Хіх ғасырдың екінші жартысындағы ауыл


В.В.Куйбышев атындағы колхоз



бет2/10
Дата16.10.2023
өлшемі45,78 Kb.
#116040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қарақұм ауылының тарихы 1

В.В.Куйбышев атындағы колхоз
Қазіргі Абай ауылынан солтүстік батысқа қарай 30 км-дей жерде Ұзақбай деген жер бар. Осы жерде Куйбышев атындағы колхоз ұйымдасқан. Бұл колхозды әр жылдары Дәуқараев Серкеш, Таханов Нұрғали, Жұмабаев Жанәділ сияқты адал азаматтар басқарған. Бұл колхоз сол кездегі ең ірі іргелі колхоздардың бірі болатын. Басқа колхоздардан ерекшілігі мұнда әдепкіде жанындағы басқа да колхоз шаруашылықтары мен тұрғындары қараған №8 «Ұзақбайсор», кейіннен «Қарақұм» ауылдық кеңесінің кеңсесі орналасқандығында.
Ауылдық кеңестің төрағалары болып Айтжанов Рүстем, Дәріғұтова Қаншайым және т.б. елге еңбегі сіңген қызметкерлер ерен еңбек етті. Колхоз орталығында қам кірпіштен қаланған үйлер, бастауыш мектеп, қызыл отау, колхоз кеңсесі, дүкен болған. Мектептің алғашқы мұғалімдері қатарында Сұлтанов Жақсылық, Таңатарова Рысқал тәрізді ұлағатты ұстаздарды айтуға болады.
Колхоз мал шаруашылығына негізделгенмен мұнда көктемгі қар суын ылғалды жерге жинап, одан каналдар тартып, егін егіп, онан өнім де алып отырған. Бұл колхоз орталығында мешіттің болғандығына қарағанда бұл жерді халық неге тұрақты қалмағандығы белгісіз.
«Алға» колхозы
1937 жылы ұйымдасқан «Алға» колхозы осы маңдағы өзге колхоздарға қарағанда шаруашылыққа бірден дендеп енді. Колхозға басқарма болып Ырғыздағы техникумды бітіріп келген сауатты, беделі бар Төлебаев Алмағамбет сайланды. Колхоздың есепшісі болып Нұрсейітов Бозғұл, шаруашылық жөніндегі меңгерушісі әрі дүкенші болып Жабаев Мамитан сынды азаматтар қызметтеріне адал кірісіп кетті.
Осы жылдары жаз бойы колхозшылар кірпіш басып, ағашын тәуіптегі Исатай мешітінен түйемен тасып, екі шаңыраққа арналып, біріктіріп салынған 28 үй салынды. Жұмыс арнайы жоспарлы түрде жүргізілді. Б.Нұрсейітов қаладан жер өлшейтін маманды әкеліп, салынатын құрылыс орындарын белгілеп бергеніне қарағанда аудан басшылары колхозшыларға молынан көғңл бөлгенге ұқсайды.
А.Төлебаев заманында іскер басшы бола білді. Оның басқаруымен колхоз орталығынан дүкен мен бастауыш мектеп үйі салынып, қаладан Бисеналиев Бөжен мен Нәдіралы аттты екі мұғалім келіп, осы жылдың бірінші қыркүйегінде сабақты бастап кетті. Мектепте 35 бала кезектесіп оқыды.
Қоралардың салынуы қыстауларды бірте-бірте отырықшылыққа алып келді. Қарақұмда «Ұзақбайсор», «Ерімбетжаға», «»Күлтай жаға», «Адай», «Көкаша», сияқты жерлер бірте-бірте қыстауларға айнала бастады. Малшылар мал бағуды ұйымдастыруға, жайылым таңдауға ерекше мән берді. Шөбі шүйгін «Қараның құмы», «Қаратаздың құмы», «Сәрке жаға» т.б. жерлер Қарақұмдағы нағыз мал жайылымдары болып табылды. Жергілікті халық төрт түлік мал түрлерін өсірді.
1879-80 жылдары болған жұтта жергілікті халық қолда бар малының 50% дейін жоғалтқан. Ал 1988-89 жылдардағы қыс қатты болып, қатты боран кезінде мал көп шығынға ұшыраған. Мал суару Қарақұмда онша қиындық туғызбады. Бар жоғы 1-3 метрден шыққан суды шегендеп құдық қазатын. Ауылдағы байлар өз малдарын бақтыру үшін адам жалдады. Осыдан келіп топтық қайшылықтар шықты. Мал ұстаған соң жер дауы да болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет