Хіх ғасырдың екінші жартысындағы ауыл



бет4/10
Дата16.10.2023
өлшемі45,78 Kb.
#116040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қарақұм ауылының тарихы 1

Лекеров Көбеген. (1892-1985 жж.) Қарақұм өңірінде ауыл шаруашылығын дамытуда аса еңбек сіңірген жан. 1938 жылы сол кездегі елімізде болған қатаң саясаттың өрескелдігіне байланысты базбіреулердің сілтеуімен колхох төрағасы, адал жан, іскер басшы К.Лекеровке нақақтан жала жабылып, жұмыстан босап, 10 жылға түрмеге сотты болады. Елге 1948 жылы оралған соң да колхоз-совхоз ісіне белсене араласып, халықты береке-бірлікке үндеп отырды.
Осы жылы Қазақ ССР-і Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы Ораз Исаев халық жауы деп танылғандықтан колхоздың атын өзгертіп, Кеңес үкіметі көсемдерінің бірі С.М.Кировтың есімімен «Киров» атындағы колхоз болып атала бастады. Осы атау Қазақстан егемендік алған 90-шы жылдарға дейін созылып, тек 1997 жылы бүрынғы «Ерімбетжаға» атымен атала бастаған.
1938-1942 жылдар аралығында «Киров» атындағы колхоздың төрағасы қызметін Кадиров Елубай атамыз, одан кейінгі жылдары колхоз төрағасы болып Бержанов Қуандық атқарған. 1950 жылы Қарақұм өңіріндегі майда колхоздарды біріктіру науқаны басталып, нәтижесінде «Киров» колхозы өзге де «Аралқұм», «Алға» және «Куйбышев» атындағы колхоздың құрамына еніп, өз территориясы мен тұрғындарын сақтап, аудандағы ірі шаруашылық учаскелерінің бірі болып қалды.
1950 жылы Қарақұм өңіріндегі «Куйбышев», «Киров», «Аралқұм», «Алға» колхоздары қосылып, «Абай» кохозы болып қайта құрылды. Ол кездерде жаңадан құрылатын колхоздың орталығы біршама талас болғанға ұқсайды. Себебі көлемі жағынан «Куйбышев» колхозының орталығы «Алға» колхозына қарағанда үлкендеу болатын. Бірақ ақырғы шешім «Алға» колхозының орталығы, қазіргі Абай ауылы болып бекітілді. Жаңадан құрылған колхоз «Абай» колхозы деп атала бастады. Әдепкі кездері бұл колхозда басқарма болып Қожанов Муса, кейін Нұрманов Әлкебай басқарған.
Нұрманов Әлкебай- 1906 жылы Тақтакөпір өлкесінде дүниеге келген. 17 жасында Аралға келіп, балық комбинатында жұмыс істеді. 1920 жылдары Қазалы өңіріне жұмысқа ауысып, темір жол саласында жұмыс істейді. Кейін Тереңөзекте хатшылық қызметте, ал 1940 жылдары Орал облысында ішкі істер бөлімінде жұмыс істейді. Аралға қайтып оралып, 1954 жылға дейін МТС директоры, 1954-1956 жылдар аралығында «Алға» колхозында басқарма қызметін атқарды. Нұрманов Әлкебай-еліне еңбегі сіңген, халық құрметтеген жан. Ол кісіні «Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы азамат» ретінде Қарақұм жұртышылығы күні бүгінге дейін жоғары бағалайды. Ол-аудан көлемінде ерекше істерімен, ақыл парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылған ардагер. Нұрманов Әлкебай өзінің жақсы істерімен тек қана ауылдастарының арасында емес, бүкіл аудан еңбеккерлері арасында ерекше құрметке ие болды.Ел басына түскен қиын-қыстау кезінде үлкен төзімділік көрсетіп, Отанына, халқына адал қызмет етіп, талай мәрте парасаттылықтың белгісін көрсетті. Әсіресе «Абай» колхозының төрағасы болған жылдары алыстағы шалғай ауылдың экономикасы мен халқының әл-ауқатын арттыруда сіңірген еңбегі зор.
Колхоз орталығында жаңадан 200 адамдық клуб үйі салынды. Кіре берістегі фоэсінде плакаттар ілініп, кино қондырғы тұратын бөлмеге сол заманның соңғы үлгідегі КН-11 кино көрсету аппараты орнатылған болатын. Клубта колхозшыларға арнап кешкілік кино көрсетіліп, жиналыстар мен мереке күндері ауыл көркемөнерпаздарының күшімен концерттер ұйымдастырылатын. Сонымен қатар колхоз еңбеккерлеріне арнап ауылда орталықтандырылған кітапхана ашылып, жұмыс жасады. Кітапхана меңгерушісі болып сауатты азамат Көгенбаев Ізтай бекітілген. 4000 кітап қоры бар кітапханаға келуші ол кездері көп болатын, ұзақ саны 111-ге жеткен. Кітапты ең көп оқитындар қатарында соғыс ардагері Қосымов Кенжебай, Өксіков Дабыл ақсақалдар жылына 15-20 кітаптан оқып тауысқан. Колхоздарды ірілерндіру артта қалған экономикалық жағынан нашар колхоздарды озық колхоздар дәрежесіне көтеруге, өнімсіз шығындарды қысқартуға, еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға, ауыл еңбеккерлерінің материалдық әл-ауқаты мен мәдениетін арттыруға айтарлықтай жәрдемдесті. Колхоз құрылған жылдардан бастап мал басын өсіру мен мал шаруашылы өнімдерін дайындауда жоғары нәтижелерге жетіп, «Абай колхозының» жылдық еңбек табысы 2000000 сомға жетті. Бұл сол кездегі ақшамен есептегенде көл-көсір ақша болатын. Колхоз малшы-жұмысшыларының әр еңбек күніне 7 сомнан ақшадан шығып, еңбек өнімділігі еселеп арта бастаған. Сонымен қатар аудан орталығында Фельдшерлік-акушеркалық пункт ашылып, оған Қызылорда медициналық үчилищесінің түлектері Маханбетиярова Рашида, Жұмағұлов Қарабала сынды жас мамандар жұмыс жасап, тұрғындар денсаулығын сақтауда өлшеусіз қызмет көрсеттті.
Абай колхозы іріленіп, мал саны артып, тұрғын үй саны 100-ге жуықтады. Тек бір жылдың өзінде 40 колхозшыларға арнап тұрғын үй салынған. Колхоз орталығында электр-генератор жұмыс жасап, колхозшылардың үйлеріне электр тогын беруді бастағанда ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады. Ғасырлар бойы май шаммен өмір сүрген халық, үйлерінде электр шамы жанып, ол аздай көшедегі бағаналардың басында орнатылған фонарлардан түнгі ауыл самалдай жарық болғанда ауылды қалаға балады. Ауыл тұрғындарының бірсыпырасы тұңғыш рет радиомен таныс болып, оны үйлеріне жаппай орната бастады. Радио сол замандары газетке қарағанда жаңалық тыңдаудың ең тиімді жолы болатын. Себебі: біріншіден, жасыратыны жоқ ол жылдары халықтың сауаты төменгі деңгейде болғандықтан, екіншіден, газет оқығанда көздері нашар көретін үлкендер үшін радио тыңдау еш қиындық келтірмейтін еді.
Қарақұмда халықтың денсаулығын қадағалап отыру соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі жылдары Арал қаласында орналасқан аудандық аурухана дәрігерлері құзырына жүктелген болатын. Өткен ғасырдың 1951 жылы Қарақұм өңірінде колхоздардың бірігуіне байланысты іріленген «Абай» ауылында алғаш рет медицина бекеті пайда болды. Бұл медицина бекетінде Қызылорда медицина училищесінің түлегі, жас маман Қарабала Жұмағұлов Қарақұм халқының денсаулығын сақтаудағы ерен еңбек жолын бастайды.
1962 жылы 25 койкаға кеңейтіліп, жабдықталған Қарақұм учаскелік медицина мекемесіне дарынды дәрігер-уролог Майданов Жақсыбай бас дәрігерлікке бекітілген. Кейіннен бұл ағамыз өз мамандығын жетілдіре жүріп, ғылыми жұмыспен айналысудың арқасында медицина саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, ел мақтанышына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет