Хаттама толтырыңыз: Тапсырма Ас қорыту жолы органдарын атап, олардың құрылымын сипаттаңыз


Тапсырма 4. Сілекей, асқазан, ұйқы безі, ішек сөлдерінің бөліну кезеңдері



бет4/7
Дата06.01.2023
өлшемі36,03 Kb.
#60531
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Тапсырма 4. Сілекей, асқазан, ұйқы безі, ішек сөлдерінің бөліну кезеңдері.


Сілекей сөлінің бөлінуі – Жұп шықшыт, алқым және тіласты бездеріне жатады.  Қабырғадан тыс жатқан сілекей безі ауыз қуысымен өздерінің өзектері арқылы жалғасады. Сілекей безінің сөлі ауыз қуысына түскен азықты дымқылдандырып жібітеді. Сілекейдің құрамында көмірсуларды ыдыратуға қатысатын ферменттер болады
Асқазан сөлі.Адамда тәулігіне2,0-2,5л қарын сөлі бөлінеді. Ол түссіз сұйықтық.рН – 0,9 – 1,5; тұз
қышқылы көп – 0,3-0,5%. Асқазан сөлі бөліну кезеңдері:
1Күрделі рефлекстік – ми кезеңі:
a) Шартты рефлекстік
b) Шартсыз рефлекстік
2. Асқазан (нейрогуморалдық) кезең
a) Механикалық
b)Гуморалдық (гастрин, гистамин, бомбезин)
3.Ішек кезеңі – ас ішекке өткенде.
Асқазан секрециясын ынталандырушылар: энтерогастрин, бомбезин, белок гидролизі өнімдері,
экстрактивті заттар.
Ұйқы безі сөлі - Ұйкы безі солінің қанша уакыт, қай мелшерде бөлінетіні, ферменттік құрамы тагам түріне жэне тагам рационына байланысты. Ет, нан жеп, сүт ішкен кезде бөлінетін склдің көлемі, қүрамы, бөлініп шыгу мерзімі біркелкі емес, керісінше, тагам түріне карай өзгеріп отырады. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденіп, қисык сызықпен көрсетілген
Ұйқы безі сөлінің кезеңдері:бөліну ұзақтығы 6-14 сағат.
1. Милық кезең – шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге негізделген.
2. Асқазандық кезең – асқазанның механо- және хеморецепторлармен тітіркенуі және гастрин көмегімен іске асырылады.
3. Ішектік кезең – асқазаннан тағам он екі елі ішекке өткенде басталады.
Ішек сөлдерінің бөлінуі - аш ішектің ішкі сілемейлі қабығындағы көптеген ұсак бездерден бөлінеді. Аш ішекте астың одан әрі корытылуы өттің және ішек сөлінің әсерінен жүреді. ішек сөлі - түсі күңгірттеу сұйыктык. Ересек адамда төулігіне шамамен 2 литрдей ішек сөлі бөлінеді, оның реакңиясы да сілтілі. ішек сөлінің әсерінен қарыннан тамакпен бірге келген қышкылды орта жойылады. ішекке карыннан түскен тағамның әсерінен ішек сөлі үздіксіз бөлініп тұрады. ішек сөлінің құрамында су, ағзалық, бейағзалык заттар және 20-дан астам ферменттер болады. Олар түрлі тағамдарды ыдыратып, денеге сіңуіне жағдай жасайды. Ішек сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолдармен реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет