Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Махамбет шығармаларындағы халық тұлғасының және Исатай батыр бейнесінің жырлануы



бет13/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

17. Махамбет шығармаларындағы халық тұлғасының және Исатай батыр бейнесінің жырлануы.

Махамбет – тілге шебер ақын. Ол — өзіне дейінгі ақындар шешендігін, халық даналығын игерген, тұспалдап сөз айтуға мейлінше ұста. Әрбір өлеңі оқушысының көкейіне бірден-ақ қона кетеді. Термелеп сөз қатып, өміршең жыр толғайды. Өмір, табиғат, қоғам өзгеріс-құбылыстары, табиғи заңдылықтары туралы тұспалды шумақтар туғызады. Бұндай жолдары ақынның тек жалаң үгітші емес, терең ойдың, зор парасаттың адамы екенін танытады. Асылы, Махамбет заманының озық ойлы, терең сырлы табиғи таланты болған. Оның әрбір шығармалары осы бір тұжырымымызды растайды. Халық даналығы мен ақын парасаты ұштасады.


Ермін деген жігітті,Келмейтұғын нәрсеге,
Кеңшілікте сынама.Жаныңды қинап жылама…
Немесе:
Тоқсан тарау су ақса,Жайық үшін жандастық,
Дария болар сағасы.Қиғаш үшін қырылдық,
Исатайдың барындаТеңдікті, малды бермедік,
Қара қазан, сарбалаТеңдіксіз малға көнбедік.
Қамы үшін қылыш сермедік.
Ақын Исатайды суреттеген толғауларында неше алуан теңеу, эпитет, метафоралар қолданады. Исатайды небір халықтың асыл сөздерімен суреттеп, батыр тұлғасын танытар айқын теңеулер табады. Мысалға ақынның «Тарланым» деген өлеңін алайық. Осы өлеңнің өзінде-ақ Исатай өз бойының барлық көрінісімен көз алдыңа елестейді. Батырдың сырт тұлғасы ғана емес, ішкі сыры, қайтпас қайсар мінезі, жайдары жарқын жүзі, ақылы мен өнері, жауға деген айбары, ашуы, ел ішіндегі беделі – барлық жағынан өте сүйкімді сипатта бейнеледі
Кермиығым, кербезім,Хиуадай базарлым,
Келіскендей шандозым,Теңіздей терең ақылдым,
Құландай ащы дауыстым,Тебіренбес ауыр мінездім…
Қырмызыдай ажарлым,Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен…
Махамбет әрбір өлеңін ой толқынына сай құрады. Ақын ойының толқыны күрес толқынымен сабақтас еді. Күрес оның өлеңінің мазмұнына да, құрылысына да өз ықпалын тигізді. Ал мұның өзі күрес идеясын беруге ыңғайлы өлең құрылысын керек етті. Сөйтіп, Махамбет батырлар жырының құрылысын қолданды. Күреске аттанған батырлар тілегіне шығарма әуені де ұштасты. Сондықтан да профессор Қ. Жұмалиев өзінің зерттеулеріне «Махамбет өлеңдері, көбіне жыр (7,8 буынды) ағымымен келеді», — деп қорытады. Бұл пікірдің негізі дұрыс. Жыр формасы ақынға біраз жеңілдік беріп тұр. Онда шумақ өлшемі, буын мөлшері, тіпті ұйқас тәртібі, онша қатал сақталмайды. Ақын бұл жағынан өзін еркін ұстап, өлеңнің буын санын да, ұйқасын да, шумақ мөлшерін де өз ойына бағындырып алады. Осыдан болса керек, жырларда мөлшерлі шумақ болмайды, буын саны көбіне 7-8 болғанымен, онда басқа да мөлшерлер (11, 12 буын) ұшырай береді. Жырлардың буыны 11 болса да, ол төрт жолды бір шумақ қара өлеңмен шатаспайды, өзінің жыр қалпын сақтайды.
Махамбет өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі де бар. Оның көп қолданатыны – шұбыртпалы ұйқас. «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» тағы басқа өлеңдері. Бұдан басқа ұйқас түрлері де ақынға жат емес. Ол көп жерде кезекті, қаусырмалы, асқақ, ерікті, аралас ұйқастарды қолданған, сондай-ақ кейбір өлеңдерінде егіз не қатар ұйқас та (а, а, б, в) кездеседі.
Махамбеттің «Мұңайма» деген өлеңінде де өзіндік ұйқас сезіледі.
Ханның ісі қатайды, (а)Ұрандап жауға тигенде (в)
Азамат ерден бақ тайды (а)Кім жеңері талайды, (а)
Қанды кебе киініп, (б)Жолдастарым мұңайма! (в)
Бір аллаға сиынып, (б)
Бұл өлеңнің алғашқы екі жолы және алтыншы жолы өзара ұйқасады, одан кейінгі 3-4 жолдары да үйлесіп келген, ал бесінші және соңғы бір жолы өзінше бөлек, дара жатыр. Әрине, бұл поэзияға Махамбет қосқан жаңалық емес, ол – халық жырларында жиі ұшырайтын құбылыстар. Ақын соны жақсы пайдаланған.
Махамбет өлеңдеріне, оның жыр үлгілеріне Шернияз, Мұрат, Ақтан, Базар, Нұрым, Аралбай, Қашаған, Ғылман сияқты ақындар еліктеген, оның шығармашылығын жақсы біліп, әдеби үлгі алған.
Махамбет поэзиясы – хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды, ол озық идеяны, халықтық күресшіл поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты. Өз кезіндегі және кейінгі дәуірлердегі жазба әдебиетіміздің қалыптаса беруіне мықты ықпал етті, өміршең, реалистік әдебиетті нығайта түсті.
Махамбет поэзиясы XIX ғасыр әдебиеті қорына өзіндік, жаңа леп пен тың идея қосқан жаңашылдығымен құнды.
Махамбет поэзиясына тән өжеттік, өрлік, өткір сын, әр кезде де кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бітім тұлға-тұрпаты, ісі, сөзі – бәрі ерліктің мәңгі символы деуге боларлық.
Махамбеттің көптеген өлеңдерінде кездесетін ақындық «Меннің» мәні терең. Оған халық ерлігі, халықтың ең асыл қасиеттерінің бірі түгел сыйып жатады.
«Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Мен тауда ойнаған қарт марал», «Боз ағаштан биік мен едім», «Томағалы сұңқар мен едім», «Таудағы тарлан шұбар біз едік», «Мен бір шарға түскен қара балта едім», «Мен ақсұңқар құстың сойымын», «Мен кескекті ердің сойымын», «Шамдансам жығар асаумын», «Шамырқансам сынар болатпын» деп келетін көптеген тропа, метафора (ауыстырулар) ақын тіліндегі көркемдеу құралдардың сан алуан құбылып отыратынын танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет