Хаттама толтырыңыз: Тапсырма Ас қорыту жолы органдарын атап, олардың құрылымын сипаттаңыз


Тапсырма 2. Кестені толтырыңыз. Ас қорыту жолының түрлі бөлімдеріндегі заттардың сіңірілуі



бет6/7
Дата06.01.2023
өлшемі36,03 Kb.
#60531
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практика 11 сабақ

Тапсырма 2. Кестені толтырыңыз. Ас қорыту жолының түрлі бөлімдеріндегі заттардың сіңірілуі



Ас қорыту жолының бөлімі



Сіңірілетін зат

Ауыз қуысы

Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсақталады,сілекейге шыланып жұмсартылады,соған орай адам астың дәмін,сапасын сезе алады,ас кесегін асықпай шайнау оны әбден жұмсарту одан әрі асқазанда тамақтың қорытылуын жақсартады.Ауызға келіп түскен асты шайнауға жақ еттерімен қатар,тіл және бет еттері де қатысады.Жақ сүйек жоғары көтеріліп алға артқа солға оңға қарай жылжытып сіңірілуін жеңілдетеді

Асқазан

Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.

Аш ішек



Олардың саны оте көп — 1 мм ішектщ қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлері болады. Микробүрлердің арасындағы қуыстарда ішек сөлінің ферменттері көптеп шоғырланған, олардың концентрациясы ішек қуысындағы сөлдегіден анағүрлым жоғары, сондықтан мұнда ас қорыту өте күшті жүреді. Сонымен қатар, микробүрлердің беті астың қорытуынан пайда болған заттардың қанға және лимфаға сіңуін жеңілдетеді. Ас қорытудың осы ерекшелігін мембрандық ас қорыту дейдій Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішек кілегей шырыш өндіреді. Аш ішектің сөлінің ферменттері аттас белсенділігі аз ферменттер тоқ ішектің ащы ішекпен шектес жерінде аздап өндіріледі



Тоқ ішек

Тоқ ішекте бактериялардың әсерінен көмірсу мен белоктар шіриді. Белоктардың шіруінен бірнеше улы заттар — индол, скатол, фенол т. б. пайда болады да, қанға сіңеді. Ішектен шыққан қан тамырлары алды-мен бауырға барады да, онда улы заттар усыздандырылады, яғни бауыр кедергілік қызмет атқарады. Мұнда улы заттардан организмге қажетті усыз заттар түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет