Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


-104. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің қазақ елінде ұстанған саясаты, оның қазақ әдебиетінде көрінуі



бет58/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   110
103-104. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің қазақ елінде ұстанған саясаты, оның қазақ әдебиетінде көрінуі.
Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді , түрленіп, түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды : шұқшия зерттелді.Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері , оның туу жасау себептері тек қана сырт мазмұндау емес, көркемдік негіздерімен дәлелденіп, айғақтала бастады. ХІХ ғасыр әдебиетінің сан-саласы, оны туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық мұрасы ғылым назарына ілікті. Өкінішке орай, түрлі саяси қаулы-қарар: әдеби мұраны ары тартып, бері тартып саясаттың, идеологияның көкпарына айналдырған тұстар аз болған жоқ: ол уақыттарда көркемдік әлем , сөз өнері жайлы ғылым жаландыққа, жасандылыққа барды, тоқыраған сәттері болды.Соның өзінде әдебиеттану ғылымы әдеби мұраны жиып, теріп, жариялап, бастырып: зерттеу ісін тоқтатқан жоқ.Қазіргі күнде қолымызда ХІХ ғасырда жасаған қазақ әдебиеті үлгілерінің қырау мұрасы бар: сол әдебиетті туғызушылардың өмірбаян, шығармашылық ғұмыры жайлы толып жатқан мәнді, маңызды мәлімет бар. Негізігі, басты сипаттары, ерекшелектері қамтылған ғылыми-зерттеу еңбектер бар.Соңғы уақыттарға шейін ХІХ ғасыр әдебиеті түрлі атауларымен бөлініп келгені мәлім. Бірақ ол атауларға көбіне сол әдебиеттің көркемдік негізі , әдеби үлгісі емес, көбіне мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы баға негіз болды. Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік деген атаулар әдебиет ерекшелігін ажыратуға қатысты қолданыстар, айғақтар болғанымен, өз мәнінде қолданылды деуге болмас. Бір кездерде біздің әдебиеттану ғылымымызда, көркемдік танымымызда реализм тек Абайдан басталды деген ұғындыру басым болды. Көркем әдебит реалистік негізсіз тумайтынын, жасамайтының мойындағымыз келмеді.ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдебиетпен сабақтастығы бола тұра , көркемдік жөнінде де, басылым, шығармашылық тақырып, мазмұн жөнінен де, бірнеше ерекшелігі, айырмасы бар. Негізінен, ХІХ ғасырға шейін ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы болып келсе, енді әдебиет сырт түрі, үлгісі жағынан бірнеше түрлі болды. Ішкі көркемдік сапа жөнінен де көпөзгеріс, жаңалық туды
Х. Досмұхамедұлы халық әдебиетін көркемдік жөнінен жіктеп отырып, ХІХ ғасыр әдебиетінің бір қырын көрсетер мына бір жайларға тоқталады.
«Халық әдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде хатқа түсе бастады. Әдетте оны қызығушылар мен Радлов, Потанин, Ильминский, Мелиоранский сияқты шығыстанушы мамандар жазып алды.Қазақ халық әдебиетінің нағыз жинаушысы этногроф Әубәкір Ахметжанұлы Диваев болды. Қырық жылдан астам уақыт бойы ол шаршамай-талмай қазақ халық әдебиеті үлгілерін жинады, жүйеледі және орыс тіліне аударды». ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақ тіліндегі баспасөзде «Түркістан уәлаятының газетасы», «Дала уәлаятының газетасы » беттерінде әдебиет материалдары, оларға қатысты пікір, сыни ойлар жарияланды.Орыс тіліндегі түрлі басылымдарда, қазақ тіліндегі басылымдарда Алекторовтың, Диваевтың, Радловтың, Лютшьтің еңбектеріндегі әдебиет үлгілері жарық көріп жатты.ХІХ ғасырдың соңын ала, төңкеріске шейін Қазанда көптеген өлең кітап, жинақтар басылып шықты. Дулаттың «Өсиетнамасы», Шортанбайдың «Бала зары», түрлі қиссалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет