Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Шернияз шығармаларының көркемдік- бейнелік қырлары



бет21/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110
26. Шернияз шығармаларының көркемдік- бейнелік қырлары.
Шернияз Жарылғасұлы ескіше оқыған, хат таныған адам. Оның өлеңдерінің құрылысына қарағанда, жазба әдебиеттің өкілі емес, ауызша, керегінде жанынан суырып салып айтуға бейім ақын екендігі аңғарылады. Өйткені, оның өлеңді тез шығаруы жағынан, айтыстарда қолданған тіл шеберлігіне назар аударсақ импровизациялық дәстүр берік сақталады.
Суырып салмалықтың өзіне тән алуан ерекшеліктері бар. Соның бірі – тосыннан сөз табу, жылдам жауап беру. Бұл қасиет Шерниязда анық байқалады. Баймағамбет сұлтан шабамын деп, қылышын суырып алғанда айтқан «Хан қолында ұстаған қасқа қылыш» дейтін өлеңін импровизаторлықтың тамаша үлгісі десек, «Шернияз тарихы» атты қолжазбадан алынған төмендегі өлеңі тез айтуға машықтық, ұсталығы жағынан шеберлігін байқатады. Халықтың суырып салма ақындарына, әсіресе айтыс ақындарына тән әдіс – қарсыласын ең осал тұсынан ұстау. Бұл да Шернияз шығармашылығында өте шебер түрде қолданылады, Медебаймен айтысында аузынан «неме» деген сөз шығып кетеді. Қазақ тіліндегі кейбір сөздерді бұрып айтса, басқа мағына беретіндігін пайдаланып, Шернияз сол сөзден Медебайды тамаша тапқырлықпен сүріндіреді.
Шернияз Жарылғасұлы халық ақындарының әдіс-тәсілдерін берік сақтайды, бірақ оның өзіне тән, ақындық бейнесін көрсететін ерекшелігі де жоқ емес. Оның өз кезіндегі, не өзінен бұрынғы ақындардан айрықша бір ерекшелігі – оның өмір құбылысын суреттеуде қолданылатын поэтикалық тілінде. Ақын өлеңдерінде тамаша теңеу, метафора секілді поэтикалық тілдің әр түрі кездеседі.
Шернияз бұдан бір ғасыр бұрын өмір сүрсе де, оның өлеңдерінің маңызы жойылған жоқ. Өйткені өз кезіндегі қара халықтың көпшілігі шаруалардың мұңын жырлап, шаруалар көтерілісін басқарған, халыққа қамқор болған ерлерді дәріптеді. Жаншылған шаруалар табының жыршысы болған Шернияз ұлттық рухы биік жырларын ақындықтың биік сипатымен насихаттады.


27. Шортанбай Қанайұлының (1818-1881) өмірі мен шығармашылығы.


Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы, Қаратау өңірі – 1881 ж, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды. Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген “Диуани Хикметтен” үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Ақсу-Аюлы бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.
Ол 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Шортанбай өзіне дейінгі Бұқар жырау, Тәттіқара жырау, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нүскаларында» (1931), С. Мұқанов, К. Бекхожин құрастырған «қазақ әдебиетінің хрестоматиясында» (1942), «Айтыс» (1965) жинағында жарияланды. Ш-дың өз кіндігінен Алда- берген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызыболған. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген. Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.

  • Арам арсыз жан шықты,

  • Қайыры жоқ бай шықты.

  • Сауып ішер сүті жоқ,

  • Мініп көрер күші жоқ,

  • Ақша деген мал шықты.

  • Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылғой, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершілік ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болса керек. Ақын әр түста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың ерлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет