Халықаралық студенттік ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата03.01.2017
өлшемі2,19 Mb.
#1100
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

 
Әдебиеттер
 
1.
 
Бриги, А., Мелотти Г., Гуарин, А., Гента, Л., Ортега, Р. Мора-Mерчан, Дж Смит, 
ПК  и  Томпсон,  Ф.  “Self-Esteem  and  Loneliness  in  Relation  to  Cyberbullying  in  Three 
European Countries” , Оксфорд, Великобритания, 2012 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
176 
СЕКЦИЯ 5. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨҚН 
СЕКЦИЯ 5. ЭКОЛОГИЯ И ОБЖ 
 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН «СКЗ-U» 
ЖШС ЗАУЫТЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ АҒЗАҒА ӘСЕРІ. 
 
Смат.Г.Ә. ҚазГЗУ-нің 1-ші курс студенті. Астана қ. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Жаңабергенов.А.О. 
 
Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қызылорда  облысы  Жаңақорған  ауданында 
салынған күкірт қышқылы зауытын тікелей эфирдегі телекөпір арқылы салтанатты түрде 
ашқаны  жаппай  көрсетілген.  Сондай-ақ,  осы  зауытта  пайдаланылатын  күкірт  қышқылы 
жайлы  баяндасам. 
Күкірт  қышкылы —  күкірттің  маңызды  қосылыстарының  бірі.  Ол  екі 
негізгі  күшті  қышқыл,орта  және  қышқыл  тұздар  түзеді,  түссіз,  ұшпайтын,  май  тәріздес, 
суда  жақсы  еритін,  сұйық  зат.  Тығыздығы  1,84  г/см
3
,  массалық  үлесі  98%.  Ол  280°С-та 
қайнайды,  ал  10,4°С-та  кристалданады.  Олардың  көшуі  желдің  жылдамдығы  10  м/сек 
жағдайда  750-1500  м  биіктікте  жүреді,  күкіртті  газдардың  таралуы  300-400  км 
қашықтыққа дейін жетеді [1,208 б]. 
Бұл  зауыт  яғни,  «
СКЗ-  U»  ЖШС  Қызылорда  облысы,  Жаңақорған  ауданындағы 
күкірт  қышқыл  зауытының  құрылысын  іске  асыру  мақсатында  2007  жылы  құрылған. 
«СКЗ- U» ЖШС құрылтайшылары - «ТКК» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес 
кәсіпорны  -  49%),  SAP-Japan  Corporation  (Жапония  -  32%)  мен  Uranium  One  (Канада  – 
19%). «СКЗ- U» ЖШС күкірт қышқылының негізгі тұтынушылары жылына 5 мың тонна 
уран өндіреді. «Хорасан-1» мен «Хорасан-2» кеніштері. Зауыттың жобалық қуаты жылына 
500 мың тонна күкірт қышқылы немесе тәулігіне 1500 тонна. 
Аудан  тұрғындарының  пікірінше,  бұл  зауыттың  пайдасынан  зияны  көп.  Яғни, 
зауыт салынғалы бері құдықтағы су бетінің қаймақтанып тұруы, ауыз су түгілі киім жууға 
да жарамайтыны және зауыттан жаман иіс шыққанда далада отыра алмайтындары жайлы 
айтады.  Сонымен  қоса,  иіс  желмен  көршілес  ауылдарға  да  жетеді.  Дем  жетпейтіндер, 
қышымамен  ауыратындар  көбейіп  кеткен.  Осы  зауытта  қызмет  атқаратын  жұмысшылар 
күкіртті  40-45  градус  ыстықта  күрекпен  қолмен  түсіреді.  Директордың  бірінші 
орынбасары,  Құралбек  Базарбаев  Атыраудан  келетін  жентек  күкіртті  жұмысшылардың 
күрекпен түсіретінін растаған [3]. 
Сонымен  қатар,  аудан  халқының  көпшілігі  осы  зауыттың  неге  аудан  іргесіне 
салынғаны  жайлы  білгісі  келеді.  Зауыт  директорының  бірінші  орынбасары 
Құралбек 
Базарбаевтың сөзіне қарағанда тәулігіне 1500 тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыттың 
ауыл  іргесіне  салынуына  көлік  инфрақұрылымы  себеп  болған.  Яғни  алысқа  салынса, 
«зауыттың құны қымбаттап кетеді». Оның айтуынша, зауытқа Сырдария жағасындағы ыза 
судан  (өзен  жағасынан  қазылған  скважина  суы)  жылына  1  миллион  тонна  су 
пайдаланылады  екен.  Менің  пікірімше,  бұл  зауытқа  пайдаланылатын  су  онсыз  да  су 
тапшылығын  көріп  отырған  Қызылорда  облысын  одан  әрі  тарықтырып,  уақыт  өте 
Жаңақорған, Шиелі аудандарын сусыз қалдыруы мүмкін.  
Жергілікті 
тұрғындар 
үрке 
қарағанымен, 
Қазақстан 
үкіметі 
мен 
«Қазатомөнеркәсібі»  таратқан  ресми  деректерге  қарағанда,  Жаңақорған  ауданында 
салынған күкірт қышқылы зауытының «республикаға пайдасы зор». Яғни бұрын шетелдік 
күкірт қышқылына тәуелді болып келген уран кеніштері бұдан былай отандық зауыттың 
өнімімен қамтамасыз етілмек деген болжамда.  
Ендігі  тоқталып  өтілетін жайт,  өндірістік қауіптер мен зияндарды талдау.  Күкірт 
қышқылы  зауытында  еңбекті  қорғау  мәселесінің  мәні  өте  зор, себебі  зауыттағы 
температура жоғары болады, ал ауа ылғалдығы және де электролитті ванна үстіндегі ауа 
күкірт  қышқылы  мен  мыс  купоросынан  тұратын  майда  электролит  тамшыларымен 
қаныққан. Көптеген негізгі операцияларды орындаған кезде жұмысшылар электролитпен 

 
177 
дымқылданған  немесе  шламмен  қапталған  заттармен  жұмыс  істейді,  кейбір 
жұмысшыларға күшті кышкылды айдау, қышқылды кұбырлар мен сорғыларды жөндеуге 
тура  келеді.  Кейбір  операцияларды  орындаған  кезде  негізгі  кәсіп  жұмыстары  қиын  қол 
күшін  қажет  етеді.  Сонымен  қатар,  күкірт  қышқылы  зауытында  төтенше  жағдай:  күкірт 
қышқылымен,  электролитпен,  шламмен  күйіп  қалудан,  қышқыл  кұбырларды  қайта 
жинағанда, үлестіру жинағышының кұбырларын ауыстырған кезде болады. 
Менің  пікірімше,  күкірт  қышқылы  зауытында  жүк  ағымының  көлемі  үлкен 
болғандықтан қызмет көрсетуші жұмысшылар, көтергіш көлікті құрылғыларымен жұмыс 
істеу  ережелерін  орындау  қажет.  Әсіресе,  белсенді  ортада  коррозия  нәтижесінде  өз 
беріктігін  және  жүк  көтергіштігін  жоғалта  алатын  арқандар,  шынжырлар  сияқты  жүк 
көтергіш құралдарының күйін мұқият қадағалау қажет. 
Сонымен,  күкірт  қышқылы  цехта  адам  денсаулығына  әсер  ететін  негізгі 
факторларға:  адамның  электр  тоғымен  зақымдануы,  өндірістік  трамватизм,  зиянды 
заттармен  улану,  өрт  болу,  артық  жылу  бөліну,  зауытта  көпірлі  жүккөтергіштер 
қолданылу  қауіптері  және  шу  жатады.  Шуға  нақтырақ  тоқталатын  болсақ,  деңгейі 
шамамен  90-120  децибил  болатын  шулар  адамның  жүйке  жүйесіне  әсер  етіп,  есту 
органдарының  қызметін  нашарлатып,  тіпті  кейбір  жағдайларда  жүйке  –  психикалық 
аурулардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы, 
ағзаның  эндокриндік  системасының  бұзылуы  сияқты  аурулардың  пайда  болуына,  жүйке 
клеткаларының  дегенерациялануына  әкеп  соғады.  Үздіксіз  қатты  шу  әсерінен 
перифериялық  қан  тамырлары  тарылып,  бұлшық  еттер  мен  миға  қанның  келіп  жетуі 
қиындайды. Деңгейі 130 дицебилден асатын шу акустикалық травмалар туғызады [2,7-14 
б]. 
Тағы да айта кететін жайт, 
күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс 
алу  жолдарына  әсер  етіп  тыныс  алуды  қиындатады.  Өсімдіктерде  хлорофилдердің 
бұзылуына  әсер  етіп  нәтижесінде  фотосинтез  процесі  нашар  жүреді,  өсу  баяулайды, 
ағашты өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі азаяды. 
Атмосфералық  ауа  құрамында  күкірттің  көп  болуы  металдардың  таттануын  (коррозия) 
үдете  түсіп,  ғимараттардың,  өнеркәсіп  бұйымдарының  сапасын  төмендетеді.  Бірақ,  кез 
келген  өндіріс  орындырның  зияндылығымен  қоса,  маңыздылығыда  бар.  Күкірт 
қышқылының пайдалы жағын атап өтетін болсам: металлургияда түсті металдар алу үшін, 
түрлі  өнімдерді  тазартуға,  қопарылғыш  заттар  мен    жасанды  талшықтар,  бояулар,  дәрі-
дәрмектер, парфюмерияда, тері илеуде, пластмасса синтездеуде алатын орны ерекше. 
КҚЗ-ның  құрамына  қуаты  18  Мвт  болатын  энергокешен  кіреді,  оның  құрамында 
General  Electric  фирмасының  бутурбиналық  қондырғысы  бар.  10  Мвт  жалпы  желіге 
беріледі  де,  ол  Жаңақорған  ауданының  электр  қуатына  деген  қажеттілігін  толығымен 
қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, КҚЗ-ы 227 жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті халықтың 
70%-ын жұмыспен қамтуда. 
Қорытындылай  келе,  осы  аталған  зауыттың  пайдасынан,  қоршаған  орта  мен  адам 
ағзасына  тигізер  залалы  өте  жоғары,  сондықтан  өз  тарапымнан  айтылатын  алып  қосар 
ұсыныстарым төмендегідей:
 
1)
 
Зауыттағы және жеткізер жолындағы қауіпсіздік шараларын күшейту; 
2)
 
Жасалған  жұмыстың  экологиялық  қауіптілігіне  және  ауырлылығына  аса  зор  мән 
беріп, жалақыны 3 есеге арттыру; 
3)
 
Өндірісте апат болған жағдайда, ел тұрғындарына дер кезінде ескерту; 
4)
 
Облыс  және  аудан  әкімі  тарапынан  елді-мекен  жұртын  тегін  медициналық 
тексерістен өткізу; 
5)
 
Қолданылып келе жатқан құрал-жабдықтарды тозығы жеткен кезде ауыстыру; 
6)
 
Механикалық желдеткіштер мен ауа тазартқыштарды орнату;  
7)
 
Зауыттың айналасын көгалдандыру; 
8)
 
Мемлекет  тарапынан  бақылауды  қатаң  жүргізу  керек.  Жоғарыда  аталған  шаралар 
іске асырылатын болса, онда осы аталған зауыттың сәл де болса зиянды әсері азаяр 
еді. 
 

 
178 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина. Химия. 9-сынып; Алматы 2009ж; 
«Мектеп» баспасы; 208 бет.  
2.
 
Ұ.Б.Асқарова. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Оқу құралы; Алматы 
2004ж; 7-14 беттер. 
3.
 
www.kaztrk.kz. 
 
 
ТҰРМЫСТЫҚ ХИМИКАТТАРМЕН УЛАНҒАН КЕЗДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН 
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК 
 
Смат.Г.Ә. ҚазГЗУ-нің 1-ші курс студенті. Астана қ. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Альменова.В.С. 
 
Алғашқы  медициналық  көмек  -  кенеттен  ауырған  немесе  оқиға  болған  жерде 
зардап  шеккен  адамға  медициналық  мекемеге  жеткізу  барысында  көрсетілген  жедел 
медициналық шаралардың жиынтығы. 
 
Алғашқы медициналық көмек көрсетудің міндеттерінің бірі қарапайым шараларды 
қолдана  отырып  зардап  шегушінің  өмірін  сақтап  қалу,  аурудың  жанға  батуын  азайту, 
мүмкін  болатын  асқынулардың  алдын  алу,  жарақатты  және  ауруларды  жеңілдету  болып 
табылады.  Алғашқы  медициналық  көмекті  зақымданған  аймақта  зардап  шегушінің  өзі 
көрсетуі немесе кез келген адам орындауы мүмкін. Алғашқы медициналық көмек көрсету 
шаралары мыналар болып табылады: қан кетуді уақытша тоқтату, жарақатқа немесе күйік 
бетіне залалсыздандырылған таңғышты таңу, жасанды дем беру және жүрекке тура емес 
массаж  жасау,  антидиоттарды  егу,  антибиотиктер  беру,  ауру  сездірмейтін  дәрілер  егу, 
ыстық пен суықтан қорғау, зақымданған адамды залалданған аумақтан әкету, санитарлық 
өңдеу. Алғашқы медициналық көмекті көрсету неғұрлым ертерек көрсету зақымданудың 
одан  әрі  ағымы  үшін  маңызды  болып  табылады.  Қатты  қан  кетуде,  электр  тоғынан 
зақымданғанда, суға кеткенде, жүрек қызметі және дем алу тоқтаған кезде және басқа да 
жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек жылдам көрсетілуі қажет [3, 224 б]. 
 
Тұрмыстық  химиялық  құралдардың  көпшілігі  адамға  қауіп  тудырады.  Олармен 
уланып қалмас үшін қатаң түрде олардың сақтау және қолдану ережелерін орындау қажет. 
 
Тұрмыстық  инсектицидтер  -  бұл  зиянды  насекомдарды  жоюға  арналған 
қосылыстар.  Олардың  ішінде  неғұрлым  көбірек  таралғандарына  фосфорорганикалық 
қосылыстар  (хлорофос,  дихлофос,  карбофос).  Бұл  препараттар  адамның  ағзасына  тыныс 
алу немесе асқорыту жүйесі арқылы енген болса ауыр улануға  алып келеді [4]. 
 
Ингаляциялық  улануға  бас  айналу,  көз  көруінің  бұзылуы,  тердің  көп  бөлінуі, 
психикалық қозу тән болып табылады. Асқазанға фосфорорганикалық заттар түскен кезде 
лоқсу,  ауыз  бен  мұрыннан  шырыш  бөліну,  сұйық  дәрет,  бас  және  көкірек  ауыру,  көп 
мөлшерде тер бөліну пайда болады. 
 
Ауыр  уланған  жағдайда  қарашықтың  кішіреюі,  жүрек  кішіреюі  жиілігінің 
баяулауы,  қан  қысымының  төмендеуі,  естен  тану  тән.  Адамда  тырысу  пайда  болады, 
тыныс алу бұзылады және оның тоқтауы мүмкін. 
 
Белгілер  байқалған  жағдайда  жылдам  жедел  жәрдем  шақыру  қажет.  Дәрігерлер 
келгенге дейін зардап шегушіні  таза ауаға шығару, денесінің ашық жерлерін сумен жуу, 
ал  көзін,  аузы  мен  мұрнын  –  2%-ды  ас  содасы  ерітіндісімен  (ас  қасық  сода  1литр  суға) 
шаю қажет. Асқазанды шаю үшін оған осы ерітіндінің 2-3 л беріп, тілдің түбірін қасықпен 
басып лоқсуды шақырту қажет. Сонымен қатар зардап шегушіге 4-5 таблетка активтелген 
(белсендірілген) көмір берген жөн және басын біржағына бұрып жастықсыз жатқыздыру 
керек. Тыныс алуы күрт нашарлаған жағдайда жылдам жасанды дем беруді бастау қажет, 
ол  үшін  ауыз  қуысын,  жоғары  тыныс  алу  жолдарын  алдын  ала  сілекейден  және 
шырыштан тазартып алу қажет. Егер зардап шегуші ес-түссіз болса, онда оның асқазанын 
дәрігерсіз шаюдың қажеті жоқ [1, 104 б]. 

 
179 
 
Сірке  эссенциясы  ішке  қолданған  жағдайда  еріннің,  тілдің,  жұтқыншақтың, 
өңештің, ал ауыр жағдайда асқазанның, тіпті ішектердің шырышты қабаттарының күюіне 
әкеледі. 
 
Асқорыту  жүйесінің  ауқымды  күюі  кезінде  есеңгіреу  пайда  болуы  мүмкін. 
Алдымен  ауру  адам  қозады,  оның  артериалды  қан  қысымы  төмендейді,  тыныс  алуы 
жиілейді,  әлсіз  және  жиі  болады,  суық  тер  шығады.  Қан  аралас  лоқсу  болуы  мүмкін,  ол 
асқазаннан қан кетуді білдіреді. 
 
Кейде сірке эссенциясы тыныс алу жолдарына түсіп күйікке әкелуі мүмкін. Мұндай 
жағдайда дауыс қарлығады, тыныс алу қиындайды, жөтел пайда болады, ерін және беттің, 
мойынның, қол саусақтарының терісі көгереді. Тіпті тұншығу болу мүмкін, өйткені зардап 
шегуші дұрыс ауа жұта алмайды. 
 
Сірке  эссенциясымен  аса  ауыр  улану  (оның  белгісі  зәрдің  қызыл  түске  өзгеруі) 
мүгедектікке немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. 
 
Ас сірке суы асқорытатын жолдың күюіне әкелуі мүмкін, бірақ сірке эссенциясына 
қарағанда азырақ. 
 
Тұрмыста  бейорганикалық  қышқылдарды  қолдану  сирек  емес.  Қателікпен 
жұтылған кезде өңеш пен асқазанның ауыр зақымдалуы, ол есегіреу жағдайда және өңеш-
асқазаннан қан кетуге әкелуі мүмкін. 
 
Мүсәтір спирті ішке түскенде ауыздың, жұтқыншақтың, өңештің және асқазанның 
қуыстарының  қатты  күюіне  әкеледі.  Бұл  жағдайда  еріннің,  ауыздың  ісінуі,  жұтынудың 
және тыныс алудың қиындауы тән. 
 
Сутегі асқын тотығының, пергидрольдің ішке түсіп, асқорыту жолдарының күюіне 
әкелуі мүмкін. 
 
Егер  осы  айтылған  еріткіштердің  кез  келгенімен  улану  болса,  жылдам  дәрігерге 
барыңыз.  Кешіктіру,  тіпті  аз  мөлшерін  жұтып  қойғанның  өзі  ауыр  жағдайларға  әкелуі 
мүмкін. 
 
Егер  зардап  шегуші  іше  алатын  күйде  болса,  онда  қышқылдармен  уланған 
жағдайда  (мысалы,  сірке  қышқылымен)  дәрігер  келгенге  дейін  оған  2-3  стакан  суық  су 
беріңіз,  ал  сілті  уларымен  (мүсәтір  спиртімен,  ағартқыш  заттармен)  уланған  жағдайда 
көбірек  лимон  немесе  апельсин  шырынын  беруге  болады.  Өзіңіз  оның  асқазанын  жууға 
кіріспеңіз  және  оның  лоқсуын  шақыртпаңыз,  өйткені  асқазаннан  өңешке  күйдіргіш 
еріткіш тоғы оның күюін күшейтуі мүмкін. Дауыстың қарлығуы, тыныс алу қиын болған 
жағдайда стандартты ингаляторды қолдана отырып, содамен және зәйтүн немесе шабдалы 
майымен ингаляция жасаңыз [1,106 б]. 
 
Ауру  адамды  міндетті  түрде  жастықтың  көмегімен  басын  және  денесінің  үстіңгі 
жақ бөлігін көтеріп жатқызу керек. 
 
Химикаттарды қолданар алдында жұмыс аймағындағы ауа олардың шаңымен және 
буымен  ластанады,  ол  адам  ағзасына  сәтсіз  әсер  етеді.  Фторлы  сутек  және  оның 
қосылыстары  неғұрлым  қауіпті  болып  табылады,  әсіресе  қоршаған  ортаның 
температурасы жоғары және жабық жайларда болғанда 
 
Тері  жамылғылары  зақымданған  кезде  зақымданған  жерді  жылы  сабынды  сумен 
мол жуу, ішкі және сыртқы киімін ауыстыру қажет. 
 
Химикаттар  көзге  түскенде  түйілу,  жас  ағу  болады.  Мұндай  жағдайда  көзді  ас 
содасы  ерітіндісімен  (жартылай  шәй  қасық  стакан  суға)  жуу,  осы  ерітіндіге  малтылған 
мақта тампонымен көздің сыртқы бұрышынан ішке қарай бағыттап өңдеу қажет [1, 107 б].  
Қорытындылай келе, зақымдалудың дамуын шартты төрт кезеңге бөледі: бірінші - 
улы  заттармен  контакат  кезеңі,  екінші  -  жасырын,  үшінші  –  өкпенің  токсикалық  ісіну 
кезеңі,  соңғысы  –  асқыну  кезеңі.  Кейбір  заттардың  жоғары  концентрациялы  буларының 
әсері  кезінде  терінің,  жоғары  тыныс  алу  жолдары  шырыштарының  және  өкпенің 
химиялық күюінен болатын есеңгіреу тез өліммен аяқталуы мүмкін. Сондықтан алғашқы 
медициналық жәрдемді дәл уақытында, сауатты түрде жүргізу керек [2, 52б]. 
 
 
 

 
180 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Р.И.Жалмаханбетова. Химиялық қауіпсіздік негіздері. Оқу құралы. Астана 2013. 
- 71-106 беттер. 
2.
 
Шаховец В.В., Виноградов А.В. Первая медицинская помощь в черезвычайных 
ситуациях. – М.: Ред. журн. «Военные знания», 1998. - 52 бет.  
3.
 
Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Первая медицинская помощь. – М.: Медицина, 
2000. – 224 бет. 
4.
 
«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 
7.05.1997ж.  
 
 
ОСНОВНЫЕ ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ «ЗЕЛЕНОЙ ЭКОНОМИКИ» ДЛЯ 
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
 
Сальмухаметов Б., студент 1 курса КазГЮУ, г.Астана. 
Научный руководитель: ст. преподаватель Алиева А.Я. 
 
После завершения  Саммита «РИО + 20» в казахстанском обществе осуществляется  
переход  к «зеленой» экономике.  В 2013 году Президентом Н.А. Назарбаевым утверждена 
Концепция  по  переходу  к  «зеленой»  экономике.   Приоритетные  задачи  в  Концепции 
представлены  главным  образом  на  реформировании  и  развитии  определенных  отраслей 
экономики. 
В рамках перехода к «зеленой» экономики, предполагается: 
- повышение  эффективности ресурсов; 
- усовершенствование  инфраструктуры; 
- улучшение благосостояния населения; 
Реализация Концепции планируется в три этапа: 
- первый этап - 2013–2020 гг. – оптимизация использования ресурсов и повышение 
эффективности  природоохранной  деятельности,  а  также  создание  «зеленой» 
инфраструктуры; 
-  второй этап  -  2020–2030 гг.  –  рациональное использование природных ресурсов, 
внедрение возобновляемой энергетики на базе высоких технологий; 
-  третий  этап  -  2030–2050  гг.  –  переход  национальной  экономики  на  принципы 
«третьей  промышленной  революции»,  в  основу  которой  положено  использование 
природных ресурсов в случае их возобновляемости. 
Первое направление - внедрение возобновляемых источников энергии. 
Огромные  масштабы  приобретает  вопрос  о  дальнейшем  сохранении  полезных 
ископаемых.  Наше  государство  признано  как  страна  с  очень  богатыми  природными 
ресурсами.  Нефть,  газ  –  во  всем  мире  классифицируют  как  один  из  крупнейших 
энергетических ресурсов, но даже они в свое время исчерпываются, а значит необходимо 
находить новые ресурсы  для жизни. При этом, тот факт что Казахстан обладает наличием 
хорошей экосистемы, почвой, водой и лесом, значительно повышает свою позицию перед 
другими странами. 
Второе направление - энергоэффективность в жилищно–коммунальном хозяйстве. 
  
В связи с тем, что значительная часть городского жилого фонда была построена в 
постсоветское  время,   большинство  жилых  комплексов  оборудованы  неэффективными 
теплоизоляционными  конструкциями  и  системами  теплоснабжения,  что  приводит  к 
значительным  тепловым  потерям.   В  настоящее  время  в  Казахстане  действуют 
энергосервисные компании, призванные осуществлять мероприятия в области устранения 
неполадок работ  приборов теплоснабжения. 
Третье направление - органическое земледелие в сельском хозяйстве 

 
181 
В первую очередь, данный вид направления рассматривает отказ от синтетических 
продуктов  удобрения  (пестициды),  различных  кормовых  добавок.  Речь  идет  об 
использовании органических удобрений для обеспечения урожайности, роста культурных 
растений.  «Озеленение»  сельского  хозяйства  позволит  обеспечить  продовольствие 
населению,  не  нанося  вред  при  этом  природным  ресурсам.  Казахстан  планирует 
действовать по следующим направлениям: 
- управление плодородием почв; 
- эффективное  использование воды; 
- управление  здоровьем растений и животных; 
- механизация ферм. 
Четвертое направление - совершенствование системы управления отходами 
Особую  популярность  приобрела  проблема  управления  отходами.  Все  чаще  встречаешь 
грязные улицы,  свалки и  отсутствие какого-либо контроля над происходящим. В связи со 
сложившимися  обстоятельствами  предложено  использовать   отходы  как  вторичный 
продукт производственного  цикла. Так, к примеру, технология комплексной переработки  
твёрдых  бытовых  отходов  и  получения  альтернативного  топлива  уже  реализуется   в 
Алмате. 
Пятое направление - совершенствование системы управления водными ресурсами 
Вода  остается   ключевым  природным  компонентом  обеспечения  существования 
человечества  и  целостности  экосистем.  В  связи  с  этим,  рациональное  использование 
водных ресурсов остается проблемой, приобретающей огромные масштабы. 
Шестое направление - развитие “чистого” транспорта 
Большинство  перевозок  в  Казахстане  проводится  на  дизеле/бензине.  В  настоящее  время 
большинство перевозок осуществляется на основе бензина (дизеля). В первую очередь это 
способствует высокому выбросу парниковых газов. 
Седьмое направление - сохранение и эффективное управление экосистемами 
Деятельность  в  данном  направлении  главным  образом  направлена   на  сохранение 
уникального природного богатства нашей страны. 
ереход  к  «зеленой»  экономике   приобретает  все  большую  популярность  и  вызывает 
масштабный  интерес.  «Зеленая»  экономика  в  первую  очередь  способствует 
экономическому прогрессу и обеспечит: 
- рост внутреннего валового продукта; 
- увеличение доходов страны; 
-  создание   рабочих  мест  для  населения,  уменьшая  при  этом  показатель  безработицы  в 
стране. 
При  этом  переход  на  «зеленую»  экономику  снижает  риски  от  глобальных  угроз, 
таких  как  изменение  климата,  истощение  полезных  ископаемых  и  дефицит  водных 
ресурсов. 
В  рамках  программы  развития  «зеленой»  экономики,  Казахстан  планирует 
инвестировать средства в 10 ключевых секторов экономики: 
- сельское хозяйство; 
- жилищно-коммунальное хозяйство; 
- энергетика; 
- рыболовство; 
- лесное хозяйство; 
- промышленность; 
- туризм; 
- транспорт; 
- утилизация и переработка  отходов; 
- управление водными ресурсами. 
 
Литература: 
 
1.
 
Зеленая экономика – экономика будущего. 

 
182 
2.
 
http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/ecologiya/article/green_ekonomika
&lang=ru
 
 
 
РЕГУЛИРОВАНИЕ ВЫБРОСОВ ПАРНИКОВЫХ ГАЗОВ  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет