Хіі ғасыр ғалымы әз замахшаридің Өмірі және шығармашылығы елеужан Серімов



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата16.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#93486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Муккадимат

 ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
бір ғана халыққа телудің реті жоқ. Тек бастысы әр халық оған өзіндік қатысын 
ғылыми түрде анықтауға тиіс. Оларды, араб-парсы, түркі тілдік мәдениетін, бөле-
жара алып қараудың көп жағдайда қисыны келе бермейді. Сондықтан белгілі бір 
уақыт аясында генетикалық бірлікте қарастырған ләзім. Соған орай мәселенің 
осы жағын қатты қадағалап, ортағасырлардағы араб-парсы тілдік мәдениетінің 
түркі тілдік мәдениетіне тигізген игі әсерін сөз ету әлдеқайда иінді келеді. 
Өйткені араб жазуы, араб-парсылық негізде туған көшелі мәдениет көршілес 
түркілік рухани дүниені түлетті, жаңғыртып дамытты.
Қайсы бір дәуірдің тарихи-әлеуметтік болмысын егжей-тегжейлі білмей 
тұрып, сол кезең жазба мұраларының сыр-сипатын, жазылу себебін терең түсіну 
әсте де мүмкін емес. Бұл қағида қай ғылымда болмасын ұстанар сара жол. 
Айтпағымыз, зерттеуіміздің арқауы – бұрын-соңды отандық баспасөз бетінде сөз 
етілмей, қазақтың түркітанушы ғалымдарымыздың көбінің назарынан тыс қалып, 
әлі күнге ескерусіз жатқан орта ғасырдың орта тұсындағы жазба жәдігерлікті сөз 
еткенде, сол дәуірдің кескін-келбетін ашатын кей тарихи жағдайларға аз-кем 
тоқтала кеткен жөн. 
Сөз жоқ, ХІ ғасырдың басында түркілер суперэтнос санатында сөне 
бастады. 
Даладағы 
әскери-саяси 
жетекшілік 
бірте-бірте 
қыпшақ 
конфедерациясындағы тайпаларға көшіп, олар “түркі” деген жиналмалы 
этнонимді ысырып тастап, өзі суперэтносқа – барлық тайпалардың жиынтық 
атауына айналды, басқа тайпалардың бірден бір ұйтқысы болды. 
ХІ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақ тайпаларының ақсүйектері оғыз 
жабғысын Сырдарияның орта және төменгі сағасынан тықсырды. Осылайша осы 
аймақтағы этникалық-саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес жазба деректерде аталып 
келген “Оғыздар даласының” (“Мафазат әл-гуз”) орнына осыдан бастап “Дешт 
Қыпшақ” аты пайда болды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан 
кейін, қыпшақтар енді Хорезм мемлекетінің теріскей шебіне келіп жетеді. 

2,550


Бұл кезде Әмударияның төменгі сағасындағы аса құнарлы топырақты 
аймақта орналасқан Хорезм Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік бөлігінде аса 
маңызды орын алды. Ол 999 жылы Самандықтар мемлекетін күйретіп, Әмуге 
дейінгі жерге иелік еткен Қарахан мемлекетіне де, Әмудің арғы жағын жаулаған 
Ғазналықтар мемлекетінің де құрамына кірмей, өз алдына жеке дербес мемлекет 
болып бөлек құрылды. Осы кезден бастап Орта Азия мен Шығыс Еуропа, 
Қазақстанның көшпелі тайпалары мен Моңғол, Қытай елдерін байланыстырып 
жатқан керуен жолдарының нақ ортасында, тоғыз жолдың торабында тұрған 
Хорезм біртіндеп нығая берді. Шығыс саяхатшылары өздерінің жол 
жазбаларында Хорезмді өте бай, ілім-білім, мәдениеті жоғары дамыған мемлекет 
ретінде сипаттаған. Мәселен Хорезм туралы Макдиси: “Бұл қалалары көп, шексіз 
аймақ… Оның халқы ғылым жолына жан-тәнімен шынайы берілген біліктілер” 
деп жазса, Хорезмде сауда-саттықтың кеңінен орын алғанын “Худуд әл-Алам” 
авторы да айтады. 

3,185

. В.В. Бартольдтың мәлімдеуі бойынша “Хорезмнің УІІІ 
ғасырға дейінгі саяси тарихы белгісіз” 

4,544


ҮІІІ ғасырда араб жаулауынан кейін Хорезм екі саяси жікке бөлінеді. Бірі – 
Қият қаласы орталығы болған оңтүстік аймақ та, екіншісі ─ орталығы Үргеніш 


Elevjan SERIMOV 
болған солтүстік жағы. Үргенішті басқарған Мамун ибн Мухаммед екі бөлінген 
елді бір орталыққа бағындырып, Хорезмді біртұтас мемлекет етіп, өзіне 
“хорезмшах” дәреже-лауазымын алады. Осы уақыт аралығында Оғыз (Селжұқ) 
мемлекетінің қол астына бағынған ХІ ғ. ортасына дейін, хорезмшахтарының екі 
әулеті билік алмастырып үлгереді. Ондаған жылдар бойына ол оғыздардың 
шеткері аймағы боп қала берді. Бірақ, ХІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың 
басында басқыншы оғыздарға қарсы күресте Хорезм ерекше күшейді. 
ХІ ғасырдың орта шамасында Орта Азияға жаңа бір түркі тайпасы – 
қыпшақтар басып кіріп, олардың дүмпуіне шыдай алмаған оғыздардың бір тобы 
– Киев Русі мен Византияға қарай шегінеді де, ендігі бір бөлігі – Хорасан мен 
Иран ауады. Соңғысында Селжұқтар ерекше көзге түседі. Сөйтіп тарих 
сахнасына жаңа жұрт – түркімендер шығады. Түркімендер өзге оғыз 
тайпаларынан гөрі жергілікті иран тұқымдас халықтармен етене араласып, ежелгі 
аландар мен хорезмдіктердің жұрнақтарын бойына молынан дарытады. 
Осы жерде айта кетерлік бір жайт, кейбір деректер жоғарыда аталған 
хорезмшахтардың шыққан тегі оғыздардың бұл арада орнын басқан қыпшақ 
конфедерациясына кірген тайпалардың бірінен екенін көрсетеді. Мәселен, 
қыпшақтар туралы іргелі зерттеу жүргізген автор С. Ақынжанов: “Находясь в 
непосредственном близости с этим крупнейшим мусульманском государством В 
Средней Азии, племена кипчакского объядинения вынуждены были втянутся в 
орбиту их внешне-политических отношении, и настолько были связаны с жизнью 
Хорезма, что, возможно, из кипчакских вождей вышла последняя самая 
блестящая династия хорезмшахов” 

5, 203

- деп, батыл байлам жасап, сол 
болжамдарын дәлелдеуге ұмтылады. Ал В.В.Бартольд: “...После отуречивания 
степи 
Хорезм 
больше 
других 
подвергся 
влиянию 
турецкого 
элемента…последние годы ХІ в. здесь утвердилась наследственная династия 
хорезмшахов, представители которых почти все носили турецкие имена” 

6, 116

дейді. 
Бұл айтылған деректер Хорезм мемлекетінің Дешт Қыпшақ елінің 
тарихына да белгілі дәрежеде қатысы бар екенін растайды. Шыққан тегі қыпшақ, 
әйгілі хорезмшах Атсыздың (Ала-уддавл Абу-л-Музафар Атсыз – 1128-1156) 
ғұлама ғалым әз-Замахшариге арабша-парсыша-түркіше сөздік жасауды 
тапсыруы тегіннен-тегін емес, оның астарында әлгіндей бір сырдың жатқаны 
айдан анық. 
Өзіне тиісті лайық орнын таба алмай келе жатқан өз заманының ғұлама 
ғалымы әз-Замахшаридің “Мукаддимат әл-адаб” сөздігі дәуірі жағынан – орта 
(ескі) түркілік, жазылған жері жағынан – орта азиялық, уақыты жағынан – орта 
ғасырлық (ХІ-ХІУ ғғ.) жазба мұралар қатарына жатады. Ол әлі күнге дейін толық 
мәндегі ғылыми тұрғыда талданған емес. “Мукаддимат әл-адаб” (арабша 
“мукаддимат” “кіріспе” деген ұғымды береді, “адаб” сөзі ХІ-ХІІ ғасырлардағы 
шығыста бүкіл ғылымдардың жиынтық атауының орнына жүрсе, ХІІ ғасырдан 
бастап өз ішінде сөздік, грамматика, риторика, метрика және поэзияны қамтыған 
тіл білімі мағынасында қолданылған. Сонда “Мукаддимат әл-адаб” аудармасы – 
“Тіл біліміне кіріспе”. Ол – Орта Азияда Дешт Қыпшақ, Хорезм, Қарахан, Селжұқ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет