Elevjan SERIMOV
өз кезеңінің дарынды ақыны болған,
қаламын арабша, парсыша, түркіше қатар
сілтеген дара тұлға
8, 542-556
.
Мұсылман әлемінде Замахшаридің жоғары болғаны сонша, оның талантын
бағалай келе тұстастары: “бүкіл арабтар мен араб еместердің ұстазы”, “Хорезм
мақтанышы” (“Факр аль-Хауаризм”) деп, айрықша құрмет тұтқан. Замахшаридің
замандасы Самани (1113-1167жж.) ол жайында “араб тілі мен тіл білімінің үлгі
тұтарлық ғалымы” десе, Якут әл-Хамави (1179-1229 жж.): “Грамматика,
лексикография, экзегетикаы қамтыған тіл білімінің имамы, жан-жақты дарын
иесі” деп бағалаған, ал әл-Кифти болса (1172-1248 жж.): “Шынайы кітапқұмар,
заманындағы нәсілі араб емес бір шоғыр алып
ғалымдардың соңын ала туған,
солардың ішіндегі ең біліктісі” дегенді айтады.
Замахшаридің географиялық шығармасын талдай келе академик И.Ю.
Крочковский: “Ол – хиуалық, заманының асқан ғалымы әрі жазушысы, сол
кезеңге тән нәсілі жағынан араб болмаса да, араб мәдениетінің өкілі… әсіресе,
мутазилиттік (“мутазилит” – “бөлініп кеткен” деген сөз, УІІІ-ІХ ғасырларда –
“адамды өз еркіне жіберу керек” деген көзқарасты көксеген) ағымдағы экзегет
ретінде және бірқатар жоғары стильді көркем туындыларымен атағы шыққан...
Ол ағаш аяғына қарамай көп жүріп, көпті көрген. Бірнеше жыл Меккеде тұрып,
діндарлығымен “Жаралла” (“Алланың көршісі”) деген құрметті лауазымға ие
болады. Палестина, Сирия,
Месопотамия, Египет, Солтүстік Африка, Персия,
Орта Азия жерлерін емін-еркін аралап, құнды жазбалар қалдырған. Әлемге әйгілі
саяхатшы Ибн Батутаның өзі оның зиратына барып, мінәжат етіп қайтқан деген
деректер келтіреді
9, 313
.
Замахшаридің өмірі мен қызметі туралы әр еңбектерде там-тұмдап
айтылған иненің жасуындай деректерді бір ізге түсіріп, тырнақтап жинап, кейінгі
ұрпақтың кәдесіне жарату бүгінгі күн тәртібіндегі келелі міндет, қажеттіліктен
туындап отырған іс деп білеміз. Өйткені, есте жоқ ескі дәуірлерден бері төл
тарихымыз бен қолтума мәдениетіміздің өсіп-жетіліп дамуына орта ғасырлық
ортаазиялық араб тілді ғалымдардың
сіңірген еңбегі орасан зор
10, 617-625
.
Керекті дәрежеде зерттелмегендіктен, осы күнге дейін олардың кейбіреуі
тарихтан өзіне тиісті лайық орнын ала алмай жүр. Солардың бірі – Замахшари.
Оның Сырдың орта, төменгі сағасы мен Хорезм жерінде белең алған оғыз-
қыпшақ тілінде хатқа түскен “Мукаддимат” сөздігін профессор Ә.
Құрышжановтан басқа түркітанушы қазақ ғалымдары ол жайында әлі күнге тіс
жарып азды-көпті пікір білдірген емес
11
.
Шынында, ІХ-ХІІ ғасырларда Хорезм мемлекетінің тілі мен діні, әдебиеті
мен мәдениеті тікелей араб мәдениетінің әсер-ықпалымен өркендеп,
дамығаны
тарихтан аян. Оның орталығы – Гургандж қаласын арабтар 712 жылы жаулап
алған. В.В. Бартольдтың айтуы бойынша, жергілікті халық оны – Гургандж,
арабтар – Джурджания, осы аймаққа кейін келген түркілер – Үргеніш атап кеткен
12, 201, 527
. Сол кезде көршілес Сыр бойынан қоныс аударған оғыз-қыпшақ
тайпаларының Хорезм өлкесіне тигізген ықпалы өте-мөте зор болды. Өз
зерттеулері бойынша В.В. Бартольд монғол шапқыншылығына дейін-ақ
Хорезмде жаппай түркілену процесі аяқталған болатын деген уәж айтады
13,