Халықаралық студенттік ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата03.01.2017
өлшемі2,19 Mb.
#1100
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Әдебиеттер
 
1.
 
 
http://kz-cert.kz/kz/presscenter/publication/?doc=23
  
2.
 
Протасевич А.А., Зверянская П.П. Борьба с киберпреступностью как актуальная 
задача современной науки // Криминологический журнал Байкальского государственного 
университета экономики и права. – 2011. – №3. – С. 28–33. 
3.
 
Казанцев  В.В.  Криминалистическое  исследование  средств  компьютерных 
технологий и программных продуктов. 
 
 
КРИПТОГРАФИЯ ӘДІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУ ПАРАДИГМАСЫ 
 
Әшірбек Б. КазГЮУ, 1 курс студенті, Астана ұаласы 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, Жандырова А.С. 
 
Криптография ( грекше жасырын жазу)- жасырындықты қамтамасыз ету(ақпаратты 
өзге  үшін  оқуға  мүмкін  емес  ету)  және  ақпараттың  алғаш  нұсқасының  тұтастығын 

 
169 
(ақпаратты  ауыстыруды  жоққа  шығару),  аутентификацияны  қамтамасыз  етеін(авторлық 
құқықты  сақтау)  ғылым  саласы.[1.  12б]  Осы  ғылым  саласы  киберқылмыстардың  түпкі 
себеп-маңызын  анықтайды.  Бұл  ғылым  саласының  үлкен  көлемдегі  сұранысы  тарих 
беттерінде  де  көрініс  тауып  отыр.  Карфаген  үшін  соғыс  кезінде  византиялық  император 
Леонтий  одақтастарға  ақпарат  жеткізу  үшін  сарбазды  тақырбас  етіп,  ақпаратты  шаштың 
орнына  жазып,  шаш  өскеннен  кейін  сарбазды  жіберді.  Нәтижесінде  сарбаз  Тиверий 
қолбасшыға  жетіп,  византиялықтар  Карфагенді  басып  алды.  Бүкіл  ауданға 
византиялықтардың медициналық жетістіктері және ең алғашқы әліпбилердің бірі- славян 
әліпбиі  таралды.  Әрине  заман  өзгерді,  бірақ  ақпараттың  құпиялық  қажеттілігі  дәл  сол 
орында қалды. Криптографиялық сауаттылықты арттыру – киберқылмыстармен күресудің 
бірден-бір жолы ретінде орнығып отыр.  
Криптографиялық  жүйенің  тәжірибесіне  тоқталамыз.  2010  жылы  Ресей 
Федерациясында  Идентификацияның  және  аутентификацияның  бірегей  жүйесі  құрылды. 
Ол  ақпараттық  байланыстың  қатысушыларының  (арызданушы  азаматтар  мен  атқарушы 
органдардың  қызмет  тұлғаларының  ақпаратқа)  ақпаратқа  рұқсат  етілген  кіруді 
қамтамасыз ететін жүйе. Ол жүйе мемлекеттік ақпарат жүйелерінде және өзге де ақпарат 
жүйелерінің қауіпсіздігі үшін және электрондық қолтаңбаның сәйкестігін қадағалау үшін 
құрылған. 
Біздің елімізде ҰЛТТЫҚ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҒЫ құрылған. [2, 2 б] ҰКО 
құрудың негізгі мақсаты электрондық үкіметтің сервистерін, әртүрлі бизнес-құрылымның 
ақпараттық  жүйелерін,  сондай-ақ  электрондық  поштаның  хабарламасын  қорғау  үшін 
пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін сенімді 
сәйкестендірудің  және  электрондық  цифрлық  қолтаңбаның  құралдарын  беру  болып 
табылады. 
2008  жылғы  20  қыркүйектен  бастап  ҰКО  берілетін  электрондық  цифрлық 
қолтаңбаның (ЭЦҚ) кілттерін және сертификаттарын Астана, Алматы қалаларында және 
Қазақстан  Республикасының  барлық  облыс  орталықтарында  және  қалалардағы  Халыққы 
Қызмет  Көрсету  Орталықтары  жанында  орналасқан  Ұлттық  куәландырушы  орталықтың 
Тіркеу Орталықтарынан алуға болады. 
Ұлттық  куәландыру  орталығының  дамыту  жолдары  ретінде  келесі  міндеттерді 
орындауға болады. 
Швейцария тәжірибесін қолданып, электронды үкімет картасын жасап тарату. Бұл 
карта    Ресейдегі  ИАБ  жүйесі  секілді  азаматтардың  идентификациялаудың  универсалды 
электрондық  жүйесіне  айналады.  Осы  карта  арқылы  эмитенттер  чипталған  карталарға 
мемлекеттік  қызметтермен  жұмыс  жасау  үшін  бағдарламалар  мен  приложенияларды 
жүктей алады. 
Бұлттық  технологиялардың  қызметінің  дамуы.  Олардың  қызметі  үшін  Ұлттық 
куәландыру орталығы қызмет етуі мүмкін. Авторизация өткеннен кейін белгілі-бір сенім 
деңгейі туындап, сервистің қызмет деңгейі белгіленеді. Ростелеком осындай платформаны 
орнатты  және  қызметтердің  жеткізушілерін  жинай  бастады.  Сонымен  қатар,  автоматты 
түрде  паспорттық  құжаттарды  Миграциондық  қызметтердің  веб-сервистарымен 
верификациялау мүмкіндігі туындайды.[3, 27-35 б] 
Электрондық  қолтаңбаны  аутенфикациялаудың  мобилдік  қолданушылар  үшін 
қажеттігі  де  бар.  Сондықтан  олардың  жағдайын  шешу  үшін  электронды  қолтаңбасы  бар 
sim-карталарды енгізу да қажет болып жатыр. 
Ұлттық  куәландыру  орталығының  қызмет  ету  аясы  тар  болып  отыр.  Себебі  бұл 
орталық  тек  киберқылмыстардан  азшылық  органдарды  қорғаумен  айналысады.  Яғни, 
ашық  және  жабық  кілттерді  саралайды.  Тиісінше,  жасырын  кілттерді  өз  базасына 
сақтайды.  Ал  киберқылмыскерлермен  түкте  байланыс  жасамайды.  Байланыс  жасау 
маңызды. Себебі осы кілттерді, кодтау әдістерін жасайтындар- програмисттердің кілттерін 
тіркеумен және програмисттерді тіркеумен ешкім айналыспайды.[4, 67 б] 
Сондықтан, АҚШ-та қабылданған “Кибер қызметтерді лицензиялау” заңы біздің де 
тәжірибемізде  орын  табу  қажет.    Егер  де  біз  криптографиялық  кілттерді  жасаушы 
програмисттердің  әрекеттерін  қадағалайтын  болсақ,  шифрлау  құралдардың  таралуын 

 
170 
бақылайтын  боламыз.  Әрбір  шифр  кілт  тіркеледі.  Демек,  киберқылмыскер  заңсыз  түрде 
кілтті қолданатын болса, ол кілттің кімге тиесілі екенін анықтаймыз. Қазіргі Қылмыстық 
Кодекстің  жаңадан  қосылған  7-тарау.  АҚПАРАТТАНДЫРУ  ЖӘНЕ  БАЙЛАНЫС 
САЛАСЫНДАҒЫ  ҚЫЛМЫСТЫҚ  ҚҰҚЫҚ  БҰЗУШЫЛЫҚТАры  киберқылмыстарға 
саралауда  тек  жалпы  сипат  алады.  Криптографиялық  құралдарды  шифрлауды  тіркеу 
арқылы  біз  заңсыз  шифрлау  құралдарын  тарату,  заңсыз  түрде  ақпараттарды  шифрлау 
қызметін  көрсету  секілді  қылмыстық  құқық  бұзышылықтарды  қосып  кибер  қылмыстар 
туралы  тараудың  жалпылық  сипатын  жойып,  кибер  қылмыстар  туралы  нақты  түсінік 
қалыптастырамыз. 
Ішкі істер министрлігінің есебі бойынша 2014 жылы ақпараттық технологияларды 
қолдану арқылы жасалған қылмыстардың саны 322, 2012 жылы 296 және 2013 жылы 557 
іс  қозғалды.  Олардың  ішінде  авторлық  және  сабақтастық  құқық  бұзышылықтар  42  % 
немесе 133 іс, алдау (52) тонау (36),  ақпаратқа заңсыз қол жеткізу (32). 
 
Киберқылмыстарға  қатысты    2001  жылы,  23  қарашада  Будапештте 
Киберқылмыстарға  қатысты  Европалық  конвенция  қабылданды.  Ол  конвенцияға  Еуро 
одаққа мүше емес мемлекеттерде, егер конвенцияны құрастыруға қатысса кіре алады. Бұл 
конвенция  толықтай  кибер  әлемде  бірлесіп  құқық  бұзушыларға  қарсы  интенсивті  және 
экстенсивті  әрекет  ретінде  орнықты.  Алайда,  бұл  конвенция  бойынша  27-бабына  сәйкес 
талаптар  болса,  ақпарат  елден  шығарылмауы  мүмкін,  демек  киберқылмыс  тек  мемлекет 
ішінде сараланады.[5, 1-7б] Бұл тиімсіз себебі кибер әлемнің шегі жоқ. Трансұлттық кибер 
бандалар  бір-бірін  ешқашан  жүздеспеуі  де  мүмкін.  Бұл  мәселені  шешу  үшін  күрделі 
механизм  қажет.  Біз  әлемдік  киберқылмыскердің  ғаламторға  тәуелділігін  ұмытып 
отырмыз. Ол ғаламтордағы ақпарат жасанды серіктер арқылы сараланатынын ескерсек-ақ 
жеткілікті.  Айталық  ұсыныс-  жасанды  серіктердің  геостационарлық  қозғалысын  шектеу, 
Тек  мезосфераға  дейінгі  қозғалысқа  мүмкіндік  ашу.    Бұл  біз  үшін  киберқылмыстың 
алдын-алудың  тиімді  жолы  болуға  ықтималдығы  бар.  Мезосферадағы  серіктер  қызмет 
ететін  аумаққа  жасалған  кибер  шабуыл  тез  байқалады.  Осындай  конвенцияны  қабылдау 
арқылы  біз  тек  киберқылмыстардың  алдын-алмай,  жалпы  мемлекеттік  құпиялықты 
қамтамасыз етеміз. 
 
Әдебиеттер: 
4.
 
Сеитов  Т.Б.  Правовые  аспекты  компьютерной  преступности  в  зарубежных 
странах и в Казахстане. Учебное пособие.  — Алматы: Издательство «Данекер», 2000.  — 
134с 
5.
 
“Электрондық  құжат  және  электрондық  цифрлық  қолтаңба  туралы”  Қазақстан 
Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ Заңы 
6.
 
Applied Cryptography.A book by Bruce Schneier  
322
557
296
2014
2013
2012
Ақпараттық қылмыстар
Ақпараттық қылмыстар

 
171 
7.
 
Голубев В. А. Проблемы борьбы с кибертерроризмом в современных условиях. 
Центр исследования проблем компьютерной преступности. // 
www.crime-research.ru
 
8.
 
Международная конвенция о пресечении обращения порнографических изданий 
и торговли ими (Женева, 091923 г.). 
 
 
ҒАЛАМТОРДАҒЫ ТІЛДІК АГРЕССИЯ 
 
Сарымсакова C.1 курс студенті КазГЮУ, Астана қаласы 
Ғылыми жетекші: т.ғ.м. аға оқытушы, Жандырова А.С. 
 
Қоғамдық  сөздікте  «агрессия»  ұғымы  толықтай  қолданылатын  салалары  туралы 
жазылған жоқ. Көптеген зерттеушілер тілдік агрессияны жоғары эмоционалды, инвективті 
лексиканың  тілдесу  көрінісі  етіп  анықтайды.  Олардың  пайымдауынша  оның  себебі  ХХ 
ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы  әлеуметтік-саяси өзгерістер. 
Тілдік агрессия лингвистика саласында нақты түсінігі қалыптаспаған. 
Біріншіден, «агрессия» сөзінің лингвистикада ұғымы анықталмаған. Яғни агрессия 
тіл  саласында  «адамға,  не  адамдар  тобына,  не  организацияға,  не  тұтастай  қоғамға 
көзделген зиян келтіру немесе қорлау, тіл тигізуге бағытталған тілдік әрекеттің формасы. 
Екіншіден, өзіндік терминдердің көптүрлілігі: кең таралған сөз тіркестерімен қатар тілдік 
агрессияда  сонымен  бірге  вербальдық  агрессия,  тілдік  агрессия,  ауызша  агрессия, 
коммуникативті агрессияның белгілерін жиі кездестіруге болады. 
Үшіншіден,  лингвистикалық  әдебиеттерде  тілдік  агрессия  құбылысы  түрлі 
бағыттарда  бағасын  алған  жоқ.  Бір  жағынан  тілдік  агрессия  барлық  көрініс  бойынша 
жағымсыз  құбылыс  ретінде  қарастырылса,  екінші  жағынан  тілдік  (вербальдық)  агрессия 
түгелдей дерлік нормаларға сай эмоционалдық босату әрекеті деп жазылады. 
Қазір  жасөспірімдер  жаргон  сөздерді  көп  қолданады  әрі  бір  тілде  таза  сөйлей 
алмайды.  Орыс  тілінде  сөйлесе  қазақ  сөздерін,  ал  қазақ  тілінде  сөйлесе  керісінше  орыс 
сөздерін араластырады. 
Жастардың  сөздік  қорында  әдеби  тілмен  сөйлейтін  адамға  түсініксіз  сөздер  мен 
сөйлемдер  көп.  Олар  сленг,  варваризм,  дисфемизм,  жаргон  сөздерін  ауызекі  тілде  ғана 
қолданбай,  әлеуметтік  желілерге  де  енгізіп  жатыр. Оларға  төмендегідей  анықтама 
берілген. 
Сленг –  (англ. slang жаргон)  –  белгілі  бір  кәсіп,  мамандық  немесе  әлеуметтік  топ 
адамдары қолданатын сөздер мен сөйлемшелер. Мысалы,  одан басқатема, типа, короче, 
если  что,  зубрить,  читалка,  шеф,  стрелять  етті,  потеря  болды,  сущняк  алдыдеген 
толып жатқан орыстың арзанқол сөздері жастар санасын жаулап алды. 
Көйлегің  жынды  екен,  вкусыңа  базар  жоқ,  біздің  ботаник  келе  жатыр,  маяк 
тасташы,  қумашы,  жыланбашы,-   деп  қазақша  сөйлегендерді   мамбет   санап   косякқа 
кіргізіп, өздерінше блотной болып құлаққа лапша іліп жүрген қазақтың жастары ай! 
Варваризм ( 
гр.
 barbaros – бет елдік ) - белгілі бір 
тілдің
 қалыптасқан нормаларына 
кіріспейтін,  ондағы  сөзжасам, 
сөз
 түрлендіру,  сөз  тіркестіру  заңдарына  сәйкеспейтін, 
зәрушілігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары.  Мысалдар: Оның барлығы 
прикол  ғой.  Прикинь,  мен  ертен  Алматыға  кететінімді  білмедім.  Шопырдың  жумысын 
іздеп едім. Ладно, сен бүгін менде қал. 
Жаргон  сөздер -  белгілі  бір  әлеуметтік  немесе  қызығушылығы  ортақ  топтардың 
басқаларға  түсініксіз,  құпия  мағынада  сөйлесуі.  Бұл  да  бір  компьютерлік  сленгтердің 
пайда болуына алып келеді. Мысалы, ойындағы «ең басты жау» деген ұғымын білдіретін 
«бродилка»,  «аркада»,  «босс»  сленгтері  пайда  болған.  Жастардың  күнделікті  қолданып 
жүрген  сленгтерінде  орыс  сөздернің  көптеген  компоненттері  кездеседі.    Мысалы: 
«тормозы  ұстап  қалды»  —  бір  жағдайдан  шешім  таба  алмай  қалды,  осыған  синоним 
ретінде  «зависать  етіп  қалды»  деген  тіркес  бар,  «типаж  болу»,  «болатной  болу»  — 
менменсу  тіркесімен  байланысты.  «Құлаққа  лапша  ілу»  —  өтірік  айту,  «маяк  тастау», 
«гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу. 

 
172 
Дисфемизм (
лат.
 dis, 
гр.
 dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын 
қосымша, 
гр.
 рһemi -  айтамын).  Қалыпты  қолданылатын  зат,  құбылыс  атауларын 
неғұрлым  дөрекі,  тұрпайы  сөздермен  ауыстырып  айту.  Дисфемизм  -  мағынасы  жағынан 
эвфемизмге  қарама-қарсы  құбылыс.  Дисфемизм  кеміту,қорлау,жаратпау  ұғымын 
тудырады.  Мысалы:боқ  мұрын  бала,боқтан  өзгені  сөз  қылу,боғымен  жасты  баламен 
ойнады,боғын  пышақтады,қолынан  боқ  келмейді,боққа  татымайды,боғы  ботқа,т.б.  Қазақ 
тілінде бәр сөзге қатысты осыншама дисфемизмдер бар. [1] 
Бұл  біздің  біліп  естіп  жүрген  таныс  сөздеріміз.  Біз  естімеген  әлі  қаншама 
жаргондар  бар.  Осындай  құлаққа  түрпідей  естілетін  сөздер  өкінішке  қарай  жастар 
арасында  ғана  емес,  үлкендер  ішінде  де  жиі  айтылып  жүр.  «Әке»,  «Ана»  деген  қасиетті 
сөздерді маханпахан,  батя деген  жыртық  сөздермен  жамап  жүргеніне  қалай  көзіңді 
жұмып қарайсың? Қазақтың көркем, шырайлы, әсем сөздері айдаладан қаңғырып келген, 
қайдан шыққаны белгісіз лақпа сөздермен ластанып жатыр. 
Сонымен қорыта айтқанда, әрине әлеуметтік желі арқылы ақпарат алуға, ұнағаныңа 
лайк  басуға,  қосымша  қызығушылықтарды  арттыруға  болады,   десек  те  Байтұрсынов 
айтқан  тіл  тазалығын  сақтау,  бейпіл,  жаргон  сөздерді  пайдаланбау  біздің 
патриоттығымызбен  сауаттылығымызды  арттырады.  Бұл  қазақ  деп  соққан  жүрегі  бар 
әрбір азаматты толғандыруы керек деп ойлаймын. Егер дер кезінде алдын алмасақ кейін 
еріксіз түрде қолданып, ғасырлық дертке айналуы мүмкін![2] 
 
Әдебиеттер: 
 
1. Евсеева И.В., Кожеко А.В. Вежливость в интернет-коммуникации школьников // 
Экология языка и коммуникативная практика. – 2013. - № 2. – С. 30-40. 
2. Жельвис В.И. Поле брани. Сквернословие как социальная проблема в языках и 
культурах мира. – М.: Ладомир, 1997.– 330 с. 
 
 
ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ЭЛЕКТРОНДЫ 
КОММЕРЦИЯНЫҢ ДАМУЫ: ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДЕР 
 
Күдерова Г.Т.,  1 курс студенті, КАЗГЮУ университеті 
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.м., аға оқытушы Абильдина А.А.  
 
Қазақ елінің  тарихы тамырын тереңге жайған бәйтерек сынды, сан ғасырлы. Керей 
мен  Жәнібек  Қозыбасыда  ту  тігіп,  негізін  салған    «Қазақ  хандығына  550  жыл».  Алған 
белестеріміз,  бағындырған  шыңдарымыз,  жеткен  жетістіктеріміз  аз  емес.  Жаңа 
технологиялар  мен  инновациялық  жобалар  елімізде  тиімді  іске  асырылуда.  Жаңа  IT 
технологиялар кеңінен пайдаланылып, халық мүддесі үшін қызмет етуде. 
ХХІ  ғасыр-жаһандану  дәуірі.  Қазір  барлық  әлемде  ақпараттық  технология  асқан 
қарқынмен  дамуда.  Ақпараттық  технология  саласы  қоғамдағы  өмірдің  жүйелендірілген 
факторына айналып, елдердің экономикалық ахуалына айрықша ықпал етеді. Компьютер, 
ұялы  телефон,  ғаламтор  -  бүгінгі  заманның  басты  талабы  болып  табылады.  Ғаламтор 
бүгінгі таңда ақпарат алмасатын орта ғана емес, сауда-саттықтың қайнар көзіне айналған 
электронды  коммерция  орталығы.  Тіпті  АҚШ,  Ресей,  Корея,  Қытай,  Франция  сияқты 
дамыған  мемлекеттер  электронды  коммерция  саласын  өз  экономикалары  үшін    тиімді 
пайдаланып, жақсы табыс көзіне айналдырып алған.  
Электрондық  коммерция  –  сатып  алушылар  мен  сатушылар  арасындағы  желілік 
өзара  байланыстар  негізінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалана  отырып,  тауарлар 
мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге бағытталған қызмет болып табылады. Электронды 
коммерция  компьютерлік  желілердің  көмегімен  барлық  қаржылық  және  сауда 
транзакцияларды жүргізумен байланысты бизнес-процестерден тұрады [1, 2-3 б]. 
Қазақстанда  электрондық  коммерция  салыстырмалы  түрде  енді  дамып  келетін 
болса,  Батыста  және  Оңтүстік  -  Шығыс  Азияда  дамыған  экономика  сегменті  болып 

 
173 
табылады,  сол  себепті    де  электрондық  коммерцияның  отандық  нарығының  бәсекеге 
қабілеттілігін  қамтамасыз  ету,  бүгінгі  таңда  өзекті  мәселе  болып  отыр.  Мысалға,  біздің 
елімізде  электрондық  сауда  көлемі  2011  жылы  260  миллион  доллар.  Ал  тауарлар  мен 
қызметтердің  жалпы  нарығының  0,4%  құрайды.Ал  бұл  Ресеймен  салыстырғанда  он  есе 
кем, олардың аталған көрсеткіші 4 % [2].  
Бүгінгі таңда электронды коммерцияны дамыту еліміздің экономикасына оң әсерін 
тигізеді.  Сол  себепті  де  «Ақпараттық  Қазақстан-2020»  бағдарламасы  бойынша 
электрондық  түрде  төленетін  тауарлар  мен  қызметтердің  жалпы  айналымындағы 
қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%-ға жеткізу көзделген.  
Интернет-дүкендер электронды коммерция саласының бір бөлігі болып табылады. 
Алғашқы интернет-дүкен  1995 жылы ашылған болатын. Оның негізін қалаушы Джеффри 
Безос. Ал алғашқы 1998 жылы пайда болған қазақстандық интернет-дүкен - «Guide Park». 
Тауарлар  мен  қызметтердің  ақпараттық  –  бағалар  каталогы  болып  табылады.  Негізін 
салушы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі Алекс Писарев [4].  
Бүгінгі таңда Қазақстанда 400-ден аса интернет-дүкендер тіркелген. Алайда шетел 
интернет-дүкендердің үлесі отандық дүкендермен салыстырғанда едәуір көп.    
Біріншіден  оларға  шетелдің    интернет-дүкендері,  екіншіден  сайт  ашудың  үлкен 
қаржы  талап  ететіні  кедергі  келтіруде.  Тағы  бір  ескере  кететін  фактор  -  әлеуметтік 
желілердегі сауда.  
Сайт  заңды  түрде  тіркеп  ашылмайтын  болса,  электронды  коммерция  толыққанды 
жұмысын  жүргізе  алмайды,  тапсырыс  берушіге  ұсынылатын  тауар  көлемі  аз  болып 
қалады.  Ал  оны  тіркеп  ашу  үшін,  ең  алдымен  сайт  аша  алатын  маман,  оған    төленетін 
қаржы,  банктік  жүйемен  байланыс,  сайттың  доменін  тіркеу  үшін  ақша  төлеу  қажет 
болғандықтан,  осындай  мәселенің  шешілуін  қамтамасыз  ететін  –  әлеуметтік  желілер. 
Қазақстандық интернет-дүкендердің дамуына кері әсер етуде. Тағы бір себеп Қазақстанда 
онлайн  төлем  жасау    саласының  әлі  жетілмегендігі  (қауіпсіздігі,  сенімділігі,  қызмет 
көрсету деңгейі).   
Қорытындылай келе, заман ағымына қарай барлығы жаңару, даму барысында болу 
қажет. Қазақстан дамыған 30 ел қатарына қосылу үшін электронды коммерцияны  дамыту 
аса  маңызды.  Жаһанның  дамыған  елдерінен  интернет-сауда  мәселесінде  әліде  болса 
кенже  келеміз.  АҚШ,  Қытай,  Еуропа  елдеріне  ілесу  үшін  әлі  біраз  жыл  керек.  Көштен 
қалғанның  кесірі  көп.  Еліміздің  экономикасындағы  қаржы  айналымын  оңалтуда 
электронды  комммерцияның  орны  ерекше  екені  анық.  «Ақпартты  Қазақстан-2020» 
бағдарламасы  ұсынған  салалық  сауда  алаңдарын  құру  бойынша  ұсыныстар,интернет-
дүкендерде  жасалатын  транзакциялар  (саны  және  көлемі)  бойынша  есептілікті 
қалыптастыру  туралы  мәселелерді  ертерек  қолға  алу  бүгінгі  таң  үшін  дағдарыстан 
шығудың механизміне айналуы мүмкін.  
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Алексунин,  В.А.,  Родигина,  В.В.  Электронная  коммерция  и  маркетинг  в 
Интернете: Учебное пособие. – 3-е изд. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков 
и К », 2008. – 214 с.  
2.
 
«Ақпараттық  Қазақстан  -  2020»  Мемлекеттік  бағдарламасы.  [Электронды 
ресурс] 
// 
ҚР 
Электронды 
үкіметі. 
[Офиц. 
сайт]. 
URL: 
http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/bus_transport/is_com/article/gp_inf
_kaz_2020&lang=kk  
3.
 
http://businessnews.kz/2014/05/electrondy-commerctsya-naryqy 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КИБЕР БҰЗАҚЫЛЫҚ АХУАЛЫ  ЖӘНЕ  ОНЫҢ АЛДЫН 
АЛУ МЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ. 
 
 
 

 
174 
Сағымбек І , Жумабекова А , КазГЮУ, 1 курс студенті Астана қ. 
 
 
 
 
  Ғылыми Жетекшісі: т.ғ.м.  Шамбулов У. К.  
 
Жаһандану  заманындағы  жасөспірімдер  арасында  бір-бірін  интернет  арқылы 
қорқыту,  яғни  кибер  бұзақылық  орын  алып  отыр.  Бұл  құбылыс  ретінде:  «қасақана  және 
компьютерлердіұялы  телефондар  және  басқа  да  электрондық  құрылғылар  пайдалану 
арқылы  іске  асады.  Кибер  бұзақылық  жастар  жиналып  отыратын  әлеуметтік  желілерде, 
кибералаңдардаең  жиі  кездеседі.  Соңғы  жылдары,    жастар  (мысалы,  Facebook  сияқты) 
әлеуметтік  желі  және  (мысалы,  YouTube  сияқты)  бейне-бөлісу  арқылы  ата-аналар 
тарапынан  алаңдатушылық  туғызып  отыр.Бұл  үрдіс  интернет  немесе  мәтіндік  хабарлар 
алмасу  туралы  лездік  хабар  алмасуда  басқалардың  мазасын  алып  жатыр.  Жастар  үшін 
тартымды  ұялы «ақылды» телефондары (мысалы Iphone, Blackberry т.б.) болып табылады
біздің  таң  атқаннан  жатар  алдына  дейін  қасымызда  серіктері  болып  табылады,  кейде 
жатын, жуынатын бөлмелерде онлайн қолдану барысында кибер бұзақылық етек алады  
Қазіргі  таңда  жасөспірімдер  арасында  кибер  бұзақылықтың  әсерінен  қайғылы 
оқиғалар орын алып келеді.Біріншіден, депрессияға алып келеді, қайғылы, ашу сезімдері 
бой алдырады.Осы эмоциялар жастар арасында құқық  бұзушылықтың және тұлғааралық 
зорлық арақатынасқа алып келеді. Бір жасөспірім былай деді: «Бұл маған моральдық және 
физикалық  зақым  алып  келді.Бұл  маған  үрей  және  қорқыныш  сезімдер  пайда  болу 
арқасындаменің  барлық  жоспарлық  сенімдеріме  кір  келтірді  .  Ол  маған  ауру  және  түкке 
тұрғысыз сезімдер алып келді».Ондай тұлғалар өзін-өзі төмен бағалайды, мектепке баруға 
қорқады, отбасылық мәселелер, академиялық мәселелер, мектептегі зорлық-зомбылықтан 
үрейленеді.Кибер  бұзақылықтың  құрбандары  алтындай  өмірлерімен  қош  айтысуға  дейін 
барады.  
Кибер бұзақылық күннен күнге өсіп келе жатқан қоғамдағы маңызды бір проблема, 
өйткені  ол  жастардың  саны  көбейгеннен  және  электрондық  гаджеттардың  өсуінен 
жасөспірімдер арасында елең алып отырған мәселе.  
Онлайнбайланысқұралдары,  олардың  өмірінің  маңызды  бөлігіболып  кеткендіктен, 
жастардыңүштен  екісіөздерініңөміріндегі  қызықты  оқиғаларын  Instagram  сияқты 
әлеуметтік  желілер  арқылы  ғаламтор  беттеріне  жүктейді  немесе  әлем  жаңалықтарын, 
жұлдыздар  туралы  оқу  үшін  онлайн  кибер  алаңдарда  отырады.Кибер  бұзақылықтың  тағы 
бір  әсері  ол  жастардың  рухани  құндылықтарына  зиян  тигізіп  отыр.  Өйткені 
жасөспірімдердің  ойынша  бұл  мұхиттай  үлкен  дүниеде  батып  кетпеу  үшін  ғаламтор 
беттерінде  танымал  болу  жетеді  деген  сана  қалыптасқан.  Қарапайым  бұзақылықпен 
салыстарғанда  кибер  бұзақылық  ауқымдырақ  және  бала  сана-сезіміне  тигізетін  әсері  де 
ауыр.  Қазақстанда  бұндай  бұзақылықтың  бір  сатыға  көтерілуін  байқаймыз.  Жастар 
арасында  агрессияға  басым  болуының  өзі  қоршаған  ортасына  кері  әсер  тигізеді.  Бұндай 
кезде ата-ана тарапынан да алаңдатушылықтар пайда болады. Қазіргі кезде психологтарға 
жүгінуде ешбір ұят жоқ деп санаймыз. Кибер бұзақылықтың құрбаны болмау үшін немесе 
өзінді ондай істен алыс болу үшін ата-ана тәрбиесі маңызды орын алады, әрі қарай баланың 
мектеп,  университет    өміріндегі  қоршаған  ортаны  өзі  таңдау  арқылы  болашағына  қадам 
басады.  
Ата-аналардың    олардың  бала  қорқытылған  кездегі  үздік  тактикасы  болып 
балаларының қауіпсіздікті  және сөзсіз қолдауды  сезінуге жағдай жасау болып табылады. 
Ата-аналар  балаларына  олардың  екеуі  де  бір  түпкі  нәтиже  келетіндігін:  киберқорқыту 
тоқтатылады  және  өмір  осымен  бітпейтіндігін    сөз  және  іс-қимылдары  арқылы  көрсету 
керек.  Бұған  бірлесіп  жұмыс  істеу  арқылы  қол  жеткізуге  болады,  іс-қимыл  барысында, 
сондай-ақ  кейде  орынды  (және  маңызды)  жасалуы  мүмкін  нәрсе  ретінде  баланың 
болашағын  жақсарту  үшін  жағдайды  жасауды  сұрау.  Егер  қажет  болса,  ата-аналар  балаға 
мәселені  талқылау  үшін  мектеп  әкімшілігімен  кездесудің  (немесе  олар  сенім  артқан 
мұғалімдер)  маңыздылығын  түсіндіруге  тиіс.  Ата-аналар  сонымен  бірге  қылмыскердің 
әкесімен  немесе  анасымен  байланысқа  шыға  алады  немесе  Интернет-провайдермен, 
провайдердің  ұялы  телефонымен  жұмыс  істей  алады.  Провайдер  контентімен  мәселені 
зерттеп, қылмыскердің материалын өшіре алады. Жалпы алғанда, ата-аналар өз балаларына 

 
175 
тиісті онлайн мінез-құлық туралы тәрбие беруі тиіс (және жасөспірімдер осы ұсыныстарды 
орындау  керек!).  Бұл  бейресми  іс-әрекет  (баланың  онлайн  тәжірибесіне  белсенді  қатысу 
арқылы, біз осыны ең алдымен ұсынамыз) немесе формальды (бағдарламалық қамтамасыз 
ету арқылы) болуы мүмкін. Олар компьютермен немесе ұялы телефонмен өзара әрекеттесу 
кезінде жағымсыздық немесе мазасыздануды сезінген кезде сізге келуге дайын болтындай 
балалармен  ашық  және тікелей байланыс жолын әзірлеңіз және оны қолдаңыз. Жағымды 
моральдық  құндылықтарды  нығайтыңыз,  үйретіңіз,  және  онлайн  ма,  жоқ  па,  жас  кезінде 
құрмет  және  абыроймен  өзгелерді  емдеу  маңыздылығын  дарыту.  Сондай-ақ  ата-аналар 
балаға  қандай  ақпарат  сәйкес  келетінін-келмейтінін  баптау  үшін  «Интернетті  пайдалану 
шартын» немесе «ұялы телефон пайдалану шартын» қолдана алады. 
 
Ең  бастысы,  жастар  ғаламтордағы  болған  келеңсіз  немесе  ыңғайсыз  жағдайлармен 
бөлісуге  дайын  бола  алатындай  ата-анасы,  ұстазы  немесе  басқа  өзі  сенетін  адамдармен 
қарым-қатынасын  дамытуы  керек.  Мүмкіндігінше  жасөспірімдер  қылмыскерге  жауап 
бермей,  аздаған  мазақтауларды  және  оны  қорлайтын  лақап  аттарды,  тағы  басқа  іс-
әрекеттерді  ескермеу  керек.  Бұл  сондай-ақ  болашақта  осы  жағдайды  шеше  алатын  ересек 
адамға  киберқорқыту  фактісін  дәлелдейтін  барлық  айғақтарды  көрсету  үшін  пайдалы. 
Киберқорқыту мақсаты онлайн құдалау оқиғаларының күндер мен рет журналын сақтауға 
қабілетті  болған  жағдайда,  оны  кім  бастады  және  қалай  болғанын  сондай-ақ  дәлелдеуге 
көмектесе  алады.  Жалпы,  жасөспірімдер  ғаламторға  ата-аналарымен  бірге  шығу  керек,  -
оларға  қандай    веб-сайттар  және  не  үшін  пайдаланатынын  көрсету  үшін.Сонымен  қатар, 
олар ғаламторда басқалармен өзара қарым-қатынас кезінде жауапты болуы керек. Мысалы, 
олар  бөлмеде  ата-аналарымен  жеке  талқылай  алмайтын  мәселені  онлайн  отырып  ешкімге 
айтпау керек. Соңында, жастар қорлану мүмкіндігін азайту үшін, олар пайдаланып жатқан 
Facebook  және  басқа  сайттардың  шеңберінде  құпиялылық  параметрлерін  және  әлеуметтік 
бағдарламалық қамтамасыздандыруды (жылдам хабар алмасу, электрондық пошта, чат пен 
бағдарламалар) пайдалана алуы тиіс. Пайдаланушылар олармен кім хабарласа алады және 
олардың онлайн-контентін кім оқи алатынын шектеу және бақылау параметрлерінде реттей 
алады. [1]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет