ШаненовБоранбай-1958 жылы Қарақұм ауылдық округінде дүниеге келген. 1965-1975 жылдары №59 Қарақұм орта мектебін бітірген. 1975 жылы Алматы қазақ ауыл шаруашылық институтының механика факультетіне түсіп, 1980 жылдары бітірген. 1980 жылы агент, экспедитор, 1981-1988 жылдары бригадир, инженер-механик, 1981-1988 жылдары техника қауіпсіздігі аға инженері, 1993-1994 жылдары машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, 1994-2005 жылдары бас инженер, экспедитор қызметінде болған. 2005 жылы СТК төрағасы, 2006-2011 жылдар аралығында Қарақұм ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Әкімдік қызметте халықпен бірге қарапайым жұмыс жасады. Ол әкім болған жылдары Жезқазған-Бейну теміржолы салынды, сонымен қатар жаңа мектеп ғимараты, емхана салынды.Сол құрылыстардың халық игілігіне жаралуына мүмкіндігінше ықпал жасады.
Дәулетжанов Бегалы-1965 жылы Қарақұм ауылында дүниеге келген. 1972-1982 жылдары №59 орта мектепті бітірген. 1984-1990 жылдары әскер қатарында болған. 1986-1990 жылдары Алматы Халық шаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын жұмысшы болудан бастап, 1991-1999 жылдары ТМ есепшісі, 2001-2005 жылдары №59 орта мектепте есепші, 2006-2009 жылдары ауылдық аурухана есепшісі, 2009-2011 жылдары ауылдық аурухананың біріктірілуіне байланысты аудандық аурухана есепшісі болып қызмет атқарған. 2011 жылдың тамыз айынан бастап Қарақұм ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі ауыл тарихы 1993 жылы 5 қаңтарда «Қарақұм» ұжымдық кәсіпорны болып, құрылды. 1997 жылдан бастап бірнеше серіктестікке бөлініп, «Қарақұм ұжымдық кәсіпорны «Қарақұм» ЖШС болып қайта құрылып, шаруашылықтары мал өсірумен айналысты. Кеңшар кезіндегідей емес мал саны мен техникалар саны азайып жеке меншікке беріле бастады. Серіктестік мүшелері ЖШС тараған кезде мал басы мен техниканы пай есебінен бөліп алу ісі жүргізілді.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік –аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабы мен Қызылорда облысының әкімінің 1993 жылғы 23 желтоқсандағы №414 қаулысымен Қарақұм ауылдық округі құрылып, өз жұмысын бастады. Округтің құрамына Абай, Көкаша, Ерімбетжаға, Мойнақ елді мекендері кірді.
2001 жылы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына сай Қарақұм ауылдық округі әкімі Қарақұм ауылдық округінің аппараты болып өзгертілді. Округте қазіргі таңда 90-нан астам шаруа қожалықтары бар. Сондай-ақ округ орталығы-Абай ауылында жергілікті кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен заңдастырылған сауда орындары, кафе, шағын киім тігу цехы және т.б. халыққа қызмет ету нүктелері тұрғындардың қажетін өтеу жолында жұмыс жасауда.
2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ауыл орталығынан ескерткіш ашылды.
2005 жылы ауыл жұртшылығы «DAMA» (Demand Assignet Multiple Access) атты антена арқылы спутниктік байланыстағы телефон қызметін пайдалана бастады.
2009 жылы 23 қыркүйекте Абай аулындағы №59 орта мектептің түлегі, белгілі кәсіпкер Абай Қазыбеков мешіт салып беруге кірісіп кетті. 150 адам қатар тұрып намаз оқи алатын осы заманғы зәулім мешіт ауыл халқына қызмет етіп тұр. Мешіт ХІХ ғасырда өмір сүрген Өтеп ишан атымен аталады. Мешіттің бас имамы Қибасов Құлтас 2021 жылы облыс имамдарының байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 2012 жылы- Қарақұм ауылында жаңа мкктеп ғимараты бой көтерді. Ауылдағы орта мектеп үйі қолдан басылған қам кірпіштен салынған. Оқушылар үш ауысымда оқитын. Оқушылар мен ұстаздарға қиындық болғаны рас. Осы жайларды жоғарғы органдарға жеткізгеннің арқасында 2012 жылдың қазан айында 600 орындық, заман талабына сай мектеп пайдалануға берілді. Бүгінде 444 оқушы бір ауысымда білім алу үстінде. Қазіргі таңда мектепте 70 мұғалім, 10 тәрбиеші, 45 техникалық қызметкер қызмет етеді. Тәуелсіздік жылдары 12 түлек мектепті «Алтын белгіге» бітіріп шыққан. Осы мектептің түлегі Нұрым Сәлімгерей Қазақ күресінен 2019 жылы Әлем чемпионы атанды. 2021 жылы 23 жасқа дейінгі аралықта Қазақстан чемпионы деген атаққа Сақтағанов Еңбек ие болды. Мектепте спорт зал, музей, түрлі үйірмелер үздіксіз жұмыс істейді. Мектеп ауласы түрлі ағаштармен көмкерілген. Мектепті тәжірибелі ұстаз Жангушикова Шарбану Байділдақызы басқарып келеді.