Халықаралық студенттік ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата03.01.2017
өлшемі2,19 Mb.
#1100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Әдебиеттер
 
1.
 
Шоқан  Уалиханов.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы.  4-том-Алматы:  Толағай 
групп,2010-496 б. 
2.
 
Әбдіжәлел  Бәкір.  Тәуелсіздік  түйіндері:  ұлттық  мұрат,елдік  мүдде.  –  Астана: 
«Сарыарқа» баспасы,2013.-440 б. 
3.
 
ҚазГЗУ  профессоры,  з.ғ.д  Әбдіжәлел  Бәкірдің  «Мұстафа  Шоқай  және 
тәуелсіздік» баяндамасынан... 
 
 
АЛАШ КӨСЕМДЕРІНІҢ БІРІ, ҚАЗАҚТЫҢ АЯУЛЫ ТҰЛҒАСЫ МҰСТАФА 
ШОҚАЙ 
 
Ешім Е.О., Әбіл А. КазГЮУ, 3 курс студенті, Астана қ. 
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.м., аға оқытушы  Тлебалдиева М.Д.
 
 
Алаштың баласы бұл жолы 
болмаса, жақын арада өзтізгіні 
өзінде бөлек мемлекет болар. 
Әлихан  Бөкейханов 
 
Төл  тарихымыздың  қай  кезеңін  алып  қарасақ  та,  зиялы  атанған  тұлға,  халқына 
қызмет  етіп  оқығандар,  интеллигенцияның  таңдаулы  өкілдері  ұлттық  элита  қатарында 
кірген [1,330-б]. Оның себебі, халқымыз рухани жан – дүниесі бай адамдары материалдық 
жағынан дәулетті адамнан жоғары санап, құрметтеп келеді. Осы тұрғыды қазақ халқының 
тарихында  із  қалдырған  зиялылардың  ғұмырнамасын  жасау,  көзқарастарын  тарихи 
негізінде зерделеу – басты қажеттілік болып саналады. 
Қазіргіуақыттағы  жаһандану  заманында  саяси,  әлуметтік,  мәдени,  экономикалық, 
қоғамдық  мәселелерді  тек  біріге  шешу  қажеттілігі  –  Қазақстан  мен  Орта  Азия 
республикаларымен рухани бірігуді шешу қажет етеді. Осындай рухани, тарихи біругідің 
үлкен қайнар көзі – Мұстафа Шоқайдың көзқарастары болып табылады. 
Қазақ  халқының  таяу  заман  тарихында  ерекше  орынға  ие  Алаш  қозғалысының 
тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін 
келіп  аяқтатылады.  Алайда  бұл  мәселеге  тереңнен  үңілгенде,  оның  ауқымының  одан 
әлдеқайда  әріде,  Мұстафа  Шоқайдың  күрес  тарихымен  жалғасып  1940  жылдарға  дейін 
барғанын  көреміз.  Мұстафа  Шоқай  1917  жылы  университет  бітіріп,  Ақпан  төңкерісін 
қуаттап,  өз  еліне  бостандық  алып  келеміз  дегендердің  бірі  болды.  Осы  кезде  ол  ұлттық 
саяси өмірдің тоқсан тарау айырғанда тұр еді. 

 
24 
1917  жылғы  22  қарашада  бүкіл  мұсылман  ұйымдарының  өкілдері  бұрынғы  хан 
Ордасы Қоқанда бас қосып, бүкіл Түркістан мұсылмандар құрылтайын өткізді. Құрылтай 
«Халық  кеңесі»  деп  аталған  Түркістан  автономиялы  үкіметін  құрды.  Оның  бірінші 
төрағасы  Мұхамеджан  Тынышбай  еді.  М.Тынышбайұлы  орнынан  түскен  соң,  Мұстафа 
Шоқай  төрағалыққа  сайланды.  Мұстафа  Шоқай  большевиктік  кеңес  өкіметінің  алғашқы 
кезеңіндегі Түркістанның әлеуметтік жағдайы туралы пікірлерін «Шовинизм» мәселесіне 
қатысты  мақалалырнда  басып  шығарған.  Мұстафа  Шоқайдың  пайымдауынша, 
Түркістандықтарды шовинизм дертіне шалдықтыратын идеологиялық алғышарттар мүдде 
жоқ еді [2,49-54-б]. 
1918  жылы  қаңтарда  Ташкент  кеңесі  мұсылман  үкіметін  жою  жөнінде  шешім 
қабылдады.  Үш  күнге  жалғасқан  жаппай  қырғын  мен  ұрлық,  талан  –  тараждан  кейін 
басқыншылар қаланы өртеді. 
Кейіннен,  Мұстафа  Шоқай  жаппай қырғыннан  аман  шығып,  1919  жылы  Грузияға 
бас  сауғалады.  1920  жылы  Қызыл  Армия  грузияға  шабуыл  жасап,  басып  алған  соң 
Мұстафа  Шоқай  Түркияға  қашты.  Кейіннен  ол  Берлинге,  ақыры  1921  жылы  Париж 
маңындағы  Ногент  –  Сюр  –  Марнға  орналасты.  1923–1926  жылдары  Мұстафа    Шоқай 
«орыс  демократиясын»  Түркістан  ұлт  –  азаттық  қозғалысының  одақтасы  деп 
қарастырудан бас тартып, ұлттық қозғалыстың жаңа мазмұндағы идеологиясының басты 
принциптерін  анықтау  мақсатында  біржолата  шығармашылық  жұмыспен  айналасуға 
көшеді.  Мұстафа  Шоқайдың  елмен  байланысты  1920–1929  жылдары  Гермнияға  оқуға 
жіберілген  өзбек,  қазақ  жастары  арқылы  нығая  түседі.  Шет  елде  Мұстафа  Шоқай  екі 
журналдың  редакторы  болды  –  1927-1931  жылдары  Стамбул  қаласында  шыққан  «Йени 
Түркістан»(Жаңа Түркістан) журналы; 
1929-1939  жылдары  Берлин  қаласында  шыққан  «Яш  Түркістан»  журналы;1929 
жылы Мұстафа Шоқай Берлин мен Гейдельберг қалаларында Түркістан ұлттық қозғалысы 
туралы лекциялар оқуымен шұғылданды. Мұстафа Шоқай 1930-шы жылдары саяси айып 
тағылған  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Есболов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймаутов  және  т.б. 
қазақ зиялылары туралы баспасөз материалдарын жинастырды [3,504-б]. 
Мұстафа  Шоқайдың  іс-қимылдарын  Алаш  Орда  қозғалысынан  бөлек  қолға  алу 
басым  болып  отыр.  Атап  айқтанда,  Алаш  қозғалысы,  Алаш  Орда  үкіметі  мен  Мұсафа 
Шоқай,  Түркістан  автономиясы,  Шоқайдың  Еуропа  елдеріндегі  саяси  іс-қимылдары 
көбінесе бір-бірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда. Алаш Орда үкіметі және оның 
жетекшілері  туралы  зерттеулер,  Мұстафа  Шоқай  туралы  зерттеулерге  қарағанда  көш 
ілгері  болып  отыр.  Сонымен  қатар  кеңестік  кезеңде  тыйым  салынған  Алаш  жетекшілері 
туралы  ақиқаттар  қайта  құру-жариялылық  кезеңінде  ақтаңдақ  беттер  ретінде  Шоқайдан 
бұрын қолға алына бастады. Тіпті олар 1988 жылы Компартияның қаулысымен ақталған 
да  болатын.  Осы  кезде  Шоқай  туралы  еш  нәрсе  айтылмады.Шоқай  тек  Қазақстанның 
соңғы шындығы ретінде, Алаш қайраткерлерінің ақталуынан екі жыл өткеннен кейін, атап 
айтқанда  1990  жылдың  аяқ  шенінен  кейін  ғана  ауызға  алына  бастады  [4,220-255-б].  
Қазақстанда  бұрынғы  Кеңестік  идеологияның  салдарынан  Шоқайға  сенбей  күмәнмен 
қараушылар қатары күн сайын азайып келе жатса да, әлі де баршылық.  
Сонымен  бірге  Алаш  Орда  жетекшілері  туралы  зерттеулерде,  олармен  Шоқай 
арасындағы қарым-қатынастар, әсіресе Алаш  және Түркістан автономиялары құлағаннан 
кейін  оның  жетекшілері  Әлихан  Бөкейханов  пен  Мұстафа  Шоқай  арасындағы 
байланыстарға  жеткілікті    назар  аударылмады[5,85–94-б].  Міне  осы  себептерден 
Шоқайдың Алаш қозғалысымен бірге аталмай жүрген болуы мүмкін. 
Көпшілікке белгілі жәйт, Шоқай Петербург университетінде студент кезінен бастап 
Алаш Орда жетекшісі  Бөкейхановпен тығыз байланыста болды. Тіпті Шоқайды саясатқа 
баулыған  Бөкейхановтың  өзі  десек  қателеспеспіз.  Демек  Шоқай  Алаш  қозғалысының 
рухы  болып  есептелетін  Бөкейхановтың  саяси  шәкірті.  Оған  қоса  Ташкенде,  Қоқанда 
Түркістан  автономиясының  ішінде  жүргеннің  өзінде  Бөкейхановпен  байланыста  болып 
жүрді. Олай болса, Шоқай шетелдерге шыққаннан кейін Алаш идеяларын ұстанбай жүре 
ала ма? Әрине жоқ. Ол заңды түрде Алаш мақсаттарын орындап жүрді. Тіпті оның мақсат-
мүдделерін одан әрі дамытты десек артық айтқандық бола қоймас.  

 
25 
Бұл 
тұрғыда 
Шоқай, 
Алаш 
қозғалысының 
жалғасы 
деген 
пікірге 
қосылмайтындардың мынадай пікірлерді алға тартуы мүмкін.  
«Шоқайдың  Еуропа  елдерінде  ұстанған  басты  екі  мақсаты  бар  еді.  Біріншісі  – 
тәуелсіздік, екіншісі – бір тұтас Түркістан идеясы, яғни Түркістан одағы.  
Түркістан  Одағы  пікірі  –  Алаш  көсемдерінің  халықаралық  жағдайды  көріп 
байқағаннан  кейін  геостратегиялық  жағдайға  байланысты  ұтымды  пікірі.  Ол  кейін 
Шоқайдың  күресінің  белді  пікірлерінің  бірі  болды.  Бұл  шынайы  қажеттіліктен 
туындамаған  жағдайда  арада  80  жылдай  уақыт  өткеннен  кейін  тәуелсіз  Қазақстан 
президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны Орталық Азия Одағы ретінде қайта жаңғыртпас еді. 
Оның  тек  Қазақстан  үшін  ғана  емес,  аймақтағы  өзге  елдер  үшін  де  қандай  қажет  екенін 
Елбасы Назарбаев 2005 жылы ақпан айындағы жолдауында нақты түрде ортаға салған еді. 
Алаш  қозғалысы  жылдарды,  яғни  Мұстафа  Шоқайды  қоспай  жауап  қайтарар 
болсақ,  ол  1913-1918  жылдарды  қамтиды.  Оның  «Қазақ»  газетімен  тығыз  байланысты 
екенін  айтсақ  қате  болмас.  Өйткені  Алаш  көсемдері  сол  журнал  маңайында  1913 
жиналып,  халықтың  басын  қосты.  Кейін  бұл  бас  қосу  Алаш  Партиясы  мен  Алаш  Орда 
үкіметін  дүниеге  келтірді.  Ал  большевиктердің  қысымымен  1918  жылы  партия,  үкімет 
және газет тарқап кетеді. Демек Алаш қозғалысы Шоқайды қоспай айтсақ бес жылдық бір 
мерзімді ғана қамтиды.  
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдіуақап Қара:  «Біз Алаш қозғалысы 
1913-1918 жылдар арасын ғана қамтиды деген пікірмен келіспейміз. Біздің ойымызша ол 
қозғалыс  Қазақстанда  Алаш  партиясы,  үкіметі  және  баспасөз  органы  Қазақ  газеті 
тұншықтырылғаннан  кейін,  Шоқайдың  қайраткерлігінде  шетелдерде,  атап  айтқанда 
Еуропада  жалғасты.  Міне  сондықтан  біз  оның  мерзімін  1913-1939  жылдар  арасы  деп 
айтамыз.  Демек  ол  5  жылдық  қозғалыс  емес,  26  жылдық  қозғалыс.  Біз  бұл  жерде 
қозғалыстың  мерзімін  Шоқай  қайтыс  болған  1941  жылға  дейін  апарудың  да  дұрыс 
еместігін айта кетпекпіз. Өйткені Шоқай 1939 жылы Гитлер ІІ Дүниежүзілік соғыс отын 
тұтатып  кеткен  кезде  өзінің  саяси  іс-қимылдарын  жалғастырудан  қалады.  Германия 
армиясы  1940  жылғы  маусымда  Парижді  басып  алғанда  немістер  М.Шоқайұлын  ұстап, 
Компиегнедегі  абақтыға  қамалды.  Біраздан  соң  оны  босатып,  Берлин  қаласына  алып 
келеді.  1941  жылы  маусымда  Мұстафа  Шоқайұлы  немістерге  тұтқынға  түскен 
жерлестерімен  кездеседі.  1941  жылы  желтоқсанда  Берлинде  дүние  салады»  деп 
айтқан[6,263-273-б]. 
Енді 
Алаш 
жетекшілері 
мен 
Шоқай 
арасында 
елеулі 
көзқарас 
айырмашылықтарынан  болған  автономия  және  тәуелсіздік  мәселесіне  тоқтала  кетейік. 
Кезінде  Алаш  жетекшілерінің  автономияны,  Шоқайдың  тәуелсіздікті  жақтағаны  дұрыс. 
Бірақ  Шоқайдың  да  бастапқыда  автономияшыл  болғанын  ескерген  жөн.  Ол  Еуропада 
алғашқы  жылдары  орыс  демократтарымен  тізе  қоса  отырып  Ресей  Федерациясы 
құрамында  автономиялық  ұлттық  саяси  құқықтар  үшін  күрес  жүргізді.  Кейінгі 
тәжірибелер  автономиялық  құқықтармен  ел  мүддесінің  көсегесінің  көгермейтінін 
байқатты  да,  Шоқай  1927  жылдан  бастап  тәуелсіздік  идеясын  ту  етіп  көтере  бастады. 
Демек  Шоқайдың  тәуелсіздік  идеясы,  Алаш  Орда  жетекшілерінің  автономия  пікірінен 
алшақтығы емес, қайта оның бастан өткен тәжірибелер негізінде дамытқаны болып отыр. 
Мұстафа  Шоқайға  Алаш  қозғалысының  соңғы  жетекшісі  деп  айтуға  болады.  Ол 
өзінің  саяси  ұстаздары,  Алаш  қозғалысының  құрылтайшы  жетекшілері  большевиктердің 
қысымына  тап  болып  түрмелерге  қамалып,  кейін  атылып  кеткеннен  соң,  Алаш  туын 
шетелдерде көтерді. Сонымен қатар Түркістан автономиясына да Алаш қозғаласының бір 
тармағы деп қарау керек. Өйткені Ташкент және Қоқандағы саяси іс-қимылдарға Шоқай 
өзінің жеке инициативасымен емес, қайта Бөкейхановтардың нұсқауы бойынша араласып 
атсалысты.  Өйткені  ол  кезде  қазақтар  Түркістан  деп  атаған  әкімшілік  аймақтағы 
облыстарда  қазақтардың  жарымынан  астамы  өмір  сүретін.  Демек  бұл  қазақтардың 
құқығын  қорғау  да,  әрине,  Алаш  мұраты.  Сонымен  қатар  Алаш  қозғаласы  мүшелерінің 
бұл  саяси  құрылымда  басты  рөл  атқарғандығын  да  ескергеніміз  жөн.  Оның  бірінші 
президенті  Мұхаметжан  Тынышбаев  белгілі  Алаш  қайраткері.  Ал  кейін  оның  орнына 
сайланған екінші және соңғы президенті Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай. Міне осындай 

 
26 
жағдайда  Түркістан  автономиясын  қалайша  Алаш  қозғалысынан  тәуелсіз,  бөлек  әрекет 
деп айта аламыз[7, 261–263-б]. 
Жалпы,  Мұстафа  Шоқай  жайлы  жазылған  деректер  мен  еңбектер  өзінің 
күрделігімен,  материалдық  әрқилылығымен  ерекшеленеді.  Мұстафа  Шоқайдың    өмірі 
және  оның  саяси  қызметі  ертеден    -  ақ  зерттеушілердің  қызығушылық  туғызған.  Міне, 
сондықтан  Мұстафа  Шоқай  туралы  жарық  көрген  еңбектерді  үшке  бөліп  қарастыруға 
болады. Олардың  біріншісі, Мұстафа Шоқай туралы Кеңестік зертеушілердің еңбектері; 
екіншісі,  Қазақстан  ғалымдарының  тәуелсіздік  кезеңінде  шыққан  зерттеулері;  үшіншісі, 
шет ел ғалымдарының Мұстафа Шоқай өміріне, қызметіне, тарихи мұраларына арналған 
еңбектер; 
Кеңес  зерттеушілерімен  қатар,  кеңес  өкіметінің  басындағы  отырған  қайраткерлер 
де Мұстафа Шоқай жөнінде өздерінің пікірлерін білдірген. Мәселен, ХХ ғасырдың 20 – 30 
жылдары  Орталық  Комитетінің  Бас  хатшысы  И.Сталин  Мұстафа  Шоқай  жайлы  1925 
жылы  29  мамырда  «Ақ  жол»  газетінің  саяси  бағыты  туралы  Қазақ  өлкелік  комитетінің 
мүшелеріне  жазған  хатында  ақгвардияшыл  Мұстафа  Шоқайдың  мақалалары 
жарияланғанын  айтып,  болашақта  бұл  газетті  коммунистік    басылымға  айналдыру 
қажеттігін    ұсынады  [8,17-19-б].  Осылайша,    кеңес  басшылары  Мұстафа  Шоқайдың  
көзқарасы мен қағамдық қызметін жіті бағалауға алып отырды. 
Француз  ғалымы  Жозеф  Кастанье  өзінің  1930  жылы  жарияланған  «Қазақ–
қырғыздар  мен  шығыс  түрік  халықтары  арасындағы  бақсы–балгерлік»  деген  еңбегінің 
қорытынды  бөлімінде  Мұстафа  Шоқайдың  өмірі  мен  қызметіне  арнайы  тоқталып,  оны 
Түркістан  халықтарының азаттық үшін күрес жетекшілерінің бірі, ірі тұлға, деректанушы 
ретінде таныстырған [9]. 
1987  жылы  американдық  профессор  Э.Лаззерини  «  Мұстафа  Шоқай  бейдің 
мұрағаты  »  деген  мақала  жарияла,  қазақ  ғылымының  Париждегі  Шығыс  тілдері  мен 
өркениеті  ұлттық  институтында  сақталып  келген  жеке  қорына  сипаттама  берді. 
Лаззеринидің айтуынша, ол кездегі қорда машинкаға басылған «Түркістанда», 1918 – 1930 
жж.  Түркістандағы  большевиктерге    қарсы  соғыс  және  тағы  басқа  мақалалар  мен 
еңбектердің нұсқалары болды. 
Академик М.Қозыбаевтың айтуына қарағанда, Алаш идеясы Алашорда құлағаннан 
кейін  де  өмір  сүрген.  А.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  А.З.Валида,  Н.Ходжаев  және 
басқалар кеңестік республикаларға қарсы көтерілді. Бұл азаттық қозғалыс идеясы шетелде 
Мұстафа  Шоқайұлы  жалғастырды.  Сөйтіп,  алаш  қозғалысының  үшінші  кезеңі  де  түгел 
дерлік  алаштықтарды  жою  1921  жылдан  1941  жылға  дейін  жалғасып  келген.  Академик 
М.Қ.Қозыбаевтың  айтуынша,  алаш  интеллегенцияларының  кеңестерге  қарсы  құпия  әрі 
жасырын қарсылыстығы тарихнамада дұрыс зерттелмеген еді. 
Кеңес  тарихшылары  Н.Тимофеев  пен  С.Брайнин  де  Мұстафа  Шоқайдың 
антикеңестік үгіт насихат жұмысымен шұғылданғаның жазады [10,372-б]. 
Кеңес  билігі  кезеңінде  Мұстафа  Шоқай  туралы  айтылмағаны,  ол  туралы  зерттеу 
тақырыптары қарастырылмағаны белгілі. Кешегі Кеңестік билік жүйесі ұзақ жылдар бойы 
оның есімін Түркістан автономиясымен, кейіннен Ұлы Отан соғысы кезінде пайда болған 
«Түркістан ұлттық комитеті мен Түркістан легионы»  атты ұйымдарымен байланыстырып 
келеді.  Мұстафа  Шоқайдың  елінің  бостандығы  үшін  күрескенін,  Кеңес  өкіметінің  екі 
жүзді саясатын әшкерелегенін дүниежүзі білгенімен өз отандастарымыз білмеді. Өйткені, 
Мұстафа  Шоқайдың  Еуропадағы  мерзімдік  басылымдарда  жария  еткен  өткір  сыни 
мақалалары өз еліне жетпеді, жету мүмкін емес те еді[11,165-б]. 
Мұстафа  Шоқай  туралы  жеке  авторлар  жазған  кітаптар  мен  мақалалар  бар. 
Солардың  бірі  М.Қ.Қойгелдиевтің  1997  жылы  Алматыдағы  Қазақ  университеті 
баспасынан  шыққан  «Тұтас  Түркістан  идеясы  және  Мұстафа  Шоқайұлы»  атты  еңбегі. 
Автор  өз  еңбегінде  Мұстафа  Шоқайдың  қоғамдық  саяси  орнын,  саяси  ой  пікірлерін 
көрсетіп, баяндаған. 
М.Қойгелдиевтің айтуынша, Мұстафа Шоқайдың тарихи көзқарасының бір жемісі 
– Түркістан идеясы 1985 жылдан бастап 1991 жылдың желтоқсанына біржолата аяқталған.  
Кеңестер  одағының  ыдырауы  көне  Түркістан  жерінде  дербес  мемлекеттердің  өмірге 

 
27 
келуіне негіз болып қана қойған жоқ, сонымен бірге белгілі дәрежеде тарихи «Түркістан» 
ұғымының қайта жаңғыруына түрткі болып отыр деп көрсетеді [12, 4–5-б] 
Сөйтіп,  Мұстафа  Шоқайдың  шығармаларында  бір  ғана  Орта  Азия,  Түркістанның 
тағдыры  ғана  емес  сонымен  қатар  Еділ,  Орал  бойларындағы  Кавказ  бен  Қырымдағы 
Шығыс  Түркістандағы  тілі  бір,  діні  бір  бауырластардың  хал  ахуалы  жөнінде  де  ойлар 
кездеседі.  Ол  алған  тақырыбына  орай  кейде  тарихшы,  тағы  бірде  саясатшы  ретінде 
көрінеді,  еңбектерінде  экономикалық,  мәдени,  рухани  мәселелерді  бірлестіре  сөз  етеді 
көзге ерекше шалынатыны оның түрікшілдік идеясын, аманда ардақ тұтып,ерекше қасиет, 
құндылық деп танитын. 
Қорыта  айтқанда,  Мұстафа  Шоқайдың  мол  тарихи  мұрасын  әлі  де  жинақтап, 
жүйелі зерттей отырып, оны ұлт игілігіне айналдыру, жаңа қоғам құрып жатқан белсенді 
іс  –  әрекетімізде  ұтымды  пайдалана  білу  –  біздің  парызымыз.  Өйткені,  Мұстафа 
Шоқайдың  есімі  қоғамымыз  демократиялық  ұстанымда  ілгері  жылжыған  сайын 
шамшырақтай  жарқырап,  халқыны  қызмет  етіп,  оның  жер  бетінде  қазақ  барда  мәңгі 
өлмейтін  саяси  идеялары  мен  ой-пікірлері  бүгінімізді  байытып,  келешегімізді 
кемелдендіре түсері сөзсіз. 
 
Әдебиеттер
:
 
 
1.
 
Дүкенбаев З.О. Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының тарихы (1917 – 
1941 ж.ж) – Алматы: Ғылым, 2003. – 330 б. 
2.
 
Шоқай М. Таңдамалы : 2 томдық. 1 – ші том. – Алматы : Қайнар, 1998.- 512 бет. 
3.
 
Есмағамбетов  К.Л.  Әлем  таныған  тұлға  (Мұстафа  Шоқайдың  дүние  –  танымы 
және қайраткерлік болмысы) Алматы: Дайк – Пресс.- 2008.- 504 бет. 
4.
 
  Қара  Ә.  Мұстафа  Шоқай  Өмірі  Күресі  Шығармашылығы.  Алматы,  2004,  220-
255- бет. 
5.
 
«  Мұстафа  Шоқай  өмірі,  күресі,  шығармашылығы  »  атты  еңбегімізде  “Қоқан 
және Алашорда үкіметтері арасындағы байланыстар”, 85 – 94- бет. 
6.
 
Қара  Ә.  Мұстафа  Шоқай  Өмірі  Күресі  Шығармашылығы.  Алматы,  2004,  263-
273- бет. 
7.
 
Йені Түркістан журналы  :   261 – 263- бет. 
8.
 
Шоқай М. Таңдамалы :  2 томдық. 1  – ші том.  – Алматы : Қайнар, 1998.- 17-19 
бет. 
9.
 
Есмағамбетов К. Қазақтар шет ел әдебиетінде. – Алматы: Ата – мұра, 1994 ж. 
10.
 
 Алаш Қозғалысы. Мәселенің зерттеу тарихынан. Құжаттар мен материалдар 
жинағы. 1918 – 2007 ж.ж. / М.Қойгельдиев және т.б. – Алматы: Ел Шежіресі, 2008. – 472 
бет.(372 бет) 
11.
 
 Бәкіров Ә. Мұстафа Шоқай (Деректі хикаят). -  Алматы: Бастау, 1997.- 165 бет. 
12.
 
 Қойгелдиев  М.Қ.  Тұтас  Түркістан  идеясы  және  М.  Шоқай.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 1997. – 53 бет. 
 
 
ЕКІ МҰСТАФА: БІР ЗАМАН, БІР МАҚСАТ, ЕКІ ТАҒДЫР 
 
Остай Е. КазГЮУ, 1 курс студенті, Астана қ. 
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.м., аға оқытушы Тлебалдиева М.Д. 
 
Қазақстан  көп  ұлтты  мемлекет-қоғамның  40  пайызын  өзге  ұлт  өкілдері  құрайды. 
Өкінішке  орай,  санаулы  тарихшы  болып  қызмет  ететін  мамандарды  санамасақ,  олар 
Мұстафаның атын да, затын да мүлдем білмейді және білгісі келмейді де. 
Қазақ ұлтының өкілдері де бұл сұрақтың нақты жауабын біле бермейді – Мұстафа 
Шоқай туралы ой-пікірлерін сұрасақ, көзқарастың төрт түрін көре аламыз: біріншісі – елі 
үшін  өмірін  қиған  азамат,  нағыз  батыр;  екіншісі  –  айтарлықтай  ештеңе  жасаған  жоқ; 
үшіншісі – фашистердің жәрдемшісі; төртіншісі – мүлдем білмейміз дейді. 

 
28 
Неге тек қана қазақ халқына ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарына, бүкіл түркі 
әлеміне мақтаныш бола алатын керемет адам әлі күнге дейін белгісіз болып жатыр? Осы 
сұраққа  жауап  іздеу,  және  Мұстафа  Шоқайдың  өмірлік  мақсатына  жеткен-жетпегенін 
зерттеу менің мақаламның басты мақсаты. Мақалада екі елдің екі ұлысы, екі Мұстафаны 
салыстырып отырғаным да осы себептен-кім қандай мақсат қойды, кім мақсатына жетіп, 
өмірлік ісінің нәтижесін көре алды [1,4-11 бб.]? 
Мұстафа Шоқай өзінің аттасы Мұстафа Кемал туралы айтқан сөзі бар: «Түркия ел 
ретінде  тәуелсіздіктен,  түріктер  ұлт  ретінде  еркіндіктен  айырылған-ды.  Түркия  мен 
түріктерді  осындай  халден  Ататүрік  құтқарды».  Бұл  сөзде  Мұстафаның  туысқан  түрік 
еліне деген, ол елдің көсеміне деген құрметі көрініп тұр. Әрине әр жағында «біз осындай 
бола алмадық» деген күйініш те жатыр ғой. 
Екі көсемнің қойған мақсаттарының ұқсастығы – түрк бірлігі идеясында. Ататүрік 
тіпті  Түркияның  халі  ауыр  жағдайда  болған  кезде  де  Орта  Азиядаға  бауырларымызбен 
түптін түбінде бір ел болуымыз  керек деп талай айтқан. 
Мұстафа Шоқайдың Алашордашылар ұйымдастырған Орынбордағы Бүкілқазақтық 
құрылтайдан  кетіп  қалып,  Ташкентке  Түркістан  халқының  құрылтайына  баруы  да  осы 
мақсат  еді  -  «қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен деп бөлінбей, біз түгелімізге бір үй болатын 
Түркістан мемлекетін құруымыз керек» [2,24-32 бб.].. 
Жалпы  Алашордашылар  Түркия  Республикасымен,  түрк  елімен  жақсы  рухани 
қарым-қатынаста  болды.  Оның  дәлелінің  бірі  –  атақты  ақын,  публицист,  Мағжанның 
түрктерге арналған «Алыстағы бауырыма» өлеңі: 
Алыста ауыр азап шеккен бауырым
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым. 
Қамаған қалың жаудың ортасында, 
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым. 
... 
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта, 
Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа 
Лайық па құл боп тұру? Жүр кетелік, 
Алтайға, ата мирас, алтын таққа! 
Өлеңнің сөздері сол кездегі түркі тілдес елдердің ауыр халін анық білдіріп тұр [3,4-
9 бб.]. 
«Алтайға кетелік» деген бір сөзбен ақын бірігейік деп жалпы түркілік идеяны білдіріп тұр. 
Дәл  осы  ойды  түрк  халқының  көсемі  Мұстафа  Ататүрік  1933  жылы  Түрк 
Республикасының  құрылғанының  10  жылдығына  арналған  мерейтойда  айтты:  «Мәңгі 
империя  болмайды.  Ерте  ме,  кеш  пе,  Кеңес  Одағы  құлайды.  Оның  қол  астындағы  түрік 
республикалар  тәуелсіздік  алады.  Біз  олардан  өтініш  түсуін  күтіп  отырмай,  бауырларға 
көмек қолын созуға дайын болуымыз керек.» 
Ұлы адамның сөзі атқан оқтай болды – 48 жылдан кейін Кеңес Одағы деген алып 
империя ішінен шіріп, идеологиясының болашағы жоқ екенінің дәлелі болып құлады. 
Дүние  жүзіндегі  әр  халықта  «100  жылда  бір  туатын  азамат»  деген  ұғым  бар. 
Ағылшындар  Кромвель  мен  Черчильді,  алмандар  Бисмарк  пен  Аденауэрді,  француздар 
Наполеон менде Голльді айтса, түріктер Мұстафа Кемал мен Түрғұт Озалды айтады [4, 68-
72 бб.].. 
Ал  біздің  айтатын  азаматтарымыз  өткен  ғасырдың  басында  бір  емес,  екі  емес, 
бірталай  жұлдыз  шоғындай  жарқ  етіп  шығып,  жанып  кеткен  кометадай  бір  уақыттың 
ішінде зұлым тағдырдың жазуымен қайғылы оқиғаға ұшырап шеиіт болып кетті. 
Әлихан, Ахмет, Мұхаметжан, Жүсіпбек, Міржақып, Мұстафа, Тұрар  -  әрқайсысы 
ұлт  көсемі,  мемлекет  басшысы  бола  алатын,  халқымыздың  тарихын  өзгерте  алатын 
лидерлер еді. 
Олардың  ең  басты  ерекшелігі  нақты  білім  мен  имандылыққа  қосылған  шексіз 
патриотизм  еді  –  «Елі  үшін  еңіреген  Ер»  деген  сөз  осы  азаматтар  туралы  айтылғаны 
күмәнсіз. 

 
29 
Елінің бостандығы үшін күресті өмірінің мағынасы қылып, еліне қызмет атқаруды 
басты  мақсат  етіп,  осы  жолда  бастарын  құрбандыққа  тіккен  азаматтарын  қазақ  халқы 
ұмытса, бағаламаса – ол сатқындыққа, надандыққа жатады деп саналуы керек. 
Аталмыш Ұлы тұлғалардың өмірлік стратегиясын Жүсіпбек Аймауытов бір сөзбен 
жеткізе алды: 
«Қара халықтан жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұқ-мұқтажымен таныс болып, 
өзі ұлтын сүюге, халыққа өзін сүйгізуге жиһат қылуы керек. 
Қазаққа  аюдай  ақырған  шенеунік  табылуы  оңай,  ерінбей-жалықпай,  бақырмай-
шақырмай іс бітірген, терісі қалың, көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын. Қазаққа зор 
кеуде  ақсүйектің,  ақша  жегіш  жалтырауық  шенеуніктің,  сұлу  сөзді,  құрғақ  бектің  керегі 
жоқ [5,75-80 бб.]. 
Бұл уақыт – жан тыныштық іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, 
еңбек сіңіретін уақыт. 
Ойланыңыздар:  халық  біз  үшін  емес,  біз  халық  үшін  туғанбыз,  олай  болмаса, 
мойнымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр.» 
Осындай философиямен еліне қызмет еткен азаматтың бірі Мұстафа Шоқай еді. Өзі 
жас болса да, ағаларының арасында білімділігін, ерекшелігін көрсете алды [6,4 б].. 
Өз сөзінде Кошым Есмағамбетов: «Мұстафа Шоқайдың дүниетанымы шығыс және 
батыс өркениеттерінің тоғысында қалыптасқан: ол өз халқының рухани мәдениетінен нәр 
алды,  орыс,  француз,  түрік  әдебиеттеріндегі  қоғам  дамуы  теорияларымен  етене  таныс 
болды,  олар  оның  өз  танымында  қорытылды.  Жас  кезінен  өз  халқын,  бүкіл  түрік-
мұсылман қауымын орыстармен, өз дамуында алға кеткен басқа да халықтармен терезесі 
тең дәрежеге жеткізуді армандап өсті...»,-деп көрсетті [7,14-18 бб.]. 
Ал,  Мұстафа  Кемал  Ататүрік  туралы  Түркияда  да,  шет  елдерде  де  көп  жазылған. 
Отанында  оның  есімі  бүгінгі  күнге  дейін  үлкен  құрметке  ие.  Түркияда  ғылыми 
зерттеулерді  былай  қойғанда,  Ататүрік  туралы  жазылған  естеліктердің,  оған  арналған 
өлең-жырлар мен дастандардың өзі том-том. Ол жайында көркем шығармалар, фильмдер, 
спектакльдер, музыкалық туындылар да жетерлік. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет