Хіх ғасырдың екінші жартысындағы ауыл



бет7/10
Дата16.10.2023
өлшемі45,78 Kb.
#116040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қарақұм ауылының тарихы 1

Кадиров Елубай – (1913-2000) жастайынан зерек болып, мұсылманша хат таныған. 1930 жылдары осы төңіректе алғаш «Қарақұм» ауылдық кеңесі құрылған кездері ауылдық кеңес хатшысы болып қызмет жасап, абыройға бөленген. Кейін «Киров» колхозының төрағасы, «Аралсульфат» мекемесінде сауда-есеп саласында маман болып жауапты жұмыстарды мінсіз атқарған. 1953 жылы Қарақұмға көшіп келіп, «Абай» ауылдық поштаснсың меңгерушісі болып, 1973 жылы абыроймен зейнет демалысына шығады. Қарақұм халқы Кадиров Елубайды құрметтеп, 1995 жылы салынған ауылдағы мешітке бас имам етіп сайлады. Осы мшіттен Қарақұм халқына өмірінің соңына дейін Елубай ақсақал абыройлы қызмет жасады.
Асанбаев Балпаш (1928-1999) еліміздегі қысыл-таяң уақыт-соғыс жылдарында «Қарақұм» ауылдық кеңесінің хатшысы, кейіннен Қарақұм кеңшарында мал фермасы меңгерушісі, директордың орынбасары болып, кеңшарда өзінің біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қоса білді.
Соғыстан соң Қарақұм ауылдық кеңесінің жұмысы одан әрі дами түсті. 1948 жылы 11 қаңтарда жергілікті кеңестердің сайлауы өтіп, депутаттар сайланды. Сессиялар неғұрлым жүйелі түрде өтіп, депутаттардың сайлаушылар алдында есептері жиі ұйымдастырылып тұрды. Тұрақты комиссиялар құрылып, белсенділер жұмысы жақсара түсті. Әсіресе ауылдық кеңес депуттары колхоздың одан әрі дамуы үшін мәселелерді шешіп, мектеп, кітапхана, аурухана, клубтардың ісіне басшылық жасауды түбегейлі қолға алды.
Елуінші жылдары Қарақұм ауылдық кеңесінің төрағасы болып, соғыс ардагері Төрежанов Медет, ауылдық кеңес хатшысы Балапанов Әбдінәби адал қызмет атқарды.
1960-1970 жылдары Қарақұм ауылдық кеңесі өзінің басқау кемеліне жетті. Осы жылдары ауылдық кеңестің төрағасы болып, сауатты да іскер азамат Мүсенов Қуаныш белсенді қызмет атқарды. Бұл жылдары ауылдық кеңес қарамағында аурухана,балабақша, кітапхана және бірнеше дүкендері бар тұтас халыққа қызмет ету жүйесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар ауылдық кеңес жастарға патриоттық тәрбие беру ісін де шет қалдырмады. 1975 жылы Ұлы жеңітің 30 жылдығы құрметіне ауыл орталығынан халықтың басын біріктіріп, ескерткіш орнатуға мұрындық болды.
Мүсенов Қуаныш- (1924-1997) Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстан жеңіспен оралған соң «Аралсульфат», «Аралсоль», мекемелерінде жауапты жұмыстар атқарған. 1968-1979 жылдар аралығында Қарақұм ауылдық кеңесінің төрағасы ретінде Қарақұм халқы үшін көп игі істердің бастамасы бола білді. Оның басшылығымен 1975 жылы ауыл ортасында Ұлы Отан соғысынан оралмаған Қарақұмдық боздақтарға арнап ескерткіш салынып, ауыл жастарының патриоттық тәрбие алуына ақпалы зор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет