Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


«Еспембет» дастанының фольклорлық сипаты, композициясы, тілі



бет8/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

11. «Еспембет» дастанының фольклорлық сипаты, композициясы, тілі.
Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі «Еспембет» поэмасы. Оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжеттік шығармаларға да шебер екендігі көрсетеді. «Еспембет» - сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның көркемдік қасиеті де осы шағындығында. Көп сөзге салынбай, поэмада суреттелетін көп оқиғаны аз жолға сыйғызып көрсеткен. Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды. Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді.
Есейген соң нағашысының елінде жүруе арланып, ол өзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды.
Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек Ақбөрте тайды беруін сұрайды.
Нағашы атасы Ер Қосай ақ батасын береді.
Атасының батасын алып, өзінің туған жеріне келгесін, ағайындары ұнатпай, онша елемейді.
Арада 3-4 жыл өткеннен кейін, тай Ақбөрте бесті болады. Сол елде болғаннан кейін әйгеге қосады.
Сол бәйгеден жалғыз өзі озып келеді де, оның бәйгесіне тігілген жүз тайлақты бес Сыбанның ұлына
Еспембет бөліп беріп,
Шақырып алып Еспембет
Ақтамберді қолбасын
Бес Сыбанның ұлына
Ортаға салды олжасын.
Жүз тайлақты есептеп
Біреуін де алмады.

Осы жолдардан-ақ өзінің ірілігін, мырзалығын көреміз. Осы оқиғадан кейін көзге түсіп, ауызға ілігеді.


Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қалмаққа қарсы жасақ құрып, қол жиғанда, жас жігіт Еспембет те бірге аттанады. Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа алты жүз рет кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе-жекте қазақтан сегіз батырды бір өзі өлтірген қалмақтың батырына Еспембет жалғыз өзі қарсы шығып жеңеді.
Еспембеттің «батыр» деген даңққа жетуімен поэма аяқталады. Қай халықтың болсын адамның адамдық қасиетін көрсететін мінез - өз жері, өз елін сүю. Келешекте халқына тұлға боларлық батыр Еспембет те жастығына қарамастан аталық сөздер айтып, ақыл, парасатының жоғарылығын аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт - өзіне серік боларлық атты өзі танып, тақымына басуы. Еспембет бұл сыннан да өтеді. Ақбөртені ол құлын кезінен танып, көзінен таса қылмаған.
Жігіттің батырлығын айқындайтын – оның ерлігі. Ерлік әр жерде емес, тар жерде көрінеді. «Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда, көпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, өліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге мұрындық болады.
«Еспембет» поэмасы қалмақ батырының басын алуымен аяқталады. Бұл шығарма арқылы қазақтар мен қалмақтар арасындағы күресті байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет