Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Біржан сал Қожағұлұлының – көңіл-күй, философиялық өлеңдері («Ер жігіт дүниені көрген артық», «Орынбор», «Талай заман», «Жамбассапар» т.б.)



бет44/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110
72. Біржан сал Қожағұлұлының – көңіл-күй, философиялық өлеңдері («Ер жігіт дүниені көрген артық», «Орынбор», «Талай заман», «Жамбассапар» т.б.).

Ер жігіт дүниені көргені артық,
Дүниеден не бар - жоғын сезгені артық.
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық.
Қол берген қиын жерде жолдас артық,
Бас тартқан жолдасынан болмас артық.
Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген,
Досыңнан - қатын - балаң болмас артық.
Жігітке сайран етіп жүрген артық,
Жігіттік бір кеткен соң, келмес қайтып.
Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,
Жан - тәнің бірдей жанып күйген артық.
Осылай бозбалаға салдым ңұсқа,
Өмірің зайғы болар бекер босқа.
Көргенің бір күнгідей болмас сірә,
Міне, ажал келді нәубат деген тұста.

  • Орынбор

Жігітке жарамайды ызақорлық,
Дауысқа келмесе де, еттім зорлық.
Бозбала, басқа білсең, осы әнге бас,
Аңызым жаңа шыққан орынборлық.
Қолыма алып бердің, қу қарағай,
Не болды даусым саған сарғанамай.
Күлмеймін, ойнамаймын десем - дағы,
Барады өтіп дәурен бір қарамай.
Домбыра алдым қолға сегіз перне,
Қызығы бұл шіркіннің тартқан жерде.
Қолға алып әрлі - берлі тартқанымда,
Жаны жоқ кеудесінде адам дерге.

  • Талай заман

Мен Біржан болғалы талай заман,
Пар келмеген еш әшші тіпті маған.
Бір сұлу қыз найманда бар дегенмен,
Бек мұқтаж бір көруге болдым соған.
Мен Біржан болғалы биыл емес,
Өлең шіркін біздерге қиын емес.
Алты қырдың астынан ән шырқасам,
Дауысым отарбадан кейін емес.
"Кідік - айға" кім басар мен тұрғанда,
Аузымда тәңрім берген жел тұрғанда?
Қырғын көктің баласы ойдық желке,
Құйысқаны сарт етер ұмтылғанда.
Қарайып қара көлде қамыс қалды,
Ауылы ғашық жардың алыс қалды.
Ауылы ғашық жардың алыс қалып,
Сағынғаннан қараумен көзім талды.

  • Жамбас сипар

Ұшына орамалдың түйдім сусар,
Көп жылқы көк алалы көлде жусар.
Кешегі ел қыдырған есер шақта,
Ән еді Біржан салған "Жамбас сипар".
Деген соң, біз қартайдық, біз қартайдық,
Белгілі қартайганның серттен тайдық.
Қанекей, соныменен шыққан мүйіз,
Қасына сұлу қыздың көп жантайдық.
Берген соң, тәңірім өмір, ақ бас болдық,
Келін мен балаға да жақпас болдық.
Көрген соң көзі құрғыр шыдай алмай,
Таппайтын адам ебін қақбас болдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет