Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Дулат өлеңіндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар. («Тегімді менің сұрасаң», «Ұста соққан темірдей» т.б.)



бет9/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110
12. Дулат өлеңіндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар. («Тегімді менің сұрасаң», «Ұста соққан темірдей» т.б.)
Дулат капиталистік жаңа қоғамңың, елдегі кейбiр көріністерін байқап, бəрі осы опасыздық пен дүние қорлықтан, ақша мен сауда əсерінен туып отыр, мұның орнына жұртшылық адал еңбек, өнімді кəсіппен шұғылданса жақсы болар еді деп ой түйеді. Баюдың шын сырларын ашып, оның негізі ұрлық, сұмдықпен байланысты болатынын ашық танытады.
Ер туған бай бұл күнде жасында ұры,
Жоқ шығар еш адамның бұдан құры,
Осы күн сыбан алды дəулеті бар,
Белгілі айтпасақ та сізге сыры.
Елдегі ұрлық, сұмдық, қулық, əділетсіздік, талан-тараж салдарынан шаруа жайы, кедей халі тым ауырлай түсті. Олардың малын қулардың аузынан, жыртқыштардың ұртынан табасың. Шаруаның бір малы екі болудан қалды, бəрін де айдап алып жатыр, шаңырақ басына түскен салықтар ел реңін кетіруде, — деп, елдегі əлеуметтік шындықтың бетін ашады ақын. Қоғамның өзгеруіне байланысты қанаудың жаңа түрлерінің етек алып жатқанын көрсетеді.
Дулаттың ойынша пəленің басы ақша мен сауда-саттықта. Байлар ақша үшін тері-терсек, қыл-қыбырына дейін сатып, ақшаға əбден құнығып алды. Ақша оларды шайтандай аздыруда. Пейілдері кетіп, адамшылықтан ажырап, ардан жұрдай болып жатыр. Егер олар да сауданың орнына адал кəсіп қылса, олай азбас еді. Мысалы, қазақ жер өңдеумен, мал өсірумен қатар басқа да кəсіптермен шұғылдануға тиіс. Əрбір адам қолына қүрал алып еңбек етсе, алданып,таланып,қор болмас еді деп ой түйеді.
Ұста соқкан темірден,
Əр түрлі аспап-сайман бар.
Темірсіз теңдік алмайды,
Керектісін сайлаңдар...


13. Дулат ақынның жеке адамдарға арналған арнаулары («Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған иманға».)
Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады.
Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады.
Ақын "Кеңесбайға" деген арнауын да әңгімені осы сарында өрбіте келіп екіжүзділігін, араны ашылған парақорлығын айтады. Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан әкім-төренің арасында бірен-саран болса да жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. "Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді. Мұнда төренің көңілін аулап, жағынушылық жоқ. Егер ақын Сүлейменнің бойынан мін көрсе, Барақ, Кеңесбай төрелер, Ешен қазы сияқты, бетіне айтқызбайтындай ерекше себеп жоқ – Екіншіден, бұл арнауда да Дулат жаңағы төрелердің міндерін айтып шағынады. Егер бұл міндер Сүлейменнің бойында да болса, онда бұлар жайында сөз қозғамас еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет