Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Ә.Найманұлының шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері



бет56/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   110
100. Ә.Найманұлының шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.
Әсет әндерінің стилі тақырыбының көпжанрлығымен, көпқырлылығымен, құрылымдық жаңалығымен, поэтикалық-музыкалық үйлесімділігімен ерекшеленеді. Мұнда деңгейлес ауқымдар - таңдаулы поэтикалық сөз бен мәнерлі мелодиялық желі өзара тығыз қарым-қатынаста. Көптеген жазушылар, филолог зерттеушілер (М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Е.Ысмайылов, М.Дүйсенов, Б.Абылқасымов және т.б.) оның бойындағы ірі ақындық қасиетпен қатар, ақынның өзі музыка өнеріне, шығармашылығына ерекше көңіл бөлгенін атап өтеді. Әсеттің әншілік шығармашылығына қарап отырып музыкатанушылар оның поэтикалық стилінің бай палитрасына, көп бояулығына, жарқындығына, жандануына да ерекше көңіл бөледі.Әсет шығармашылығына тән тақырыптық, жанрлық көп-қырлылық оның әнші, ақын, композитор болып қалыптасуындағы қайнар бастаулардың сан алуандылығымен түсіндіруге болады. Ақын өміріндегі жағдайлар оның өмірлік, әрі поэтикалық-музыкалық әсерлерінің соншалық алуан түрлі көрінісін жасап берді. Ақын Қарағанды облысында дүниеге келген, бірақ көшпелі өмір оны жастайынан басқа да елді мекендермен таныс қылды. Соған орай оның туындыларында әртүрлі аймақтық өнер дәстүрлерінің сипаты байқалады. Мысалы, Қ.Жүзбасов ақынның Тарбағатай (Шығ. Қаз.) мен Жетісудың (Оңт. Қаз.) әншілік мәдениетінің дәстүріне көңіл бөлгендігін атап көрсетеді. Ал А.Жұбановтың атақты «Замана бұлбұлдары» кітабында Әсет шығармашылығынан Жарылғап, Ыбырай әндерінің әсері байқалатындығы айтылады. Әсеттің «Майда қоңыр», «Мақпал» әндерін зерттеуші Орталық Қазақстанның ән дәстүрімен байланыстырады («Арқаның ән дәстүрі»), Бірақ жоғарыда айтылғандар Әсет шығармашылығының айқын даралығын, стильдік даралығын кемітпейді. Мысалы, «Інжу-Маржан» әнінің мелодиялық дамуын өзге таза фольклорлық үлгілер -«Маусымжан», «Қамажай» әндерімен салыстырғанда олар бұл шығарманың өзіндік болмысын, оның поэтикалық қырлары - поэтикалық сөз байлығын, түпмәтіндердің мағыналық тереңдігін, ең бастысы, айқын үйлесімділік тудырудағы үлкен шеберлік- сөз бен әуеннің өрілуін айқындай түседі. «Бұлардың әуен-сазынан бір-бірімен үндестігі, жақындастығы байқалса да, поэтикалық мәнері жағынан алшақтығы аңғарылады. Себебі, Әсет әндерінің поэтикалық сөз өрнегі әуен-сазымен шебер ұштасуымен қатар, мән-мағынасы жағынан әсерлі де асқақ келеді» .Осындай қайнар бастауының ауқымдылығы ақын шығармашылығындағы көпқырлылыққа себеп болса керек. Бұл бірінші кезекте жанрлық тұрғыда байқалады (зерттеушілер ақын поэзиясында жанрлық көпқырлылық барын атап көрсетеді. Тек жалпыға белгілі ән үлгілері ғана емес, сонымен қатар арнау, толғау және т.б. кездеседі). Ақында тек сол кезеңнің тарихи-мәдени дәстүріне тән кең кантилеж, созылыңқы, лебізді лирикалық әндер ғана емес, сонымен бірге тамаша жанр - ән терме, жыр терме, речитативті әндер бар- «Әсеттің термесі», «Өсиет», «Адамның жасы жөнінде» (терме), «Керуенді дүние-ай». Бұл Әсет заманындағы аға ақындарға аса тән емес құбылыс.Әсет шығармашылығы көпжанрлылығымен қатар, тақырыптық сан алуандылығымен де ерекшеленеді. Егер өткен ғасырдың көптеген ақындары негізінен бір тақырып, бір бағытқа тәуелді болса, ал Әсетте біз барынша кең көріністі көре аламыз. Тек қана лирикалық емес (жанға әсерлі, нәзік, сырлы әндермен қатар гимндік, жарқын эмоционалды), сонымен бірге ғибратты-философиялық (жастарға арналған әндер), әшкерлеуші (осы жағынан оны Біржанмен жиі салыстырады), өмірдің өткіншілігі, тағдыр қиындықтары туралы қайғылы ойлар, көптеген ой-ниеттердің іске аспайтындығы жайлы терең философиялық әндер де бар.Әрине, сол кезеңнің музыкалық өнерінің дәстүріне сай Әсет шығармашылығында мол кездесетіні - махаббат лирикасы. Бұл танымал, көпке мәлім әндер - «Қарагөз сәулем көз көрген», «Мақпал», «Ардақ», «Әпитөк», атақты «Інжу-Маржан» және т.б. Бұлардың көбісі негізінен ақын шығармаларының бастапқы кезеңіндегі әндер, олар ашық көңіл-күй, кең әуенді, поэтикалық стильдің көркемдігі және мелодиканың мәнерлілігімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет