Хіх ғасыр қазақ әдебиеті пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет6/15
Дата25.11.2023
өлшемі56,46 Kb.
#126400
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
6 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
Дәстүрлі жыраулық поэзия және Махамбет. Махамбет дәстүрін жалғастырушылар. Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы шығармаларын көркемдік-идеялық тұрғыдан оқыту.
Сабақтың мақсаты:
Махамбет Өтемісұлын жыраулық поэзия дәстүрін жалғастырушы ретінде бағалау. Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызының әдеби мұраларын білім алушыларға түсіндіру, саралау, танымдық тұрғыдан талдау және бағалау әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын айтуға дағдыландыру.


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:

  1. Дәстүрлі жыраулық поэзия және Махамбет. Махамбет поэзиясының дәстүрлі жыраулық өлең үлгісімен сабақтастығы. Шәлгез, Ақтамберді, Доспамбет т.б. жыраулар шығармасымен салыстыра саралау. (1-топ), 7 минут.

  2. Махамбет дәстүрін жалғастырушылар. Шернияз өлеңдерінің құрылысына талдау. Шернияздың айтыстары (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта). (2-топ). 7 минут

  3. Шернияз Жарылғасұлы. Исатайға арнаған өлеңдері. Шернияздың шешендігі. Шернияздың термелері. «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Тостағанды қолға алып», т.б. шығармаларына әдеби-теориялық сараптама. (3-топ) 5 минут.

  4. Махамбет дәстүрін жалғастырушы Алмажан Азаматқызы «Жетім қыз» дастанын ПОПС формуласымен талдау. (4-топ) 7 минут.

  5. Нұртуған жыраудың «Ақкете Шернияз» дастанына талдау-сипаттама. Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы шығармашылығының ғылыми тұрғыда зерттелуі. Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Х.Сүйіншәлиев, Қ.Жұмалиев, Қ.Мұқамедханов, Қ.Өмірәлиев, Б.Омарұлы, Қ.Мәдібай, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Хронологиялық кесте ұсыну (5-топ), 7 минут.

Барлық топқа: Шернияз Жарылғасұлының жырларын, Алмажан Азаматқызының дастанын толық оқу, мәнін ұғыну.
Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. «Ауа райы» әдісі


Пайдаланатын дереккөздер:

  1. Әбдезұлы Қ. Тәуелсіздік кезеңі және қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: “Қазақ университеті”, 2012. – 243 бет.

  2. Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры: роман және әдеби зерттеулер. – Алматы, – 1991. – 400 б.

  3. Досмұхамедұлы Х. Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991. – 225 б.

  4. Жүсіп Қ. Махамбеттану мәселелері. –Алматы, 2006. – 110 б.

  5. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы, 1991. -31-32 б.

  6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991. -193-195 б.

  7. Мұқанов С. Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. 1-бөлім. – Алматы, 1942. -130 б.

  8. Мәдібаева Қ.Қ. Махамбеттану ақындық әлемі таңдау курсы. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: «Қазақ университеті». - 2011. – 46 б.

  9. Мәдібаева Қ.Қ. Махамбеттану арнаулы курсы. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: «Қазақ университеті». - 2008. - 29 б.

  10. Мұхамедханов Қ. Әйгілі шешен, ақын, Шернияз. // Көптомдық шығармалар жинағы. -27-34 б.

  11. ҚР ҰҒА. Шернияз ақын шығармалары. 822 папка. №7. -1-2 бб.

  12. Нұртуған. Кәнеки тілім, сөйлеші. 2-3-кітап.; ҚР ҰҒА. Шернияз ақын шығармалары. 822 папка. №7.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет