Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Д. Бабатайұлының «Еспембет» дастаны-патриоттық мәні зор шығарма



бет6/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

8. Д. Бабатайұлының «Еспембет» дастаны-патриоттық мәні зор шығарма.
Өлеңдері ел ішінде көп тараған, мың жылда бір туатын көрнекті ақындарымыздың бірі – Дулат Бабатайұлы. Оның шығармашылығы ауыздан ауызға таралып, бүгінгі күнімізге дейін мұра ретінде жеткен. Елеулі орын алатын, батырлар жыры үлгісіндегі Отанды қорғауға арналған «Еспенбет» атты толғауының патриоттық мәні зор. Бұл дастанында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады.
Дастанның басты кейіпкері Еспенбет өзінің құрдастарына қарағанда ойлы, көзі ашық, көкірегі ояу, намысты, арманы биік болып өседі.Дастанның негізгі қаһарманы – жетім бала, Еспембет. Ол өз елінен жырақта, нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді. Ер жете келе Қарасай елінде, тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт өзі туған Арқаға кері оралмақ болады. Қарасай оның басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп, ырғап-жырғап аттандыруды ойлайды. Бірақ Еспембет оны қостамайды, Қарасай ұсынған дүние-мүліктің бәрін де алмай, тек жалғыз Ақбөрте деген тайды қалайды. Ақыры сол таймен елге оралады. Ел-жұрты әуелі баланы елемей, жалғыз ғана тай мінгізіп қайтарғаны не қылғаны деп Қарасай байды да кінәлай өсекке таңады. Бірақ Еспембет оның бәріне де мән бермейді. Ақбөртені баптап бағумен болады. Ақбөрте жақсы ат боп өседі. Еліндегі Сәтімқұл бидің ас берген тойында Ақбөрте бәйгеден жалғыз келеді. Бас бәйгеге келген жүз тайлақты Еспембет түгелімен бес арыс Сыбанға бөліп береді.
Дулат осы Еспембет ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Аталмыш дастан өзінің құрылысы жағынан да ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақты, мазмұны тартымды.
Дастанда Еспембет бас кейіпкер ретінде, ерлік қимылдар үстінде танылады. Ол жауға аттанғанда тегін олжаға, опасыз дүние-мүлікке қызықпайды, елінің жауын жеңуді, дұшпанын мұқатуды армандайды. Сол асқақ арманына жетпей тынбайды:
Қалмақтың басы белінде,Бақ құсы қонып басына,Еспембет келді еліне.
Дулаттың «Еспембет» дастаны — өз кезіндегі әдебиетте елеулі орны бар, батырлар жыры үлгісіндегі патриоттық мәні зор шығарма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет