Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық идеясының өркендеу сыры



бет60/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   110
105. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық идеясының өркендеу сыры.
Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды
XIX ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында Қазақ даласындағы білім беру ісінің бір бағыты мұсылмандық білім беру мекемелері желісімен жүзеге асырылды. Мәдениет өскелең ұрпақты қоғамда өзін ұстауға, танытуға және орнын табуға үйрететін негізгі фактор болғандықтан, мұсылмандық білім беру жүйесі рухани мәдениеттің бір бөлшегі ретінде қазақ халқының ұлттық танымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Белгілі тарихшы Қазақ даласына исламның таралу тарихын зерттеуші ғалым Н.Д. Нуртазинаңы пікірінше қазақ даласындағы жәдидшілдіктің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени алғышарттары патшалық Ресейдің жүргізіп отырған саясатына тікелей байланысты болды, яғни бұл патшалық Ресейдің қол астындағы бағынышты халықтарға жүргізіп отырған орыстандыру, шоқындыру саясаты еді. Сондықтан да, ислам діні аясында өлкедегі түркі халықтары бір - біріне жақындай түсті және осы маңызды кезеңде «жасмұсылмандар зиялылары» немесе «жәдидшілдік» өкілдері қалыптасты. Сонымен қатар, Н. Нуртазинаның көзқарасы бойынша жаңа заманның қарсаңында Исламда, нақтырақ айтқанда тарихи түрінде құлдырау кезеңі бас талды, осы жағдайда сыбайлас дінбасшылар пайдасына қарай діни идеялары бұрмаланып түсіндірілді, адамдар мен халықтар арасында жеккөрушілік, жаушылды сезімдерін тудырды. Бірақ ислам институты түгелдей дерлік құлдыраған жоқ, тарихи деректерді зерттеу барысында ұл қиын кезеңдерде дінге адал қызмет атқарған діни басшылар, білімді мұғалімдер, сопы -ишандар және т.б. болғанын көреміз. Құлдыраушылық ғылым мен білім беру жүйесінде байқалды. Патшалық биліктің Қазақ жері мен Орта Азияға қарай бағытталған іргелі қазақ даласындағы бас көтерулер мен жиі-жиі болып тұратын халықтық толқулар еді. Сондықтан қазақ жерін бағындыруға және билей түсуге қарай өріс алған саясаттың өзі тек біржақты жауынгерлікпен ғана шектелмеді. Ел біріншіден, ағартушылық арқылы қолдау көрсеткендей болу, сол халықтың өз ішінен білімді және сауатты адамдарды іріктеп алып, оларды отаршылдққа көндіруге бірте –бірте ұмтылдыру. Бұл – Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин сынды тұлғаларды таңдап алумен келіп шартталды. Екіншіден, қазақтың би-болыстарын, бай-манаптарын «қолпаштау» арқылы Қазақ даласындағы билікті өз қолдарына алу, өз кезегінде оларға патша тарапынан марапаттаулар мен мәртебелі орындар ұсыну т.б. Үшіншіден, дін арқылы көздеген мақсатына жету (220, б. 15-16]. Патшалық биліктің Қазақ даласындағы отаршылдық саясаты осындай жолдармен жеге асырылған. Қазақ халқының тұрмысын, әл -аухатын, мәдениетін өркениетті елдермен тең дәрежеге жеткізу үшін білімнің аса қажет екенін үкіл болмысымен сезінген ағартушылар сол бытта жұмыс жасап, Қазақ даласына жаңашылдықтың келуіне алғышарт қалыптастырды. Орыс тіліндеәскери және жалпы білім беретін бірқатар пәндерді Кадет корпусында оқыған Ш. Уәлиханов бастауыш білімді ауылдық мектептен алған, мұнда ол араб, парсы, шағатай тілінің негізін меңгерген, яғни 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысқан [221, б. 528]. Ш. Уәлиханов бұқара халықтың қазақ бай-шонжарлары мен отарлаушы әкімшілік тарапынан көретін заңсыз озбырлықтарын жеңілдеткісі келді, Штабс- ротмистр шенінде бас командование жанында тілмаш ретіндызмет атқара жүріп те қазақ халқының жағдайымен жақсы таныс болып, туындаған дау- дамайдың қарапайым халық мүддесіне қарай шешілуіне үлес қосты. Мәселен, орыс өкімет орындары мен жергілікті халық арасында өзара достық қатынас орнатуға, қырғыздар мен қазақтар арасындағы жайылым үшін туған даулардың әділ шешілуіне көмектесті. Ш. Уәлиханов сияқты заман талабына сай орыс тілінде білім алған Ы. Алтынсарин қыған мектеп те патикiметiнiң жергілікті әкімшілік қадрларын дайындау саясатын ұстанды және олар оқушыларды патша үкіметінің Қазақстандағы саясатын жүргізушілер рухында тәрбиеледі. Бірақ қазақ халқының ағартушы ұлы Ы. Алтынсарин өз халқының қамын ойлады, бар мақсаты өз халқының әлем елдерімен тең дәрежеде дамуы үшін орыс тілінде болса да заманауи білім алуы қажет деп білді. Ы. Алтынсаринқазақ әдеби тілін қалыптастыру, ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту салаларында көп еңбек сіңірді. Оған ағартушылық саласында жазған еңбектері дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет