«Дағыстан» поэмасының тақырыбын Абай ақын шәкірттеріне өзі берген. Поэманың тықырыбы жауыздық пен әділет күресі, «Махаббат пен ғадауат майдандасқан» күрес. Әділет пен жауыздақ тартысы Абай поэзиясында негізгі бір желісі. Махаббат мәселесі мен әділет, адамгершілік мәселесі Абайда бір-бірінен бөлек емес. Махаббаттың мәні адамның бас бостандығы. Байлық пен ескі әдет-ғұрып, зорлық, жауыздық үстем болып тұрғанда махаббат бостандығына, адамның бас еркіне, бостандыққа жол жоқ. Ондай бостандықтың жолы- күрес. Поэма осыны жырлайды. Ескі әдет-ғұрып, салт-сананы бұзып, еркіндікке бой ұрған, махаббаты үшін құрбандыққа бас байлаған өр мінезді тау халқының ер ұлы, өжет қызы сипатталады.
Поэманың оқиғасы:Пушкин мен Лермонтов бастатқан орыстың ұлы ақын, жазушыларының ақындақ қиялын қанаттандыратын, еркіндік аңсаған көңілдерін шалқытып, өлең-жырының «бесігі болған» қарт Кавказда өтеді. Поэманың басты тұлғасының бірі - кәрі Жүсіп. Бұл ежелгі қаталдық, зұлымдық, жауыздық бейнесі. Жүсіп басынан бір сөз асырмайтын, қаһары мен қаңжары бірге жүретін Дағыстанның әрі бай, әрі батыры. Жүсіпте адамға деген рахымшылық жоқ. Поэмадағы жауыздық бейнесі қаһарлы қарт Жүсіптің бір беткей кесек тұлғасы суреттеледі. Жүсіптің өзіне тартқан бес бірдей ұлы бар. Оның бәрі де ер, бәрі де қайсар жандар. Осылардың ортасындағы жалғыз қыз Зәһира. Поэмадағы жауыздыққа қарсы қойылатын тұлға осы Зәһира мен ғашығы Жәбрәһил.
«Дағыстан» поэмасының құрлысы, оқиғаның даму жолдары қазақ поэзиясында бұрын болып көрмеген жаңалық. Ақын поэмасын тәкәппар қарт Кавказдың тамаша тұлғасын суреттеуден бастайды. Поэманың идеялық мазмұнында, Абай заманы үшін зор саяси-әлеуметтік мән бар. Поэманың оқиға желісі ескі мен жаңаның күресі. Ақын поэмасының ескіге қарсы күресті арман етеді. Ескіліктің бейнесі есебінде қайырымсыз, қатал, қара күш пен зорлықтың иесі Жүсіп образы беріледі.
Поэмадағы бұл қара күштер ескіліктің шеңберінен аттауға ұрғандыққа барынша қарсы. Жүсіп өзінен басқа ешбір жанның қандай жақсылық ісі болса да дәріптелмесін деген мақсатта. Ол, адам баласының жеке бесының еркіне қарсы. Адамның өнері мен талабына қарсы. Ондай істен ескілікке қарсы шығатын күш туады деп үрейленетін Жүсіп, өзіне жағымсыз деп білгеннің бәрін құртып отырмақ. Жүсіп адамшылық армен, адам қанымен есептеспейтін, ескі сеніммен қатып қалған қатыгез, қайырымсыз жан. Поэмадағы Ақылбай романтизм сарыны шындық өмірмен тығыз байланыста.
«Дағыстан» негізінен нағыз романтизм үлгісіндегі поэма. Поэманың басты геройларының іс-әрекеттерінде, мінез-құлықтарында әрбір геройдың өзіне тән ерекше бір сезімі сипатталып, асқақтата жырланады. Қызғаныштан туған кек қуу жолынан түскен қатал мінезді бірбеткей қаһарлы Жүсіпті көрсек, махаббат жолына басын байлаған, айнымас адал жүректі, өр мінезді, ізгі көңілді Зәһира мен Жәбрәһилді көреміз.
Ақылбай ақын осы үлкен поэмасын 1900 жылдары жазған. Ақылбай поэмасын толық жазып біткен соң қолжазбасы қолдан-қолға тарап кеткен.
«Зұлыс» поэмасының оқиғасы ағылшын жазушысы Хаггард, Генри Райдердің \1856-1925\ «Сүлеймен патшаның қазынасы» атты әйгілі романынан алынған. Хаггардтың бұл романы 1886 жылы ағылшын тілінде баспадан шығып, 1891 жылы орысшаға аударылған. Орыс тілінде 1891 жылдан бастап бірнеше рет баспадан шықты.Соңғы кезде орыс тілінде 1957 жылы басылды.
Ақылбай романның атын да өзгертіп, өзінше «Зұлыс» деп атаған.Тегінде Абай романдағы Сүлеймен қазынасы деген аңыздан гөрі Англияның жаулап алған елі Зұлыстардың тағдырына көңіл бөлген.
Ақылбай ақын романның оқиға желісін өз шығармасының негізі ете отырып, өзінше жырлап кетеді. «Сүлеймен патшаның қазынасындағы» әңгімені Кватермэн аузынан емес, ақын негізінен өзі баяндайды. Қажетті жерінде кейіпкерлердің диологтерін береді. Романдағы суреттелетін Сүлеймен тауының орнына, Ақылбай Зұлыс тауы деп алып, сол тауды сипаттайды. Ақын поэманы Зұлыс тауын суреттеуден бастайды.
Поэманың кейін табылған бөлімі осы айтылған оқиғаның жалғасы.Генри інісін іздеу сапарында Кватэрменнің серік, жолдас болуын өтінеді. Романда Генри бұл сапарға тек інісін іздеу мақсатымен аттамбақ. Оны дүние-Сүлеймен қазынасы қызықтырмайды. Егер қазына табыла қалса ол байлыққа ортақ емес.
107. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы азаттық идеясы.
108. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аударма әдебиет жайы.