Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Д. Бабатайұлы (1802-1874) поэзиясы және сол кезеңдегі тарихи дәуір болмысы



бет5/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

Д. Бабатайұлы (1802-1874) поэзиясы және сол кезеңдегі тарихи дәуір болмысы.

XIX ғасырдың ұлы ақындарының бірі – Дулат жыраудың да туған жер туралы тебіреністерінен перзенттерінің туған жермен жан дүние жақындығының қаншалықты терең тамырлы әрі мәңгілік екеніне тағы да толғана отырып көз жеткіземіз.
XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары ел ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?" – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды (тыңдаушыларды) егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді. Ол "О, Сарыарқа, Сарыарқа!" атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді.



  1. Д. Бабатайұлының арнау, толғау өлеңдері.

Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады.Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады."Атаны бала алдады" деген толғауында ақын елдің жағдайына үңіледі.
Ақын әкімдерді туған еліне "қорқау қасқыр құлықты", "елін жаудай талаған", "ашылған әбден араның" деп қана сынап, сол үшін ғана жек көрмейді. Елді патша өкіметінің жемтігіне беріл қойды, онымен ауыз жаласып, елдің сорын қайнатты, сатты деп кінәлайды.Елді шен-шекпенге сатылған ел басшылары қор қылғанын айтып, күйінеді.Заман осы қалпынан өзгермесе, келешекте мұның ақыры халықты көз көріп, құлақ естімеген қандай сұмдықтарға душар ететінімен шошытып, үрейлендірмек болады.
Дулаттың арнау өлеңдері ішінде "Ақтанға" деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет