74. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық - көркемдік тағлымы, қазақтың халық поэзиясының классикалық үлгісі.
Біржан мен Сара айтысының мазмұн байлығын танытар фактілер көп. Олардың әрқайсысы өз ойларын ұзақ толғайды. Елі, жері, адамдары, өнерлері мен толық таныстырмай тынбайды. Қарсы дауларын да дәлелді, бұрылтпастай логикаға құрылады. Тарихи деректілік, ұтымды логика бұл айтысқа қана тән құбылыс. Осыған орай, айтысты түгел алғанда тарихи әлеуметтік дастан, лирикалық поэма дәрежесіндегі шығарма деуге де келеді. Айтыстың тілі де шешен. Неше алуан халықтық поэтикалық, тіл, образ, сөздер бірінен бірі асып түседі.
75. Біржан сал – айтыс ақыны («Біржан мен Шөже», «Біржан мен қыз»т.б.).
Біржан мен Сараның айтысы 1898 жылы Қазанда басылады, бастырушы Жүсіпбек Шайхыислам. 1899ж. қайта басылады, бұл екінші нұсқасы, көлемі 173 жолдан тұрады. (Осы нұсқаны Әріп Тәңірбергенов шығарды деген қате пікір бар) 1902ж. қайта бастырылады (3нұсқа) 1907ж. (4нұсқасы).
Біржан мен Бабайдың айтысы. Ақындар айтысына жатады. Бұл түре айтысына жатады. Жауаптасу бір шумақ өлеңмен айтылған.
Біржан, Орынбай, Шөже ақындардың айтқырлықтары. Тапқырлық, салыстыру өлеңге құрылған.
Біржан мен Алтын. Қыз бен жігіт айтысына жатады. Айтыс соңында Біржан Алтынның еменнен жасалған домбырасын сұрайды. Қыз әкесі Біржан өнеріне тәнті болып домбыраны бергізеді.
Біржан мен Тезекбай ақынның сөз қағысулары. Тезекбай ақынмен замандас болған, әзіл-қалжыңға құралған. 1939 жылы Тезекбайдың інісі мен Е.Ысмайлов жазып алған.
Біржанның Шөжемен қақтығысуы. Біржан Шөжені сөзбен қажай беріпті. Сонда Шөже сөзбен Біржанды тоқтатқан.
Біржан мен қыз қақтығысуы. Бір шумақ өлеңге бір шумақ жауап берілген. 1938ж. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин құрастырған «Әдебиет хрестоматиясында» жарияланды.
Біржан мен Нұрғайша әзілге құрылған жауаптасу бір шумақтан тұрады. Біржанның қағысу өлеңдерінде қазақи қалжың басым.
Біржан Абай ауылына барып өнер көрсетеді. Абай Біржанның үлкен талант екенін бағалайды. Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағынан» өлеңіне Біржан ән шығарады.
Біржан бір кезде Шөже ақынмен кездесіп, Шөжені сөзбен қажай беріпті. Сонда Шөже өлеңмен былай депті:
Шөже:
Ай Біржан, маған берші бір азды дат,
Аяңа жоқ нәрсенің бәрі де хат.
Сасық күзен секілді шақылдама,
Сенен бұрын туғанмын, тіліңді тарт.
Біржан-ау, осы емес-ті көрген жерім,
Еншалла жаңылмаса көрген кезім.
Ұлмұлқұра деген алладан аят келді,
Соны тапсаң, сен мені жеңген жерің.
Біржан:
Жақынды алыс қылар жүрмеген соң,
Мереке — қызық болмайды күлмеген соң.
«Аталы сөзге арсыз таласады»,
Шөжеке шорқақ едім білмеген соң.
Шөже:
Әкесі Қожағұл Ақсарыға үлгі берген,
Бұл неге теріс кетсін үлгі көрген.
Арсыз болса, жанжалға салар еді,
Бұ-дағы келіп қалды даңғыл жолмен, —
дейді.
Біржан әрі қарай жауап қайтармайды.
76. Біржан сал шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.
77. Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) - қоршаған ортаның әсемдік әлемін, сұлулық тағлымын жырлаушы суреткер ақын.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор.
Арғын тайпасы Қарауыл руының Есенбай тармағынан шыққан.[1] Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.
Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.
Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі — “Балқадиша”. Бұл — өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән.
90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.
Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.
78. А.Қорамсаұлының лирикалық өлеңдеріндегі көңіл-күй, философиялық ерекшеліктері «Адамның біліміне ақыл серік», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Жастық шақтар» т.б
А.Қорамсаұлы әнші-сазгерліктің белді өкілі, қазақ сал-серілерінің басын бастап тұратын ақын, әнші. Оның өлеңдерінің көбі оқиғаға негізделіп құралған. Философиялық өлеңдері де баршылық. Адамның біліміне ақыл серік өлеңінде терең философиялық ой бар. Бұл өлең де адамның дене мүшелерінің қызыметін анық айтып жеткізеді. Осы арқылы дұрыс өмір сүрудің түрін көрсетеді. «Әйелдер сипаты», «жігіт сипаты» атты өлеңдерінде жігіттің қандай сипатта болу керектігін айтады,ал әйелдер сипаты өлеңінде әйел адамның адами сипаты сөз болады. Әдеби көріктеуіш құралдарды ұтымды қолдана білген.
79. А.Қорамсаұлының махаббат тақырыбындағы өлеңдері. («Сырымбет», «Үш тоты», «Қара торғай», «Кербез сұлу», «Сүйген жардан айрылдым» т.б.).
А.Қорамсаұлы махаббат тақырыбында өтімді жазған. Ақан серінің көптеген өлеңдерінің тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік жайында. Ақан Ақтоқтыдай аруға арнап, «Ақ көйлек» өлеңін шығарады. Мұнда лирикалық кейіпкер сүйген сұлуын «ақ жамбыға», «қоңыр қазға», «аққу құсқа» теңейді:
Етегін ақ көйлектің алтындаған,
Ажарын ақ жамбыдай жалтылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса дағы,
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған.
Қамалып қанша дұспан келсе дағы,
Қалқажан айтар сөзден тартынбаған.
Болғанда сен аққу құс көлде жүзген,
Лашын құс не болады талпынбаған?
Ақан серінің «Ақтоқты», Алтыбасар», «Тер қатқан», Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр» т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетумен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді.
Сырымбет әнінің тарихы Серінің бозбала шақтағы алғашқы іңкәр көңілі құлаған ару – Сырымбет тауын мекендеген Жүсіп төренің қызы Жамал еді. Екі жастың ағайындығы жеті атаға жетпегендіктен, ата-баба салтын аттап кете алмайды да, бір-біріне деген құштарлықтарын тұншықтыруға мәжбүр болады. Жамал ұзатылған соң Ақан тұңғиық қайғысын құшақтап, қалың елдің ішінде жалғыз қалады. Жамал қыздың ұзатылатын тойына өз мінезді Ақан бармайды. Жүсіп төренің қонысы Сырымбет тауының бөктерінде, қыз аулының сыртында, ат үстінде жүріп Жамалға арнаған ең соңғы атақты әні «Сырымбетті» шырқайды.
Ақан сері бұл жырында сол кездегі Жамалдың ғана емес басқада жас қыздардың басына түскен жайды шырқаған, Олардың өз еркілерінен тыс тұрмысқа бергені жайлы, сол кездегі салт-дәстүрдің қиыншылығын, тағдырдың қаталдығын жырмен елге жеткізгісі келген. Оның «Балқадиша», «Үш тоты», «Сырымбет» сынды атақты ән -өлеңдері өз теңіне қосылуын аңсаған ақын жүрегінің тебіреніс-толғанысын білдіреді.
Әйгілі сері Ақан Қорамсаұлының «Балқадиша» әнін тыңдаған әрбір жан басты кейіпкер Қадиша қыздың тағдырына аяушылық білдіріп, ауыр күрсінетіні сөзсіз.
Ақанның сал-серілік құрып, ауыл-ауылдарды аралап жүрген кезі. Күндердің күнінде Ақан сері сол кездегі Ыбырай деген аты баршаға мәлім, танымал кісінің ауылына бас сұғып, шілдехана тойының үстінен түседі. Ауылға танымал серінің ат басын бұрғандығын естіген ауыл тұрғындары оған ілтипат білдіріп, қошемет көрсетеді. Алайда, төрде отырған Ақанның маңына ешкім отырмайды. Бұл ел аузында Ақан сері туралы алып-қашпа сөздердің кеңінен етек алған тұсы еді. Ақанның қиялға беріліп, жын-перілермен қатысы барын алға тартып, жас қыздар серіден үрейленген. Ақын да, қыздар да өздерін жайсыз сезініп, отырыстың берекесі қашқандай болады. Осы кезде Қадиша қыз «Сері-ағамның жанына мен отырайын» деп Ақанның жанына жайғасады. Мұны естіген Ақанның көңілі жай туып, іштей жібек мінезді бойжеткенге риза болады. Отырыс барысында әндер орындалып, зерделі әңгіме-аңыздар айтылады. Серінің жанында Қадишаның отырғанын оның ағалары естіген бойда, екі жеңгесін жіберіп, қызды алып шығуын тапсырады. Алайда, Қадиша орнынан қозғалмайды, Ақанның да оны жібергісі келмейді. Осы кезде таң атып, бойларында қимастық орнайды. Қадиша қайтуға жинала бастағанда, Ақан сері қолына домбырасын алып, екі ішекті қағып жіберіп әнді орындай бастайды. Бұл ұзақ толғау, үлкен жыр болды.
Әннің «Күйеуің сексен бесте шал, Қадиша» деген жолдарын алға тартып, кейбір аңыз деректер Қадиша, әу бастан, үлкен ақсақалға атастырылған деп айтылуда. Қадиша қыздың Ақанның жанында отырғанын естіген бойда, ақсақал «Қадишаны қайтарыңдар» деп бұйырған.
Алайда, Қадиша қыз үлкен кісіге емес, өз теңіне аттастырылып, кейіннен ұзатылған. Мұны естіген Ақан қоштасу сәтінде туған әнін әрі қарай жетілдірген. Бұл әннің соңғы өлең жолдары мынадай болған:
«Кекілін кер бестінің сылағаным,
Басынан Жыландының құлағаным.
Кетті деп Балқадиша естігенде,
Құшақтап құс жастықты жылағаным.
Тау болсаң, Жыландыдай биік тау бол
Шапанға ширатпалы жібек бау бол
Атадан артық туған Балқадиша,
Көргенше енді қайтіп, есен-сау бол»
Ән кейіпкері Қадиша Сүлеймен деген текті атаның баласымен бас қосып, үлкен әулеттің босағасын аттаған. Үш қыз және екі ұлдың анасы атанып, 1953 жылы өмірден өткен
«Балқадиша» әнін кезінде аты аңызға айналған Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков орындаған. Кейін Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Гауһар Әлімбекова, «Жігіттер» тобы сияқты әншілер өз репертуарларына қосқан.
80. А.Қорамсаұлының айтыс өлеңдері («Ақан сері мен Әділ»,»Қожамбет пен Ақан сері», «Орынбай мен Ақан» ).
81. Ақан сері өлеңдері тілінің көркемдігі, бейнелілігі.
Ақанның ақындық құдіреті оның шығармаларының мәнділігінде ғана жатқан жоқ. Соған қоса, ақын поэзиясының көркемдік өрнектері де айқын. Асылы, ол поэзиясының мазмұны мен түрін берік біріктіре білген. Айтар ойына сай образды сөздерді сұрыптап, таңдап орынды қолданған. Өзіне дейінгі қазақтың байырғы қара өлеңі формасын бұлжытпай пайдаланған. Оны ақын жасырмайды: «Салғанда қара өлеңге тілім майда» - деп, өзіне қолайлы түр тапқан ақын өз жүрек сезімін толғап, кестелі нақылдар ұсынған. Мәселен:
Су шықпас қазғанменнен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан...
Көк құтан мойнын созып қаз болмайды,
Шөл-құмайт көк шалғынды саз болмайды.
Халық ақындары қолданған арнау, толғау, айтыс, жар-жар жанрларын дамыта отырып, олардың да мазмұнын байытып, мәнін зорайтқан, тілін ұстартқан. Бұрын-соңды жасаған қазақтың неше бір ақындары үлгісінде адамның жас ерекшеліктерін де өлеңге қосқан. «Жастық шақтар», «Кәрілік», «Жиырма бес» өлеңдерін шығарып, адамның балалық дәуірінен бастап, жігіттік кезі, одан кейін қартайған шағы толғанады. Басқаны қайталамай, өзіндік сөз айшықтары арқылы адамның өсу жолын бейнелейді.
Ақан кейде халық өлеңдерін өзінің жаңа әндеріне текст есебінде де қолданады. Осыдан барып, ақынның әндері халықтық болып, елге сіңісіп кеткен. Бұған «Алай көк» әніндегі шумақтар куә боларлық. Оның бір шумағын келтіре кетелік:
Ұшып жүрген әуеде қара шыбын,
Қолдан шыққан нәрсенің бәрі шығын.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Аман-есен жүрмісің, қарашығым.
Келтірген шумақтың негізі Ақанға дейін де, одан кейін де халық репертуарында өмір сүріп келеді.
82. Ақан сері Қорамсаұлының азаматтық әуенді, сыншыл ойлы өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықты сынауы («Заманға қарап», «Құлагер» т.б.).
83. Сегіз Сері (Мұхамедханапия) Баһрамұлы Шақшақов (1818-1854) өмірі мен шығармашылығы.
Арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" заманының ұлы ескерткіші — "Елім-ай" дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Ашамайлы Керей руынан шыққан.[1] Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-тұрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған. "Сегіз" деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңға барып жүргенде сегіз жастағы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң "сері" деген ат қосылған. Сегіз он жеті жасында қазіргі Қостанай облысының "Құсмұрын" деген жерін қоныс етіп отырған аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлының ауылына қыдырып келеді. Серінің жан-жақты өнерін тамашалаған Шыңғыс дүниеге жаңа келген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен деген тілеумен Мүхамедқанапия деп азан шақыртып ат қояды. Шоқанның шілдехана тойын арнайы шақырылған Сегіз сері бастады деген дерек бар. Омбыдағы орыс әкімдері оны қазақтың ру басыларымен, беделді билерімен келісім сөз жүргізу саясатына пайдаланғысы келген. Соғыс өмірі "Қашқын келбеті" деген дастанында өлеңмен баяндалған. Ақмешітке (Қызылорда) келген соң Арқадан Сыр бойына қатынап жүрген адамдар арқылы елдегі атақты болыс-билерге сөз салады. Омбы генерал-губернаторына беделі өтетін аға сұлтан, билердің көмегімен кешірім алып, Солтүстік Қазақстандагы қазіргі Жамбыл ауданына қарайтын Гүлтөбе — Маманай деген жердегі ата қонысына келеді. Көп ұзамай өзі қалаган Ырысбике деген қызға үйленіп, балалы-шағалы болған.
Серілік, салдық туын тігетіні де осы кез. Бозбала шағында Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Нұржан Наушабаев, Ыбырай Алтынсарин тағы басқалар Сегіз серіден әртүрлі өнер үйреніп, бата алған. Оның әндерін жалпақ елге жаюшылар да — солар. Көп шәкіртінің бірі Жаманқұл Дәндібайұлы; "'Елу бес әнін Сегіздің өзім елге тараттым", "Қырық бес күйін Сегіздің тартып бердім әр жерде", "Тарап кетті халыққа жүзден астам..." — деп жырлаған. Соған қарағанда Сегіздің біз білмейтін әндері көп, талайы бұрынғыша "халық әні" делініп немесе басқа сал-серілердің қанжығасында кеткен тәрізді. Ал, күйлерін зерттеген ешкім жоқ. Оның "Ер Исатай", "Жорық", "Қашқын келбеті", "Өкініш", "Ақылсыз шаһзада", "Ақбұлақ" атты жыр-толғаулары, дастандары Ғылым академиясының қолжазба қорында жатыр. "Ер Тарғын", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Қозы-Көрпеш — Баян сұлу", "Қамбар батыр" сияқты жыр-дастандардың Сегіз жырлаған нұсқаларын Жүсіпбек Шайхысламұлы Арқа жақты аралап жүріп, хатқа түсірген де, Қазанда өз атынан бастырған.[3
84. Сегіз серінің лирикалық ән-өлеңдері, азаматтық романтикалық әуендер («Қашқын келбеті», «Үміт», «Үш жүзге атым шыққан сегіз сері», «Көңіл күй» т.б.).
85. Сегіз Серінің махаббат, табиғат туралы өлеңдері («Қарлығаш», «Гауһартас», «Еңлік», «Қызғалдақ», «Айым-жаным» т.б.).
86. Сегіз серінің арнау өлеңдері мен дастандары («Өкініш», «Ақбұлақ», «Үбі батыр», «Алуа Жарылқамыс», «Зейне-Зайып» т.б.).
87. Сегіз Серінің шығармашылығының ұлттық сөз өнері, мәдениет тарихындағы маңызы.
88. Сара Тастанбекқызының (1878-1916) өмірі, ақындық шығармашылығы.
Сара Тастанбекқызы (1853-1907) — айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Найман тайпасының Матай руынан шыққан.[1][2]
Сара Тастанбекқызының бейіті
Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады.
Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.
Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінін өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді.
Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.
Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар
89. Сара – қазақ әйелінің арманын, мұң-шерін поэзия тілі мен өрнектеген ақын.
90. С.Тастанбекқызының шығармаларындағы ақындық өнер сайысы.
91.САРА ТАСТАНБЕКҚЫЗЫНЫҢ АЙТЫСТАРЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |