Хіх ғасырдың екінші жартысындағы ауыл



бет6/10
Дата16.10.2023
өлшемі45,78 Kb.
#116040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қарақұм ауылының тарихы 1

Кілем тоқу цехы.
Абай ауылында кілем тоқу цехы 1990 жылы ашылды. Цех ашылмас бұрын ауылдағы шебер қыз-келіншектің бір тобы Арал қаласындағы «Кілем тоқу» өндіріс орнына барып, кілем тоқудың қыр-сырын үйреніп, оқып қайтты. Цех меңгерушісі болып қол өнер шебері Елғондиева Рамаш бекіді. Цехтағы он саусағында өнер тамған шеберлер қатарында ауыл тұрғындары: Өтенова Дәмегүл, Алданазарова Үрпатша, Оспанова Күміс, Өтегенова Гүлмариям еңбек етіп халықты қазақтың ұлттық нақыштағы оюы мен өрнегіне бай тұрмысқа төзімді де сапалы кілем-төсеніштерімен қамтамасыз етті.


Қарақұм ауылындағы ел басқару тарихы
1927-38 жылдары жұмысшылар, шаруалар және қызыл әскер депутаттарының «Ұзақбайсор» ауылдық кеңесі атқару комитеті. Орталығы «Ұзақбай ауылы»
15.01.1938-25.12.1939 жылдары жұмысшылар, шаруалар және қызыләскер депутаттарының «Қарақұм» ауылдық кеңесі атқару комитеті. Орталығы «Ұзақбай ауылы»
25.01.1939-02.01.1977 жылдары еңбекшілер депутаттарының «Қарақұм» ауылдық кеңесі атқару комитеті. Орталығы «Абай» ауылы.
02.01.1977-08.12. 1993 жылдары Халық депутаттары «Қарақұм» ауылдық кеңесінің атқару комитеті. Орталығы «Абай» ауылы
Ауылдық кеңестердің құрылуы малмен күнелтіп отырған жергілікті тұрғындардың басын қосып, басшылық жасай отырып, үкіметтің жарлықтары арқылы олардың айналысып отырған кәсіптерін дамытумен қатар адамдардың әл-ауқаты мен тұрмысын арттыруға ерекше ықпал етті. 1993 жылғы №414 қаулысымен облыс аумағында Қызылорда облысы, Арал ауданының ауылдық округтер құрамында Қарақұм ауылдық округі құрылды. Арал ауданы әкімінің 27 желтоқсан 1993 жылғы №296 шешімімен Қарақұм ауылдық округі өз жұмысын бастады. Округтің құрамына Абай,Көкаша, Ерімбетжаға, Мойнақ,Түйме елді мекендері кірді. 2002 жылдың қаңтар айының он екісінде Арал ауданы Қарақұм ауылдық округі әкім, Қарақұм ауылдық округінің аппараты болып өзгертілді.
Ерте замандары бұл жерлерді малмен күнелткен ауылдар сирек қныстанған. Әйтседе басқау істері бұл жерде де тыс қалмаған. Әр ауылды ру басы-ақсақалдар басқарған. Оның бірнеше көмекшілері болған. Олардың айтқан сөздері хатқа түсіп, мөр басылмасада айтылған шешімдерінің өзінше күші болған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Арал маңына патша үкіметі дендеп еніп, Қазалы маңына мықтап орнықты. Ара теңізі патша үкіметінің есебіне алынып, қазақтар мекен еткен ата қоныстарын әкімшілік аудандарға бөле бастады.
1867 жылы Ресей империясы патшасының жарлығымен Қазалы уезі құрылып оған қазіргі Арал мен Қармақшы және Осы күнгі Қазалы ауданындағы сол замандардағы бүкіл елдімекен құрылды. Уезд бастығы бекітілді. Біздің жерде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында «Ұзақбайсор» ауылы болды. Қарақұм ауылдық округі осы «Ұзақбайсор» ауылы осы күнгі Қарақұм ауылдық округінің орталығы Абай ауылынан батысқа қарай 30 шақырымдай құмның арасында орналасқан болатын. Ауылды сол замандары кім басқарғаны туралы әрине, бізде нақты мәлімет жоқ, Дегенмен ауылды елге белгілі, дәулетті елге беделі бар адамдар басшылық жасағаны белгілі. Олардың арнайы кеңсесі болмағанымен елдегі бырсыпыра даулы мәселелерге қатысты дұрыс шешім қабылдауға жәрдемдесетін көмекшілері болған. Оның үстіне елге әмір етуге олардың Патша үкіметі берген рұқсат қағазы болған. Билер негізінен елдегі түрлі дауларды, шешіп қан қоймай, сонымен қатар өкімет салған түрлі салықтарды, сондай-ақ жоғары жақтың тапсырысы бойынша жергілікті халықтың үкімет үшін мал және мал өнімдерін өткізіп отыру жұмыстарын бақылауға алатын. Аз да болса қыр қазағы жергілікті мемлекеттік істерге, мәселен ауыл басшыларын сайлауға қатысып, саяси істерге араласа бастаған еді.
1917 жылы Патша үкіметі құлап, үкімет басына большевиктер келген соң өзгерістер басқару істерінде ілгерілеушілік байқала бастады. 1927 жылы Кеңес үкіметінің арнайы жарлығымен Қазалы уезі таратылып, Қармақшы және Арал аудандары өздері жеке-жеке өз алдарына аудан атанып, әкімшілік жұмыстарын жүргізе бастады. 1927 жылы құрылған Арал ауданының өңірінде жиырмаға жуық ауылдық кеңестер құрылды. Солардың бірі ретінде осы 1927 жылы Қарақұм ауылдық кеңесі өз жұмысын бастап кетті. Әдепкі кездері ол «Ұзақбай сор» ауылдық кеңесі болып аталып, құрамында 1500-ге жуық жан болды. Ауылдық кеңес негізінен тұрғындардың тізімін алып, олардың әл-ауқатын арттыру мақсатында іс-шаралар жүргізу жұмыстарын қолға ала бастады. Әсіресе жергілікті халықты сауаттылыққа үйрету, олардың денсаулықтары үшін қызмет көрсету, халыққа кеңес үкіметінің тала-тілегін түсіндірумен айналысты. Қарақұм ауылдық кеңесінің хатшысы болып 1935-1938 жылдары Кадиров Елубай жұмыс істеді. Өз ісіне тындырымды азамат ретінде Елубай ақсақал халық арасында зор беделге ие болды.
1936 жылы Кеңестер Одағының жаңа Конституциясы қабылдануына байланысты кеңестік басқару орындарында көптеген ірі-ірі жаңалықтар бола бастады. Іле шала 1937 жылы Қазақ ССР Конституциясы қабылдануына сәйкес осы жылдың 12 желтоқсанында жоғары кеңестің сайлауы өткізілді. Сондай-ақ 1938 жылы бірінші рет Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің сайлауы өткізілді. Осы айтылған сайлауларға сай Қарақұм ауылдық кеңесі үлкен ұйымшылдық көрсетті. Көптеген үгітшілер тартылып, халықтың арасында кеңес үкіметінің таңдаулыларын насихаттады. Әсіресе 1939 жылы жергілікті кеңестердің сайлауының өтуіне байланысты Қарақұм ауылдық кеңесінің депутаттары пайда болып, халық үшін түйіні көп мәселелерді шешу үшін ауылдық кеңестің кеңсесінде жиі-жиі бас қосып халықтың мұң-мұқтажын орындауға тырысты.
1941-1945 жығы Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарақұм ауылдық кеңесі қыруар жұмыстар тындырды. Олар соғыста қаза болған әскердің отбасына түрлі жеңілдіктер тағайындап, оларға жан-жақсы көмек көрсетті. Сондай-ақ соғыстан мүгедек болып оралғандар үшін жұмыс көздерін ашу, орналастыру тәрізді қайырымды істермен айналысты. Соғыс жылдарында Қарақұм ауылдық кеңесінің хатшысы болып Асанбаев Балпаш жұмыс атқарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет