Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Біржанның махаббат тақырыбына байланысты лирикалық ән-өлеңдері («Айтбай», «Алтын балдақ», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек» т.б.)



бет45/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   110
73. Біржанның махаббат тақырыбына байланысты лирикалық ән-өлеңдері («Айтбай», «Алтын балдақ», «Ләйлім шырақ», «Ақтентек» т.б.).
Біржан шығармаларында махаббат тақырыбы негізгі орын алады. Осы тақырыптағы үздік туындылары ретінде "Айтбай", "Ғашығым", "Ғашық жар", "Ләйлім-шырақ", "Жайма шуақ" т.б. шынайы сыршылдықтан туындаған өлеңдерін атап айтуға болады. Бүгін сіздерге Біржан шығармашылығының ішіндегі шоқтығы биік туынды - «Ләйлім шырақ» әнінің шығу тарихы туралы әңгімелейтін боламыз.
Жалпы бұл әннің шығу тарихынан А.Жұбанов және Е.Мырзахметұлының зерттеулері хабар береді. «Біржан ел аралап жүріп, Арықбалық жақтан қайтып келе жатып ағайынды Көлбай, Жанбай дегендердің ауылына келеді. Көлбай, Жанбай жас жағынан Біржанмен шамалас, Біржандармен қонысы қатар, басқа өнерлері жоқ, малды –жанды адамдар болады. Өздерінің менмендігімен, паңдылығымен аттары шыққан, анау-мынау кісіні менсінбейтін де мінездері бар-ды. Біржанның атын есітіп, оның халық алдында аса беделді екенін біледі. Өнердің қадірін тереңдеп біле қоймайтын адамдар. Міне Біржанның осы ауылға қарай қисайғанын көріп, олар бұрыннан көңілдес бола тұрса да, танымағансып, үйлеріне еніп кетеді. Мұның бәрін байқап қалған әнші іркілместен өзінше қыр көрсетіп, ауыл шетіндегі қораштау бір үйге келіп түседі. Қонақтың атақты Біржан сал екенін білген үй иесі барынша күтіп, әншінің асты-үстіне түсіп, бәйек болады. Тамақ ішкеннен кейін Біржан әдетінше қолына домбырасын алып, ән салады. Ауыл адамдары жиналып, қошеметтеп, түннің бір уақытына шейін Біржанның әсем әндерін тыңдап рақаттанады. Көлбай, Жанбай екеуі бірдей ән тыңдауға келмейді, өздерінше қыр көрсетеді. Әншінің дауысын естіп отыра алмай тұра жүгірген қарындасы Ләйлімді де, барғысы келген келіншектерін де жібермейді. Киіз үйдің ішіндегі дыбыс естілмей тұра ма, мұның бәрін де ауылдың бір қу жігітінің құлағы шалып қалып, ол ән арасының тынысында Біржан есітетін етіп қасындағыларға асырып-түсіріп айтады. Байсалды әнші бәрін де көңіліне түйіп, ешнәрсе білмегендей отыра береді. Ертеңіне шайдан кейін құдық басын жағалап кеткен атын алып келуге Біржанның жолдасы кетеді. Бірақ әншінің атының аяғындағы шідері жоқ болып шығады. Оны есіткен Біржан құдық жаққа қарап тұрып, әсем басып су алып келе жатқан Ләйлімді көреді. Қыздың кінәсі жоғын білсе де, оның ағаларынан кешегі жаратпаған кейіптері үшін, әнге қарындасы мен келіншектерін жібермегені үшін кек алудың жолын ойлап, Ләйлімнің алдынан шығып, «Шідер көрмедіңіз бе?» деп сұрап, әңгімеге айналдырып тұрады. Бұл суретті көрген Көлбай мен Жанбай құдық басында жұмыстары бардай қарындасына қарай жүреді. Ағаларының сөзді анық есітетінін жерге келуін күткен әнші, табанда Ләйлімге қарап, суырылып әндетеді. Ойда жоқта ілтипатқа ұшырағанына таң-тамаша қалған Ләйлім, «бұл сал маған не айтқалы келеді» дегендей ойға қалып, қапелімде не дерінде білмей аңырып, тұрған орнында қозғалмай қалады. «Келген жоқ көктен пері, жерден шайтан, Шідерімді ұрлаған қарындасым»,–деп Ләйлімді әбден састырады. Ләйлім: «Бір қайыс үшін жұрттың бәрін ұры қылдыңыз ғой!» – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет