Хіх ғасырдың екінші жартысындағы ауыл



бет5/10
Дата16.10.2023
өлшемі45,78 Kb.
#116040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қарақұм ауылының тарихы 1

Майданов Жақсыбай- медицина ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым. Қазақстанда медицинаның дамуына, соның ішінде урология саласындағы сырқаттардың емін табу жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіп, елеулі үлес қосқан, республика көлеміндегі өз орны бар абзал азамат. 1962-1964 жылдары 25 койкаға кеңейтіліп, жабдықталған Қарақұм учаскелік ауруханасын Ақтөбе медицина институтының түлегі, дарынды дәрігер Майданов Жақсыбай басқарды. Осы жылдар ішінде ауылдық аурухананың жұмысы жанданып, бауыры ауырып, балтыры сыздаған қыр қазағының ем алуына бар жағдай жасалды. Бас дәрігер Ж.Майдановтың басшылығымен Қарақұм ауылдық ауруханасы жанынан күні бойы ем қабылдап, сырқаттардың жай-күйін бақылайтын күндізгі стационар емханасы жұмыс жасап, тұрғындарға медициналық қызмет көрсету арта түсті.
1959 жылы Қарақұмда совхоздың ашылуы себепті жаңадан арухана ашу мәселесі күн тәртібіне қойылып, осы жылдың 13 наурыз күні Қызылорда облыстық денсаулық сақтау мекемесінің орынбасары В.Сим Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік «Қазгипросовхозводстрой» жоба жасайтын институтының директоры Т.Калееваға хат жолдап, көп ұзамай Қарақұмға салынуы тиіс 25 койкалық типтік аурухана жобасын алады. Жоба қолға тиісімен совхоз директоры Б.Бажанов кезек күттірместен 1960-1961 жылдары аурухана мен оның жанынан дәрігерлік амбулаториясымен қоса толық салғызып, бітіреді.
2014 жылы 30 қаңтарда Қарақұм елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылды. 1961 жылдан бері 50 жылдан астам уақыт ауыл тұрғындары ескі салқын ауруханада денсаулықтарын қаратып, тозығы жеткен медициналық құралдарды пайдаланып келген болатын. Ендігі жерде ел игілігіне берілген дәрігерлік көмек көрсету орталығы, медицинаның барлық құрылғыларымен жабдықталып, бір мезгілде ондаған науқасты қабылдауға жағдай туды.
Ауыл тұрғындары мен жұмысшы-қызметкерлерінің күнделікті тұрмыстық қажетін өтеп тұратын мекемелердің бірі «2-Бесжылдық» атындағы Арал аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатының Қарақұмдағы филиалы- «Тігін цехы» Абай ауылында 1959 жылы ашылып, оған киім тігудің шебері Нұрпейісова Ақзия 1959-1963 жылдары аралығында меңгеруші болып жемісті еңбек етті. Тігін цехының алғашқы және белді жұмысшысы, ауданға танымал шебер Көптілеуов Тәңірберген сол кездегі қат бұйымдарының бірі етік тігумен айналысып, ауыл халқын сапалы да сәнді етіктермен қамтамасыз етіп отырды. Тәңірберген ақсақалдың қолынан шыққан тігін бұйымдарының сапалы болғаны сонша олардың бәз-бірі кешегі тоқсаныншы жылдарға дейін жеткен. Қарақұмдағы тігін цехының алғашқы буын мамандары: Көптілеуов Тәңірберген, Сұлушаш апа, Рахима Бақбергенова, Өрік Қайыпқожақызы Жұмағұлова, Рәш Қайбалдықызы Таңсықбаева, Тәпен Қуатова, Таразы Жаманқұлова сынды киім тігудің хас шеберлері халыққа адал қызмет жасады. Келесі буын тігіншілердің қатарында Елеусізов Қарлығаш, Сейітова Марал, Әбсеметова Разия және т.б. бірсыпыра тігін шеберлері халық қажетін өтеу жолында жемісті еңбек етуді одан әрі жалғастырды. Киім цехы еліміз егемендік алған 90-шы жылдары халық тұтынатын заттар нарығының дамуына байланысты өз жұмысын тоқтатты.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық-ауыл орталығынан кілем-төсеніш бұйымдары да тапшы болатын. Бұған дейін жергілікті халық негізінен төсеніш ретінде қой жүнінен тоқылған алаша мен текемет-киізді пайдаланып келген еді. Енді олардың қатарына тоқылған кілем қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет