Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті



бет15/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

19. Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер («Ереуіл атқа ер салмай», «Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Күн қайда?» т.б.).


Махамбеттің көтеріліске дейінгі өмірі мен ақындық қызметі әлі жете зерттелмей келеді. Көпшілікке мәлімі тек оның өзі қатынасқан ұлт-азаттық көтеріліс кезінде, өмірінің соңғы жылдарында айтқан өлеңдері мен толғаулары ғана. Бұған қарап, ақын таланты тек көтеріліс кезінде немесе содан кейін туа қалды деген тұжырым жасауға болмайды. Кейбір қарттардың айтуы бойынша Махамбет көтеріліске дейін де айтысқа түсіп жүріпті. Бір жиында ханның белгілі ақыны Байтоқтыны сөзден жығып, жеңіп кетіпті. Жиылған жұрт Махамбеттің тапқырлығы мен өткірлігіне таң-тамаша қалыпты. 
Көтерілістен кейін, 1839 жылы орыстың белгілі ғалымы, қоғам қайраткері,, саяхатшы жазушысы Е.П.Ковалевский (1811-1869ж) Махамбетпен кездеседі. Онымен ұзақ әңгімелеседі. Е.П.Ковалевский өзінің еңбегінде осы кездесуден алған әсерін сүйсіне баяндайды. Сонда ол Махамбетті орыс тілін білетін, ақылды, білімі мол, батыр тұлғалы, халқын жанындай сүйетін сезімтал, ізденгіш, нағыз патриот адам деп, оның сирек кездесетін әңгімешіл, сергек көңілді кісі екенін ескертеді.
Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың ақыны. Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азамматтық әуендер: «Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай», «Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен сұңқардан туған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден де желгір ақбөкен», «Күн қайда», «Бағаналы терек жарылса» т.б.
Махамбеттің философиялық – дүниетанымдық жағынан терең өлеңдері: «Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр – пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шандоздан».
Халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесі жырланған шығармалары: «Исатай деген ағам бар», «Кел, кетелік», «Жақия», «Әй, Махамбет, жолдасым!», «Мінгені Исатайдың Ақтабан – ай!», «Соғыс», «Тарланым», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Есіл ер», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұңайма», «Айныман», «Біз ер едік», «Қызғыш құс» т.б. өлеңдері.
1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған «Исатай – Махамбет» атты кітаптағы пікірлер бойынша, «Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда-ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы адам екен»,- делінген.
Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы туралы соңғы жылдары жаңа деректер табылып, олар баспа бетін көре бастады. Сол деректердің ең ұстамдысы Никита Савичев (1821-1885) қалдырған еңбек. Ол Исатай мен Махамбет көтерілісі туралы алғаш шынайы тарихи пікір түйіндеген прогресшіл зерттеуші «Ішкі Орда старшинасы – Исатай Тайманов» атты тұңғыш еңбектің авторы, Исатай мен Махамбеттің жоғары ұлықтарға жазған бірнеше хаттары мен жолдамаларын сақтап, табыс етуші. Никита Савичев кітабы көпшілікке 1986 жылдан бергі кездерде жарияланған еңбектер арқылы мәлім болып отыр (Н.Н.Щербановтың «Из Уральской старины» «Простор» журналы, 6, 1986 деген мақаласы).
Махамбеттің өлеңдері негізінен 3 тақырыпқа арналған. 
1. Ақынның күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық сарында жазылған өлеңдері. 
2. Ақынның философиялық- дүниетанымдық көзқарастағы өлеңдері.

3. Исатайға арналған өлеңдері. 

Халық тілегі, елдің жері, жайлы қонысы, сарбаланың болашақ қамы – Исатай бастаған көтерілісшілердің алдарына қойған негізгі мақсат болды. Ақын соны шабыттана жырлады. «Халық қайғысын айтуға, хан ұлынан тайсалман» деп те тебіренеді. Халыққа қарсы күш көрсеткен ханға күшпен жауап беріп, теңдікті талап етеді. Орынсыз өктемдіктерге тиым салуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет