды 
болып саналады. Патшалық Ресейдің ғалымдары мен зерттеушілері жетісудағы қалалрды 
сипаттау  мен  тіркеу,  материалдарын  жинақтау  жұмыстарымен  айналысты.  Ал  Оңтүстік 
Қазақстандағы  көне  және  ортағасырлық  ескерткіштерді  зерттеуді  олар  бірнеше  бағытта 
жүргізді.  Түркістан  археологиялық  үйірмесі  құрылғанға  дейін  зерттеулер  жүйелі,  әрі 
мақсатты  жүргізілмегенімен  Ресей  империясының  Орта  Азия  және  Қазақстан  жерін 
жаулап  алғаннан  кейін  осы  аймақтағы  көне  ескерткіштердің  көптігі  орыс  қызметкерлері 
мен  шенеуніктерінің  қызығушылығын  тудырды.  Көшпелілерге  өркениеті  болмаған  және 
болуы  да  мүмкін  емес  деген  идеологияға  шырмалған  зерттеушілердің  Ұлы  Жібек  жолы 
бойындағы  қалалар,  олардың  мәдениеті  туралы  кері  көзқарастары  қалыптасты.  Олардың 
ғылыми  тұжырымдары  қазақ  халқының  өмірінен  алшақ  жатты.  Осы  орайда  қазақ 
халқының  тарихын  зерттеудегі  еуроцентристік,  шовинистік  пиғылдар  үстемдік  еткен 
саяси  жүйелердің  қасақана  дүниеге  келтірген  рухани  қаруы  болғандығын  тарихи  және 
тарихнамалық талдаулар жүргізуде абзал. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (VI-XIII ғ. басы). – 
Алматы: Қазақ университеті. 1998. – 210 б. 
2.
 
Шәлекенов У.Х. Түріктердің отырықшы өркениеті – А., 2002. -248 б. 
3.
 
Байпаков  К.М.,  Шарденова  З.Ж.,  Перегудова  С.Я.  Раннесредневековая 
архитектура  емиречья  и  Южного  Казахстана  на  Великом  шелковом  пути.  –  Алматы: 
Ғылым. 2001. – 259 с. 
4.
 
Ерзакович Л.Б. О поздне средневоком городище Асмара. // Новое о археологии 
Казахстана. – Алматы. 1969. – С. 17. 
5.
 
Байпаков  К.М.,  Таймагамбетов  Ж.К.  Археология  Казақстана.  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2006. – 259 с. 
 
 
ХАН АБЫЛАЙ СИМВОЛ ЕДИНСТВА И НЕЗАВИСИМОСТИ 
 
Шаукенов Д., студент 1 курса  КОФ ЧелГУ, г.Костанай 
Научный руководитель: к.и.н. Шалгимбеков А.Б. 
 
Самобытная и яркая личность Абылая, талант выдающегося политического деятеля 
и  полководца  сложились  в  один  из  переломных  и  драматических  периодов  в  истории 
казахского народа, связанного с борьбой за свободу и независимость. 
В  сложнейшей  международной  обстановке  того  времени  Абылаю  удалось 
объединить  разрозненные  казахские  земли  под  своей  властью.  Умело  используя 
противоречия  интересов  своих  могущественных  соседей  –  царской  России  и  Китая, 
стремившихся  к  овладению  казахскими  землями,  Абылай  сумел  отстоять  независимость 
своей страны. С целью закрепления возвращенных у джунгар казахских кочевий и поиска 
путей  к  китайским  рынкам  Абылай  начинает  «дипломатическую  игру»  с  правителями 
Цинской  империи.  Абылай  в  1757-1758  гг.  дважды  направляет  посольство  в  Пекин.  В 
свою  очередь  и  цинские  правители,  не  преуспев  в  военной  агрессии,  пытаются 
дипломатическими  и  экономическими  средствами  распространить  свое  влияние  на 
Казахстан. 

 
57 
С  давних  пор  внешняя  политика  Цинской  империи  была  основана  на  идее 
китаецентризма  или  «срединного  царства».  В  соответствии  с  канонами  этой  имперской 
идеи  все  государства,  с  которыми  поддерживал  связи  Пекин,  рассматривались  как 
зависимые, а их правители считались вассалами императора. Так было всегда: признавая 
Абылая ханом казахов, в то же время ему жаловали титул китайского князя (перо вана) и 
календарь, символизирующий китайский вассалитет [1]. 
Правящие  круги  Цинской  империи  приступили  к  подготовке  к  завоевательным 
походам  в  Средней  Азии.  Благодаря  твердой  позиции  Абылая  цины  были  вынуждены 
отказаться от этой авантюрной идеи. 
Абылай  занял  твердую  позицию  на  переговорах  с  цинским  двором  относительно 
спорных территорий в районе рек Лепсы и Каратал. Эти земли, захваченные ойратами во 
время войны, были казахами возвращены еще до вторжения цинов в Джунгарию. В 1767 г. 
император Цянь Лун издал указ разрешающий казахам пользоваться этими пастбищами. 
Установив  устойчивые  отношения  с  Россией  и  Китаем,  Абылай  успешно  решает 
проблемы южных границ Казахстана
В  1771  г.  умер  хан  Абулмамбет.  Народ  единогласно  избирает  Абылая 
Общенациональным  казахским  ханом.  25  сентября  1778  г.  Екатерина  II  подписала 
Высочайшую  грамоту  об  утверждении  Абылая  ханом,  но  не  всего  Казахстана,  а  лишь 
Средней  орды.  Екатерина  II  отказалась  признавать  Абылая  ханом  трех  жузов.  В  указе 
оренбургскому  генерал-губернатору  была  дана  секретная  установка:  «Для  безопасности 
наших границ надобно, чтобы управление киргиз-кайсаками не было в одних руках» [2]. 
Для  этого  предписывалось  сеять  раздоры  между  султанами,  старшинами,  чтобы  они  за 
разрешением споров обращались к русским властям. 
Но Абылай вошел в историю, прежде всего, как мудрый государственный деятель, 
сплотивший  казахов  всех  трех  жузов  в  единое  государство.  Опираясь  на  их  поддержку, 
влиятельных  биев  и  батыров,  Абылай  сломил  сопротивление  сепаратистки  настроенных 
султанов и родоначальников. «Ни один казахский хан,  - писал Ч.Ч.Валиханов, - не имел 
такой  неограниченной  власти,  как  Абылай.  Он  усмирил  своеволие  сильных 
родоначальников и султанов, которые ограничивали советом власть хана» [3].  
Абылай был строг и взыскателен, он установил жесткие, но справедливые  законы. 
Управление  страной  осуществлял  через  своих  представителей  и  создал  такие  структуры 
государственной  власти,  как  чиновники  по  сбору  налогов,  внешнему  сношению, 
военоначальники, личная охрана и другие. 
Во  внешней  политике  Абылай    стремился  сохранить  независимость  Казахского 
ханства,  установил    постоянные  и  устойчивые  политические  и  экономические  связи  со 
всеми  сопредельными  государствами  -  Россией,  Китаем,  Бухарским  и  Хивинским 
ханствами. В развитии этих отношений ярко проявились незаурядные дарования Абылая, 
как  тонкого  политика  и  искусного  дипломата.  Главным  итогом  внешнеполитической 
деятельности Абылая явилось признание Казахского ханства как полноправного субъекта 
в международных отношениях всеми сопредельными государствами. 
Абылай  постоянно  укреплял  обороноспособность  страны,  содержал  постоянное 
войско. Армия Абылая отличалась маневренностью и дисциплинированностью, основу ее 
составляла боевая конница. 
Высокую  оценку  Абылаю  давали  русские  исследователи.  «Превосходя,  -  писал 
А.И.Левшин,  -  всех  современных  владельцев  киргизских  летами,  хитростью  и 
опытностью,  известный  умом,  сильный  числом    подвластного  ему  народа  и  славный  в 
ордах сношениями своими с императрицей российскою и китайским богдыханом, Абылай 
соединил в себе все права на сан повелителя Средней орды». Далее он заключает: «Аблай 
признал  себя,  смотря  по  нужде,  то  подданным  русским,  то  китайским,  а  на  самом  деле, 
был  властитель  совершенно  независимый»  [4].  Сегодня,  переосмысливая  прошлое,  мы 
должны  давать  объективную  оценку  роли  субъектов  в  истории.  В  соответствии  с  этим 
требованием критерием оценки той или иной личности может быть только по-настоящему 
понятное, общечеловеческое, т.е. гуманизм, нравственная чистота, а не принадлежность к  
роду, сословию, классу. 

 
58 
Воздавая  должное  выдающимся  личностям  –  Абылай  хану,  Бухар-жырау, 
Богенбаю, Кабанбаю и другим известным историческим личностям, мы должны извлекать 
уроки  для  настоящего,  ибо  правильное  осмысление  прошлого  помогает  понять  характер 
современных процессов происходящих в мире, заставляет задуматься о нашей духовности 
и нравственности в период глобализации и о нашем будущем. 
Таким образом, ратные подвиги, одержанные Абылаем, победы на поле битвы, его 
усилия по укреплению государственности казахов, активные дипломатические и торговые 
связи  с  Россией,  Китаем  и  другими  соседними  странами  повысили  международный 
авторитет  Казахского  ханства  и  роль  самого  Абылая  в  политической  жизни  народов 
Центральной  Азии.  Современники,  высоко  оценив  деятельность  Абылая,  избрали  его 
ханом,  потомки  с  признательностью  назвали  Великим,  и  он  вполне  заслуживает  этого 
звания за все то, что он сделал для своего народа. 
Вместе  с  тем  надо  признать,  что  Казахское  ханство,  возрожденное  Абылаем,  не 
было прочным и долговечным, а после его смерти оно, во многом державшееся на личном 
авторитете  самого  хана,  стало  терять  свои  позиции,  усилилась  его  зависимость  от 
Российской  империи,  и  в  начале  20-х  годов  XIX  в.  перестало  быть  самостоятельным 
государством.  Однако  заложенная  ханом  Абылаем  идея  о  единстве  казахского  народа  и 
независимости его государства продолжала жить. 
Воплотилась она в жизнь 16 декабря 1991 года в День Независимости Республики 
Казахстан. В современном Казахстане Абылай символ единства и независимости. 
Интерес  к  личности  хана  Абылая  возрос  в  связи  с  обретением  независимости  и 
возрождением  его  государственности.  Это  знаменательное  событие  в  нашей  истории 
совпало по времени с 300-летием со дня рождения Абылай хана. В связи с этой датой 5-6 
октября  2013  г.  в  г.Кокшетау  на  базе  Кокшетауского  государственного  университета 
имени Ш.Ш.Уалиханова состоялась Республиканская научно-практическая конференция. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет