Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Дулат қазақ әдебиетінде алғаш мысал жазған ақын («Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Шаштараз» т.б.)



бет7/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

9. Дулат қазақ әдебиетінде алғаш мысал жазған ақын («Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық», «Шаштараз» т.б.).
Дулат қазақ əдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақыннан саналады. Оның бізге жеткен төрт мысалы бар. Бұл жағынан ол- əде- биетке жаңа бір форма əкелуші, жаңалық енгізуші деп қараған жөн. Дулаттың мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту, жағымсыз мінездерді мысқылдау ретінде келіп отырады. Онда кiшiпейілділік, бірлік, əділеттік жақталып, мақтаншақтық, мен- мендік, бишаралық, пасықтық сыналады. Адамдағы абзал касиеттерді ардақтаған, адамгершілікті жоғары тұтқан ақынның бұл мысал өлеңдерінің тəрбиелік мəні күні бүгінге дейін жойылған жоқ.
Нысапсыз патша туралы шығарған «Бір патшаның бір кезде», деп басталатын мысал өлеңінде ақын дүниеқор, баққұмар патшаның пайдақорлық жолында қаза тапқанын мысқылдайды. ...Бір патша өзі асқан бай бола тұрса да қанағатсыздыққа бой ұрып, тыныштық таппайды. Күндердің күнінде осы патшаның үйінің жанынан бір ағаш өседі. Патша бұл ағашты жақсылык берер киелі ағаш бола ма деп күтіп, баптайды. Ағаш тез мəуелеп өсіп, жеміс бе-реді. Бір күні сол ағаш басына қараса, патша көзіне бір сұлу қыз түседі. Ол қыздың қолында от болады. Патшаға қыз тіл қатып: « Осы оттан алған кісіге дүние жүзі бағынады, егер сен менің қолымдағы отты алсаң, жер түгіл аспанға да ие боласың. Көк аспан қожасы кұдаймен ортақ билік қүрасың»,— дейді. Дүниеқор, мансапқұмар патшаның есі шығып, қайтсе де сол қызға жетіп, отты алмақ болады. Ағашқа өрмелеп, күн-түн демей оның басына тырмысумен болады. Бірақ қыз жеткізбейді. Патша шаршап-шалдығады. Ақыры дауыл соққанда, бұтақ сынып, патша ағаштан құлап өледі.
Ақын осы бір мысал арқылы «дүние қусаң осы патшаның кебін киесің, өкінішті өлімге тап боласың, одан да барға қанағат қыл, нысапты бол» деген қорытынды жасайды.
10. Дулат шығармаларындағы оқу,өнер-білім тақырыбы.
Ақын шығармаларынан орын алатын маңызды мəселенің бірі - оқу, өнер-білім. Дулат та басқа ақындар сияқты надандыққа, əдеп-сіздікке қарсы шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың өріс алу себебі осы надандық індетінің салдары деп түсінген. Сондықтан оқып білім алған адамдардың қоғам өмірінен алатын орындары өзгеше деп бағаланған. Адам бойындағы даналық пен жақсылық — бəрі тəрбиенің, оқудың нəтижесі. Елді оқыған, тəрбиелі, білімді адам басқарса, зұлымдық пен озбырлық дегендерге жол берілмес еді — деп түйген.
Өнер, білім оқып біл,
Өнер алды қызыл тіл.
Оқып алса, керек сөз
Алтынға құйған балмен тең,— деп білімнің оку арқылы табылатынын, көп ізденуді, аянбай еңбектенуді керек ететінін ескертеді. Ал білімсіздік надандыққа, жөн білместікке апарар теріс жол деп, барлық жөнсіздік пен жүгенсіздік надандықтан туындайтынын айтады.
Ұяты жоқ адамға,
Ақылы жоқ наданға,
Шынын айтсаң иланбас.
Өтірік сөзді шын көріп,
Біліп сөйлей білмейді
Өнері жоқ болған соң...
Адамның жаратылысында да бірегейліктің жоқтығын, əр адам өзіне ғана тəн қасиет, қабілеттерімен ерекшеленетінін, осыдан оның бірі дана, бірі залым боп өмірден алған бағытына қарай калыптасатынын тап басып таниды.
Бір пара жан ғалым боп,
Бір пара жан залым боп,
Əуелде адам тарапты.
Заманының үміт артар ақылшысы, адам көңіліне дем беріп, рухани азық болар жылы сөз айтып, бойына қуат құяр талант иелерін Дулат ерекше жырлайды. Ақпа ақын, төкпе жырау өнерлеріне жоғары баға береді.
Жатық тілді тілмарды
Шешен демей не дейміз.
Кісінің сөзін байқап ол,
Жауабын тауып айтқан соң.
Көкірегі ашық, ойы озық ақындар тілге де шешен, себебі олар басқадан гөрі түйінді, білімді болса керек. Сондықтан жақсы жырау болу үшін де білім керек. Ақындар оқыған болса, парасатты, көзі ашық, көкірегі даңғыл, көңілі дана:
Көкірегі ашық ақынды,
Айдын демей не дейміз
Кітап сөзін жатқа алса,
Мағынасын оның білген соң.
Арғымақ аттай сымпылдап,
Қыран құстай сұңқылдап,
Жыраулар топта сөйлейді,
Көкірегі даңғыл болған соң.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет